{metadescription}
«Өліктер»: халықтың қыруар ақшасы желге ұшып жатыр

«Өліктер»: халықтың қыруар ақшасы желге ұшып жатыр

«Өлі» жобалар мен «елес зауыттар» әр өңірде бар. Айтулы күндерде дүркіреп ашылып, кейін банкрот болған. Сөйтіп жарқыраған жобалар көзден бұл-бұл ұшып, ғимараттар күлге айналады. Тіпті ғимараты тұрғызылмаған «елес» жобалар да жоқ емес. Нақтырақ айтсақ.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы өндірісті, инновацияны, бұзып-жарып шығатын жобаларды дамытуға ерекше көңіл бөледі. Кейде үміт артқан кәсіпорындар расында да ашылады. Бұл жайлы БАҚ, әсіресе мемлекеттік БАҚ жарыса жазады. Алайда кейбір зауыттар біраз уақыт өткен соң жұмысын тоқтатады.

Бұған кім кінәлі және не істеу керек? Сәтсіздіктің себеп-салдары қандай? Бастапқы бөлінген қаржы тиісті жерге толық жетпей ме, әлде жобаны дамытуға жауапты адамдар тиімді жұмыс істей алмай ма?  ма?

Дүркіреп ашылып, үндемей жабылып жатқан жобалар. Қыруар қаржы құйылып, ақыры түк шығармай жабылған кәсіпорындар: 

1. «BIOHIM» - қазақстандық ғаламат

2006 жылдың қыркүйегінде СҚО-дағы  Тайынша қаласында «BIOHIM» АҚ-на тиесілі зауыт сән-салтанатпен тұсауын кесті.   «30 инновациялық жоба» бағдарламасы аясында ашылған  зауытта бензиннің октан санын көбейтетін  экологиялық таза биоэтанол түйіршіктерін шығарылуы тиіс болған. Бірақ батыл басталған іс күрт тоқтап, кәсіпорын жабылды. Салық қарызын және жұмысшыларына жалақы төлей алмай, зауыт мүлкі аукционға шығарылды. Сөйтіп «BIOHIM»  26 млрд теңге қарызға батты.  Бұл сома компанияның барлық мүлкінен екі есе көп. Күлесің бе, жылайсың ба...

Жобаны құруға 94 миллионға жуық доллар жұмсалған. Басты қарыз беруші «Қазақстан Даму Банкі» 60 млн доллар бөліпті. Жұмысшылардың жалақысын жабу үшін  зауыттың бар мүлкі сатылды. Сөйтіп «қазақстандық ғажайып» көзден ғайып болды.

2. Көп жапа шеккен планшет зауыты

Елімізде тұңғыш рет планшетті компьютер шығаратын зауыт ашу  идеясы да  шатаққа шымбайынан батты. 2011 жылы Ақтауда отандық планшет, телевизор, монитор шығармақ болды. Жыл сайын зауыт 67 мың планшетті компьютер, 40 мың телевизор,  43 мың монитор өндіруі тиіс болатын.  Ашкөздік пен пайдақорлық жобаның түбіне жетті. Ол бастапқыдан алаяқтыққа арналған, залалды болыпты.  Зауыт бірде-бір планшет шығармақ түгілі, оны Қытайдан 958 мың теңгеге сатып алып, күні-бүгінге дейін «өзіміздікі» деп келген.... тіпті шығаратын да түк болмаған, өйткені құрал-жабдықтарға бөлінген 600 миллион теңге шын мәнісінде небәрі 20 миллион болған. (қалған  580-і қайда, белгісіз). Бір қызығы, планшетті компьютер жинастыруға техникалық көрсеткіші сәйкес емес. Солайша «made in Kazakhstan» каджетін шығаруға ешкімнің жүрегі дауаламады.

3. Қарағанды авиазауыты

Тағы бір кеудесіне нан піскен жоба – Ресей технологиясы бойынша «Фермер» деген отандық ауылшаруашылық жеңілмоторлы ұшақ. Бұл да масқара боп тынды.  2011 жылы Қарағанды облысында ашылған авиазауыт қызметкерлері бұл жолы өздерінше талпыныс білдірді. Өкініштісі, 10-ын шығарамыз деп  бір аэроплан ғана берді, оның өзі ұша алмай, бір қанатына қисайып құлады.

Құны екі млн доллар тұратын  жоба «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы картасына енгізіліп,  оған 750 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ 846 млн теңге сомаға несие берілген (жылдық 6 пайызбен).

4. Балқаш ЖЭС-сы

Ел экономикасына септігін тигізуі тиіс ірі жоба. Қазір бұл идея біртұтам болды деп айтуға ертерек, бірақ болжам көңіл көншітпейді. Алматы облысындағы ЖЭС салу 201 жылы басталған. Құны 4,5 миллиард доллар. Оның төрттен үш бөлік шығынын «Қазақмыстың» қатысуымен оңтүстіккореялық компания, ал қалғанын «Самрұқ-Энерго» жабуы тиіс.

Былтырғы жылдың қарашасында көрсетілген жоба бойынша 25 млрд теңге игеріліп, ол көбінесе жобасметалық құжаттар мен дайындық жұмыстарына жұмсалыпты.  Құрылысы әлі басталмаған. 2017 жылдан бастап жыл сайын сағатына 17 млрд киловатт көлемінде электр энергиясын өндіреміз деген уәде орындала ма?...

5. «Хобас Пайпс Қазақстан»

Ақтөбе облысында тағы бір «елес-зауыт» салынуда - «Хобас Пайпс Қазақстан» ЖШС. Құбыр және шыны талшықтар полиэфирімен бекітілген фитинг шығарады. Жобаға 16 млн еуро құйылған. Қазақстан Даму Банкінен. Зауытты 2005 жылы салтанатты түрде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ашты.

«Хобас Пайпс Қазақстан» диаметрі 200-ден 1400 мм-ге дейінгі кәріз құбырларын  шығаруы тиіс.  Жаңа кәсіпорын «Ауыз су 2002-2010» бағдарламасын дамытуға ықпал етеді деп көзделген.

Алғашқы құбырлар 2005 жылдың желтоқсанында жарық көріп, үш жылдан соң банкрот болды. 500 адамды жұмыспен қамтитын жоба құрдымға кетті.

6. Шыны шығаратын жоба шытынап сынды

Ақтөбе облысындағы жылтыраған әйнек шығарушы инвестжоба. Құны 236 млн еуро. Жобалық қуаттылығы  - тәулігіне 700 тонн әйнек!

2006 жылы тамызда  Жаңа-Әлжан элеваторында шыны өндіруді  «Интергласс-Қазақстан» ЖШС компаниясы қолға алды.  Бұл мақсатқа 242 882 шаршы метр жалпы көлемдегі жер берілді.  Аумақ қоршалып, тіпті құрылыс жүріп жатыр деген қазақ және ағылшын тілінде тақтайша ілінді. Нысан екі жылдан соң өткізілуі тиіс болған. Алайда қоршалған дуалдан басқа ешнәрсе өзгермеді. 2008 жылдың желтоқсанында учаске  қаланың жер қорына қайтарылды. «Той болмайды».

7. Тасқала цемент зауыты

БҚО-дағы Тасқала ауданында салынуы тиіс цемент зауыты 210 млн. долларға бағаланды. Кәсіпорын жылына елімізді екі миллион тонна цементпен қамтамасыз етеді деп жоспарланған. 2009 жылы өткізілуі тиіс зауыт...тағы жер сипап қалдық.

Сөйтсе,  зауыт жобалаушылары ең басты – ірі нысанды электр энергиясымен қамтамасыз етуді және қосымша шығындар мен ресурстарды ескермепті. Қаржы жетпеген...

8. «Халық» компьютері Glotur-дің түбіне кім жетті?

Қаржы дағдарысы отандық компьютерінің «түбіне жетіпті». 2007 жылы Астанада GLOTUR компаниясының өндіріс базасында отандық тұңғыш «халық» компьютері жарыққа шығады деп жар салған. Жоба құны - 3, 5 миллион  доллар, қуаттылығы – жылына 100 мың құрылғы!

Құрастырылатын желісін 2007 жылы күзде шығарып, ал 2009 жылдың қазан айында Glotur өкілдері «бағдарлама ортақ (әлемдік) дағдарысқа байланысты пәлеге ұшырады» деп мәлімдеді. Екі жыл ішінде компания тек 40 мың компьютер шығарған.  Бір қызығы, өнімге деген сұраныс жоспардағыдан едәуір төмен болып шықты. «Халыққа» арналған компьютерді халық қалтасы көтере алмады.

Бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Біз тек ең ірі жобаларды сөз еттік. «Небәрі» миллион, миллиард теңгелік жобалар. Құмға құйған судай жоқ болды. Бұл сандарды аталмыш дүниені болдырмауға тиісті – жемқорлықпен күрескерлер ұсынды.

Отандық өндірісті жандандырып, дамыту, жұртты өз тауарымызбен қамтамасыз ету  - қиынның қияметі болып тұр. Осының бәрін жоспарлап, жауапкершілікті мойнына алған құзыретті минисрліктер мен әкімдіктер  айға бата  жасап отырған сыңайлы...

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде