{metadescription}
Құрдымға кетіп бара жатқан баланы құтқарудың амалын білесіз бе?

Құрдымға кетіп бара жатқан баланы құтқарудың амалын білесіз бе?

Егер балаңыз өзіне қол салуға бейімділердің тобында тұрса немесе әлеуметтік парақшасында назар аударатын  #f57, #f58, #тихийдом, #рина, #няпока, #морекитов хэш-тегтерін жариялап отырса, не істер едіңіз?

Өз-өзіне қол салуға бейімділер тобының әндері мен бейнероликтері балаға қалай әсер етеді?

«ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «Суицидті» тобы қазақстандық және ресейлік журналистердің қаһарына ұшырауда. БАҚ өкілдері оны балаларды өзіне қол жұмсауға үндейді деп жар салуда. Тіпті оны тексеру үшін тәжірибе жасады: жасөспірім ретінде аталмыш топқа тіркеліп, топ әкімшілігінің нұсқамасын орындап көрді. Кейін жария болған материал қоғамда толқыныс тудырды: біреуі суицид саны мен аталмыш топқа кіргендердің арасында тығыз байланыс бар екенін айтса, екіншісі оның бәрі «жай ғана ойын» екенін айтты.

Психолог-психосарапшы Оксана Гулактің пайымдауынша, аталмыш парақшалар баланың отбасында үлкен проблема бар екенін көрсетеді.

«Жасөспірімдер өлім туралы жиі ойлайды. Ажал тақырыбы психикалық тұрғыдан алғанда олардың ата-анасынан алыстағанының дәлелі. Жасөспірімдік шақ – бұл балалық шақ пен ересек кездің шекарасы. Сондықтан ата-аналар жасөспірімнің есеюіне көмектесуі тиіс», - дейді психолог.

Тек өзінің ішкі психикалық ауруын жеңе алмаған, ішкі күйзелісін шеше алмаған бала  паталогиялық бірлестіктерге кіреді. Оксана Гулак қиындыққа тап болған баланың әке-шешесіне үш кеңес береді:

Бірінші кеңес: айту керек

Балаңыздың аталмыш топтың мүшесі екенін білген сәттен бастап   онымен әңгімелесу керек. Ұрыспай, айқайламай. Балаңызға өзіңіздің  уайымдайтыныңызды, бұның арты неге әкеп соқтыратынын және  проблеманы бірге шешуге болатынын түсіндіріңіз. Ең бастысы – үндемей қалмау. Суицидтер, үйден қашу қай кездерде болады – бала өз күйзелісін, ренішін сөзбен айтып жеткізе алмағанда және жауап болмайтынын білгенде.

Екінші кеңес: эмоцияға берілмеңіз

«Баламен сөйлескен кезде  ересектердің эмоциялық жағдайы өте маңызды.  Егер ата-ана сол сәтте баласымен сөйлесуге күмәнданса, психологқа барғаны жөн. Балаңыз қауіпті топтың мүшесі екенінен хабардар болған сәттен бастап жанұяңызбен психологқа барыңыз. Әр отбасының өз құпиясы бар. Баланы психологқа апарғанда бұл проблема бүкіл отбасына қатысты екенін түсіндіріңіз. Яғни, бар кінәні балаға аудара салу дұрыс емес. Біздің мақсатымыз – неліктен ол сондай топқа кіргенін пайымдау.

Үшінші кеңес: тыйым салу шарасы болмауы тиіс

Әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салғанымызбен, жеткіншек  өзге топты тауып алуы мүмкін. Бұл жерде маңыздысы – отбасы не болып,не қойып жатқанын сезуі тиіс. Егер балаңыз бірнеше күн бойы далаға шықпай, компьютердің алдында тапжылмай отырса – ол күйзелісте жүргені. Демек ол ішіндегі  қайғысын ( күйініш, күйлеліс) әлеуметтік желі арқылы шешіп отыр. Сондықтан, ата-анасы баласымен сөйлесіп, себебін баласынан емес, өз отбасынан іздегені маңызды.

Оксана Гулак баланы «өлім тобынан» күшпен алып шыққанымен, ол еш нәтиже бермейтінін айтты. Одан гөрі проблеманың көзін анықтап, сонымен жұмыс жүргізу керек.

Тобықтай түйін: балаңызды тәрбиелегеннен гөрі, онымен ДОС болуға тырысыңыз.

Дайындаған: Заира Сабитова

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.