{metadescription}
Зейнетақы-2018: Жаңа жылда бізді не күтіп тұр?

Зейнетақы-2018: Жаңа жылда бізді не күтіп тұр?

Әйелдер үшін зейнетке шығу жасының ұлғаюы не әкеледі? Зейнетақы беру кестесінің өзгеруі қазақстандықтардың құқығына шек қоя ма? Зейнетақының дұрыс бөлініп жатқанын қайдан тексеруге болады? Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ізашарларын қандай қиындық күтіп тұр? Осы және басқа сұрақтарға қаржы талдаушысы Бота Жұманова жауап берді.

Қазақстанда жаңа жылдан бастап құрметті демалыстың «құрметіне» ие болу үшін тағы жарты жыл жұмыс істеуге тура келеді. Зейнетке шығу деңгейі әйелдер мен еркектердің зейнет жасы 63 жасқа теңелмейінше, 2027-ші жылға дейін біртіндеп ұзара бермек.

Әйелдердің зейнет жасының кезең-кезеңмен өсуі былай болады:

Туған жылы

2017 жылға толық жасы

Зейнетке шығатын жылы

Қанша күтеді?

1964

53 жаста

2027 жылы 63 жаста

10 жыл

1963

54 жаста

2024-2025 ж. 61,5 – 62 жаста

7,5 – 8 жыл

1962

55 жаста

2022-2023 ж. 60,5 – 61 жаста

5,5 – 6 жыл

1961

56 жаста

 2020-2021 ж.  59,5 – 60 жаста

3,5 – 4 жыл

1960

57 жаста

2019 жылы 59 жаста

1,5 – 2 жыл

1959

58 жаста

2018 жылы 58,5 жаста

6 айға дейін

 1958 дейін

59 жаста

Зейнетте

 

Аталмыш реформаның сауаттылығы мен қажеттілігін кезінде бұрынғы еңбек және әлеуметтәік қорғау министрі Серік Әбденов түсіндіруге талпынған. Содан бері ешнәрсе өзгерген жоқ. Азаматтардың басым көпшілігі жұмыссыз қаламыз деп қорықса, енді бірі зейнетақы жасына дейін өмір сүре алам ба деп уайымдайды. КТК тілшісі қаржы кеңесшісі Бота Жұмановадан осы сұрақтардың жауабын білуге тырысты. 

– 2018 жылдан бастап әйелдер үшін зейнеткерлік жасты біртіндеп ұлғайту басталады. Бұл реформа зейнетке шыққан әйелдің еңбегінің жемісін көруге себін тигізе ме? Зейнетақы лайықты өмір сүруді қамтамасыз ете ала ма? 

– Түсінікті болу үшін ажыратып қарайық: ай сайын жоғары жалақыдан бөлінетін, төмен жалақыдан бөлінетін 10 пайыздың арасы жер мен көктей. Жалақысы төмен қызметкерлер үшін бүкіл өмірінің жалақысының 10 пайызы зейнетке шыққаннан кейінгі өміріне жеткіліксіз. Неліктен?

Өйткені, білім беру және денсаулық сақтау, яғни бюджет секторында жұмыс істеп жүргендердің жалақысы экономика бойынша орташа көрсеткіштен 2 есе төмен.

Мәселен, айына 50 мың теңге алып жүрген мұғалім қосымша 5 жыл жұмыс істеп, қосымша тағы 300 мың теңге жинап алады. Зейнетке шыққан әйелді 300 мың теңге құтқарып қалады деген, әрине, тым оптимистік көзқарас. Әсіресе бағаның шарықтауын ескерсек.

Енді БЖЗҚ салымшыларына заңнамалық тұрғыда инвестициялық кіріс пен инфляцияның арасындағы айырмашылық төленеді. Бірақ мұнайдың түсімі құлдырап, ол бюджет кірісіне әсер етті.

БЖЗҚ-дағы инвестициялық кірістің орнын толтыруғы бюджет қаражаты жеткіліксіз екеніне сенімдімін.

Өкініштісі, жұмыс істеп жүрген әйелдің жалақысы төмен болса, жақсылыққа сенудің қажеті шамалы. Маңыздысы, соны қазірден түсініп, жинаққа қосымша инвестиция салу керек.

– Қазіргі зейнеткерлердің зейнетақы төлемдері жаңа жылдан бастап өсетіні белгілі. Оны қалай есептеп шығаруға болады, қазір олар қанша алады?

– Дәл есептеу үшін ЗТМО-тан (Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық) егжей-тегжейлі білген дұрыс. Әрине, бұл өсім зейнеткерлердің төлем қабілеттілігінің деңгейін едәуір арттырады деп күтпеймін, бұл жай ғана инфляцияны индекстеу және баға өсімінің деңгейі.

– 2018 жылдан бастап тағы бір жаңалық: жинақ ақшаны тек ай сайын шығару мүмкіндігі. Бұл қолайсыздық тудыра ма, әлде керісінше, зейнеткерлерге өз төлемдерін тиімдірек пайдалануға мүмкіндік бере ме?

– Бұл енгізілген өзгеріс БЗЖҚ салымшыларының мүлкіне деген меншік құқығының бұзылуы деп есептеймін.

Ақша – мүлік, ал мүлік құқығы – меншік құқығы. Егер бұл менің ақшам болса, мен зейнеткерлікке шыққаннан кейін салымшы ретінде өзімнің мүлік құқығымды қолдана отырып, оны пайдалануға және иелік етуге құқығым бар.

Демек, олардың жинақтарын алуға шектеулер енгізу – Қазақстанда меншік құқығының шектелгені деп санаймын, басқа ештеңе емес!

– 2040 жылы жинақтау жүйесінің тұңғыш жол салушылары зейнетке шығады. Сіздің ойыңызша оларды қандай қиындық күтіп тұр? Қазірден бастап қимылдасақ қиындықтың алдын ала аламыз ба?

– Ең басты бір проблема болады: зейнетақы шоттағы қаражат қартайған шағыңды толық қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Бұған мемлекет кінәлі болады. Өйткені ол қазір инвестициялық шешімдер бойынша салымшыларға ешбір таңдау құқығын ұсынбай отыр. Зейнетақы жинағы бойынша Ұлттық банк қабылдайтын инвестициялық шешімдерді саналы деп айту қиын. Салымшылардың мүддесін сай емес. Ұлттық банк салымшылар мүддесіне емес, бюджет пен банктер пайдасына шешім қабылдап отыр деп айта аламын.   

Жер сипап қалмау үшін БЖЗҚ салымшылары БЗЖҚ және Ұлттық банкке қатысты талап ететіндей нақты ұстанымда болуы керек. Олардан ашық түрде есеп  беруді талап ету керек. Мемлекеттік органдарға сауал жасап, БАҚ-на жазуы қажет. Сөйтіп салымшылар зейнетақысын өз ақшам деген түсінікті қалыптастырып, талап етуі тиіс. Маған сеніңіз, біздің елде өзіңіз өз ақшаңызды қорғамасаңыз, ешкім де сіздің меншік құқығыңызды қорғамайды.  

– Сіздің ойыңызша, зейнеткерлерге ақша төлеуде проблема болмауы үшін зейнетақы жүйесін жаңғырту қандай болуы керек?

– Жаңғырту оп-оңай. Тіпті бәлендей бас қатыруды қажет етпейді.  

Қазақстанға небәрі кез келген ірі халықаралық инвестициялық компанияны таңдауға және оған зейнетақы жинақтарын аударуға мүмкіндік беру керек. Бізге тек жаһандық нарыққа шығу жетпей отыр. Жаһандық нарық пен  жаһандық ойыншылардың болмауы – әдейі жасалған. Ол қызды құлыптаулы үйден шығармай отырғанмен тең. Қыз ештеме көрмейді, білмейді, ауылындағы сөз салып жүрген айналдырған бес жігіттен басқа ешбір жігіт жоқ деп ойлайды.

Үлкен зейнетақы жинағы бар салымшы ретінде айтарым, менің активтерімді  бір бөлігі банктермен қосылған жергілікті инвестициялық компания емес – ірі шетелдік инвестициялық компаниялар басқарғанын қалаймын.

Бота Жұманова – қаржы кеңесшісі, Enpi.kz тақырыптық зейнетақы тұғырнамасының негізін қалаушы.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде