{metadescription}
КТК: егер сайтта видео көрсетпей тұрса...

КТК: егер сайтта видео көрсетпей тұрса...

«Жүйкем таусылды, онлайн көрсетпейді!», «КТК, видеоларың ашылмайды!», «Тікелей эфир неге тоқтай береді?!»

Бұл сұрақтарға КТК телеарнасы желілік коммуникация саласының маманы Денис Гайда жауап береді.

Мәселенің себебін жылдам түсінуге және оны түзетуге мүмкіндік беретін НҰСҚАУЛЫҚ:

1. Браузерде видео көрсетілмесе:

Желімен байланыс жоқ → Интернетке кіру

Adobe Flash Player өшірілген → Adobe Flash Player қосыңыз

JavaScript өшірілген → JavaScript қосыңыз

сервермен проблема → күту және парақшаны жаңарту

 

2. Ұялы қосымшада видео көрсетілмесе:

Интернетпен байланыс жоқ → Интернетке кіру

сервермен проблемалар → күтіп, қайта іске қосыңыз немесе қосымшаны  жаңартыңыз

шетелдік оператормен проблема → ҚР-да тіркелген IP-адрес арқылы қосылу немесе қызмет көрсету операторына хабарласу

құрылғымен проблема →  гаджетті  диагностикадан өткізу

 

3. Видео өте баяу жүктеледі және тоқтап қалады:

трафик таусылған → жаңа  пакет сатып алыңыз немесе қосылымды  ауыстырыңыз;

трафик жылдамдығының төмендігі → операторға хабарласыңыз;

арна шамадан тыс жүктелді → күту, кейінірек оралыңыз.

«Ешқандай видео көрсетілмесе, 99% жағдайда  оған себеп - Adobe Flash Player. Браузер өндірушілер бұл технологиядан ақырындап қол үзе бастаған. Олар плагинді қалдырған, бірақ плагинді өз бетіңізбен қосуыңыз қажет».

«Сіз браузеріңізді жаңартқанда күйге келтірудегі  (настройка) аса қауіпсіздік іске кірісіп, ал ол өз кезегінде «флэштің» (Flash Player – ред.) қосылуына рұқсат бермейді. 

Оны қосу үшін біз Google-ден сұрап, бірден  Adobe (Flash Player шығаратын компания) компаниясының жауабын аламыз.  Сол жерден суреттерімен қоса Google Chrome, Opera, Mozilla Firefox  және тағы басқа браузерлерде қалай қосу туралы түсіндірме бар», - дейді Дения Гайда.

Екінші, неғұрлым қарапайым себеп - JavaScript өшірілген. Бұл жағдайда экранда «қарау үшін JavaScript қажет» деген сурет тұрады. Оны қалай қосу керектігі туралы нұсқаулықты да Google іздеу жүйесінен оңай табасыз.

Неге басқа сайттарда видео көрсетіліп тұр, ал КТК сайтында - жоқ?

«Біз Flash Player талап ететін белгілі бір технологияны пайдаланамыз, яғни файл арқылы емес, бейне таратудың арнайы протоколы арқылы жібереміз. Сондықтан  сіздің HTML5  видео басқа сайттарда жұмыс істей алуы мүмкін,  себебі олар файл ретінде жүктеледі, ал біз  техникалық жағынан бейнежазбаны басқа жолмен береміз.

КТК сайтын әзірлеп жатқанда  біз HTML5-ті  жасамадық, өйткені  сол уақытта оның  лек-легімен құйылатын видеоға арналған  бекітілген стандарты болмады - ол бір браузерде жұмыс істесе, келесіде істей алмады, ал Flash Player барлық жерде және кез келген жерде ойнап жатты. Біз 90 пайыз  орындалатын жұмысты жасадық», - деді  Денис Гайда.

Экранда «Сервер табылмады» жазуы пайда болса, не істеу керек?

«Басты назар аударатын нәрсе – нені қарап отырсыз?  Тікелей эфир ме, әлде сайтқа жүктелген видео ма? Өйткені онлайн трансляция әр жерден, біздің серверден, немесе Қазақтелекомнан беріліп жатыр. Ал КТК архивындағы видео тек КТК серверінен. Егер сіз сайтқа жүктелген видеоны қарай алмасаңыз, онда файл әлі құйылмаған немесе сервер шамадан тыс жұмыс істеп тұр, болмаса желі операторында уақытша проблема туындады.  Біраз күтіп, бетті қайта жүктеп алуыңыз керек. Егер тікелей эфир болса, шамадан тыс  жұмыс істеп тұруы мүмкін. Мысалы, Жаңа жылда біздің сайтқа кіру қиын. Мысалы, биыл бір мезетте 20 000  КТК сайтына қосылды», – деп түсіндірді  Денис Гайда.

 

Смартфон, планшет және басқа да гаджеттерде видео көрсетілмесе не істеу қажет?

«Бұнда Flash Player-дің еш кінәсі жоқ. Проблема сіздің құрылғыңызда немесе интернетте. КТК мобильді қосымшасының Flash Player-мен ешқандай проблемасы жоқ.

Android және iOS-лардың өздері HLS форматында бейнені ойната алады. Яғни,  сілтеме қойсаң жетіп жатыр, ал операциялық жүйе өз ойнағышын  қосады. Сондықтан смартфондар мен планшеттердегі  видео жұмыс істемесе, онда  ең алдымен, құрылғыға қатысты проблема бар немесе ҚР аумағынан тыс жерде», - деп түсіндірді Денис Гайда.

Осындай жағдайға КТК арнасы көрермендерінің бірі тап болды.  Әлеуметтік желідегі түсініктемесінде  ол сериалды  телефон, ұялы байланыс арқылы қарай алмайтынын айтып шағымданды.  Астана қаласында тұрамын деген көрерменнің  мобильді қосымшасы  оның Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратынын көрсетіп берді. 

«Оператор  - шетел операторы болған. Басқа елдің деректер базасында тіркелген IP-адрес. Біз бұл базаны жауып жатырмыз. Әрине, операторлар Қазақстандағы шетелдік IP-адрестерді өз бетінше қайта тіркеуі тиіс», - деді Денис Гайда.

Жаңалықтар, бағдарламалар, ток-шоулар және тағы басқа бағдарламаларға КТК телеарнасы географиялық құлып сала ма? Яғни бұл бағдарламаларды әлемнің кез келген жерінде көруге бола ма?

«Бізде өз контентіміздің қорғаушысы жоқ, бірақ пайдаланушыда қандай да бір шектеу қойылған болса ше?  Мүмкін, кеңседе отырған адамның,  ол істейтін компанияның саясаты  VKontakte, Facebook, Odnoklassnikam және басқа сайттарға кіруі үшін жабық болса ше? Бәлкім провайдермен проблема болса, бәлкім оператор бірдеңені блоктап тастаса, бәлкім пайдаланушы прокси арқылы кірсе және тағы басқалар. Көптеген тетік бар, бірақ ол   КТК сайтының жұмысына еш қатысы жоқ», - деді Денис Гайда.

Сұрақтарыңыз бар ма? Төменге жазыңыз!

 

* Провайдер - желіге қатынау қызметтерін ұсынатын ұйым.

** Прокси - прокси серверімен бірдей. Компьютерге қосылғанда, абоненттің интернетке кіруіне делдал болып табылатын қашықтағы компьютер. Прокси абоненттік бағдарламалардың барлық сұрауларын желіге жібереді және жауап алғаннан кейін оны абонентке жібереді.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗКТК арнасын тамашалаудың 22 себебі бар!

КТК арнасы әділетсіздіктен қажыған жандардың тауқыметін шешуді өз қолына алды!

Ерланби Дәулетияр: «Ішкі мазмұны келіспеген адам эфирде сүйкімді көріне алмайды»

Асыл Махметжаңалық жүргізгенде көз алдымда ауылымның адамдары тұрады

Серік Жанболатбіреудің жазып берген дүниесімен эфирге шығып көрмеппін

Кеше

22 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.