{metadescription}
Радикалдармен күресудің жолдары қандай?

Радикалдармен күресудің жолдары қандай?

2016 жылдың 18-шілдесі  - алматылықтардың үрейін ұшырған күн болып есте қалмақ. Оңтүстік астананың қақ ортасында иығына автомат асынған қаскөй қанша отбасына қайғы әкелді? «Не болып жатыр?!» деп сасқалақтаған тұрғындар енді «Неліктен?», «Не үшін?» деп сұрақ жаудыруда.  

Бұдан бұрын билікті ашуландырып келген радикалдық ағымдар енді халықтың жеккөрінішіне айналды. Өкініштісі, Қазақстан үшін терактілер шынайы көрініс алуда. Бүлдіруші идеология елімізге сұғын қадап, қазақ жеріне кенедей жабысып бара жатыр. «Салафизм», «ваххабизм» сөздері де лексиконымызда тұрақталып бара жатқандай.

Салафизмге қарсы тұра аламыз ба?

Владислав Косарев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазақстанда тек бейбіт өмірді насихаттаушы  діни бірлестіктер мен ағымдар болсын! Алауыздық, араздық, қастық әкелетіндерге тыйым салу керек. Тексере келгенде экстремистік болып шығатын шымылдығы жабық бірлестіктердің  қауіпті екенін білуіміз тиіс.

Ондай діни ағым өкілдерінің нені уағыздап жүргенін, қандай идеологияны ұстанып жүргенін білмейміз, солай емес пе?!  Сондықтан ашық,  ресми тіркелген, бейбітшілік, тыныш өмірді насихаттаушы бірлестіктер ғана болуы тиіс.

Расұл Жұмалы, саясаттанушы:

- Алматыда болған қантөгіс белгілі бір топтың жазалау әрекеті немесе сатисфакциясы (намысына тигені үшін жекпе-жекке шақыру)  болуы мүмкін. Қоғамымыздың көптеген параметр  бойынша иммунитеті жоқ. Қазір бұл қауіп біршама елдерге еніп барады. Дамыған елдер де зардап шегуде – Түркия, Франция. Орын алып жатқан оқиғалардың сиректілігі - құқыққорғаушы органдар мен арнайы қызметтің жетістігі емес. Әрине, өз қызметін білікті, адал атқаратындарға басымызды иеміз.

Экстремистік қозғалыстар әлі де өзінің жаны мен тәнін жалаңаштаған жоқ.  2010-2011 жылдары бірқатар тазарту жұмыстары жасалғандай болды. Бірақ  ол зым-зия жоғалып кеткен жоқ – «мызғу» режимінде.  Тіпті осы уақыт ішінде  сапасы да, саны жағынан да өсіп-өніп алғандай әсер береді маған. Және олар тек Қазақстаннның батысында ғана емес.

Салафизмге қарсы тұруда күш құрылымдарының жұмысы өте маңызды. Бірақ жұмыс тиімділігі кадрлардың біліктілігіне, қатарының «тазартылып» отыруына қатысты. Ол қазір  ақсап тұр. Дегенмен ол қастандыққа қарсы тұрып жеңудің жалғыз жолы емес.

Өзге мемлекеттердің тәжірибесі  - болып жатқан оқиғаны белсенді, дер кезінде жеткізу. Сақтықта қорлық жоқ – жасырмау керек! Небір сұрақ жаудырады, сол үшін ең бастысы, тым болмаса ашық, оперативті түрде жұмыс істеу.
Тыйым салу шаралары артық етпес,тек ол басқа тәсілдермен қатар жүрсе. Бірқатар фактілер ескерілсе: әлеуметтік салада, идеологиядағы терең, айқын жұмыстар. Жастар басты назарда болуы тиіс. Егер осы бағытты уысымыздан шығарып алсақ, мемлекетіміз түрлі арандатушылықтардың алдында қауқарсыз болады. 

Салафизммен күресу жолдары.

Асылбек Избаиров, спикер, тарих ғылымдарының докторы:

- «Салафизм» түсінігін анықтап алып барып шешім қабылдаған жөн. Салафиттің кім екені, салафизмнің өлшемі туралы түсінік нақты емес. Қалай анықтаймыз? Сақалы мен қысқа дамбалына қарап па? Ол өлшем емес. Сол себепті оның идеологиялық көрінісін анықтайтын кешенді жұмыс жасалуы қажет. Тап сол идеологиялық тұрғыда қарсы тұрып, ойынан бас тартқызамыз.
Тыйым салатын түбегейлі іс-шараға қарсымын. Проблеманы шешудің өзге де жолдары бар. Екі қыры – ақпараттық соғыс, кибертерроризм қаупі және идеологиялық көрініс. Бұнымен біз ұтылып отырмыз. Тап сол салада жұмысты күшейту керек!

Алланың қолы бар ма, алла тағала тақта отыр ма және т.б. сұрақ төңірегінде идеологиялық дау жүріп жатыр. Диагнозын дөп басып қоймайынша, проблеманың дұрыс шешімін табу қиын. Менің ойымша, осы екі салада жұмысты күшейту қажет. Ал тыйым салумен  жағдайды түзей алмаймыз. Қазір ең бастысы – осы екі салада белсенді жұмыс жасау.

Владислав Косаревтің жоғарыда айтылған сөздері қызық көрінді. Ол бүлдіруші құрылымдардың «көзін жою керек» деп көндіргенімен, радикалдарды қуғындап, ізіне түсудің қажеті жоқ екенін айтады. Сонымен қатар жоғары шенді радикалды діни ағымының өкілі қарапайым азаматтардан «әлдеқайда қауіпті» деді. Осы тұрғыда бір реттік жеңістің еш мағынасы жоқ. Дұшпаныңды бір соғып құлатқаннан гөрі, оны өмір сүру өзегінен айыру әлдеқайда маңызды. Ол үшін мемлекет пен халық күш жұмылдырып, шоғырлануы тиіс.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде