{metadescription}
Жұлдызнама: 16-22 шілде

Жұлдызнама: 16-22 шілде

Осы аптада сізді қандай қуанышты сәттер немесе қиындықтар күтіп тұр? Достық, махаббат, отбасылық қарым-қатынасты жоспарлау үшін не істеу керек? Қиыр Шығыстың парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің  16-22 шілдеге арналған Шығыс жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.

16 - 22 шілдеге жұлдыз жорамал:

Тоқтылар осы аптада жетістіктері мен жаңылыс тапқан жерлерін көре алады.  жан-дүниеңізге үңіліп, нәтижесін шығару күтіп тұр. Жақында істеген істеріңізге өкінуіңіз мүмкін. Жалғыз отырып ойға шомып, жіберген қателіктеріңізді байқайсыз. Күрделі мәселенің шешімін табу үшін қолында билігі бар адамдармен кездесіп, алға жылжисыз. Қызметке қатысты сәтті кездесулер болуы мүмкін. Қанша күдіктенсеңіз де, жағдайыңыз оңтайланады. Көбісінің белгілі бағытта мансабы өседі. Баяғыдан таныс адамыңызбен кездесу күтілуде. Іскер адамдар үшін ойда жоқ өзгерістер болады. Маңызды сұрақты шешуге тура келеді. Серіктесіңізге ықпал етесіз.  Қарым-қатынаста сенімділік орнатылады. Үйдегі жақындарыңызға деген қамқоролық бірінші орынға шығады. Бірқатар маңызды нәрсе сатып аласыз.  Әйел тоқтылардың табысы өседі.

 

Торпақтар осы аптада ойын қорытып, ішкі түйсігімен түсінетін дүниені қажет ететін жағдайды қадағалайды. Белгілі адамдар сіздің қорғауыңыз бен қолдауыңыздың арқасында өмірін өзгертуге тырысады. Дегенмен, сіздің ойыңыз басқаша. Даналық әсіресе сөздерде маңызды. Осы күндері келіссөздердің сипаты өзгереді. Сондай-ақ, ынтымақтастық пен өзара көмекке бағытталған әңгімелер телефонмен арқылы өтеді. Сіз қашқақтап жүрген жауапкершіліктің ауыртпалығын көтере аласыз. Бұл күндері сіз өзіңізге белгілі бір адамның мінез-құлқында түсініксіз қателік жасай аласыз, сол себепті өзіңізді ақтауға тырысасыз. Ақшаның кесірінен бірақ қателік жіберуіңіз мүмкін. Бұл өмірдің материалдық жағы болса да, сіз үшін өте маңызды болады. Пошта арқылы алынған хаттар маңызды болады. Сіз мерекеге шақыру аласыз. Өзіңізге көңіл бөлінбегендіктен, жеке өмірде ерекшеленуге талпынасыз. Бірақ үйлесімді қарым-қатынасқа қол жеткізе алмайсыз.

 

Егіздер барлық нәрседе тепе-теңдікті сақтап қалғысы келеді: қарым-қатынаста, жұмыста және материалдық жағдайларда. Бірақ, сізді қатыгездік көрсетуге мәжбүрлейді. Өзіңізді ұстай алмағандықтан ол отбасы мен қызметіңізде қолайсыздық, келіспеушілік болуы мүмкін.  Ішкі алаңдаушылық, денсаулығың жайлы алаңдаушылық   босаңсуға жол бермейді. Сонымен қатар, сізді ұзақ уақыт бойы жебеп жүрген адамға ықпал етуіңіз мүмкін. Бұл күндері сіз достарыңыздың біреуінен келетін ақпаратқа өкініп қалуыңыз мүмкін. Күдік, қызғаныш, сенімсіздік қатар жүреді. Соған қарамастан айналаңызға ештеме білдірмей, көңілді жүресіз. Бұл кезеңде көптеген байланыстар күтіп тұр. Нәтижелі кездесу әрқашан бола бермейді, бірақ сіз келешекте қолайлы перспективалар жолын аша алатын маңызды құжаттарды дайындаумен байланысты мәселені шеше аласыз. Үйге қайту, достықты қалпына келтіру, қарыздарды қайтару және т.б. – қайтару сипатында болғандардың жұлдызы оңынан туып тұр.

 

Шаян бірге жұмыс істеу туралы ұсыныстарға сенімсіздік танытады. Бұл аптада сенімсіздік басым болары анық. Оның себептері де жоқ емес. Бұған дейін шексіз сыйлап келген адамыңызға көзқарасыңыз өзгереді. Сіздің талпынысыңызға негіз бар. Бұнымен қатар жоспарларда нақтылық, ашықтық пайда болады. Ұзақ уақыт бірге жүргізген жоба тәмамдалуға жақын. Ахуалыңыз жақсарып, ары қарай еңбектенуге құштарлық пайда болады. Жоспарларыңыздағы келешегіңіз де жарқын. Өткен маусымда бірге жұмыс істеген адамдармен кездесу күтілуде. Өзара түсіністік, мейірімділік, жылы қарым-қатынас орнайды. Бірақ жұбайыңызбен, жақын адаммен  ажырасу да болжамдалуда. Бұл жерде үлкен өзгерістер, тағдырыңызда күтпеген дүниелер орын алады.

Ер адамдар үшін мансабын өсіретін мүмкіндіктер туады. Көптеген ауыр жұмыстар істелінеді. Жаяу көп жүресіз. Осы аптада көрген нәрсенің бәрі сізге үлкен әсер қалдырады.

 

Арыстан бойын жайлаған күдік, үрейлерімен арпалысады. Онша таныс емес, тіпті мүлдем танымайтын адамдар сізге рухани қолдау көрсетеді. Сөйтіп араласатын адамдарыңызға іріктеу жүргізесіз.  Психология саласында, адамгершілік тарапынан өзгерістер болады. Және өзіңізге таныс адаммен араласқыңыз келмей, одан аулақ болуға тырысасыз. Алданып қалғандай күй кешесіз. Өзіңізді жайсыз сезінесіз. Көп нәрсеге өкінесіз. Жұмыста жетістік әзірге жоқ, бірақ нәрсені қиналып жасайсыз. Сондықтан қазір өз мүмкіндігіңізді таразылап, бұрынғы жетістіктеріңізге қуаныңыз.  Айналаңыздағылар сіздің мінез-құлқыңызға тәнті болады. Пайдакүнемшіл мүддеңізді шешуге келгенде адами қасиет танытасыз. Іс-сапар (ұзақ емес) күтілуде. Барлық арыстандар бұл аптада судан аулақ болғаны жөн. Өйткені тілсіз жаудан қауіп басым. Және осы аптада шығыныңыз көп болмақ.  

 

Бикештер өзінің берген уәдесін бұзуы мүмкін. Жақын адамдар мен серіктестеріңіз тарабынан шағым болады. Осы аптада ішіңіз қалағанды  жүзеге асыруға, өзгеріс жасауға талпынасыз. Материалдық дүниеге ден қоясыз.Досыңыз немесе туыстарыңыздың арасынан бір адаммен қатынасыңыз нашарлайды. Көршілеріңіз бен әріптестеріңізбен ұрсыспауға тырысыңыз. Ол үлкен жанжалға әкелуі мүмкін. Поштамен алған әлдебір құжат маңызды рөл атқаратын болады.  Алыстағы серіктесіңізден қуанышты хабар аласыз.  Үйдегі бір адам немесе үй жануарының денсаулығы көңіл күйіңізді түсіреді.  Жөндеу жұмыстары болуы мүмкін. Сіздің еңбегіңіздің жемісін өзгелер де көруі мүмкін. Ол жеке өміріңізде болып қалуы да ықтимал.

 

Таразылар қағидасына сай мәселені, егер ол маңызды болса,  кез-келген деңгейде талқылайды. Бұл аптада басқа біреудің көзқарасын мүлдем қабылдай алмайсыз. Сонымен бірге сізге ақпарат алмасу қажет. Достармен және туысқандармен сөйлесу - бірінші кезекте. Адамдармен әңгімеде ортақ тіл табысу қиынға соғады. Достық қарым-қатынастардан гөрі жұмыстағы қатынас  жеңіл  болады. Еңбекке жарамдылық танытуға, мүдделі адамдармен жаңа қатынас орнатуға, қарсыластардан артықшылық жасауға көп күш бар. Сіз туралы өсек-аяң, артық әңгімелер көп болады.  Сізге қарсы жынысты адамнан көреалмаушылық бар. Үйдегі тұрақтылық пен бейқам тіршіліктен мезі боласыз. Жөндеу жұмыстары да болуы мүмкін. Күш-жігеріңіз тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталады. Бір жаққа шығып кетуіңіз де мүмкін. Серуендер күтілуде.

 

Сарышаяндар бұл аптада өте тартымды. Айналасында бір мезгілде достары мен жаулары да болады.  Жаңа таныс табасыз, бірақ ол уақытша. Олардың жеңілтектігі сізді эрудициясымен жарқыратуға мүмкіндік береді. Көптеген сапарлар, серуен күтілуде. Іскерлік сапар да болып қалуы ықтимал. Сіз қызығып жүрген істе жаңа мүмкіндіктер ашылып, іс-әрекетке жол ашады.  Туыстардың берген ақыл-кеңесі  қателік жасаудан қорғайды. Өміріңізде жаңа бұрылыстар бар. Ерекше бизнеспен айналысып, өзіңіз үшін пайдалы дүние табасыз. Қалғып-мүлгуге уақыт жоқ. Ұсақ уайымдардың қарқыны дүрбелең тудырады, сондықтан сізде уақыт болмайды. Тек назар аударатын барлық мәселелерге қатысу қажет. Дегенмен, көңіл-күйді жақсартуға мүмкіндік беретін көптен бергі ниетіңізді жүзеге асыра аласыз. Бақытты сәттілікпен байланыстыратын адамдар сізді қызықтырады. Бірақ сіз эмоционалды сарқылу шегіне жетесіз. Босаңсымай, тырысып жүресіз.  Осы аптада жасаған саудаңыз тағдырыңызда маңызды орын алады.

 

Мергендер осы аптада өз мүддесін жасыра алмайды. Тіпті ол мүддесі өзгенің арқасында жүзеге асырылса да. Сізді тойымсыз, әділетсіз деп санауы мүмкін. Айналаңыздағы адамдар сенімсіздік танытуы мүмкін. Ол жағдайды сіз мықты деген, бірақ аса ақылды емес  адамның айтқанымен жүріп, істеп, қиындатып алуыңыз мүмкін.  Өзгеге қатты сенім артсаңыз да, олардың ықпалынан аулақ болыңыз. Бұл апт істеген істің жемісін көруге арналған. Осы аптада біраз мәселенің беті ашылады. Көптеген мергендер шетелге шығады. Шетелдік әріптес табуы мүмкін. Жанжалды жағдайларды шешуде сөз маңызды рөлге ие болады. Бұл әсіресе жеке қарым-қатынаста орын алмақ. Таныс адаммен жанжал туу мүмкін, бірақ одан құтылып кетудің жолы бар. Туысыңыздың тарапына жылжымайтын мүлік туралы ұсыныс түседі. Соған тәуелдімін деп санайтын адаммен араласасыз. Осы аптада сіз баяғыда жоғалтып алған дүниені табасыз. Дәрігерге барасыз, ол тіс дәрігері болуы мүмкін.

 

Тауешкілердің бұл аптада болашаққа деген сенімі нашар. Әр нәрсе жүйкеңізді ауңыртып тұрады. Үрей мен күмән көп-ақ. Сол қынжылтады. Жақын адамдарыңыз бен туыстарыңыздың проблемалары дегбіріңізді қашырады. Айналаңцыздағы адамдарға қолдау көрсетесіз. Тамыр-таныстық көмекке келеді. Үмітіңізгі үзген әйел тағдырыңызда үлкен рөл атқарады. Тұрмыстық жағдайыңызды жақсартуға көшесіз. Қарсы жынысты адамға деген қамқорлығыңыз артады.  Оның денсаулығы мазалайды. Сол мәселені шешуге кірісесіз. Қиын жағдайда серіктестеріңізден көмек сұраңыз. Солардың көмегі сізді құтқарып қалады. Жолға шығуыңыз ықтимал. Алыстан жеткен хабар сіздің көңіліңізді орнына түсіреді. Сүйікті заттарыңыз сәтімен сатылады. Қарыздарды қайтарасыз. Бұл аптада көңілдестердің жұлдызы жанып тұр. Ал қалғандары үшін жеке өмірде бәлендей ештеме жоқ.

 

Суқұйғыштар өз бетімен қатты, артық эмоциясымен ерекшеленеді. Сіздің екпіндеген сезіміңізді басу үшін өзге адам керек. Суқұйғыштар бұл аптада қатты сезімде болады, біреуі ғашық болып, қызық оқиғаны басынан кешірсе, екіншісі біреумен жанжалдасады, үшіншісі – қызметіне қатысты даурықпаға тап болады. Өзіңізге сенімді болғандықтан, қоғам пікірі мен  жүріс-тұрыс тәртібіңізді пысқырмайсыз. Осы аптада ерекше көзге түсесіз. Абыроймен де, абыройсыз қылықтарыңызбен де. Бұрынғы мүддеңіз қайта оралады, ескі әдеттеріңізге де қайта ораласыз. Бұл, әсіресе, әйелдерге қатысты. Дегенмен бұл әрекеттерге онша көңіл аудармайсыз.Қаржы мәселесі күрделі. Ақша түскенімен, туып отырған жағдайлар қыспаққа түсіреді. Бұрынғы міндеттер мазалайды. Балық, Егіздер, Таразы жұлдызды әлдекім сіздің көңіліңізді қалтырып, сары уайымға салады. Ескі танысыңыз демалу туралы ұсыныс жасаса, қуана келісіңіз.

 

Балықтар достары мен әріптестерінің арасында жүріп іші пысады. Сізге жаңа эмоция қажет! Жаңа белес, жаңа көкжиек! Күні бойы басыңызға небір идея, шешімдер келіп, соны жүзеге асыруға білек сыбана кірісесіз. Расында да бұған жұлдыздар бағыт сілтеп тұр. Сіз – ең белсенді, осы аптада жұлдызы оңынан туып тұрған жалғыз адамсыз! Жол – сәттілік әкеледі. Жеке өмірде қуаныш пен еркіндік көп-ақ. Барсакелмес аралын армандағандар үшін оңтайлы сәт туды. Мазаңызды алатын достарыңыздан осы аптада құтыласыз. Өзіңізбен өзіңіз болатын уақыт бұл. Бұл аптада сыртқы келбетіңізге көңіл бөліп, ұнатқан дүниені қолға аласыз. Демалыс думанмен өтеді. Бұрынғы танысыңыз артыңыздан қалмай, көңіл аударып, жебеу көрсетуді сұрайды. Күдік тудыратын адамдар да көңіліңізді аулауы мүмкін. Осы аптада өз қалпыңыздан аздап тайып, қағидаларыңыз өзгеріске ұшырайды.

Александр Ремпелдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: 2018 жылға жұлдыз жорамал – Қиыр Шығыс астрологтарының академиясы

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.