{metadescription}
03 - 09 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамал

03 - 09 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамал

Осы аптада не нәрсе басты назарда болуы тиіс? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 03 - 09 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз. 

03 - 09 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамал.

Тоқтылар осы аптада біліктілікке қатысты қарым-қатынасқа және кәсіби байланстарға назарын аударады. Тұрақтылыққа қол жеткізу үшін біраз уақыт күту қажеттілігі туындайды. Жақында ғана болған қиындықтар енді сізге пайда әкеледі. Бұрынғы серіктестеріңіз сізбен кездесуге асығады. Өзіңізді керекті (сұранысқа ие) тұлға ретінде сезінетін боласыз.Күдеріңізді үзген қарыс-қатынас қайта жанданады. Көптеген тоқтылар бұрынғы міндетіне қайта кіріседі. Араласып-құралас адамдарыңыз өзгермейді. Кездесулер, бірлесіп жоспар құру, ақылдасу күтілуде. Зиялы қауымға жақындасасыз. Ақпарат алмасу болады. Бұл апта сізге сәттілік әкеледі. Көздеген мақсатыңызға бір табан жақындайсыз. Қызметіңіз жоғарылауы мүмкін. Жаныңызға жақын адаммен кездесу күтілуде. 

Торпақтар осы аптада ойға шомады. Аймақтық проблемаларды шешу сіз үшін маңызды болып табылады. Белгілі бағыттарда саяхаттау күтілуде. Сенімді серіктес қажет, көбінесе маңызды шешім қабылдау қажеттігі туындайды. Тағдыр сізді таңдау шарттарына жиі қойып, ойлануға уақыт қалдырмайды. Бірақ сонымен бірге дұшпандарыңыздың алдын орап, бір қадам алға шығасыз. Өзгелерден сақ болғаныңыз мен сенімсіздік танытқаныңыз қарым-қатынастарыңызды бұзуы да мүмкін. Сырттағы кейбір ресми адам сізге жағымсып, сізден көмек, қамқорлық күтеді. Көмек көрсетуден бұрын ойланғаныңыз жөн.  Бұл күндері қаржылық жағдайды жақсартатын маңызды ақпаратқа жүгінесіз. Өзіңізге пайдалы адамдардың қызметтерін жиі пайдаланасыз. Бейтаныс адамдарға көмектесесіз. Әсіресе құжат мәселелерінде. Ал жеке өмірде махаббат туралы жиірек ойлайтын боласыз.  

Егіздер бұрынғы жасаған еңбектеріңіздің нәтижесін көресіз. Көптеген Егіздер үшін бұл материалдық тұрғыдан көрінеді. Сонымен бірге тұтынушылық қажеттіктер туындайды. Жоспарлап жасаған істеріңіз болашаққа жол ашады. Бұл аптада бастаған жобаларыңызды асықпай аяқтаңыз. Сіздің саналы да парасатты тәртібіңіз айналаңыздағы адамдарды сүйсіндіріп, әр нәрсеге пайымдап қарайтын көзқарасыңыз нәтижесін береді. Бұл апта неке құру, келісім шартқа отыруға ыңғайлы. Бірақ сіз шаршайсыз. Жұмысқа барыңызды саламын деп демалуға мұршаңыз болмайды. Ал сіздің жетістіктеріңізді айналаңыздағы адамдар бағалайтын болады. Бұл сізге шабыт, серпін береді. Алайда бейтаныс адамдар мен күмән тудыратын істерге жоламағаныңыз жөн. Ақша аудару мен ресми құжат дайындауда қиындықтар туындауы мүмкін. Туысыңыздың дұрыс емес әрекетінің салдарынан бірақ жүгіресіз. Ұзақ уақыт көрмеген адаммен кездесу күтілуде.  

Шаяндарды жаңа қызметке шақырып, ұсыныстар түсіп, сол жайлы ойланады.  Күнделікті жұмыстан жалығып, ол шығармашылық қабілетіңізге кедергі келтіреді. Барлығынан өзіңіздің жеке қағидатыңызды сақтауға тырысасыз. Тіпті үйреншікті жұмыстарды басқаларға қарағанда ерекше жасайтын боласыз. Тағдырыңызға күнделікті өмірден өзгеше жағдайлар енеді. Шаршататын жұмыстар артта қалады. Кездесулер сәтті өтеді. Келісім-шарттар ойдағыдай болады. Жаңа ұсыныстар күтілуде. Сізге адамдар ғана емес, сонымен бірге ақша да жақындай түседі.  Өзгелер жасай алмай жүрген ақшаны сіз күтпеген жерден жасайсыз. Жеке өмірде де маңызды оқиғалар күтілуде. Бойдақ Шаяндар өзіне ұнайтын адамын кездестіреді. 

Арыстандар көздеген мүддесінен тыс еш нәрсе істемейді. Араласатын адамдарыңыз осы жолы жағымсыз болуы мүмкін. Өз дегеніңізге жету үшін тырысасыз. Психологиялық және рухани жағынан күшті қамқор болатын адамға зәрулік тууы мүмкін. Біреу үшін еңбек етуге дайын емессіз. Өзгелердің проблемаларына ашуланып, өзіңізді ұстай алмай қаласыз. Сонымен бірге өзгенің кемшілігіне де ашуланатын боласыз. Басқа адамдардың шешімге келе алмауыда сізді мазалайды. Біреуді үйрететін боласыз. Танымайтын ортада беделге ие боласыз. тартымдылығыңыз артады. бірақ әңгімелер, өсектер туады. Ақталуға да тура келеді. Белгілі бағытта елдің келемежіне ұшырамас үшін тер төгесіз. Ұмыт болған ауру-сырқау шығауы мүмкін. Бұл әсіресе әйел Арыстандарға ауырлау тиеді. Ал ер Арыстандардың жанжалдан аулақ болғаны жөн. Ескі дүниеден өзіңізге бағалы жаңа дүние табасыз. 

Бикештер тынышталып, жасаған істерін қорытындылайды. Тосын жағдайлар үміт тудырады. Ұсақ-түйек қиындықтарға қарамастан өз жоспарыңызды құрасыз. Жұмыс белшеден асып жатса да, оптимистік көзқарастан ажырамайсыз. Өткен уақыттағы серіктестеріңіз ұсыныс жасайды. Бірге жұмыс істеу туралы ұсыныстар болуы мүмкін. Серіктестеріңіз сіздің пікіріңізді ескермей, жаңа жоба құрғаны сіздің күдігіңізді тудырады. Алып-қашпа сөздер мен жасырын дүниені байқайсыз. Бұл сіздің сенім артқан адамдардың тарапынан болады. Жеке қарым-қатынаста да жалған сөздер көп болады. Бұл әсіресе бойдақ Бикештерге қатысты. Осы апта неке құруға ыңғайсыз. Сондай-ақ келісім-шарттар (жылжымайтын мүлік сатып алуға) жасауға да сәтсіз.  Бұл аптада аздаған материалдық пайда күтілуде. 

Таразылар осы аптада өзін тым жайсыз сезінеді. Жағымсыз адамдардың арасында жиі болады.  Өміріңіз күрең түске боялғандай әсерде боласыз. Тұнжыраңқы, көңілсіз күйде өткізесіз осы аптаны. Туыстарыңыздың арасындағы бір адаммен жанжал тууы мүмкін. Тұрмыста абай болыңыз. Жарақат алып қалуыңыз да ықтимал. Жағымсыз іс-әрекеттер де орын алады. Өзге адамдар туралы жаман сөз айтудан аулақ болсаңыз, кез келген жағдайдан сытылып сәтті шығып кетесіз. Ал қызметте сәтті кезеңдер жоқ емес. Жаңа белестерге ұмтыласыз. Қазірдің өзінде көздеген мақсатыңызға бір қадам жақын тұрсыз. Егер өзгерістер болса, ол сізге қуаныш әкеледі. Осы аптада біраз шығын шығарасыз. Некедегі адамыңыз сәтсіз хабар әкелуі мүмкін. 

Сарышаяндар болашаққа үмітпен қарайтын болады. Жарқын болашаққа жетелейтін өзгерістер орын алады.  Қызметте жаңа белең бар. Таңдау күтілуде. Белгісіз біреу дер кезінде жебеп, сүйеу көрсетеді. Бұл күндері өзіңізді жолым болды деп сезінесіз. Кез келген жағдай сіздің пайдаңызға шешіледі. Заңгерлік бағыттағы мәселелер де жылдам шешімін табады. Ресми тұлғалармен, бақылаушы инстанциялардың өкілдерімен келісімге отырасыз. Бұл шығармашылық тұрғыда өсетін кезең.  Аталмыш салада бұрынғы міндеттемеңізге кірісесіз. Сүйікті істеріңіздің әр алуан болғанын қалайсыз. Жаңа істі қолға алып, күтпеген жерден  бар ынтаңызды қойып айнасысасыз. Үйіңізде жағымды өзгерістер күтілуде. Ересек жастағы туыстарыңызбен қарым-қатынасыңыз нығаяды. Жақын досыңызбен сенімді қарым-қатынас орнатудың қажеттілігі туады. Бұл кезеңде ашық әңгіме қажеттігі туады. Сарышаяндар жүрегінің түкпіріндегі жайын ашық айтуға ұмтылады. Алайда жұлдыздар таңдаған адамыңызға құпияңызды ашып айтуға асықпауға кеңес береді...  

Мергендердің жолы болып, сәл де болса сәтті кезең туғанын сезеді. Үлкен сатып алулар мен жылжымайтын мүлікке қатысты істер сәтті аяқталады. Сондай-ақ көлік, техникалық құрал-жабдық сатып алуда да жақсы нәтижелер күтілуде. Бұл күндері тұрмысыңызды түзетіп, қауіпсіздік шараларын жасайсыз. Көп нәрсені өз қолыңызбен істеуге тура келеді. Бұл кезеңде бұрынғы серіктестеріңіз бен достарыңыз сізбен жақындасуға ұмтылады. Бірге жұмыс істеп, бірге демалу туралы ұсыныстар түсуі мүмкін. Достарыңыз бен таныстарыңызбен кездесу үшін, оларға көңіл бөлу үшін біраз шаруаларыңызды кейінге ысырып тастайсыз. Пайдасы бар адамдармен кездесу үшін жүгіріп, уақытыңыз жетпей, қатты шаршап, шалдығасыз. Өзіңізге, өз күш-қуатыңызға сеніміңіз азаяды. Дәрменсіз күй кешуіңіз мүмкін. Жұмыс осы аптада басты мақсатыңызға айналады. Жақын жерлерге сапарға шығуыңыз мүмкін. Жақындарыңызбен араласудың арқасында тынышталып, сабырлы қалыпқа енесіз. Алыстан жеткен қуанышты хабар көңіліңізді орнына түсіреді. Ол соңғы уақыттағы мазаңызды кетірген сәттерді ұмыттырады. Сыйлық аласыз. Жауаркершілік екінші орынға ауысады....

Тауешкілер ескі жоспарларын жүзеге асырудың жаңа амалын қарастырады. Тәуелділікке тап болып, ол жүйкеңізге әсер етеді. Жақын досыңызға сенімсіздік белең алады. Оның шынайылығына күмән туады. Болып жатқан жағдайлар дегбіріңізді алады. Өзгелердің қисынсыз істеріне қынжыласыз. Бұл апта  қызмет бабындағы келеңсіздіктерімен шаршатады. Өз пікіріңізді жоғары деңгейде дәлелдеуге ат салысасыз.  Пікірлес адамдар сізді жақтайтын болады. Дегенмен бейтаныс адамдардың арасында көп уақыт өткізесіз. Құпия келісімдер мен демалу мақсатында сапар күтілуде. Осы аптадағы сіздің мақсатыңыз - тәуелсіздік алу. Тұрақтылық қажет ететін боласыз. Қызметте де, үйде де тәуелсіз болуға бел байлайсыз. Өз әрекетіңізде тәуелсіздік аласыз. Өткен кездегі қызметіңізде қол ұшын берген адаммен кездесу күтілуде. Өзгенің жетістігі мазаңызды қашырады. 

Суқұйғыштар осы аптада өлсе де, тірілсе де, өзін өзгертуге ұмтылады. Киім-кешектер мен сырт келбетіңізді жаңартуға құлшыныс пайда болады. Өміріңізді жақсартуға ат салысасыз. Айналаңызда айқай-шу болады. Қоршаған адамдар сіздің жай-күйіңізді біліп отырады. Бұл аптада жұмысыңыздағы бағытты өзгерткіңіз келеді.  Жағдайды түзету туралы ұсыныс та түсуі мүмкін. Ұсақ-түйек мәселе жүйкеңізді тоздырып, қатты алаңдайсыз. Өткен міндеттемелер мазаңызды алады. Эмоцияңызға ие бола алмай қалуыңыз да мүмкін. Көптеген суқұйғыштар әріптесімен, бастығымен сөзге келіп қалуы мүмкін. Маңызды құжатқа қол қою керек болады. Тапқырлығыңыз бен ақылыңыздың арқасында біраз пайда көресіз. Ірі нәрсені сатуда осы аптада жұлдызыңыз оңынан туып тұр. 

Балықтар жағымсыз эмоцияны бастан кешіреді. Қызғаныш, өкпе, өкініш жүрегіңізді мазалайды. Болып жатқан құбылыстарға зер салып қарап, ойлану қажет. Соңғы уақытта ұмтылған нәрсеге осы аптада қол жеткізесіз. Ол - жалғыздық, әлде біреудің қамқорынсыз қалу. Өзіңізге қолдау-қолпаштау іздейтін боласыз. Соған зәрулік туады. Өзгеден көмек күтпеңіз. Жасайтын дүние көп. Мазалаған сұрақтардың жауабын кинодан кітаптан табасыз. Үйдегі кішкентай жақыныңызға көңіл бөліңіз. Соған көмектескенде ғана жаныңыз жай табатын болады. Жақында бойыңызға жаңа күш-қуат бітеді.  Сол кезде қайнап жатқан ортада оптимистік көзқарасқа ие боласыз. Сондай-ақ жақын туысыңызға өзіңіз бастама көтеріп қолғабыс жасайсыз. Бірақ сізге өйтіп ешкім қол ұшын бермейді. Жақын адамыңызбен қарым-қатынасқа алаңдайсыз. Бірқатар мәселені шешіп жүріп, жоспарыңызды түп-тамырымен өзгертетін ақпаратқа тап боласыз. Сөйтіп жоспарыңызды қайта қарайсыз. Сапарға шығуға дайындаласыз. 

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: 2018 жылға жұлдыз жорамал – Қиыр Шығыс астрологтарының академиясы

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.