{metadescription}
Баланы томаға-тұйық, сылбыр болып қалудан қазақ қалай сақтаған?

Баланы томаға-тұйық, сылбыр болып қалудан қазақ қалай сақтаған?

Қазақ баланы тұйық, сылбыр болып қалудан қалай сақтаған? Бала ең алғашқы тіршілігін қалай бастайды? Баланың тұсауын кескенде аяғына не себепті ала жіп байлайды? Ашамайға қалай мінгізеді? Тоқымын қағу деген не?

Балаларды қорғау күніне орай, қазақ халқының бала тәрбиесіне қатысты салт-дәстүрін, кәде, жөн-жоралғыларымен таныс болыңыз.   

Тұсау кесу

Бала бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң қаз-қаз басып қара табан бола бастайды. Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап бет алады. Сонда қазақ баласының келешегіне ақ жол тілеп тұсау кесер деген кәдені істейді. Бұрындары бұған да мал сойылып, жұрт жиылған (көбінесе әйел).  

"Баланың анасы ала-құла шуда жіптің екі-үш қарысын дайындап, оны ауылдағы ең бір желаяқ, пысық әйелге беріп: «Ал, балаңның тұсауын өзің кес!» дейді. Ол жіпті алдымен баланың екі аяғына байлап, оны жұрттың көзінше кеседі. Бала анадайдағы өз анасына қарай тәлтіректей жөнеледі. Тұсау кескен кісіге бір киім кигізген, не мал берген", - деп түсіндірген кезінде қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосқан жазушы Ахмет Жүнісов. 

Міне, осыдан бастап бала өзінің өсір жолын бастайды. Ал әке-шешесі бала тәрбиесінің алғашқы қадамына кіріседі.

Тұсау кескенде баланың аяғына не себепті ала жіп байланады?

Ахмет Жүнісов, жазушы:

- Мұның мәні мынада: қазақ баласын сөзді ептеп ұға алатын, айтқанды істейтін кезінен – осы тұсауы кесілгеннен бастап ұрлыққа, зорлыққа, жырындылыққа барма деп баулиды. Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдіргі алмадегенді әу бастан-ақ құлағына сіңісті етеді. Аяқтағы жіптің ала болуы да , оның кесілуі де жоғарыдағыларды орында, айтқанды істе, иондайдың жолын кес, біреудің бір құлаш бас жібіне жолама , тіпті бұзауға мойыншақ, көгенге бұошақ болатынын алма дегені. Сөйтіп баланың келешегіне жол ашып, ақ жол тілейді.

Сосын алдағы ашамай тойы, тоқым қағуға барғанда ұл әкесінің, қыз шешенің баулуына бөлініп, тәрбиенің түрі өзгереді.

Ашамайға мінгізу.

Ұл бала есі кіріп, 4-5 жасқа келгенде  қурай мен шыбықты ат қып мініп айнала шаба бастағанда өзі құралпы қыздардан бөліне бастайды. Есіл-дерті түзге, малға ауысады. Ал қыздар көбелек қуып, қуыршақ жасап, жүк жиып, сұлу көрініске үйір болып, үйден көп ұзамауға тырысады.

"Тағдырын малға сүйейтін қазаққа осы малды бағу үшін ең алдымен  бала керек. Бала болғанда – ұл. Қазақ үшін баланың көптігі жақсы. Өрісім кеңіді дейді. Той-томалақты көп жасайды. Олардың тез ер жетуіне асығады. Ашамайға мінгізу – осы асығыстың алды" деген жазушы Ахмет Жүнісов. 

Ашамай – ағаштан жасалған ердің қарапайым түрі.  Кеңдігі баланың ауы сиярдай. Сүйеніші бар, үзеңгісі жоқ, үстінде жұмсақ көпшігі болады. Оны жуас атқа ерттеп, баланы мінгізеді. Ауып қалмасын деп екі аяғын байлайды. Тізгінді балаға ұстатып, біреу атты алдымен арқан бойы жерге, сосын ұзақтау жерге жетелейді. Сөйте-сөйте баланың өзі жүреді. Бір-екі күннен соң аяқты байламайды. Бір аптада атқа жақындап, ашамайды тастап, ер-тоқымға мінеді. Үзеңгіге аяғы жетпесе, таралғыға салады. Сөйтіп алғашқы ашамайға мінгізу тойын жасайды. Той ата-ананың шама-шарқына қарай болады. Барлары ірі қара сояды, орташалары қой сояды. Жоқтары жәй ет асады. Тақыр лағын сойып көрші-қолаңына ырым жасайды.

Осы ашамайға мінгізуден бастап ат құлағында ойнау, асаудан құламау, боранның өтіне шығу, сауыт киіп, садақ ұстап жаумен шайқасу – ашамайға мінуден кейінгілер.

Ашамайға баланы мінгізіп көрші-қолаң, жақын-жуық жиналғанда көсем сөздер көп айтылады. Ынжықтарға ұқсамасын деп балаға бата береді. Ашамайға мінгізудің бір жағы баланы баулу болса, екіншісі – бата алу.

Тоқым қағу

Ашамайға мінген соң әлгі құлын да ат болып шыға келеді.  Бала осы атпен алыстау сапарға шыққанда әке-шешесі баласына тоқым қағарын өткізеді. Бұл ақ ниетпен, адал көңілмен атқарылатын міндет: ұл өсірген қазақ бұдан аттап өткен емес. Мұнда шылбыр мен тізгінге баланың өзі ие болады. Бұл – дербестіктің алды. Баласына ертоқым, айыл-тұрман, шідер, жүген, кісен, арқан, атдорба секілді жабдықтар береді. Бұл баланы еңбекке бет алғызудың, қазақша оқытудың алды. 

Осыған қатысты қазақ әдебиетінің өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосқан белгілі жазушы Ахмет Жүнісов былай деген:

- Қазақта бұрын мектеп те, медресе де болмады. Қазақ надан болды. Мұның көзін ашқан – октябрь» деушілерге  дау айтуға болады. Қазақ тоқым қағудан кейін балаларын мектепке бермесе де, еңбекке, адамгершілікке баулыды, оқытты.

Бастаңғы

Шешесі қонаққа кеткенде қызы құрбы-құрдастарын жинап жасайтын отырыс. Шешесі бұған рұқсат етіп асуға ет не мал беріп кетеді. Жиналған жастар ән салып, домбыра шертіп, әзіл-күлкі айтады.

Ахмет Жүнісов, жазушы:

- Бұның екі пайдалы жағы бар: бірішісі, баласының елмен араласуына, сыйласуына, танысуына жол ашу. Қонақ күте білуге баулу. Баланы томаға-тұйық, сылбыр болып қалудан сақтау. Біреуді құрметтеп, біреуге өзін құрметтете білуге үйрету. Ал екінші жағынан қызды қазан ұстауға, асты пісіруге тәрбиелеу. Өйткені ол ертең-ақ бауырына қазан, басын үй тіккелі  үй тігеді. Сондықтан бастаңғы дәстүрін қазақ қыздары бойжете бастағанда бастайды. Бірақ бастаңғы бақылау астында болады. «Шешесі қыдырмашы болса, қызы бастаншыл боладыға» барғызбау үшінбақылау, рұқсатсыз өткізбеу – заң.

Жалғасы келесі мақалада...

 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде