{metadescription}
Қазақстанды шарлап шығудың 7 себебін біле жүр

Қазақстанды шарлап шығудың 7 себебін біле жүр

Мереке, демалыс күндері ерінбей жиналып, бұрын аяқ баспаған, өзіңе таңсық жерлерге барғанға не жетсін! Адам ағзасы үшін демалыс кез келген маусымда пайдалы дейді. Ол үшін шетелге барудың қажеті жоқ. Белгілі актер Әнуар Нұрпейісов Қазақстанда саяхат жасаудың жеті себебін атады.

«Әнуар Нұрпейісов былтыр жаздан бастап Қазақстандағы саяхат туралы травел-бағдарлама түсіріп, бейнеблогингімен  белсенді айналысуда.  Осы уақыт ішінде ол командасымен Шымкент, Ақтау, Алматы, Өскемен және Павлодар қалаларына барып үлгеріпті.  

Жобаның идеясы – Қазақстанның түкпір-түкпірін шарлап, туған жеріңе саяхаттаудың, кем дегенде 7 себебін табу.

Белгілі бір қалаға барардан бұрын Әнуар жергілікті тұрғындардан сол өлкенің көрікті, қызықты жерлерін сұрастырады. Әнуар Нұрпейісов келешекте еліміздің барлық қалалары туралы бағдарлама дайындамақшы.

Отанының керемет табиғаты жайлы роликтерін блогер өзінің YouTube-арнасына салып отырады. Оның айтуынша, сыни пікірлер көбірек болсын деп видеоны телевизия талабына сай жасап қиналмайды. Құлшынып кіріскен жобасына жан кіре бастағанда Әнуар Қазақстанда саяхаттаудың 7 абстрактылы себебені тапты:

1. Ойлағаныңнан асып түседі.

Қазақстан табиғаты сен күткендей емес, сенің күткеніңнен асып түседі! Ұлттық саябақты аралап жүріп, тау мен тасты, шөлейт даланы көрген адам «Қалайша бұл жерге бұрын келмегем» деп ойлайды. Ол рас.  

«Менің алғашқы таңданысымды тудырған – Шығыс Қазақстан облысындағы Катон-Қарағай ұлттық саябағы. Алтай өлкесі туралы естіген боларсыз, кереметтігін сөзбен айтып жеткізу қиын. Алтай балы, Рахманов көлі, Белуха тауы... Өз көзіммен көргендіктен must visit*  деп айта алам, – дейді саяхатшы.

2. Виза жасап әуреленбейсің.

Шарын шатқалына, Түрген сарқырамасына, Көлсайға, Алтай тауларына, Аққұм қалқанына, Себін, Балқаш, көлдеріне, Каспий теңізіне барам десең,  саған ешкім «қой» деп айтпайды. Арнайы құжат рәсімдеудің қажеті жоқ. Тек жалғаулығың мен тартыншақтығың кері тартпаса болғаны.

3. Тіл білмеймін деп қиналмайсың.

Өз Отаныңда саяхат жасағанда итальянша, французша, тіпті ағылшынша тіл білмеймін деп миыңды қатырмайсың. Кез келген жерде өз тіліңде сайрай бер, сені бәрі түсінеді. 

4.  Ақша үнемдейсің.

Виза мен ұшаққа ақшаң шашылмайды.  

5. Әлеуметтік желіде ешкімнің қытығына тимейсің.

Қазақстанда саяхат жасаған адамның әлеуметтік желідегі жазбасы мен фотосуреттері оқырманды қызықтыратыны сөзсіз. Өйткені ол екінің бірінің қолы жете бермейтін шетелдегі саяхат емес - өз туған елің. Өз өлкең. Өз жерлестерің. Әрине, ол пікір жазушылардың қызығушылығын тудыратыны сөзсіз.   

6. Ішкі туризмді дамытып, тарихтан хабардар боласың.

Әр өлкедегі тарихи жерлер мен ескерткіштер адамның тарихты білуіне түрткі болады. Сонымен бірге өлкелік туризмді дамытуға үлес қосасың.

7. Төленбеген айыппұлға қарамай саяхаттай беруге болады.

Бұл жетінші, бірақ әлі жалғасы бар себептердің бірі. Қазір бірқатар қазақстандықтар айыппұл және т.б. себептермен шетелге шыға алмай отыр. Ендеше өз өлкеңде саяхат құр!

must visit* – келуге тиіс.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде