{metadescription}
Министрге төрт сұрақ

Министрге төрт сұрақ

Дәрігерлер қателігі, дәрі-дәрмек, жекешелендіру, медициналық сақтандыру.

Соңғы кезде елімізде сары ауруға байланысты ахуал ушығып кетті. Шығыс Қазақстандағы сары ауру ошағына қатысты шу басылып үлгергенше, Қарағанды облысында айқай шықты. Ақпан айының басынан бастап 43 адам сары аурумен ауруханаға түскен. Жұқпалы аурудың таралуын тек бір себепке байлау мүмкін болмай отыр. Таралу ошағы бір жерде емес. Сондықтан науқастармен қатынаста болған адамдарға егу жүргізіліп жатыр. Бірақ барлық жерде бірдей оның вакцинасы жоқ. Қажет болмағандықтан көп мөлшерде алынбаған. Жалпы, емханаларды жыл басында қажет дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі жыр болғалы талай жыл. Мемлекеттік тапсырыс жүйесімен жұмыс істегелі бері осы бір түйткілді ешқандай министр шеше алмай келеді. Қазіргі денсаулық сақтау министрі шеше алар ма екен?

«Аптап» бағдарламасының жүргізуші Серік Жанболат бүгін елдің көкейіндегі күйіп тұрған мәселелерге байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан жауап алуға тырысты.

Айта кетсек, Елжан Амантайұлы сұхбат алдында БАҚ-мен қарым-қатынасы жақсы екенін, қазіргі күнде баспасөзге көп уақыт бөлетінін және жасап жатқан іс-шаралар халыққа толық жетуі үшін түсіндіру қажеттігін айтты.

- Сіздің дәрігерлерді қателігі үшін жазаламау керек деп Парламентте айтқан сөзіңізге қоғам шу ете қалды. Солай айтқыңыз келді ме?

- Иә, кейбір жағдайда, дәрігерлер қателескенде жауапкершілікке тартқан дұрыс емес. Түрлі жағдайлар, себептер болады. Ажал аузында жатқан азаматқа көмек көрсетілмесе, науқасқа дұрыс емес ем бергенде, стандартқа сәйкес емес ем бергенде онда дәрігерді және басқа да медициналық мамандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет, оған еш күмәніміз жоқ. Қылмыстық жауапкершілікке тартуды біз екіге бөлуіміз керек. Оның себебі неден болды, мүмкіндік болған жоқ па? Немесе оны біле тұра жасамаған жағдайда, әрине жауапкершілікке тарту керек. Бірақ түрлі жағдайына байланысты әр науқастың өзіндік ерекшелігі болады. Сондай қате жіберсе, біз сол дәрігерді қылмыстық жауапкершілікке тартпай, оны зерттеп, оқытып, шешуіміз керек.

- Қоғамды ойландыратын тағы бір мәселе – дәрі-дәрмек. Жыл сайын қаңтар-ақпан айларында  дәрі-дәрмек жетпейді деген шу басталады. Бұл бірінші рет емес, сізге дейін де айтылып келеді, қазір де айтылып жатыр. Бұл мәселені қалай шешуге болады? 

- Ол мәселе дәрі-дәрмекті дұрыс жоспарламаудан туындайды. Дәрі-дәрмектер  сатып алу уақытына, науқастар  санына қарай жоспарланып бөлінеді. Жыл бойы науқас саны өзгеріп отырады.  Бүгін бір дәрі болса, ертең басқа дәрі-дәрмек керек. Осыған қатысты жоспарлауда қиындықтар туындайды. Ал ең негізгі мәселе – бүкіл жоспарды біз қағазға жазамыз. Жыл сайын министрлікке бума-бума қағаз жібереді, елімізде бір жарым мыңнан астам мекеме бар, содан 1200 дәрі-дәрмектің тізімі келеді. Соның салдарынан алдын ала жоспарлауда бірқатар қиындықтар туады. Осыны шешу  үшін біз бүкіл денсаулық сақтау саласындағы барлық қағаздарды цифрлық деңгейге өткізуіміз керек, яғни ақпараттандыру қажет. Қазір біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Төрт облыста қағазсыз емханаға көшірілу жүргізілуде.  Дәрігер жазған бүкіл ем кейде бухгалтерияға барады да, тікелей бізге түседі, яғни қанша дәрі-дәрмек керек, біз оны көріп отырамыз.

- Қазір халықты елеңдетіп отырған дүниенің бірі – жекешелендіру. Медицина саласы бойынша ғылыми-зерттеу институттарының бірқатары, кейбір үлкен дәрігерлік-емдік орталықтар жекешелендіру тізіміне қосылып кетті дейді. Рас па?

- Рас. Жекешелендіру тізіміне республикалық және жергілікті деңгейде кейбір ауруханалар және емханаларды кіргізді. Тек республикалық, қалалық деңгейде. Ауылдық деңгейдегі мекемелер ол тізімге кірмейді. Себебі, ауылда бір ғана мекеме, ол мемлекеттік болуы тиіс. Ал қалада бірқатар аурухана тозып кеткен, оған ақша салу керек. Еліміздегі ауруханаларды дұрыс жағдайға жеткізу үшін 1 триллионнан астам теңге керек екенін есептеп шықтық. Ал ондай қаржы бюджетте қарастырылмаған.  Ары қарай да даму керек. Күніге өздеріңіз интернеттен, теледидардан көріп отырсыздар, қазіргі мемлекеттік ауруханалардың ахуалы қандай? Өте нашар. Сондықтан жеке инвестиция тартуымыз керек. Оның бір жолы – ауруханаларды жекешелендіру. Бірақ сол салада ары қарай жұмыс істеуге өткізуді, медициналық қызметті міндетті түрде бақылап отырамыз.

- Медициналық сақтандыруды дүрілдеп тұрып бастаған  сияқты едік. Енді неге кібіртіктеп барамыз?

- Онымен келіспеймін. Бастадық, жұмысты ары қарай жалғастырып жатырмыз. Жұмыс берушілер өзінің төлемін төлеп жатыр.

Осылайша ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қоғамда айтылып жүрген біраз әңгімелердің бұлтын сейілтіп, пікірін айтты. 

Елдегі қоғам райын білгіңіз келсе, КТК арнасынан әр жексенбіде сағат 20:00-де "Аптап" сараптамалық бағдарламасын қараңыз. 

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: ҚАЗАҚ ЖЕМІС-ЖИДЕК ЖЕГЕН БЕ?

 ДАУ-ДАМАЙСЫЗ: ЖАРТЫ ЖЫЛДА НЕ ТЫНДЫРДЫҚ?

ГЕРОЛЬД БЕЛЬГЕР: ҚАЛАМЫМДЫ ТАСТАҒАН КҮНІ ҚҰДЕКЕҢ МЕНІ АЛЫП КЕТЕДІ

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС: ТАБЫСТЫ БОЛҒЫҢ КЕЛСЕ, 7 НӘРСЕДЕН ҚАШЫҚ БОЛ

КЕСАР ТІЛІГІНІҢ КЕЛЕШЕККЕ КЕСІРІ ТИІП ЖАТҚАН ЖОҚ ПА?

ЕРБОЛ СЕЙІЛХАН: «ТІЛШІ РЕТІНДЕ НЬЮ-ЙОРК САПАРЫНАН КӨП НӘРСЕНІ ТҮЙДІМ»

ЮЛДУЗ УСМАНОВА: «ҚАЗАҚСТАНДА ӨЗІМДІ ҚАЗАҚ СЕЗІНЕМІН»

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде