{metadescription}
Эфирде шындықты айта аласыз ба?

Эфирде шындықты айта аласыз ба?

- Бар ақшам осы-ақ! Тағы да қарыз алатын болдым ғой!

- Сен қалай өмір сүрсең де, өзің біл! Бар ақшаңды туыстарыңа шашып жүре бер! Ал мен отбасым үшін жұмыс істеуден шаршадым!

Студияда пікірлер қақ жарылды! Жүргізушілер бұл жағдайға кімнің кінәлі екенін анықтамақ болды. Либерал жүргізуші өзін құрбандыққа шалатын адамдар жайында айтса, қалғандары екінші тарапты жазғырды.

Оларды  жауапсыз деп айыптап, таныстарының басынан өткен оқиғаны мысалға келтірді.

Бұл – «Ақиқатын айтайық» ток-шоуы!

Эфирде – күнделікті өмірдің сабақтары: бедеулік, қонақты жақтырмаған келін, ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал, бастығымен көңілдес болған әйел, қыздың қырық айласы, жасқа қарамайтын махаббат, қызқұмарлық, қызғаныш пен сенім, отбасын асырау кімнің міндеті?

«Ақиқатын айтайық» жобасына шақырылған жүргізушілердің бірі, әнші Шахизада продюсерден «Мен не деп айтуым қажет? Сценарийді көрсетіңізші» деген сұрағына «Шәке, сізге сценарийдің керегі не? Өміріңіздің өзі тарихтай, қиыншылықты да, жақсылықты да көрдіңіз, сол өміріңізден аласыз да, Шахизада боп жауап беріп отыра беріңіз» деген жауап алды.        

Шахизада Байпатшанова, әнші, «Ақиқатын айтайық» ток-шоуының жүргізушісі:

Жақында достарымның үйінде ауызашарда  отырғанда «Ақиқатын айтайық»  жобасы туралы  әңгіме қозғалды. Бір ер адам былай деді: «Бағдарламаны қарап отырғанда  бір сұрақ көкейімде тұрды, осы ыңғайсыз сұрақты кім қояр екен, төрт келіншектің қайсысы  жауап берер екен деп  күттім.  Тарс еткізіп сол сұрақты сіз қойып,  жауап бердіңіз! Соны естіп мен  ішегім қатқанша күлдім!»
Өз басым ақты – ақ, қараны – қара деп айтатын адаммын. Кейде осы мінезімнен сөз естимін, барды – бар, жоқты – жоқ деп өз ойымды жасырмай айтамын. Көрермендердің : «Туһ, осы төртеуінің ішінде сіз тіке, өз басыңыздан өткен оқиғаны қысылмай, жайып салып отырасыз. Бірақ сондай жағдай өміріңізде болмаса, ақиқатын айта алмайтын едіңіз» – деп көрермендер  ризашылығын білдіріп жатыр.  Менің ойымша,  өз пікіріңді ашық айтпасаң, ол - жасандылық .  Жобадағы  оқиғалар – әр адамның басында болып жатқан дүние.

Екінші түсірілімінен соң әлеуметтік желідегі парақшама жұрт «бәрібір ақиқатын айтпайсыздар» деп жазды. Жауабым былай болды: «сіздер осы бағдарламаны қараңыздар, пікірталасқа құлақ түріңіздер, сонда ғана ақиқатқа көз жеткізесіздер». Менің көңілім сол – ақиқатын айтайық дедік пе, ендеше ақиқатын айтайық!

«Жасырмаған ақиқаты қалмады» дейді Дина Төлепберген.  «Шахизада еш өмірін жасырып жатқан жоқ. «Ақиқатын айтайықта» ол өмір деректерімен бөлісіп айтып жатыр. Мысалы, көптеген жұлдыздар өзінің жеке өмірін құпия ұстайды. Оңды-солды жүріп жүрсе де, екінші рет күйеуге тиіп, тимей жатқаны бар. Ал Шәкең өмірде қателік жасаған болса, «мен енді осылай жасамаймын» деп кешірім сұрайды. Сол қателікті басқа қыздар қайталамасын деген ниет. Міне, жобаның ерекшелігі де осында!  

Дина Төлепберген, «Ақиқатын айтайық» ток-шоуының жүргізушісі, журналист:

«Ақиқатын айтайық» бағдарламасында айтылатын әңгімені сіз ешбір сайттан, журналдан, кітаптан оқи алмайсыз. Өйткені мұндағы дүниенің бәрі өмірден алынған, әрбірінің басынан өткен жеке тәжірибе. Біздің менталитетіміз сондай, қазақ қыздары, қыз-келіншектер басынан өткен  оқиғасын айтуға ұялады. Қиын жағдайға  тап болса, қысылып,  кімнен көмек сұрарын  білмейді.  Міне, бұл жоба соларға арналған.

Былай істеген дұрыс, былай істеген бұрыс деп айтудан аулақпыз. Өйткені әр адам өз тағдырына жауапты. Айтқымыз келгені, сол әр адам өзіне жауапты болуы керек. Бағдарламаның соңында әр жүргізуші өзінің түйген тұжырымын, ақылын, пікірін  жеткізеді. Ал кімдікін іліп кету – көрерменнің  шаруасы. Бір пайымын шығару – көрерменнің түйсігіне,  сезіміне, дәрежесіне байланысты. Көп көрермендер «Ақиқатын айтайық» ток-шоуында өзіне сырттай қарай алады. Әр оқиғаны қарап отырып, бәлкім, өмірде жіберген қателіктерін түсінер.   

Әр жүргізушінің өз ұстанымы бар, – дейді радиожурналист Аяна Ғабдуллина.

Аяна Ғабдуллина, радиожурналист, «Ақиқатын айтайық» ток-шоуының жүргізушісі:

Мысалы, бір-екеуі айтуы мүмкін «ойбай, ол - ұят, ол қазаққа тән емес, ділімізге жат».  Мен – реалистпін. Өмірде қалай болып жатыр, жасырмай айтамын. Ақ пен қараны ажырататын жасқа келдім. Қымсынбай өз пікірімді ашық айта аламын. Өзім радиода проблемасын айтып жатқан адаммен тікелей эфирде әлеуметтік мәселесінің шешімін табуға көмектесетіндіктен, бәріне айқын жауап беремін.  Халықпен жұмыс істеген өте қызық. Әркімнің мұңдасы бола алмайсың, дегенмен, барынша,  сөзбен болса да қолдауға тырысам.

Төрт жүргізушінің ішінде қазақи ділі мен діні басым актриса Гүлшат Тутованың айтуынша, театрда  істегендіктен, тәлім-тәрбиені   рөлдерінен  алады екен.  «Ер-азаматтың намысы тапталып жатқан жерде бір қатынның өлімі – садақа» деген сөздер маған қатты әсер берді. Неге мен бір еркек үшін өлуім керек? Кейін премьера болған кезде тура сол сөзді айтқанда, бүкіл зал барлық жерде шапалақ ұрады. Сөйтсем, ер адамды сыйлаған сайын, төбеңе көтерген сайын, өз абыройыңды көтереді екенсің. Оны мен бұрын байқамағам», – дейді Гүлшат.        

Гүлшат Тутова, актриса, "Ақиқатын айтайық"  ток-шоуының жүргізушісі:

Құрбыларым  жайсыз нәрселерге   ұрынып жүрді. Біреуін  күйеуі тастап кетті, енесімен ұрсысып қалады. Сондай кезде  жиналып алып сырласамыз. Жасып қалатын кездеріміз де болды, сол сәттері ой түйетінбіз.  Бір құрбымның көрмегені жоқ, кейінірек ол  12 жыл бойы психологиямен айналысып, Мәскеуден оқып келді. Кез келген тақырыпта маған ақыл-кеңес бере алады.  Соны мен «Ақиқатын айтайықта» қолдануға тырысамын.Осы жерде айтылған пікірімді біреу де болса құлағына іліп қалса деймін. Мен осы жерде отырып та үйренем!   

Айтпақшы, ток-шоуға келген қонақтардың бірі, журналист Жаннат Жүнісовтің пайымдауынша, бұл еліміздің еңсесін көтеруге ат салысатын, адамның ойына ой қосатын бағдарлама. 

Жүнісов Жаннат, журналист, "Ақиқатын айтайық" бағдарламасының қонағы:

«Ақиқатын айтайықта» көрсетілген оқиға түйсігі бар азаматқа үлкен сабақ болады деп ойлаймын. Көп жігіттер ой түзеп, бой түзеуі де мүмкін. Әр жүргізушінің айтқан тамаша ақылдарын миына, түйсігіне түюі мүмкін. «Алла,  бала бер, бала берсең сана бер, сана бермесең, шетінен ала бер» – бекер емес. Бүгін бағдарламаға қатысып отырып «Әттең, қазақтың жігіттері-ай, неге осылай істейсіңдер» деген ой көкейімде қалды. Ішімнен сан соғып отырдым. Амал жоқ, қыздардың алдында еркектердің намысын бергім келмеді, дегенмен жүргізуші қыздардың айтқанына мен қосыламын. Ал тақырып: «Қалталы әйелдерді  еркектердің пайдалануына бола ма?». Осы шығарылымды  эфирден көрген әр адам үшін бұл үлкен сабақ болатын сияқты. Осындай бағдарламалар көбейсе екен. 

Сонымен, "Ақиқатын айтайық" сізге нақты нұсқау бере алмайды. Бірақ, бағыт-бағдар  сілтеуге дайын. Себебі, күнделікті өмірдің өз сабағы бар. Әр сөздің өз салмағы болады, жауапкершілігі болады.

«Ақиқатын айтайық» – көтеріліп отырған мәселеге біржақты қарамай, мән-жайдың ақиқатын анықтап алып, көрерменге толыққанды жеткізеді.

Екі жақтың шындығын ақыл таразысына салып, байлам жасау оқырман еншісіндегі дүние.

Ендеше, әр сенбіде сағат 15:00-де КТК арнасынан «Ақиқатын айтайық» ток-шоуын қарауға асығыңыз! 

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.