{metadescription}
КТК арнасы алаяқтарға алданбаудың амалын тапты

КТК арнасы алаяқтарға алданбаудың амалын тапты

«Өмірімнің астан-кестеңі шықты. Бір пәледен екінші пәлеге ұшыраймын. Неге екенін белгісіз, көшеде келе жатсам да, үйде отырсам да алаяқтардың құрбаны болам. Неліктен алданып қала берем? Ешкімге жамандық ойламайтын жанмын. Бірақ, ылғи да алданып, сан соғып қалам. Жиған-терген ақшамның бәрі өзгенің уысында кетті...».

«Неткен бишара жан еді, соншама аңқау болар ма? Ал менің көзім ашық сауаттымын. Алаяқтардың түрлі әдіс-айласын жақсы білем, оларды тани білем. Сондықтан өзгенің басынан өткен менде болмайды», – деп ойладыңыз. Шынында да солай ма? Жоқ!

Құқық қорғау органы өкілдерінің айтуынша, әккі алаяқтың арбауына сауатты, білімі жоғары адам да түсіп қалады екен. 

 КТК арнасына алаяқтың айласына арбалып ақшасынан, дүние-мүлкінен, денсаулығынан айырылып қалған жандар жиі хабарласады. Соңғы кездері елімізде алаяқтық сарындағы оқиғалар тым жиілеп барады. Осыны ескеріп, КТК арнасы биыл «Алданба» жобасын эфирге шығарды. Бағдарлама қойылым ретінде өте қызық әзірленеді. Онда  журналист актерлердің қатысуымен әр жерде тәжірибе жасайды. Қандай? Адамдарды алдап-арбап пайда табуды көздеген алаяқтың әрекеті іс жүзінде көрсетіледі. Шынайы өмірде. Алданған адамға артынан ақшасы қайтарылып, заңгерлік кеңес беріледі. Және психолог, күш құрылымы өкілінің оқиғаға қатысты пікірі айтылады.    

«Алданба» жобасының көрерменге тигізер пайдасы:

1. Бағдарламада алаяқтықтың небір қитұрқы түрі көрсетіледі. Алаяқтар қолданатын түрлі схема ашық көрсетіледі. Алданып, сан соғып қалмауды алдын ала ескересіз. Барлығы шынайы өмірде болып жатқан оқиғалар.  
2. Алаяқтардың әр түрлі психологиялық айла-тәсілімен танысасыз. Өйткені алаяқ сіздің жанды жеріңізді бірден байқап, соған негіздеп әрекет етеді.   
3. Қандай жағдайда қалай амал жасау керектігін білетін боласыз. «Алданбаның» арқасында алаяқтың айласын айнытпай танитын боласыз.
4. Психологтардың тұжырымы сізге ой салары анық. Психологиялық тәсілді білесіз. 
5. Халықтың заңгерлік сауатын ашу. Құқық қорғау органы өкілінің кеңесі кәдеңізге жарап қалуы әбден мүмкін.
6. Бағдарламаны көріп жадында сақтаған көрермен өзінің жақындарын, туған-туыстарын  да ескертіп, келеңсіз оқиғаның  алдын алады.     

Жалпы, алаяқтардың арбауына түсіп қалмаудың жолы бар ма?

Еркебұлан Әлімжанов, «Алданба» бағдарламасының редакторы:

- Экономикалық  дағдарыс  пасық адамдарды адамгершілікке жатпайтын қылыққа – оңай жолмен ақша табуға итермелейді. Жас баладан зейнеткерге дейін алданып қалып жатыр. Жобаның мақсаты – адамдарды арашалау, алданбаудың алдын алу. Біздің актерлер  алаяқты сомдап, құрықтарына алданған адамды түсірген кезде «бұл журналистік тәжірибе, бұл – алдау арбау, ендігәрі бұлай сеніп қалмаңыз» деп  ақшасын қайтарып береді. Бір қызығы, көбісі сенбейді. Қойылым барысында біздің «алаяққа» алданып қалған адамның бірінші реакциясы – бетін ұстап тұра қашады. Әр адам өзін алданбаймын, біреу алданар, тек мен емес деп ойлайды. «Алданба» бағдарламасы  ненің не екенін ажырата білсін деген мақсатта жасалған.  Алаяқтықтың  белгілері – жабысқақтық. Тез арада баю,  тез арада ақша табу, тез арада сұлу болу, тез арада денсаулығын нығайту – бәрі осыған алданады. Немесе қорқыту, үркіту «мынаны  сатып алмасаң үйіңде қайғылы қасірет болады, жол апатына ұшырайсың, жақыныңнан айырыласың  және т.б. Тақырыптары кең. Шынымен де алданып жатқан, шынымен де алдап жатқан оқиғалар.

Естеріңізде болсын, алаяқтар әр адамның  оңай пайда табу,  көздегеніне тез қол жеткізу сияқты әдетін ескереді. “Тез шешім қабылда, әйтпесе үлгермейсің” деп асықтырады, ойлануға уақыт қалдырмайды. Жылдам шешім қабылдау қажет болғандықтан зардап шегуші оның ұсынысын қабылдауға мәжбүр. Жапа шеккен адамдар әдетте: “Не болғанын түсінбей қалдым”, “Гипноз жасады ғой деймін”, “Ол сондай сенімді сөйлегендіктен нанып қалдым”  дегенді жиі айтады. Алайда  адамдар алданбаймын деп тұрса да ондай жылпостардың айтқанын қалай істеп, жетегінде кеткенін білмей сезбей де қалады. 

Алданып қалған адам алданғанын білсе де, арланып,  құқық қорғау органдарына өтініш бермейді. Тіпті арыз жазсам да  одан ештеме шықпайды деп ойлайды. Және оны дәлелдеу өте қиын. Алаяқтық адамның психологиясын, әрекетін жақсы білуге  құрылған.

Альбина Шыңғалиева, «Алданба» жобасының контент-продюсері:

- Бұнда адамгершілік ұғымы жоқ. Әр алаяқ  алдын ала жоспар арқылы  әрекетін іске асырады. Оның тәсілдері мүлде қарапайым болуы да мүмкін. Кейде олар топ болып әрекет етіп, өз құрбандарын алдын ала жоспарға сәйкес үгіттеп, алдайды. Олар адамның бір нәрсеге қызыға қарау, әуестік тәрізді психологиялық ерекшелігін ескеріп, соны пайдаланып кетеді.

Алаяқтар әртістік  қабілеті бар, өтірікті шындай  соғатын  айлакер адам. Мұнтаздай киінеді, асықпай сөйлеп, әзіл-қалжың айтады, адамның көзіне тура қарап, сенім тудыруға барын салады. Немесе  жұпыны киініп, жанашырлық, аяушылық тудырады.   

Еркебұлан Әлімжанов, «Алданба» бағдарламасының редакторы:

- Әр адам ақшаға алданады. Алаяқтардың құрбаны болған адам алданғаны жайлы айтуға құштар емес. «Алданба» бағдарламасын түсіру барысында кез келген адамды алдап, ақшасын қағып алуға болатынына көзіміз жетті. Бұл шынайы өмірде болып жатқан оқиғалар.  Бір экспериментте жалған емшінің арбауына түсіп қалған адамның оған сенгені соншалық,  тіпті  алаяқ екеніне күмән келтірген жоқ. Сөйтіп тапқан-таянғанын өз еркімен бере салды.

Алаяқ қарапайым жұртты әрдайым алдауға дайын. Ал біз ше? Оларға сенуге дайын тұратын ақымақ қылығымыз үшін ақшадан ғана емес, денсаулығымыздан айырылып, кейде тіпті жанпида етуге неге асығамыз?

Алаяқтық – ұрлық жасаудың бір түрі дейді құқық қорғаушылары. Алдау-арбау, сенімге кіру арқылы кейбір қылмыскерлер бөтен адамның мүлкін, ақшасын алып пайдаланып кетеді. Осындай “бойы бұлғаң, сөзі-жылмаң” адамдардан сақ болыңыз.

Дәурен Ыбырайымов, Алматы қаласы ІІД бөлімі басшысының орынбасары:

- Қандай да болсын жәбірленуші бізге арыз-шағыммен келген жағдайда іс тергеледі және тергеу амалдары жүргізіледі. Егер жәбірленушінің шағымы дәлелденсе, кінәлі адамға айып тағылып, ол әрі қарай сотқа жіберіледі.Ол бөтеннің мүлкін жымқыру, алдап, сеніміне кіру немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін иелену. Сол іс-әрекеттерді видеокамераға, фотоға түсірсе, ол жиналған дәлелдемелерге байланысты. Егер алданып қалдық деген жағдай болса, іс жүргіземіз.

КТК арнасынан әр сенбіде 20:15-те көрсетілетін «Алданба» бағдарламасы сізге не ұсынады?

- Көшеде жасалатын алаяқтық қылмыстың айырмашылығы;

- Алаяқ  сіздің сеніміңізге қалай кіреді?

- Қарапайым  жан аз уақыт ішінде қалтасындағы ақшасын ойланбай бейтаныс адамның қолына неге ұстата салады?

- Алаяқтың қақпанына бірден қалай түседі?

- Алаяқтың шырмауына түскен  жәбірленуші неге арыз бермейді?

- Алаяқ сізді басынған жағдайда не істеу қажет?  

Көшенің арамза ойындары қай қалада болса да, өз жалғасын табуда. Кім де болса, бұндай ойынның құрбаны болып қалуы әбден мүмкін. Алаяқтардың арбауына түскендердің қасіретті оқиғасын былайғы жұрт қаперіне алмайтыны өкінішті-ақ. Айлакердің арбауына түсіп жиған-тергенінен айырылатын адамдар әлі де көп.

Сондықтан әр сенбіде КТК арнасынан сағат 20:15-те  «Алданба» бағдарламасын қарауға асығыңыз. «Алданба» сізге қажет. «Алданба» – білуіміз керек, айтуымыз  керек  деген ниетпен жасалған жоба.

 

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ: КТК арнасын тамашалаудың 22 себебі бар!

КТК арнасы әділетсіздіктен қажыған жандардың тауқыметін шешуді өз қолына алды!

Ерланби Дәулетияр: «Ішкі мазмұны келіспеген адам эфирде сүйкімді көріне алмайды»

Асыл Махмет: жаңалық жүргізгенде көз алдымда ауылымның адамдары тұрады

Серік Жанболат: біреудің жазып берген дүниесімен эфирге шығып көрмеппін

Кеше

22 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде