{metadescription}
Жаппай қырып салу: аты шыққан мергенсымақтар

Жаппай қырып салу: аты шыққан мергенсымақтар

Әлем бойынша оннан аса адам өлтірген жалғыз-жарым  мергендердің тізіміне Руслан Күлекбаев та қосылды.  

«Тұрақсыздық... ұшақтарды күн сайын басып алмағанына  шүкір» деп белгілі кинофильмде айтылғандай, БАҚ өкілдерін әлемде болып жатқан оқыс оқиғалар селт еткізбейтін болды. Еті үйренді. Лаңкестермен қоса есі ауысқандар  саны да, экстремистік топтар да жылдан жылға артып бара жатқан секілді.  Мюнхендік  және алматылық мерген туралы ақпар  біраз уақытқа дейін газет-журналдардың бетінен түсер емес.   

Кезекті қантөгіс жасау үшін мергендер шаһар көшелеріне  және де шағын қалаға басып кіреді. Тексеру барысында анықталған жәйттерге сүйенсек,  қылмысқа итермелейтін себептер әр түрлі: дәстүрлі дінге жат көзқарас, психикалық ауытқушылық, қатігездікке толы бейнежазба-ойындар,  әлдекімдерге  деген кекшілдік   және т.б. 

Соңғы мыңжылдықта  болған оқиғалар тізімін жасап, «өлтіру күшімен» салыстырсақ, негізінде, қылмыскердің  қоғамдық орында қылмыс жасаудағы көздеген  мақсаты - жаппай адам қыру екен. Бұл деректер ерекше жағдайлар, біз нағыз қатыгез атыс-шабыс  туралы  оқиғаларды анықтадық.  «Жетекші» орында -  Осло қаласын дүр сілкіндірген  Норвегия азаматы.

1. Норвег мергенсымақ - Андрей Брейвик, құрбан болғандар 77 адам. 

Ол 2011 жылдың 22 шілдесінде  Осло қаласындағы полиция қоршауында болған жастар лагеріне баса-көктеп кіріп келіп, тобыр арасында адамдарды қырып салған.   77 адам көз жұмып,  150-і  жараланған. Сот кезінде Андрей   лаңкестік  жасағанын мойындағанымен,  "кінәлі емеспін" деуден тайынбады. Сөйтіп 21 жыл бас бостандығынан айырылды.  Қазір Ила түрмесінде жазасын өтеуде.  Сот шешімі бойынша оның жазасы тағы бірнеше рет ұзартылуы мүмкін.  Брейвиктің көршілері ол тұралы  "байсалды, сыпайы және бейбітшіл  адам"  деп мінездеме берген екен. Кейіннен Брейвиктің  қылмысы аталмыш қылмыстық  жолмен  атын шығармақ болғандарға "үлгі" болған тәрізді.  

Андрей Брейвик өз  үндеуінде 78 мың сөзбен неліктен қылмысқа барғанын егжей-тегжейлі айтып берді.   «Мінсіз Европа » құру үшін «радикалды саясаттың » көмегімен адам санын екі есе азайтуға «ұлттық дарвинизм» керек деп есептепті...

2. Орландық «мерген» Омар Матин, құрбан саны 49.

 2016 жылы 12 маусымда Орландо қаласында 29 жастағы  Ауғанстанда дүниеге келген америкалық  Pulse клубына келгендерге шабуыл винтовкасынан оқ жаудырды.  49 адам қаза тауып, елуге жуығы ауыр жарақат алды. АҚШ президенті Барак Обама аталмыш оқиғаны теракт деп атады.

Омардың көзі полициямен атыс кезінде жойылды. Құты қашқан  әкесі сұхбат бергенде  бұл оқиға есінен тандыра жаздағанын айттты.  Ол қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, ұлының мұндай қадамға неліктен барғанын білмейтінін айтты. Сонымен бірге біраз уақыт бұрын Омар көшеде сүйісіп тұрған екі еркекті көріп қатты ызаланғанын есіне түсірді.

3. Коннектикуттік аутизммен ауыратын Адам Лэнза, құрбан болған адам саны 27.  

Қоғам назарын аударған оқиға 2012 жылы 14 желтоқсанда  АҚШ-тың  Коннектикут штатын дүр сілкіндірді.  20 жастағы  Адам Лэнза 27 адамды Сэнди Хук мектебінің ғимаратында жер жастандырды. Көз жұмғандардың арасында 6-7 жастағы 20 балдырған, алты оқытушы және өзінің туған анасы бар.

Сыныптастары мен мұғалімдері Адамды «ақылды, бірақ жүйке жүйесі әлсіз, күйгелек»  деп суреттеді. Айтуынша, ол кісікиік, яғни адамға онша жуымайтын және жақын достары жоқ. Лэнза  қантөгіс жасаған күні өзін-өзі өлтірді. Адам Лэнза жасаған қылмысының жазасын о дүниеде өтер...

4. Шекара қызметіндегі  қатардағы әскер Владислав Челах, құрбан болған адам саны 15.

Қарағандылық Владислав Челах «Арқанкерген» шекарасында әскери борышын өтеп жүріп  қасындағы қызметкерлерді қырып тастады. Өмір бойы бас бостандығынан айырылды. «Арқанкерген» Қазақстан-Қытай шекарасында  таулы ауданда орналасқан.  Сот оны 2012 жылы мамырдың соңында 14 шекарашы мен орман қорықшысының өліміне кінәлі деп тапты.  Сондай-ақ, қылмыстық іс материалдары бойынша Владислав қылмыс жасаған жеріндегі айғақтарды құрту мақсатымен өрт қойған.

Бұл оқиға қоғам назарын аударып, үлкен дүрбелең тудырды. Прокуратура деректері бойынша, аталмыш  қылмысқа түрткі болған «ішкі шиеленіс пен есінен тану».  Алайда күні-бүгінге дейін көптеген адамдар жас жігіттің жалғыз өзі мұншама  адамды қырып салғанына сене алмайды.

5. Мюнхен «мергені» Дэвид Сонболи, құрбан болған адам саны 9.

Қанды қырғын 22 шілдеде Мюнхендегі сауда үйінде орын алды. 18 жасар тегі ирандық  неміс 9 адамды өлтіріп, соңынан өзіне қол салды.  Бастапқыда McDonald’s  мейрамханасына келушілерге оқ жаудырып, іле-шала  көшедегілерді атқылай  бастаған. Жараланғандар мен жарақат алғандардың жалпы саны  -  30.

 Қалада төтенше жағдай жарияланды. Есі шыққан жұрт арасында әлеуметтік желіде әлдекімдердің жазғаны бойынша бүкіл қалада теракт орын алып жатыр деген дақпырт тарады. Қандықол үш сағаттан соң өз басына оқ атып жан тапсырды.   

Полицейдің айтуынша, Дэвид Сонболидің есіл-дерті «жаппай өлтіру» болған. Үйін тінту барысында «Оқушылар неге өлтіреді» атты мақала мен шабуыл жасау туралы көптеген газет қиындылары табылыпды.  

6. Алматылық «мерген» Руслан Күлекбаев, оның қолынан қаза тапқандар саны – 6.

Бұл «мергенді» полицейліктер 24 минут ішінде тірідей қолға түсірді. Соңғы ақпарат бойынша, 26 жастағы  Руслан Күлекбаев 4 полицейлікті жер жастандырған, оның біреуісі ауыр жарақаттан ауруханада жан тапсырды, сондай-ақ екі алматылық тұрғын қаза тапты.

Қаскөй тергеу кезінде полицейліктер мен сот судьяларына өш бар екенін айтты. Күлекбаев бұрын тонаушылықпен айналысқаны үшін сотталған. Қазір оған ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылуда. Адам өмірін жалмағаны үшін жаза қаншалықты қатаң болатынын енді сот шешеді.

Айта кетсек, елімізде өлім жазасына мораторий  енгізілген. Нақтырақ айтсақ, айып түрінде тағайындау емес, оның орындалуына.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.