{metadescription}
Шығыс жұлдыз-жорамалы: ит жылы қандай болады

Шығыс жұлдыз-жорамалы: ит жылы қандай болады

Қиыр Шығыстың астролог және парапсихологтар академиясы дайындаған 2018 жылға арналған Шығыс жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.

ИТ

Шығыс күнтізбесін қарайтын мезгіл келді! Әтеш орнын Итке береді. Ит жылы - қай жағынан шығарын білмей жүргендердің жылы. Көп уақыт шешім қабылдай алмай басы қатып жүргендер биыл тоқетерін шығарады.
Болашағына алаңдап, салмақты ой тұжырымдайтын жыл. Сонымен қатар биыл біртіндеп толерантты, егжей-тегжейлі және икемді бола бастаймыз. Әркім өзіне және жақындарына алаңдап, жауапкершілігі басым болады. Бірақ, өзгені өз жетегіңде әкету, көндіру, ықпалыңды жүргізу қиынға соқпақ. Биылғы Ағаш Сары Иттің жұмсақ жігері күшіне енеді. Биыл Ит жылында түнде дүниеге келген кішкентай балалардың жұлдызы оңынан туатын жыл.

ТЫШҚАН
Қайнап жатқан оқиғаларда өз жөнін білетін болады. Өткен тәжірибесіне арқа сүйейтін уақыт жетті. Келешекте жасаймын деген дүниеден бас тартпай құлшыныс танытсаң, жолың болады. Алабұртқан сезім жоспарыңды бұзып жіберуі мүмкін. Көбісінің назары өзінен әлдеқайда жасы үлкен адамға ауады. Өткенде орындалмай қалған арманың босағаңа келгенде жолды бөгеген тосқауылдардан бас тартуың әбден мүмкін. Ол тосқауыл достарың, жақындарың, тіпті өзің жақында ғана көздеген мүддең болуы ықтимал. Бұл жылы сені алдағысы келетіндер көп, ал Бақытың алдамшы түсінікпен қауіпті. Жылжымайтын мүлікті қайта рәсімдеу күтіп тұр. 

СИЫР 
Айналасында болып жатқан оқиғалар бұрынғыдай қатты әсер етпейтін болады. Шешім қабылдайтын жағдайларда және іс-әрекеттерге көшу кезде қатты алаңдайсың. Көп нәрседен көңілің қалады. Болашаққа сенім азаяды. Сабырлық сақтау мен төзімділік шегіне жетеді. Жабырқаңқы көңіл күй жиірек болады. Руxыңды жігерлендіруге ұмтылғаныңмен, күйзелістен шығу оңай болмайды. Ең ұтымдысы - үйің, бала-шағаң, отбасың, жұмысың. Тек осы ғана күйзелістен құтқарады. Тұрып жатқан ортаны жақсартуға біраз күш жұмсайсың, ол ақталады. Тап осы жерде қуаныш пен бақытқа кенелесің. Үйдегі жасы кіші отбасы мүшелері жақсы жаңалық әкеледі. Тәжірибесі аз әріптесіңе көмектесу күтіп тұр. Біліміңді жетілдіру, тәжірибе және ақпарат алмасу бұл жылы басым. Шетелден қонақтар күтесіз. Кертартпалық та басым бұл жылы. Сондықтан сізді баурап әкету, таңғалдыру қиын болмақ. Тас қамалдай берік боласың. Жүрегіңді маxаббат жаулайды, бірақ оны ешкім байқамайды....

БАРЫС
Өзінің таптырмас жан екеніне қатты сенеді. Таңдауда шешімге толы және еркіндік басымырақ болмақ. Биылғыдай ішкі еркіндік бұрын ешқашан болған емес. Бұл тағдырдың берген сыйын іс-әрекетпен орындауға тырысасың. Мінезің мен әрекетіңде алаңдаушылық мен әбігершілік, қарбалас көп болады. Бірақ қасыңда жеке өмірінде де, қызметте де жолы болғыш серіктестер бар. Барыстардың биыл жұлдызы оңынан туады. Материалдық жағынан баюға арналған жыл бұл. Ұзаққа жоспары бар шетелге сапар күтілуде. Биыл болашағыңа жол салатын жобалар, жоспар мен тағдырлы шешім қабылдайтын жыл.

ҚОЯН

Өзіне, тек өзіне ғана сенуі керек ! Сондықтан әрдайым көңілі алабұртып, қауіптен арыла алмайтын күй кешеді. Жақындарының көмегі көп болса да, тек өзінің қарекеті ғана нәтиже береді. Бұл жылы саясаткер, дін қызметкерлері, мұғалімдер үшін оңтайлы жыл. Саяси мәлімдеме жасауға батыл боласыз. Шығармашылық потенциал биыл мол, соны кәдеге асыруға тырыс. Ал материалдық жағдай тек өз ынтаңызбен жүзеге асатын болады. Екіжүзді адамдардан аулақ болыңыз. Олар сіздің ақылыңыз бен санаңыздың жемісін өз кәдесіне жаратып кетуі мүмкін. Алыс сапарға сапарға шығып, тіпті көшіп кетуіңіз мүмкін. Бір нәрсені басты назарда ұстаңыз, сізге биыл өз еліңіз бен жеріңіздің даңқын шығару мүмкіндігі күтіп тұр...
 

ҰЛУ 
Өзінің кәсіпкерлік шеберлігімен кез келген адамды сүйсіндіріп, таң қалдырады. Осы жылда мемқызметкерлердің жұлдызы оңынан туады. Сіздің мәнсабыңыз жоғарылайды. Жұмысыңыз жоғарылайды. Көзқарасыңыз бен қағидаңыз айналаңызға әсер етеді. Сізге еліктейтін болады! Бірақ, өз жетістіңізді ешкімге айтпай, жасырын сақтауға тырысыңыз. Әсіресе жаңа таныстарыңызбен абай болыңыз. Сіз биыл үлкен жиындарға қатысасыз. Сонда танысқан жаңа адамдаарды өз мүддеңіздің пайдасына асыруға ұмтылыңыз. Биыл алыс жаққа сапар шегесіз. Ал жеке өміріңіздегі күдікті таныстар бүткіл жарқын көріністерді бұзып жіберуі мүмкін. 

ЖЫЛАН

Жұмысқа деген көзқараста көп нәрсені өзгертуге тура келеді. Қатты толқыныстар жоқ. Қызметтегі жағдайды өзгертуге мүмкіндік іздейсіз. Өзгенің өмірі күшті сияқты болып көрінеді. Сондықтан біраз нәрсені жақсартуға талпынасыз. Материалдық, қаржылық пайда табуға мүмкіндіктер бар.Биыл көп адамдармен танысасыз. Ортақ мүддесі бар қоғамдастықтарға кіру күтіп тұр. Жеке өмірде таңдау жасауға тура келеді. Бірақ сенімділік аз. Биыл шешім қабылдау қиынға соғады. Соған қарамастан қайнаған оқиғалардың арасында жүретін боласыз. Ештемені өзгертпей, сол қалпында қалдырғыңыз келеді. Бәрін өзгертемін деп даурыққаныңызбен, белгісіздік аздап қорқытады. Бастама көтеруге жүрегіңіз дауаламайды.Махаббат жаныңыздан қанатымен сәл жанап өте шығады.

ЖЫЛҚЫ

Өзгенің бастамасы мен идеяларын үлкен күдікпен қабылдайды. Іскерлік бағыттағы жобалар мен істерге қатысты пікіріңіз болғанымен, оны тек сыртынан бақылайтын боласыз. Сабырлыынтымақтастық, қарапайым оқиғалар күтіп тұр. Көбісі биыл серіктестік және туыстық қарым-қатынасты дамытады. Ал кейбіреулері биыл ұзақ жылғы достығын үзетін болады. Не болса да биыл жаңа жағдайда жаңа рөлде боласыз. Ол аздап мазаңызды кетіреді. Ал қаржылық жағы ойдағыдай болмақ. Биыл тұрмыстық ахуал өте маңызды. Бұнда үлкен өзгерістер күтілмек.  Сыйлықтар аласыз, қарыз қайтарылады.Үлкен мұраға ие болып қалуыңыз да ықтимал.Ұзақ жол жүресіз.Ұзақ уақыт көрмеген адаммен кездесесіз. Отбасында біраз өзгерістер күтілуде. Және өз мәртебеңізді сақтап қалу үшін біраз тер төгуге тура келеді.

ҚОЙ

Биыл көңілі алай-дүлей болады. Биыл ұзақ күткен жылулық пен берекеге ие боласыз. Дегенмен қалыптасқан жалпы жағдайдан күйзеліске ұшырауыңыз мүмкін.  Өзіңізді жалғыз қалдым деп сезінуіңіз мүмкін. Пікірлес адам іздейсіз. Тұрақтылық әкеле алмаған адамдармен қош айтысасыз.Сол себепті жапанда қалғандай сезінесіз. Жұлдыздар сізге жұмысқа белсене араласуға кеңес береді. Бизнес пен іскерлік саласында сәттіліктер күтіп тұр. Көп нәрсе ынтымақтастыққа тәуелді болмақ. Жақындарыңыздың арасында ерекше оқиғалар мен өзгерістер бар.Ол сізді қуантатын болады.

МАЙМЫЛ

Қызмет пен бастамаға қатысты істерді өзгеге тапсыратын боласыз. Шешініп судан тайынбағандар ғана ахуалын жақсартады. Қызметте қаржы жағы көп ойландыратын болады. Біреуге сыйлық жасаудан, қайырымдылық шаралардан аулақ боласыз. Сәл-пәл қаржылық қиындықтар күтілуде. Жақын туыстарға қатысты біраз шығындар болады. Қандай қиындық болса да бәрін қалжыңмен қабылдайсыз. Кез келген сұраққа, қиын жағдайға жауап дайын тұрады. Бәлендей алаңдататын ештеме жоқ. Жастар отбасын құрып, ал ересектер жалпылама себептермен әлеуметтік мәртебесін өзгертеді. Атақ, марапат, сыйлықтар күтілуде. Бұрын ғашық болған адам сізді таңқалдырады.

ӘТЕШ

Биыл өзгерістер мен жаңалық қабылдауға дайынсыз. Айналаңыздағы адамдарға сенімсіздік танытуыңыз мүмкін. Сырт көзден таса болуға асығасыз. Сыртынан бақылағаныңыз жөн көп нәрсені. Қызметіңізде еш нәрсені өзгертуге асықпайсыз. Егер бүкіл қаражатты бақылауда ұстасаңыз, болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік бар. Биыл алыс сапарға шығуға ұсыныстар көп болады. Дегенмен үйден шығуға асықпайсыз. Жоспарлаған біраз нәрсені сатып аласыз. Үйді жаңартуға, айналаңыздағы дүниені жақсартуға қабілетіңіз оянады. Биыл тағдырыңызға өзгеріс әкелетін адаммен кездесу күтілуде. Жеке өміріңізде дұрыс қадам жасалады. Көп қонақ күтесіз.

ДОҢЫЗ

Бұрынғыдай ұрандату ұмытылады. Жеке басыңыздың пайдасын ойлайсыз. Бұл бірінші орында болады. Ешкімнің кеңесіне, ақылына құлақ аспай, тек өзіңіз ғана шешім шығарып, ол жүзеге асатын болады. Көптеген адам сізге таңдана, қызыға, қызғана қарайтын болады. Әр күнді еңбекпен өткізесіз. Тынбай еңбектенуге тура келеді. Көптен күткен сый-марапатқа ие боласыз. Туыстар саны көбейеді. Қонақтар да көп келеді үйіңізге.Жеке өміріңізде де белсенділік байқалады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ӘЗ НАУРЫЗ: ЖҮРЕК ЖАЛҒАЙТЫН ҚАЗАҚТЫҢ ЕЖЕЛГІ 7 ТАҒАМЫ

ҮЙІҢІЗДЕ ЕТ БОЛСЫН, ЕТ БОЛҒАНДА КӨП БОЛСЫН

8 НАУРЫЗ: ИНСТАДАҒЫ СЕГІЗ ҚЫРЛЫ 8 КЕЛІНШЕК
ХАЛҚЫҢ ЖАСАҒАН МӘДЕНИ МҰРАДАН ҚҰРАЛАҚАН ҚАЛМАЙЫН ДЕСЕҢ...

ЖҮЗ КӨГЕРШІННІҢ ІШІНЕН ӨЗІ КЕПТЕРІМДІ ЖАЗБАЙ ТАНИМЫН...

ҚАЗАҚ ЖЕМІС-ЖИДЕК ЖЕГЕН БЕ?

Үйіңізде ет болсын, ет болғанда көп болсын

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде