{metadescription}
«Шырғалаңның» шымылдығы түрілді!

«Шырғалаңның» шымылдығы түрілді!

Сіркесі су көтермейтіндерді сілтідей тындыратын сәт туды! КТК арнасы қыңыр көрерменнің сырығын ойнатып, сырмағын жүндей түтпекші!

Телеарна жаңа маусымның аламан бәйгесіне  білек сыбана кірісті. Көрерменді қамту аясын кеңейтіп, арнаның әлеуметтік-эстетикалық пәрменділігін арттыру үшін әр бағдарламаның мазмұны неғұрлым жан-жақты, қызықты, татымды шығуына хал-қадерінше жанын салуда. Бағдарламалардың бұқаралық сипаттағы белді саласының бірі - көркем фильм. Жақсы шығарма – жан ләззәті, көңілге ой сап, шуаққа бөлейтін фильмге кім құмартпайды?

КТК арнасы от алып, ораққа түсті - 2016 жылғы судай жаңа түрік сериалының шымылдығын түрді. Тағдырға тіл қата алмай көгілдір экранға телміріп отырған ағайынның көңіліне медеу боларлық, опық жегізбейтін дүние қалай сарапталып, сұрыпталады? Көрерменнің рухани сұранысын қанағаттандыра ала ма? Түрік сайттары жарыса жазып жатқан жаңа хикаяның отандық телеарнада көрсетілуі мақтаныш па, әлде құр массаттану ма? Көрермендердің талап-тілегі ескерілді ме? «Шырғалаң» қазақ көрерменін «сергелдеңге» салмай ма?

Айман Уәлиева, КТК, бағдарламалар қызметінің директоры: 

«Өз атамыздың басын алып жүруге қауқарымыз бар. Телеарнаға күн сайын көптеген көрермен хабарласады, бірінің қуанышы қойнына сыймаса, екіншісінің өкпе-назы да жоқ емес. Бұған «өлмесең, өме қап» деп отыра алмаймыз, бәрі түртіп алынады, ескеріледі. Жалпы, өз ойын ашық айтатын заман баяғыда туған. Жұрт пікірін сараптай келгенде байқағанымыз: Батыстың анайы ашық-шашық фильмдерінен гөрі қазақ көрермендерінің Шығыс мәдениетіне бүйрегі бұрады. Үнді, корей, қытай фильмдеріндегі иба, тәрбие, сыйластық қатынастарына риза көңілмен қарайтын көрінеді. Әсіресе түрік сериалдарына деген ықыласы ерекше. Әрине, бұл жерде әлеуметтік желідегі КТК парақшаларындағы аңдатпаларға жазылған пікірлер өте маңызды. Интернет модераторларының мониторингі өз алдына. Ең бастысы көрерменнің сұрағанын беріп қана қоймай, ұсынатын өніміміздің көрерменге берер пайдасы ескеріледі. Мысалы, тағам таңдағанда оның құнарлығын, ағзаңызға тигізер пайдасын ескересіз бе? Тап солай».   

«Туысқан Түркия – қазіргі әлемдік кино өнеркәсібіндегі көшбасшы елдердің бірі. Түрік фильмдері өзінің көз сүйсінтер әдемілігі, түсіру мәдениеті, адамгершілік мазмұнымен ерекшеле. Әрі қазақ жанына жақын. Түбі бір, тарихы тамырлас халық болғандықтан, мінез-құлық, салт-дәстүрінде ұқсас жайлар көп».     

«Кез келген фильм таңдағанда, туындының қазақ көрермендерінің діліне, эстетикалық талғамына лайықты болуына мұқият көңіл бөлеміз. Міне, "Шырғалаң" атты көп сериялы телехикаятын арнамыздан көрсете бастадық. "Жүзден – жүйрік" дегендей, бұл – түрік ағайындар соңғы кезде түсіріп жатқан ең үздік кинотуындының бірі. Мұнда зорлық-зомбылық, қан төгіс, зұлымдық көріністері жоқ, тұрмыс драмасы, тағдырлар тартысына құрылған. Жастық романтика, шексіз іңкәрлік, сағыныш пен өкініш, достық пен өшпенділік, ескі мен жаңаның күресі... жүрек қылын шертер небір сезімдер шарпысуын осынан табасыз.   Күлесің, күрсінесің, ойға батасың. Қиыннан қиысып, бірінен бірі туындап жатқан қызықты оқиғалар иірімі жанды баурап, еріксіз үйріп әкетеді. Басты рольдерді сомдаған танымал жұлдыздардың барынша шыншыл, шебер ойындарына тәнті болмасқа амалың жоқ. Жүрек тебірентерлік сыршыл әуен, тамылжыған табиғат көріністері де әсем хикаяның ажарын айшықтап, әрін үстемелей түскендей».  

«Біз де өз тарапымыздан осынау күрмеуі көп "Шырғалаң" фильмінің қазақша нұсқасын жасағанда шырайын кетірмей, бар бояуымен жеткізуге тырыстық. Аудармасына сарабдал ақын-жазушылар атсалысты. Ал телесериалдың редакторы - «Қазақфильм» киностудиясының аударма бірлестігінде қызмет атқарған, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты – Тұрысбек Саукетаев.  Дыбыстағандар ­­– қазақ эфирінің қазіргі "алтын дауысы" Азамат Қанапияев пен Ғ. Мүсірепов атындағы «Балалар және жасөспірімдер» театрының белгілі актрисасы Сәуле Тұрдахұнова. Әлбетте, дубляждің сәтті шығуы режиссердің қарым-қабілетіне тікелей байланысты. Екі тізгін - бір шылбырды нық ұстап, актердің сөзді ойнатып, образ жасауына бағыт-бағдар бере білуі керек. Бұл орайда, қарымды режиссер Рабиға Қадырдың еңбегін айрықша атап өткен абзал».

Сонымен сыртынан тон пішпейік. Сыныққа сылтау іздеп отырғандарға айтарымыз: көзі қарақты көрермен КТК арнасынан  «Сағындым жылы дауысыңды», «Ақ бақытым», «Елімнің бір еркесі мен боламын», «Күзгі әуен», «Анама деп», «Жан әке», «Қазақ қызға үйленем», «Өмір – өзен» деген атпен тың дүниелер ұсынды. 

КТК арнасының меселін қайтармай, табан ақы, маңдай терін бағалай білейік! Отандық арна тұғырынан түспесін!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.