{metadescription}
Қадір түні қандай дұға оқылады? Қазақша мағынасы

Қадір түні қандай дұға оқылады? Қазақша мағынасы

Бүгін, яғни 21 маусымның 22-не қараған түні Алланың мейірімінен үміттенген әр адам кешке жуынып-шайынып, таза киім киіп, үстіне хош иісті әтір сеуіп, қасиетті Қадір түнін өткізбек. 

Қадір түнін Пайғамбарымыз Құран оқудан бастаған дейді.

Ендеше біз де қасиетті түні оқылатын дұғаны ұсынуды жөн көрдік.

1. Ықлас сүресі.

Бисмилләһир рахмәнир рахим. Қуль һу уаллаһу аһаді. Аллаһус самаді. Ләм иәлиді, уә ләм иуләді. Уә ләм иәкуль ләһу куфууән ахаді.

Қазақша мағынасы: «Алла біреу ақ. Алла мұңсыз (әр Нәрсе Оған Мұқтаж). Ол тумады да,  туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес».

2. Қадыр сүресі.

Бисмилләһир рахманир рахим. Иннә әңзәлнәһу фи ләйләтил қадыр. Уә мә әдракә мә ләйләтул қадыр. Ләйләтул қадри хайрум минәл фи шәһр. Тәнәззәлул мәләикәту уәр руху фи һә биизни раббиһим мин кулли әмр. Сәләмун һиә хатта мәт ләғил фәжр.

Қазақша мағынасы: «1. Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік. 2. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Аллаһ Тағала білдірмесе) қайдан білесің? 3. Қадір түні мың айдан да артық. 4. Ол түні Аллаһтың рұқсатымен кез-келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. 5. (Әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Аллаһтың рақымы мен есендігі жауады».

3. Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммәдур расулуллаһ. 

Қазақша мағынасы: Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі.

4. Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммәдән ғабдуһу уә расулуһ. 

Қазақша мағынасы: Алладан басқа ешбір тәңір жоқ және Мухаммед Оның Елшісі және құлы екендігіне куәлік беремін.

5. Астәғфируллуһ.

Қазақшасы: Алланың азабынан сақтасын.

6. Лә иләһә иллаллаһ уахдәһу лә шарикәләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду, уә һуә ғалә кулли шәйин қадиир. 

Айта кетейік, Қадір түнін мешітте өткізген  жөн. Неге? Себебі,  үйіңде  ұйқың келіп, қалғып кетуің мүмкін.  Ал мешітте  бәрі құлшылық жасап жүреді, ол жерде  уағыздар естіп отырасың.  Сонымен бірге  іште жүрген сұрақтарына жауап алуға болады.

Егер Қадір түнін мешітте немесе үйде  діни кітап оқып, діни фильмдер көрсеңіз, ол  – (Ғибадат (араб.: عبادة‎) – Исламда бізді және бүкіл жаратылысты жоқтан бар еткен әрі әрқашан бар етіп ұстап тұрған, әртүрлі нығметтер мен жақсылықтар жіберіп, жетілдірген  Алла Тағаланың  әмірі мен тыйымдарын бұлжытпай орындау).

Қадір түні «Қыдыр ата келеді» деп дастарқан жайып, есіп-терезелерді ашып қойып, ыдыстарға су толтырудың керегі жоқ, – деп жазады діни сайттар. 

Қадір түні аспаннан түскен періштелер суға, тағы басқа нәрселерге мұқтаж емес. Ал Қадір түнімен Қыдыр ата екі басқа ұғымды білдіреді. Бұл екі ұғымды шатастырмауымыз керек.

Қыдыр ата мұсылман діні келмей тұрғандағы түсінік. Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша, 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды екен. Сондықтан осы түн – «Қыдыр түні». Ол әр үйге кіріп шығады деген түсінік бар. Сол себепті бұл күні есікті ашып қойып отырған. 

Ал Қадір түні – Алла Тағаланың қасиетті кітабы Құран Кәрімнің алғашқы аяттары түскен күн. Мұсылмандар бұл түнді ұйқысыз өткізіп, он сегіз мың ғаламды, барша адамзатты, бүкіл тіршілікті жаратушы жалғыз Алладан тілек тілеген.

Ендеше бүгін күнделікті күйбең тіршілік барысында жүрекке түскен кірбіңді жуып шайып, көңілге ұялаған көмескіліктен арылайық.  

Өз қателіктерімізді танып, кемшілігімізді жоюға күш салайық. Адамдармен достығымызды күшейтіп, бірлігіміз бен біртұтастығымызды арттырайық! 

Күллі адамзатты апаттардан сақта деп тілейік! Алла Тағала біздің жасаған игі-тілектерімізді қабыл етсін! 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.