{metadescription}
Күзгі науқан: Лечо дайындаудың ең қарапайым әдісі

Күзгі науқан: Лечо дайындаудың ең қарапайым әдісі

Тамыз айы  қыс мезгіліне көкеністер мен жемістер дайындауға ең қолайлы уақыт. Қазір жеміс-жидек пен көкөністердің <a href="https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2018/07/31/100302/" target="_blank">арзан кезінде </a>қолдан келгенше, қыстың аязды күні жазды еске түсіріп, сүйсініп жейтін тағамдарымызды дайындап алайық. Соның бірі – лечо.

Лечо - Венгрияның дәстүрлі аспаздық тағамы. Оны бүкіл Еуропаның дастарханынан көруге болады.

 Лечоның бір ұтымды тұсы- қонақ келіп қалғанда оны жекелей де дастарханға ұсынып, сондай-ақ кез келген тағамға қосуға болады.

Әрине, лечоның рецебі өзгерді, жаңа ингредиенттер қосылды. Қызанақ пен тәтті бұрышқа қосымша кәді,  баклажан, сәбіз, пияз қосып та жасайды. Дегенмен біз бүгін лечоны дайындаудың қарапайым әдісін ұсынып отырмыз:

Құрамы: Болгар бұрышы - 2 кг;
Пияз - 1 кг;
Қызанақ - 2 кг;
Құмшекер - 2 ас қасық;
Тұз - 1 ас қасық;
Қара бұршақ бұрышы - дәміне қарай;
Дәміне қарай хош иісті бұрыш;
Лавр жапырағы - 2 дана;
Сірке қышқылы 9% - 3 ас қасық. ;
Күнбағыс майы - 150 гр.

Дайындау әдісі:

1. Көкөністер тазалап, шіріген жерін кесіп алып, жуамыз.

2. Қызанақтарды ұсақтап тураймыз немесе ет тартқыштан өткіземіз.

3. Пиязды жартылай сақина етіп тураймыз.

4. Тәтті бұрыштың ішіндегі тұқымынан тазалап, кең жолақтарға кесіледі.

5. Барлығын үлкен қазанға салып, тұзбен, қантпен, дәмдеуіштермен араластырып, газға қоямыз.

6. Қайнағаннан кейін қоспасы төмен температурада 40-60 минут баяу отқа қоямыз.

7. Соңында әйнек банкаға салып, сірке қышқылын қосып, қақпағын тығыздап жауып, суығанша үстінен жылы шүберекпен қымтап жауып қоямыз.

Рецепт классикалық нұсқаға жақын.

Қыстың аязында дастарханыңызда консервантсыз, қолдан жасалған дәмді де, дәруменге толы лечо тәбетіңізді ашып, жайма-шуақ жазға  жеткізсін. 

Асыңыз дәмді болсын!

Фотограф: Жумадилов БАКЫТЖАН

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗЖҮРЕК ЖАЛҒАЙТЫН ҚАЗАҚТЫҢ ЕЖЕЛГІ 7 ТАҒАМЫ

ҚАЗАҚ ЖЕМІС-ЖИДЕК ЖЕГЕН БЕ?

ҮЙІҢІЗДЕ ЕТ БОЛСЫН, ЕТ БОЛҒАНДА КӨП БОЛСЫН

НЕСИЕ АЛЫП, ҚҰДАЙЫ АС БЕРСЕМ БОЛА МА?

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде