{metadescription}
Зейнетақы қорына қалай ақша аудару керек? Фрилансерге нұсқаулық

Зейнетақы қорына қалай ақша аудару керек? Фрилансерге нұсқаулық

Енді өз бетінше жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтін фрилансерлер БЗЖҚ-на әр айдың 25-не дейін алдыңғы айда түскен табысының 10%-ын аударуға міндетті. Төлем мөлшерін қалай есептеу керек? Ақшаны қай реквизиттерге аударамыз? Төлеуден бас тартқандарды не күтіп тұр?

Бұрын Қазақстан БЗЖҚ-на ақшаны өздігімен тек адвокаттар, жеке сот орындаушылары, нотариустар, медиаторлар және жеке кәсіпкерлер ғана аударып келді. Олар кірістерін өздері анықтап, соның 10 пайызын аударуға құқылы болды. Бірақ бұл сома ең төменгі жалақы мөлшерінен (2828 теңге) 10% кем болмауы тиіс және 75 ТЖМ-нен (төменгі жалақы мөлшері) (212.130 теңге) 10%-дан жоғары болмауы тиіс болатын.

Биылдан бастап, яғни 2018 жылдың шілде айынан бастап жоғарыда аталған тұлғалардың қатарына азаматтық-құқықтық сипатта (ары қарай АҚС деп оқыңыз) жұмыс істейтін фрилансерлер, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қосылды. Бұған қоса, егер адам еңбек келісім-шарт бойынша және фрилансер ретінде де жұмыс істесе, жарналар екі табыс көздерінен де келуі тиіс: жалақы жарнасын жұмыс беруші жасаса, АҚС бойынша қаламақы төлемін фрилансердің өзі төлейді.

Міне, тап осы жерде жаңа пайда болған зейнетақы жүйесінің қатысушыларында мына сұрақ туады:

АҚС келісімшарты бойынша нақты табыстың 10% орнына ең төменгі  жалақының нақты көлемінің 10%-ын аударуға бола ма?

Болады. Бірақ, қазыналық органдар сізге қаламақы төлеген компанияда тексеру жүргізгенде, сәйкессіздік ашылып қалады. Мұндай тексеруден кейін жазалай ма, белгісіз. Бұл мәселеде заң нақты нұсқаулар бермейді.

Дегенмен қазір өз бетінше жұмыс істейтіндер мен фрилансерлер жарналарды толық төлемегені үшін айыппұл төлейді.

ҚР Әкімшілік кодексінің 91-бабына сәйкес, аударылмаған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан жеке тұлғалар үшін өндіріп алу 10%, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін 20% мөлшерінде, орта бизнес үшін - 30% мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін - 50% мөлшерінде айыппұл көзделген.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін адамдарда табыс болмаған жағдайда, өз қалауы бойынша, ең төменгі жалақысының 10% -ын аударуына болады.

Мемлекеттік корпорациялар реквизиттері:

Сондай-ақ, ақша аудару үшін банк бөлімшелеріне барудың қажеті жоқ. Олардың көпшілігі онлайн-банкинг жүйесі арқылы зейнетақылық жарналар жасауға мүмкіндік береді.

Сіздің зейнетақы шотыңыздағы барлық операциялар – түсімдер, төлемдер, аударымдар – бұның бәрін БЗЖҚ веб-сайтындағы жеке кабинетіңізде қадағалауға болады. Кіру үшін сізге ЭСҚ ашық кілті немесе ЖСН және пароль қажет.

Зейнетақы қорында Call-орталық бар: 1418. Қазақстанға қоңыраулар тегін. Сізге 8:00-ден 20:00-ге дейін кеңес беруге дайын.

 WhatsApp 8 777 000 1418 нөміріне қоңырау шалуға болады. Осы нөмірде маманмен жеке жағдайыңызға қатысты барлық мәліметтерді анықтауға болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗБЗЖҚ:Ерікті жарна құюшылар ақшасын зейнетақы жасына жетпей ала алады

ЕҢ ЖОҒАРЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ АЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

ЗЕЙНЕТАҚЫ-2018: ЖАҢА ЖЫЛДА БІЗДІ НЕ КҮТІП ТҰР?

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде