{metadescription}
Әлеуметтік желідегі сөздері үшін сотталғандар

Әлеуметтік желідегі сөздері үшін сотталғандар

Биыл еліміздің 20 азаматы әлеуметтік желідегі сөздері үшін сотталды. Олардың:

16-сы бас бостандығынан айырылды;

1-еуі Қазақстанның унитарлығы мен тұтастығын бұзуға шақырғаны үшін 5 жылға түрмеге жабылды;

15 азамат терроризмді насихаттап, теракт жасауға шақырғаны үшін 2 жылдан 9 жылға дейін абақтыға қамалды;

2-уі - әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру бойынша бас бостандығы шектелді;

1 азамат билік өкілін балағаттағаны үшін 227 мың теңге айыппұл төледі.

Естеріңізге сала кетсек, жаңа Қылмыстық кодекске сәйкес:

1. Қауесет таратқан адам қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. «Жалған мәлімет тарату» бапта ең ауыр жаза ретінде 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

БАҚ немесе әлеуметтік желі арқылы өсек таратқан адамға 5 000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу, осындай көлемде түзету жұмыстарына жіберілу, бас бостандығынан 2 - 5 жылға дейін шектелуі немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

2. Жаңа технологияны пайдалана отырып лаңкестік және экстремизм көрінісін, радикал идеологияны таратуға жауапкершілік қатаңдай түсті.

3. Енді шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысқан адам қылмыстық жазаға тартылады. 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Биыл Үкімет тарапынан да әлеуметтік желідегі жалған ақпарат туралы бірнеше рет мәселе көтерілді. Олар:

- Жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл тағайындалғандығы туралы жалған хабарламалар;

- WhatsApp топтарында Жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұлдың салынуына қатысты хабарламалдардың әртүрлі фейк-скриншоттары;

- Оқулықтарға қатысты фейк суреттер жариялағандарға қылмыстық іс қозғалды;

- Оқулықтағы интимдік сурет деп жалған ақпарат таратқандар;  

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желі туралы:

1. Жалған ақпараттың жарға жығуы мүмкін. Тексерілмеген ақпаратты жариялау немесе адамға тіл тигізу  бүгінгі қоғамдағы үлкен проблема.

Бұл адамдардың деңгейін білдіреді. Мәселен АҚШ виза беру үшін адамдардың Фейсбукте, әлеуметтік желіде не жазғанын тексереді. Соған сараптама жасай келе виза бермеуі де мүмкін.

2. Журналистер әр адамның жеке мәліметтерін қолдану үшін одан рұқсат алуға міндеттеледі.

3. Мынадай түсініктер енгізілді: ресми хабарламалар, ақпараттың шынайылығын тексеру, мемлекеттік органның ресми өкілі.

4. Балалардың зорлық-зомбылығы бейнеленген суреттерді жариялауға тыйым салынды.

5. Қазақстанда Интернетті жеткізуге байланыс операторлары жауапты.

ЗЕРТТЕУ:

Әлеуметтік желіде адам өзін басқалармен салыстырып, өз-өзінен бас тарту сезімі пайда болады екен. Жақында британдық  ғалымдар әлеуметтік желілердің адамға қалай әсер ететіні туралы зерттеп, танымал 5 әлеуметтік желіге (YouTube, Twitter, Facebook, Snapchat, Instagram) талдау жасады. Нәтижесінде, YouTube - адамның менталды денсаулығына ешқандай зиян келтірмейтін платформа деп анықталса, ал Instagram-ның ашу туғызып, күйзеліске түсіретін кемсіту алаңына айналып бара жатқаны анықталды.

Әлеуметтік желілердің жауапкершілігі туралы материалдар жалғасын таба бермек.

Әлеуметтік желінің кейбір пайдаланушылары адамның жеке басының ар-намысына тигенде қандай әрекет жасау керектігі және жалпы әлеуметтік желіде бұқаралық мәдениетті қалыптастыру  туралы келесі жолы жазамыз. Осы мәселе жайында пікіріңіз болса, бөлісіңіз, бірге талқылайық. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.