Жаңа жылдық дастарқан мәзірі және тамақ ішкенде қандай қателікке жол бермеудің қыр-сырын гастроэнтеролог Татьяна Педас айтып берді.
Жаңажылдық кеңес: Семіздікті Ит жылы да көтере алмайды

Жаңажылдық кеңес: Семіздікті Ит жылы да көтере алмайды

Жаңа жылда дастарқанымыз мол болсын. Дегенмен жайнаған дастарқанды жапырып, таңнан кешке дейін ауыз құрғатпай ішіп-жеудің де салдары бар екенін есте ұстайық. Жаңа жылдық дастарқан мәзірі және тамақ ішкенде қандай қателікке жол бермеудің қыр-сырын гастроэнтеролог Татьяна Педас айтып берді.

Дұрыс тамақтану туралы кең тарап кеткен қате ұғымдар

1. «Режиммен тамақтану» – қате пікір.

«Негізінде, адам тамақ ішкісі келгенде, яғни аштықты сезінгенде ғана тамақтанғаны дұрыс. Тамақтанатын уақыт болды деп немесе қоғамда қалыптасып қалған тамақ ішу уақытымен санаспаған жөн. Қазір ДСҰ тамақ ішу уақытының жалғыз уақытын белгіледі, ол – қарның ашқан кез. Қарның ашты ма – тамақтан, ашпаса – өзіңді зорлама» – дейді дәрігер.

2. «Ыстық сорпа пайдалы» – қате пікір.

«Кез келген тағам ыстық емес, дене температурасымен тең болуы тиіс және тамақты  аспай-саспай, жәймен шайнап жеу керек.  Ежелгі Шығыс елдерінде ұзақ өмір сүру үшін қатты (шайнап жейтін) тамақты ішіп, сұйық тамақты жеу керек деген екен. Бұл дана сөз өзектілігін жойған жоқ. Тағам ұсақталып шайналып, түкірікпен араласып асқазанға түссе, жақсы қорытылады. Бұл атам заманнан қалған тамақтану әдісі деп ұғыңыз.

Сорпа, көже  ішкенде шайнау қызметінің күші жойылады. Сорпаны тек диета ретінде, яғни иммунитет төмендегенде немесе ас қорыту жүйесі әлсіздегенде ішкен жөн. Ал күн сайын  сұйық тағам ішудің пайдасы жоқ», – дейді гастроэнтеролог.

3. «Тамақтан кейін сұйықтық ішу» – қате пікір.

«Қазір диетологтар тамақ пен сұйықтық – бөлек болуы тиіс деп отыр. Тамақты бір бөлек, шай, кофе т.б. бөек ішу керек. Бұл ас қорыту мен зат алмасудың ең тиімді тәсілі», – дейді сарапшы.

Қазір елімізде ересектердің 55 пайызының артық салмағы бар немесе ұялмай айтсақ, семіздер тіркелген. Ал балалардың 25 пайызының салмағы шамадан тыс артық.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 17-ден 100 жасқа дейінгі әйелдердің салмақ көрсеткіші  оның бойының ұзындығын үшке бөлгенде шыққан санмен тең болуы тиіс. Артық салмақ май болып денеге жиналып, оның температуралық режимін сақтап тұру үшін ағзамыз шамадан тыс жұмыс істейді. Яғни, денедегі артық май – қосымша шығын. Артық салмақ ағзаға зиян», – дейді гастроэнтеролог.

Бірақ, адам тек мамақты көп ішкендіктен семіз болмайды. Семіздік – тегіне тартушылықтан, тұқым қуалаған аурудан, гормоналдық және энергетикалық үйлесімсіздіктен де болады.

«Ағзада энергияны қолдайтын заң жұмыс істейді. Ештеңке ешқайдан келмейді, ештеңке ешқайда кетпейді, энергияның бір түрі екіншісіне ауысып отырады. Егер демалыс, мереке, стресс кезде қомағайланып тамақ ішсек, ағзаның шығынына қажетті теңгерім бұзылады. Тап осы үйлесімсіздік артық салмақ жинауға түрткі болады», – деп түсіндірді Татьяна Педас.

«45 жастан бастап алмасу процесінің қарқыны 2-3 пайызға кемиді. Жас ұлғайғанда, әдеттегідей тамақтансақ, онда жыл сайын 2-3 келі қосып отырамыз. Сондықтан жасың ұлғайған сайын тамақ ішу схемасын өзгерт. Сондай-ақ зат алмасу процесіне тұқым қуалаушылық та әсер етеді. Ол пешенемізге жазылған. Және эмоционалды, интеллектуалды және көп қозғалу (іс-қмыл) да маңызды», – деп атап өтті сарапшы.

Дүкендерде сатылып жатқан сақтау мерзімі ұзақ азық-түліктер де зат алмасу процесін баяулатады.

«Фаст-фуд, тәтті аздалған сусындар – ас қорытуды жылдамдатып, тағамды асқазаннан әдеттегіден тез шығарады. Яғни, егер тамақтанған соң тәтті газдалған сусын ішсек, ферменттелген жүйенің тездетілу феноменін аламыз. Нәтижесінде тағам ас қорыту жүйесінің үстіңгі бөлімінен жылдам шығып, екі сағаттан соң тағы да тамақ ішкіміз келеді», – дейді дәрігер.

Жаңажылдық дастарқан

Көкеніс пен жеміс-жидекке көбірек көңіл бөл. Майлы, калориясы көп (майонез, ет, ірімшіктер) тағамды аз жеуге тырыс. Ыстық тамақты бумен немесе тұмшапеште дайындаған абзал.  

Есіңде болсын, кеш, түн мезгілінде адамның ас қорыту жүйесі мен зат алмасу қызметі бәсеңдейді.  

Маңызды: Жаңа жылды қарсы алу кешінде барынша жайдары, көңілді бол. Жақындарыңнан жақсы тілекті аяма. Өзің ғана емес, өзгенің де көңіл күйі көтеріңкі болсын.    

Ит жылында ел-жұртымызды қорғап, аялап өткізейік! Денсаулық мықты, Жаңа жыл құтты болсын, ағайын!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: КЕТТІК ТОЙҒА: КТК АРНАСЫНЫҢ ТОСЫН СЫЙЫ ЖҰҒЫСТЫ БОЛСЫН!

АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК: ӨМІРІҢ ӨКІНІШПЕН ӨТПЕСІН

ҚҰДАЙ МАҢДАЙЫНАН СҮЙГЕН АКТЕР – ҚҰМАН ТАСТАНБЕКОВ 

МҰЗАФАР ӘЛІМБАЕВ: «ЕҢ ЖАҚСЫ ӨЛЕҢІМДІ МЕН ӘЛІ ЖАЗҒАН ЖОҚПЫН»

ЕГЕМЕНДІК: ҚАЗАҚЫ ҚАҒИДАСЫН ҚАЛТ ЕТПЕГЕН КЕЙІПКЕРЛЕР

ЗЕЙНЕТАҚЫ-2018: ЖАҢА ЖЫЛДА БІЗДІ НЕ КҮТІП ТҰР?

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ӨЗГЕ ҰЛТТЫҢ СҮЙСІНІСІН ТУДЫРА БІЛГЕН ҚАЗАҚ ӘНШІСІ

 

Кеше9

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...