{metadescription}
Оңтүстіктен солтүстікке бет алған қазақтың үміті ақтала ма?

Оңтүстіктен солтүстікке бет алған қазақтың үміті ақтала ма?

Оңтүстікқазақстандық кәсіпкер Жаңабай Ағабеков бүкіл елді тәнті етті - Солтүстік Қазақстанға қоныс аударған жерлестеріне 11 үй сатып әперді!

Бүкіл шымкенттіктерді жарылқай алмаса да, бір адамның қамқоры мемлекетке үлгі болды, - деп хабарлайды КТК тілшісі.

Жаңабай Ағабеков жерлестеріне СҚО Уәлихан ауданының Телжан ауылын таңдаған екен. Кәсіпкер қоныс аударған әр отбасына жұмыс тауып, жаңа орында немен айналысатынын да айтып берді. 

«Жерлестерім өте еңбекқор. Мында жылыжай салып, картоп, сәбіз өсіріп, мал шаруашылығымен айналысатын болады», - дейді Жаңабай Ағабеков.

Дегенмен қазақтың ежелгі қонысын ұлттың пайдасы үшін тер төгу, құнарлы өлкенің ырыздығын, байлығын ұрпаққа жарату бүгінгі қазақ заматтарының парызы деп түсінетін азаматтар аз.  Көшу әр адамның жеке ісі. Ешкімді күштемейді.

«Ниет білдіргендерге жол шығыны, баспана жалдауды айтпағанда, сол барған жеріне үйренісіп кеткенше, ақша береміз. Жұмысқа тұруын да қадағалап отырамыз», — деген болатын Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

Дегенмен оңтүстіктен –солтүстікке бет алған қазақтардың үміті ақтала ма? СҚО-ның бүгінгі ахуалы қандай?

Белгілі мамандардың аталмыш бағдарламаға қатысты ой-пікіріне құлақ түрсек:  

Белгілі экономист Айдархан Құсайынов аталмыш бағдарлама толық кесіп-пішілмегенін айтады:  

"Түпкі  экономикалық саясат пен дәйектеме жоқтың қасы. Жақсы, адам көшіп келді делік. Орналасты, жәрдемақыны пайдаланды, ары қарай не істейді? Жаңабай Ағабековтің жасағаны – жобаны жүзеге асырудың еңтиімді тәсілі. Егер оның тіршілігі солтүстік өңірде жақсы дамыса, басқа да жұртттар легімен көшетін болады. Сондай кәсіпкерлер көбірек болса, басқа адамдарды да тартады. Ол үшін ең бастысы – бизнеске қолайлы жағдай жасау. Адамдарды көшірмес бұрын, кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау қажет".

Экономикалық шолушы Денис Кривошеев жаппай миграция - оңтүстікқазақстандық ауылдық азаматтар қалалық болу үшін көшіп жатқанын айтты.   

"Елді урбанизация жаулап алды. Қала халқының саны үздіксіз өссе, ауыл халқының саны, керісінше, төмендеп барады. Адамның қай жақтан қоныс аударғаны маңызды емес, ауылдықтар қалада тұруға эконмикалық жағынан да, психологиялық жағынан да бейімделмеген. Бұл  үрдіс қосылған құнды қалыптастырмайды, керісінше, шайып кетеді. Оларды орнықтыру үшін бюджетті кеңейтуге тура келеді. Ауылдан ауылға көшсе бір жөн, бірақ  бұл  -  урбанизация. Ойландыратыны, «оңтүстікте халық тығыз орналасқан, солтүстікте бұл көрсеткіш төмен» деген мәлімдеме.  Мысалы, Гуанчжоу (ҚХР – Ред.) – халық тығыз орналасқан аудан. Ал Шымкент халқы бар-жоғы 3 млн. Бұл Қытаймен салыстырғанда шағын қалашық. Рсейді алсақ, Омбыда - 2 миллион, Новосібірде – 4 миллион. Жалпы, біздің елде халық көп, тығыз орналасқан деп айту артық.  Сапалы тұрғындардың  санын көбейту керек! Яғни, ауыл өзін-өзі туғызу тиіс. Ол үшін ауылдықтар көшіп кетпеудің барынша жағдайын жасау қажет".

Қазақстан риэлторлары қауымдастығының президенті Елена Грива:

"Көшіп жатқандар үшін жұмыс, білім алу, тамақтану және т.б. – екінші орындағы мәселе. Бастысы – баспана! Шымкенттік кәсіпкер Ағабеков  іс жүзінде мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырды деп айтуға болады. Егер мемлекет осылай жасағанда көптеген жұрт тұрғылықты жерін жаңа жерге ауыстыруға талпынушы еді".

 Аталмыш бағдарлама бойынша қоныс аударушы отағасына 50, ал отбасы мүшелеріне 35  АЕК көзделген. Қазір 1 АЕК - 2121 теңге.

Қоныс аударғандарға тегін баспана берілмейді, бірақ, бағаны салыстырсақ, қоныс аударатын ОҚО тұрғынына баспана сату-сатып алу тиімді. Қазір Шымкентте баспананың 1 шаршы метрі орташа есеппен 665 доллар немесе 225 200 теңге, Петропавлда – 186 900 тг немесе 552 доллар, Өскеменде бір шаршы метр 181 700 теңге/537 доллар. Тіпті болмаса жалға алуға болады. Бірақ, кез-келген қоныс аударушы белгілі бір мөлшерде қаржы шығындайды.  Материалдық, моральдық стресс. Егер материалдық жәрдем берілсе, өзге өңірге көшу қиын болмайды. Сондықтан әр адамның жеке басындағы жағдай ескеріліп, бағдарлама бойынша қадам жасалынса.

Жаңа қоныс тепкен отбасының алдында қайда, қалай, және қанша табыс табамыз деген сұрақ туады. Бұл мәселені көшпей тұрып алдын ала анықтап алғаны дұрыс. Себебі, оңтүстікте табыс әкелген жұмыс солтүстікте пайдаға жарамай қалуы мүмкін.

ҚР Тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының төрайымы Лариса Харькова:

"Мәселен, солтүстік өңірде темір шеберлері, механик, зертхана қызметкерлері тапшы делік. Сондықтан көзді жұмып көше жөнелмей, қоныс аударатын тұрғылықты жерде қандай мамандықтар сұранысқа ие екендігін егжей-тегжейлі біліп, белгілі бір мамандық курсын оқып алуы керек.

Ауыл тұрғындары қалаға мүлдем дайындықсыз келеді.  Салдарынан өз мамандығы, білімі мен қабілетіне сай емес, тіпті бұйырған қара жұмысқа жегіледі. Нәтижесінде бірқатар өңірлерде біліксіз мамандар жұмыс істеуде. Оған дәлел: жолдарымыз бен құрылыстар.

Бұрындары жұмыс берушіні қанағаттандырарлық ПТУ бар болатын. Сондықтан бәрін алдын ала жоспарлап, тапшы мамандықты білген дұрыс". 

Ресми мәлімет бойынша, Шымкент шарықтап өсіп барады, бірнеше жылдан соң халқы 5 миллионға жетеді екен. Ал меморгандардың мәліметінше, солтүстік облыстағы елді-мекендерден жұрт жаппай көшіп жатыр.   

Түйгеніміз: оңтүстіктен-солтүстікке қоныс аударатындар үшін нарықтың сұранысы, қоныстың қажеттілігі, шағын бизнестің мүмкіншілігі ескерілсе. Сондай-ақ, субсидия, оқу іздеген жастарға жалпы бөлінген грант шеңберінде квота жекілікті болса деген тілегіміз бар.   

Айта кетсек, Қазақстан үкіметі «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын 2013 жылы қабылдаған. Бұл бағдарламада «жұмыс күшіне тапшы» аймақтарға «жұмыс күші артық» облыстардан мамандарды шақыру жайы да айтылған. 

Кеше

22 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.