{metadescription}
КТК арнасы: ыстығына күйіп, суығына тоңу...

КТК арнасы: ыстығына күйіп, суығына тоңу...

Ел құлағы елу. КТК ел аузына ілігудің амалын тапқан сыңайлы. Телеарна биылғы маусымда көрермендеріне қандай «сыбаға» дайындады?

Тоқтаусыз құйылып жатқан ақпараттық лек заманында тек ер қарасы болып, таңдай қақтыру қиынның қияметі. Дегенмен КТК ер тоқымын бауырына алуға дайын – оған дәлел жоғары рейтингілер.

Атын атап, түсін түстесек, КТК арнасы мемлекеттік тілде қос жобаның тұсауын кесті: «Инсталайық» (сенбіде сағат 17:00-де) және «Басты рөлде» (сенбі сайын 17:30-да). 

«Инсталайық» көппен көрген ұлы той - шоу-бизнес әлемінің жаңалықтары. Бұл әлеуметтік желінің интерфейсі. Жасыратыны жоқ, қазір еңкейген кәрі мен еңбектеген балаға дейін әлеуметтік желідегі жаңалықтарға құлақ тігеді.  Міне, жұрттың назарына ілігетін айтулы хабарды рет-ретімен осы жобадан қарай аласыздар. Бұл сіздің апта бойғы назарыңыздан тыс қалды деген дүниелерді аз-маз уақытта топ еткізіп жеткізетін жоба. Жұлдыздар өміріндегі ең айтуға тұрарлық эксклюзивті ақпараттар. «Инсталайық» – тек жаңалықтар емес, сонымен бірге татымды эксклюзивті фактілерге қанық боласыздар.

«Басты рөлде» - телевизиядағы тың формат болмағанымен, ерекше бағдарлама. Енді жұлдыздарға қонаққа БІЗ емес, ӨЗДЕРІ келетін болды. ЖҮРГІЗУШІСІЗ! Жүргізуші тізгіні жұлдызға тапсырылды. Бағдарламада тек ел құлағын елу қылып жүрген танымал адамдар! Олар: қыз-келіншектердің назарынан бір елі тыс қалмайтын, «МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев, қазақ қыздарының жүрегіне от сала білетін «Жігіттер» квартеті, халық сүйіспеншілігінен шықпайтын Мақпал Жүнісова, аты айтуға тұрарлық мэтр Нұрғали Нүсіпжанов, телевизия айтысын дүниеге әкелген Жүрсін Ерман, хитмен Ғадылбек Жанай, нәзік жандылардың көңілін аулай білетін Тәуекел Мүслім, тәжірибелі трио «Азия», айтулы ақын Айнұр Тұрсынбаева, әрине, Қайрат Нұртас, Роза Рымбаева және т.б.

«Басты рөлде» – бұл отбасына арналған бағдарлама. Әдетте біз жұлдыздарды тек экраннан қарап, ой түйеміз. Ал енді олар басқа қырынан көрінбек. Жұлдыздар күнделікті өмірде қандай? Бала-шағасымен бірге өз шаңырағында көрпесіне қарай көсіле ала ма? Қысқасы, қызықты дүние молынан ұсынылмақ. Әр сенбіде сағат 17:30-да теледидар тетігін КТК арнасына қосып, жұлдызбен бірге қызыққа кенеліңіздер!

Күміс көмей, жез таңдай жоба - «Бала дауысы»!

КТК арнасы аталмыш жобаның ақпараттық серіктестігі. Еліміздегі шалғай ауылдарда тұрып жатқан дауысы мықты балаларға үлкен мүмкіндік туып отыр. Өңір-өңірлерде тумысынан талантты, дауысы керемет балалар іріктеліп, әр облыс орталығында кастинг ұйымдастырылған болатын. 60 күн ішінде продюсерлер жұмылып, еліміздің түкпір-түкпірінен 8-12 жас аралығындағы вокалы керемет 16 жас талантты «қолға түсірді». Енді болашақ жұлдыздарға арнайы авторлық ән жазылады. Бұл бұрын-соңды болмаған үрдіс! Байқау қорытындысы 12-13 қарашада өтеді. Көрермендер дауыс беру арқылы өзіне ұнаған әншіні таңдап, бағы жаңған бала жеңіске жетеді. Әр баланың жұлдызы жансын деп тілейік!

Бәрін айт та, бірін айт. КТК арнасының меншікті өнімі - «Әйел қырық шырақты» деректі драмасы мен «Kөріпкел» туралы қандай жаңалық бар?

«Әйел қырық шырақты» жобасы да өз көрерменін, өз аудиториясын тапты. Жаңа, үшінші маусымның науқаны қарқынды деп айтуға қақымыз бар. Қазақстандық қыз-келіншектердің шынайы өмірде басынан өткізген, басына тап болған сүреңсіз оқиғалар ешкімді бей-жай қалдырмас. Бірақ қандай қиын-қыстау кезде қазақ әйелі күш-қайратынан, үмітінен, жақсылыққа деген сенімінен айырылған емес. Бәрін ақылға жеңдіріп, тағдырының тізгінін уысынан шығармай берік ұстап келді. Міне, аталмыш жоба белі бүгілгеннің белін сындырмай, ӘЙЕЛ беделіне бәс тігеді.

Қырық жанды әйел өмірін енді сәрсенбі-бейсенбі-жұма күні сағат 14:45-те тамашалай аласыздар.

Көненің көзі - «Көріпкел». Деректі драманың екінші маусымы 5-қыркүйектен басталмақ. Әжесінің көріпкелдігі бойына қонған Ұлпан айналасындағы адамдардың қиын мәселесіне бей-жай қарай алмайды. Дегенмен бұл жолы өз басының да қам-қарекетіне көңіл бөлінеді. Көңілі құлазыған, көңілінде дақ бар жандар көріпкелдің көмегіне жүгінсе, көңілі алаң Ұлпан қол қусырып отырмайды.

Айта кетерлік жайт, деректі драмадағы басты рөлді сомдаушы актриса ауысты. Айнұр Ешманова белгілі себептермен түсірілімді жалғастыра алмады. Енді басты рөлді Сәния Ерзат сомдамақ. «Көріпкел» – дүйсенбіде сағат 15:00-де, сейсенбіде 14:25-те, қарсы алыңыздар! 

КТК арнасында орыс тілдегі бағдарламар да жаңа маусымға сақадай-сай. Сүт үстіндегі қаймақтары көрерменге жол тартты. Ол туралы мына жерден оқи аласыздар.

Сонымен, көпті сұрап, аздан құр қалмаңыздар! Өз көзіңізбен көріп, өз бағаңызды беріңіз! Пікірлеріңізді КТК сайтындағы БАҒДАРЛАМАЛАР айдарында күтеміз!

Айтпақшы, жаңа жобалар сәрсенбінің сәтінде жарық көрді. Өнімдеріміздің айы оңынан тусын деп ырымдадық. Атам қазақ сәрсенбі күні дүниеге келген сәбиді Сәрсенбай, Сәрсенгүл деп атаған. Игілікті  істерін  осы күні бастайды. Ниеті бұзылады деп сәрсенбі күні тырнақ, шаш алмаған. Сәрсенбіде отырғызылған өсімдік тез өседі,егін бітік шығады деседі. Ендеше КТК эфирінен, болмаса бағдарламаны кез келген уақытта сайттан тамашалауға мүмкіндік бар. Көңілімізді жықпай, көңілдеріңіз желдей ессін! Бізбен бірге болыңыздар! 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде