{metadescription}
Музей түні. Алматы. Түнімен қайда болдыңыз?

Музей түні. Алматы. Түнімен қайда болдыңыз?

Тыныштық. Демалыс. Жүйкенің тынығуы. Рахаттану. Ой тиянақтау. Тың көріністер. Жаңа әсер. Осы аталғанды сезінуге Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі, «Музейлер түні» мүмкіндік берді.   

Пенде шіркін күнделікті тіршіліктің әуресімен алданып жүріп, рухани тынығудың не екенінкейде ұмыттырады.

Шараға келген халықтың қарасы көп болды. Егде адамдар, ескінің көзін көргендер ғана ма десең, қателесесің Арасында панк, рок бағытындағы экстремалдарға шейін өріп жүр, оқушылар, жастар, түрлі ұлт өкілдері, үлкен-кіші, жас-кәрінің бәрі осында. Өнерді бағалайтындардың қатарын осындайда байқайсың.  

Ал енді музейдің өзіне келер болсақ, ерекше әсерлісі - "Қазақстан бейнелеу өнері" залындағы Қастеевтің туындылары.

Бағасыз еңбектер ішкі толқытып, тіпті көңіліңді босатады. Неге дейсіз ғой? Осындай ұлды туған қазақ анасының алыптығы, өнерді бойына сусындатқан даламның дархандығы, дарын, түстерді қолдану тәсілі, әр құбылыстың шынайылығы.

Музейдің әр қабырғасы - тұнған тарих, алтын қазына. Музей түні – қасиетті экспонаттарды тамашалауды қолжетімді етті, танытты, сананы жаңғыртты. Музей түні – музей  аурасына толық енді, тамсанды, таңданды. Ізілік пен мәдениет қатар жүрді.

Ескі аңыздарға сенсек, мұражайда түнгі уақытта ғажайып құбылыстар болады дейді. Сол аңыздың желісімен байланыстырылған «Кезбе елестер» деген кешегі түнде елес көріп шошынбасаң да, жын-ойнақ музыка, күнделікті жұмыс, смартфонға байланған санаң тазарғандай.

Сатыбалды Досболов. ҚазҰТУ докторанты:

Сатыбалды мырза, шараның өткізілу мақсаты сіздің түсінігіңізде нендей нәрселерді қалыптастыра алды?

Мұндай шараларды өткізу қажет және ол жиі ұйымдастырылып тұрғанда тіптен тамаша болар ма еді деп ойлаймын. Маған қатты ұнады. Алғашқы рет келуім. Қазіргі технологияда компьютер машиналарымен жасалатын, жаһандық жаңалықтарда жарыса айтып жатқан 3D, 4D суреттерді дарынды суретшілер өз заманында-ақ көрсетіп кеткен екен. Байқасаңыз, мұндағы әрбір картина тірі құбылыстар іспетті.

Музейге түнде келу мен күндіз келудің ерекшелігі неде деп ойлайсыз?

Негізінен, менің ұсынысым бар. Ол еліміздегі мәдени орындардың жұмыс кестесіне сәл өзгерістер енгізу. Себебі, күндіз шұғыл жұмыстарды бітіріп жүреміз де, кешкісін клубтар мен кафелерден басқа баратын жер таппай қаламыз. Ал енді, күндізгі мен түнгі музейдің айырмашылығын айтсам, бұл жер басқа әлем іспетті. Сол әлемге еніп кеткен соң, күн мен түннің ауысып жатқанына мән беруден қалатын сияқтысың. Тақырып «Кезбе елестер» деп аталған соң, бір мифке толы құбылыстарды сезінгім келген әрине, алайда мынадай халықтың көпшілігінен, шудан ондай әсерді әзірге басымнан өткере алғам жоқ.
Театрға көп барамын, ал дәл осы музейге бірінші рет келуім. Жалпы алғанда, жақсы көремін осылай демалғанды. Ұнайды және басқаларға да кеңес беремін.

Түйгеніңіз, білгеніңіз...

Түйгенім өте көп. Шығармашылыққа қызығушылығым артты. Қолымнан шедевр болмаса да, бірнәрсе жасауға құштарлық пайда болды. Төменгі қабаттағы көрмеден өзіме қызық болған қолөнер мамандарымен тілдестім, курсқа жазылдым. Сонымен қатар, ұялы телефондардағы «гид» қосымшасы жайлы білдім, әрі оны өзіме жүктеп алдым.

Кеш барысында түрлі көрмелер, жәрмеңкелер, сәндік дефиле, шеберлік сабақтар және алматылық «Ла-Кампасам» рок тобының концерті өтті. Жиналған жұрт өзіне қажет мәліметтерді жинап, уақытын пайдалы өткізгендей.  

Кері әсерден мүлдем ада, тек жағымды пікірлерді қалыптастыратын қара шаңырақтың халыққа берері өте мол. Рухани тұрғыда өскіңіз келсе, өзіңізді дұрыс жолмен тәрбиелегеңіз келсе өр тұлғаның эксклюзивті туындысынан  құр қалғың келмесе, уақытты құр өткізбей, қаламыздағы белгілі мәдени орындарға жол тартыңыз. Еш өкінбейсіз.  Жан тыныштығы мен жан рахаты - игі іс  бастамасы.

Ендеше, маңайымызда мейірімділік жолын іздеңіз. Ол әбден мүмкін, әрі оңай. Қанша дегенмен бұл дүние жанашыр, білімді, жайдары, жүзі нұрлы азаматтарға зәру. 

Кеше

07 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.