{metadescription}
Декретке шыққан әкеге арналады...

Декретке шыққан әкеге арналады...

Баланы дүниеге әкелу ер адамның ісі болса, ол әйел төзген ауырлыққа төзе алмайды екен. Елімізде дүниеге келген сәбиін күту үшін демалыс алып жатқан еркектер саны жыл сайын өсіп барады. Сондықтан біз декретке шыққан еркекке пайдалы материал дайындадық.   

Әрине, ер адамды үй шаруасындағы бала бағушы орнында елестету қиын. Сол себепті декрет алған ер адам ең алдымен туыстары, достары, әріптестерінің келемеж сөздерін көтеруге моральдық тұрғыдан дайын болуы керек. Мысалы, Еуропада декреттегі әке ешкімнің мазағына ұшырамайды.

Қазақстанда отбасында нәресте туғанына байланысты демалыстың екі түрі бар. Біріншісі – анасына, екіншісі – ата-ананың біріне:

Жүктілік пен бала туу бойынша демалыс, немесе декреттік демалыс. Ол төленеді және жұмыс істейтін әйелдерге 126 күн (босанғанға дейін 70 күнтізбелік күн және туғаннан кейін 56 күнтізбелік күн) беріледі. Егер туылу қиын болғанда немесе сіз бірден екі немесе одан көп нәрестені дүниеге әкелсеңіз, онда туғаннан кейін 70 күн демалыс беріледі.

Балаға 3 жасқа толғанға дейін күтуге арналған демалыс. Бұл демалысты баланың анасы да, әкесі де ала алады. Онда еңбекақыңыз сақталмайды, бірақ бала өмірінің бірінші жылында жәрдемақы төленеді.

Жәрдемақы туралы:

Жүктілік және босану жәрдемақысы – мемлекеттік біржолғы жәрдемақы. Босанған барлық әйелдерге мемлекеттік бюджеттен – жұмыс істегендерге де, жұмыссыздарға да бала туған кезден беріледі. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірінші, екінші және үшінші бала үшін оның мөлшері 38 АЕК немесе 91 390 теңге; төртінші және одан да көп балалар үшін - 63 АЕК, яғни 151 515 теңге.

Бір жасқа толмаған балаға күтім жасайтын әлеуметтік жәрдемақы еркектерге немесе әйелдерге бір жасқа толғанға дейін төленетін ай сайынғы жәрдемақы. Жұмыс істемейтін әке немесе анаға жәрдемақы мөлшері бірінші балаға 13 853 теңге, екінші балаға 16 378 теңге, үшінші балаға 18 879 теңге және төртінші және одан кейінгі балалар үшін 21 405 теңге. Жұмыспен қамтылған ата-аналар үшін жәрдемақының мөлшері оның жалақысына байланысты болады: соңғы екі жылдағы жалпы табыс 24 айға бөлініп, 0,4 коэффициентіне көбейтіледі. Алынған нәтижеден 10% алынады, сонда ала алатын жәрдемақыны білесіз. Айта кету керек, заң бойынша 2018 жылы бұл жәрдемақының мөлшері 113 140 теңгеден аспауы керек – ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінің 40%-ы.

Демалыс пен жәрдемақыны рәсімдеуге қажетті құжаттар тізімі, сондай-ақ есептеулердің мысалын мына жерден табуға болады.

Егер ерлі-зайыптылар нәрестенің әкесін демалысқа жіберу туралы шешім қабылдаса, онда жаялық пен жөргек ауыстырып, баланың сілекейін сүртіп, тамағын жасаудан басқа тағы не істей алатынын дұрыстап ойланыңыз. Аналар сіздерге өтірік айтпайды, декретке шығу – демалысқа шығу емес, бұнда уақытың жетпейтін кездер өте көп. Балаға қарап қана қоймай, оған жан-тәніңмен берілуің қажет. Ал бұны ер азамат көтере ала ма? Психологиялық тұрғыдан еркек дайын емес болып шығуы да ғажап емес. Сондықтан, декреттегі еркек күнделікті күйбің тірліктен көңілін сергітіп тұрғаны абзал. Ал зайыбы оған қолдау көрсеткені жөн.

Сонымен, декреттегі әкеге мынадай нәрсемен айналысуға болады:

1. Өзін жетілдіру.

Жеке тұлға ретінде өзін-өзі жетілдіру үшін кітап оқып, мықты фильмдер қарап, шығармашылықпен айналысқан жөн. Must read and see тізімін жасап, біліміңізді жетілдіріңіз. Тек көркем әдебиет емес, психология мен жеке басты дамытуға арналған кітап оқыңыз.  

Сондай-ақ, уақыт тауып театр, музей, филармонияға барып тұрыңыз. Сурет салып, музыкалық аспапта ойнап, фотоға түсіріп үйреніңіз. Қысқасы, өзіңізді қызықтыратын, дамытатын іспен айналысыңыз.

2. Блог жүргізу.

Елімізде декретке шыққан еркектер саны әзірге аз. Енді елестетіп көріңіз, әлеуметтік желідегі парақшаңызға күн сайын істеген істеріңізді жазып, суреттеріңізді салып, кеңес сұрап отырсаңыз, сізге деген қошамет, құрмет өсіп, парақшаңызға мыңдаған (тіпті миллион) қолданушылар жазылуы мүмкін.

3. Фитнес.

Декретте отырмын деп өз келбетіңізді қол сілтей салуға болмас. Үйде жаттығулар жасап, пайдалы көкеністерден тамақ әзірлеп үйреніп, таза ауада балаңызбен серуендеп тұрыңыз.Ерінбеңіз, әрдайым қимылдап жүріп-тұрған адамда үй жұмысынан шаршау деген болмайды.

4. Үйді жайластыру.

Балалы боламын деп күтіп бос жүрмей, пәтеріңіздің ішкі көрінісін реттеп алыңыз. Декретте жүріп-ақ өзі армандаған үйді жасап алуға болады.

5. Фриланс.

Қазір көптеген аналар декретте отырып-ақ үйде табыс табады. Ол сіздің де қолыңыздан келеді! Ниетіңіз болса, қашықтықта жұмыс істеп, жеке сабақ беріп, копирайтингпен айналысуға тырысыңыз. Ертең балаңыз «Әкемнің қолынан бәрі келеді!» деп мақтанатын болады.

Жалпы, ер адамның декретке шыққаны туралы не ойлайсыз?

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Баланы томаға-тұйық, сылбыр болып қалудан қазақ қалай сақтаған?

Баласы жоқ қазақ не істеген?

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде