{metadescription}
Намысы кеш оянған қыздардың «назына» налимыз ба...

Намысы кеш оянған қыздардың «назына» налимыз ба...

Халқымызда қызға тиісу, ар-намысына нұқсан келтіру деген болды ма? Сөз төркінін түсініп отырған боларсыздар. Ел Мәдениетіне шаң қонып, кір шала бастағандай.  

Мәдениет министрінің айналасындағы дау бәсеңдемек түгілі, күн сайын өршіп барады. Білдей шенеуніктің қызқұмар қылықтары жалпақ жұртқа жасындай жайылды. Мәселе енді оның рас-өтірігінде.  

“Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы”. 

«Шамасы, біреулерге менің қызметімді қаралау керек сияқты» деп Арыстанбек Мұхамедиұлы «төсекке сүйреді» деп айыптаған актриса Еңлік Сыдықованы сотқа беретін болды

Бұған дейін ол өзін «ақша бопсалады» деп айыптаған кинорежиссермен сотта кездесіп жүрген. Естеріңізге сала кетсек, биыл шілде айында танымал режиссер Талғат Жәнібеков Мәдениет министрін «ақша бопсалады» деп айыптаған болатын. Ол даудың да ақ-қарасы сотта шешілмек.

 Осы орайда біз Кеңес одағы кезінде Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде жауапты қызмет атқарған Мұрат Ерғалидың пікірін тыңдап көрдік:

«Менің ойымша, қыздардың осыншама дүйім жұрттың алдында министрдің қылығын жариялағаны жәй емес. Өйткені арт жағында бір есеп бар ма деген күмән туады. Дер кезінде емес, бірнеше жыл өткеннен кейін оны қайта  қозғағаны... ондай жағдай болып қалғанда,  оған түсіп қалса, адамның  психологиясы сол, ішінде сақтап жүрмейді ғой бірнеше жыл. Ол барады да арыз жазады, немесе жолдастарын келтіріп болса да әрекет жасайды. Олай болмаған соң қыздың өзіне де мен онша сеніңкіремей отырмын. Жалпы болғанның өзінде де неге үндемейді бірнеше жыл? Сондықтан  жалпы болды ма, болмады ма деген ой келеді. Арыстанбек министрлікте көп істеген адам, кезінде мақтап, оркестрге де шақырған. Жас кезінде дарынды музыкант болған екен. Содан бері бұл жігіт туралы пікірім жаман емес еді. Бәлкім ұрттап алып артық сөз айтып қалды ма, кім біледі... Бұл заманда адамның тайып кетуі оңай болып кетті ғой. Баяғыда коллектив болушы еді, ақсақалдар болушы еді ақылын айтып отыратын. Сондай нәрселер желкеңнен ұстап тұратын. Коммунистік партия қатарындағылар «ертең ашылып қалса, қызметімнен қуылам» деп сескенетін. Ондай жағдайлар кезінде де болған, бірақ олар алысқа бара алмайтын».

«Жалпы, менің пікірім, министрдің қылығын жалпақ жұртқа жарияламай, ішкі тексеріс деген бар, соны өткізу керек еді. Сенімді, жөнін білетін, қай жерге баратынын, кіммен қалай сөйлесетінін білетін адамдармен, сот орны болсын, солар тексеріп алу керек еді. Ақиқатын анықтап. Бұның бәрі ертең өтірік болып шықса не болады?» 

Жалпы, әлеуметтік желіге жарқ еткізіп  өзіне де, өзгеге де сөз келтіретін бейнежазбаны жариялап жіберу қазақ қызының табиғатына жат қылық. Ұлтымыз қыз тәрбиесіне қалай көңіл бөлген? – деген сауалымызға Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында 30 жыл қызмет істеген, көне қолжазба мұраларының маманы Мақсұт Шафиғи ақсақал жалпылама қазақ қыздары туралы пікірін айтты:

«Қазақ халқы ең алдымен қыз баланың тәрбиесіне көңіл бөлген. Қызды кереметтей ардақтаған. Сол себепті қазақ халқының көне руларында қыздың атында рулар бар. «Әйел», «ана» деп құрметтеген.  Қадірлегені соншалық, қыз  алысты жақындатады, жақынды бір-бірімен табыстырады, ел араз болса, бір-бірімен достастырады деп есептеген. Қызды ренжітіп қойса, ел арасында береке-бірлік болмайды деген. Сол үшін қызды жас күнінен бастап «жат жұрттық» деп есептеген, бірақ ол жат емес, сол жат жұртты жақындатады деп тәрбиелеген. Нағыз қазақтай қызға тәрбие берген халықты мен көрген жоқпын. Қызды ардақтаған, қадірлеген, жақсы тәрбиелеген».

«Қызға қырық үйден тыйым» дегені  қыз баланың ойын шектеу емес, ол – тәрбие. Таза болсын, адал болсын, ата-анасына мейірімді болсын, еліне, халқына ардақты қыз болсын, үлкенді сыйласын, кішіге ізет көрсетсін деген тұрғыда айтылған.  Өйткені қыздың жолы жіңішке, нәзік, сол себепті қызды жүріс-тұрыстан, әр түрлі жат нәрселерден сақтау – ата-ананың міндеті болған. Қырық үйден тыю дегенді кейбіреулер «үйден шығармайды» деп түсінеді. Ол мүлдем қате. Керісінше, ол таза, әдемі, жақсы, болсын деген мағынадан шыққан».

Халқымызда қызға тиісу, ар-намысына нұқсан келтіру деген болды ма?

«Қазақта ешқандай қызға ешқашан ер адам тиіспеген. Тиіскенді қойып, қызға дөрекі сөз айтпаған. Қызға ауыр келетін сөз айтпаған. Қызды көргенде еркек адамдар әдемі, көркем тілмен, тілі жетсе, өлеңмен, поэзиямен, олай болмаса шешендік сөзбен, әдеби сөзбен жеткізген. Ал енді қыздар да бірден көрген адаммен сөйлесе кетпей, әдеп сақтап, көп тыңдап отырады. Қазақ тарихында ер адам қызға ешқашан соқтықпаған, тиіспеген. Өйткені қыздың тәрбиесі халықтың тәрбиесі екенін еркек адамдар білген. Бір ауыз сөзбен айтқанда – құрметтеген».

Ар-иманның қадірін арттырып, насихаттайтын министрлік  министрінің жоғарыда айтылған  дауға іліккені, ел келбетін айқындап отырған жоқ па?

Мәдениеттің  бір түрі адамның адамдық келбетін айқындайтын асыл қасиеті десек, сол қасиетімізден арылып бара жатқан жоқпыз ба?

“Ер жігіттің үш намысы бар: бірі – иманы, екіншісі – отаны, үшіншісі – отбасы, өзгесі жалған намыс”. Яғни баянсыз нәрселер үшін бәсекеге түсу намыстың белгісі емес болса керек...

Кеше

23 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде