{metadescription}
Ауырғанда не істемеу керек?

Ауырғанда не істемеу керек?

Ауа райы суыта бастағанда айналаңда  мұрны бырқырап, пысқырып-түшкірген адамды  көргенде қандай ой келеді? «Сақтасын, жұғып кетпесін, ауырып қалсам ем-домға дүниенің ақшасы кетеді». Рас па? Ендеше бүгіннен бастап маусымдық аурудың алдын алайық және сырқаттанған кезде қандай іс-шара жасамау керектігін біле жүрейік. Төменде көрсетілген ескерту-кестесін басып шығарып, көрнекті жерге іліп қойыңыз.

Медицина ғылымдарының кандидаты, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің қалыпты анатомия кафедрасының доценті Нұргүлім Сағидолла қызы Ахмадтың айтуынша, емделуді бастамас бұрын қыс маусымындағы аурулардың ажырата білу керек. 

 Ескерту! Жедел жәрдем шақыр:

1. Дене қызуың 38 градустан жоғары болса, санаң тұманданып, талып қалып жатсаң, ұзақ уақыт қалтырап, ауа жетпесе, денеңде бөртпе пайда болса – міндетті түрде дәрігердің көмегі қажет.

2. Өз бетіңмен  дәрі-дәрмек, әсіресе аспирин мен антибиотикті орынсыз қабылдама!  Дене қызуын аспириннен көрі парацетомолмен түсірген дұрыс. Бұл бала ауырғанда өте маңызды, себебі  аспирин - Рейе синдромына (ми мен бауырды құртатын ауыр дерт)  әкеп соқтырады.

3.  Есіңде болсын, антибиотикпен тек бактериялық инфекциялы асқынған ЖРВИ-ны  (ОРВИ) емдейді. Антибактериялық терапия вирустармен күресте қолданылмайды. Сондықтан оны суық тигенде қолданбайды. Антибиотиктер вирусқа дәрменсіз болғанымен, адамның ішек микрофлорасын бұзады.

4. Бір-бірімен үйлеспейтін дәріні қатар қабылдама! Мысалы, жөтелге қарсы және қақырық шығаратын дәрілер.  Жөтелге қарсы дәрі бронхыда жиналған қақырықты шығармай тежеп, ауруды одан әрі асқындыруы мүмкін.

5. Дене қызуы кезінде спиртпен және спиртте тұндырылған дәрілік шөптермен  науқас адамды сылауға болмайды. Жоғары температурада мұндай сылау тамырды тарылтып тастайды. Ал кішкентай бала мұндайда комаға түсіп кетуі мүмкін. 

6. Өзін сәл жақсы сезінген науқас  жазылдым деген оймен, емдеу курсын тоқтатып тастайды. Суық тигенде толық ем алу қажет! Әйтпесе ауру қайталанады. Сондықтан ем-дом курсын толық алып болған соң,  ағзаң толық қалпына келмейінше, үйде бірнеше күн демалған жөн.

7. Дұрыс емделмей, ем-домды созып алсаң, ауру асқынып, минусит, отит, трахеит, тонзиллит, өкпенің қабынуына әкеп соғады. Менингит және неврит болуы да мүмкін.

  Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік. Дені сау адамның көңілі орнықты, ойындағысын орындайды. Денсаулықтан артық байлық жоқ, ағайын! 

 

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ: Қыс қаһарына мінгенде көмірді қайдан табамыз?

Ерсайын Ерқожа: «Өзінің ата-тегін дұрыс жаза алмайтын мектеп директорлары бар»

Әр күннің несібесі бұйырсын десеңіз...

Сыбайлас жемқорлық туралы сіз білуге тиіс мәлімет

"Көріпкел" көр нәрсеге көзімді ашты

Киіз үй туралы көп адам біле бермейтін дүние

Әлеуметтік желідегі сөздері үшін сотталғандар

КТК арнасы алаяқтарға алданбаудың амалын тапты

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде