{metadescription}
Күлкі – өлмейтін елдің өшпейтін күші

Күлкі – өлмейтін елдің өшпейтін күші

Расында да күлкінің құдіреті қашанда күшті. Бұлыңғыр бағзы заманнан дейміз бе, есті жоқ ескі заманнан дейміз бе, әйтеуір Алдар атамыз бен Қожанасыр көкеміз өмір сүрген кезеңнен келе жатқан қағытпа қалжың мен әжуа әзіл біздің жанымызға жат емес.

Әдемі әзіл, қазақы қалжың біздегі қоңыр тірліктің бір бөлігі ме, әлде өмірдің өзі ме?

Сатира саласында жойқын қызмет еткен қырғи тілді қаламгерлер де баршылық.  Көпті күлдіретін, көп күлдірген Көпен Әмірбек ағамыз күлкінің сырына қаншалықты үңілді?

«Әзіл – өмірдің өзі. Әр адамның бармағындағы басқан таңбасы миллирд адам болса, миллиард таңба болады дейді ғой. Сол секілді күлкінің де неше түрі бар. Лев Толстой күлкінің 97 түрін ашқан. Дана Абай атамыз да төртінші қара сөзінде күлкісіз өмірдің мән-мағынасы бар ма, жоқ па деп мойыған екен».

Сүреңсіздеу, сұр түсі басымдау өмірді көңілді ететін...

«Пайғамбарымыз  Сахабасынан  неден қорқатынын сұрапты. «Мен таң намазын оқып тұрып, ақшам намазына жетем бе, жетпейм бе деп қорқамын. Алдағыны Алла біледі, дәл бүгінгі істеген тірлік - ертеңгі күнгі бақытқа апаратын баспалдақ», - деген екен. Не істесең де бүгін істе, сәттілік бүгін басталады».

Ауыр мұңды жетелететін..

«Мұңның да түрі көп. Сенің мұңыңды кім арқалайды? Атан түйе де шыдамайды. Абайдың «Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма» деген өлеңіне былай айтушы ем: ол кісі мыңмен емес, мұңмен жалғыз алысты».

Күлгенді сұра, сыр бар...

«Мольер кімнің күлкісі басым болса, соның мысы да басым деген. Күлудің неше түрлі сыры, неше түрлі қыры бар. Күшті адам күлкіні қару ете алады».

Күлгенді сұра, сыры бар, жылағанды сұра, мұңы бар...

«Кешегі Махамбет Өтемісұлылар «Мен, мен, мен едім» дейтін өлеңі -  ашынды. Сол аузына жыр боп төгілді.  Кешегі қаймағы бұзылмаған қазақтың дәстүрін сағынамыз. Шын күлкіде де қазақтың сағынышы жатыр. Соны ашып ала алмай келе жатырмыз».

«Сатираның салмағы сахналы сатираға көшіп кетті.  Бізде кеше ғана «Тамаша» ойын-сауық отауы болса, қазір соның саны 20-ға жуықтады. Келсін, келмесін, келтесінен қайырып немесе жұртты қайтсем күлдірем деп анайылыққа, тұрпайылыққа немесе жеңіл-желпі нәрсені тілге тиек етіп, соны көрініске айналдыруда. Бір қарын майды шіріткен құмалақ көбейіп кетті ме деп ойлаймын».

«Егер сен бау-бақшаңды күтпесең, құрт-құмысқа, арам шөп қаптап кетпей ме? Біз азаматтық биіктіктен қарамағаннан кейін қай көрген дүниең болмасын арам шөп басады. Жақсы дүние келсе, соның асылы қайсы, жасығы қайсы?  Електен өткізіп керегін бір жаққа, кебегін бір жаққа лақтырып отырмаса, елегі де, кебегі де аралас илей берген соң қазақ сатирасы орынсыз ыржаң, болымсыз қылжаңға айналады».   

«Сатираны өлтіру мүмкін емес. Халық бар жерде қалжың болады.  Аш-жалаңаш болсын, жазғанын тастаған жоқ ешкім. Сатиралық дүниені классикалық дүние дейді. Сатира салмақсызданып кетті, салмағы жоқ деп сынай бергеннен гөрі, классикалық дүние қайда деп шығу керек. Өйткені оны бүкіл дүниежүзі оқу керек. Адамзаттың проблемасын айта алатындай жазса, ол – классика».  «Сатира театрлары көбейе берсін. Әзіл деген де әдемі әйел сияқты. Керектісі, кереметі, сүйіктісі бар, әркім қалағанын таңдап алады».

«Әзіл әдемі болу үшін жазушыға табиғи таланты, ата-анасынан сүтпен сіңіп келген қасиеті болуы керек. Сосын өзінің ары қарай орнығуы, халық тәрбиелеу үшін соның бойындағы асыл қазынаны аршып алуы керек».

«Әзілдің жүрмейтін жері жоқ. «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» деген қазақ емеспіз бе? Бірақ әзілді қалай жүргізу керек? Әзіл адамды қорламау керек, ренжітпеу керек.  Әзіл өлмейді. Әзілді орынды айта алмаған адам бірінші өледі, сосын барып әзіл өледі».  

«Бір рет бар ынтасымен күлген адамның бет-аузының он бес бұлшық еті қимылдайды екен.  Бұны ғалымдар дәлелдеген. Түрім түр емес, бірақ мен ішімнен  анау-мынаудың сөзіне, іс-әрекетіне ішім тола күлкі, ал бетім  - түрпі».

«Бір адамды жақсы көрсем, соған құл боп кетем. Бір адамды жек көрсем, сол күйі бұрылып кетіп, қайтып бармаймын. Кешірімшіл де, кешірімсіз де емеспін - елемеймін. Кешірмей тас-түйін болып жүрмеймін».

Біз бен сізді осы күнге жеткізген де осы қазақтың қағытпа қалжыңы шығар. Жүзімізден қуаныш кетпесін, езімізден күлкі кетпесін демекпіз. Әзіл-сықақ, пародия кітабы арқылы оқырмандарға кеңінен танымал, әйгілі "Тамаша" ойын-сауық отауының белсенді авторы  Көпен Әмірбектің жүрекжарды сұқбатын сайттан қараңыз.

ФОТО: "Azia Animation"

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: КТК АРНАСЫ ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІН МҰРАТ ЕТКЕН КИНО ТҮСІРДІ

ОЙ САЛАТЫН САЛМАҚТЫ ФИЛЬМ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

ҚЫЗЫЛ ДЕҢГЕЙ: «ЭКСТРЕМИСТ» АКТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

ШЫҒЫС ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛЫ: ИТ ЖЫЛЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ

ӘЗ НАУРЫЗ: ЖҮРЕК ЖАЛҒАЙТЫН ҚАЗАҚТЫҢ ЕЖЕЛГІ 7 ТАҒАМЫ

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.