{metadescription}
Ұялы телефон: Жұмыс табу, SOS,  онлайн және емханаға тіркелу, күдікті бағдарлама,  ұрлық

Ұялы телефон: Жұмыс табу, SOS, онлайн және емханаға тіркелу, күдікті бағдарлама, ұрлық

Ұялы телефон арқылы жұмыс табуға бола ма? «SOS» функциясы деген не? СМС арқылы онлайн тіркелудің тәртібі қандай? Қандай бағдарламалар күдікті? Ұялы телефон ұрлығын ашуда кездесетін кедергілер қандай? Емxанаға ұялы телефон арқылы тіркелуге бола ма? Ұялы телефонда қазақтың қандай ұлттық ойындарын ойнауға болады?

Ұялы телефон арқылы жұмыс табуға болады

Қазақстанның электронды еңбек биржасы ашылады. Қазір www.enbek.kz сайты іске қосылған.  Сайтқа кіріп, республика бойынша бос жұмыс орындарын табуға болады. Болашақта барлық компаниялар электронды еңбек биржасына өз вакансияларын орналастырса, жұмыс іздейтін азаматтар өз түйіндемелерін жариялай алады. Электронды еңбек биржасы арқасында кез келген азамат ұялы телефонымен жұмыс таба алады.

Ұялы телефондағы «SOS» функциясының артықшылығы қандай?

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің ақпараттық жүйелеріне барлық бейне бақылау камераларын қосу жоспарланған. Оған әкімдіктердің, мемлекеттік және жеке меншік компаниялардың, тіпті, жеке тұлғалардың камералары қосылады. Ал «е-куәгер» деген электронды жүйе барлық бейнежазбаларға талдау жасап, тәртіп бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайтын болады.

«Бизнесмендер және қарапайым xалық смартфонға «SOS» функциясын орнатып, полицияны шұғыл шақырта алады.

 «Е-арыз» электронды жүйесі пилоттық негізде қолға алынған. Соның арқасында прокурорлар xалық тарапынан түскен арыздармен жұмыс жасауды бақылап, өзекті деген мәселелерді анықтай алады. Мемлекеттік органдардың рейтингісін де жасауға болады.

Ұялы телефондарды СМС арқылы онлайн тіркеуге болады

Қазақстанда ұялы телефондарды СМС арқылы онлайн тіркеуге мүмкіндік бар.  Тіркеу процесі барынша жеңлдетілген. Азаматтар онлайн режімде және СМС арқылы да ұялы телефонын тіркеуге мүмкіндік алады.

Ұялы телефондарды тіркеу тәртібі:

Жеке тұлғалар үшін тіркеу тегін түрде 4 сағаттың ішінде жүргізіледі, ал заңды тұлғаларды өтініш білдірген мерзімнен 8 сағат ішінде тіркейді. Он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелет жасқа толмағандардың абоненттік құралдарын заңды өкілдерінің келісімімен ғана тіркейді, ал он төрт жасқа толмаған жасөсіпірімдердің заңды өкілдері өз аттарынан ғана тіркей алады.  Тіркеу немесе қайта тіркеу үшін байланыс құралының иесі қызметтің автоматтық жүйесіне жүгіне алады немесе байланыс операторының кеңсесіне төмендегідей құжаттармен бара алады:

1)  ЖСН (жеке тұлға үшін) немесе БСН (заңды тұлға үшін);

2)  Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды;

3)  Тіркелуші абоненттік құрылғыда қолданылатын абоненттік нөмірлер.

Ұялы телефон қолданушылары 2018 жылдың соңына дейін құрылғыларын тіркеуі керек, себебі 2019 жылдың 1 қаңтарынан тіркелмеген абоненттер үшін ұялы байланыс қызметі көрсетілмейтін болады.

Ұялы телефондарды тіркеу үшін ұялы байланыс операторларының абоненттік бөлімдеріне барудың еш қажеті жоқ. Бар болғаны, онлайн режімде немесе SMS (ұялы байланыс операторларының интернет-ресурсы және SMS,USSD, т.б.) арқылы тіркелуге болады.

Осыдан екі жыл бұрын ұялы телефондады тіркеудің жаңа ережелері қабылданған болатын. Содан бері арнайы ақпараттық жүйе әзірленді. Оны іске асырудың арқасында ұялы телефондардың ұрлығын айтарлықтай азайтуға болады. Себебі ішкі істер органдары ұрланған телефонды IMEI-код арқылы бірден бұғаттай алады.

Дегенмен, IMEI-кодтың көмегімен телефон иесін анықтау қиын болып тұр. Ал жаңа норманы толыққанды іске қосу үшін IMEI-кодты адамның жеке сәйкестендіру нөмірімен, сондай-ақ, телефон нөмірімен байланыстыру қажет. Осылайша, ұялы байланыс пайдаланушылары 2018 жылдың аяғына дейін өз құрылғыларын тіркеп қоюы қажет. Себебі 2019 жылы 1 қаңтардан бастап тіркелмеген абоненттерге қызмет көрсетілмейд.

Полиция күдікті бағдарламаларды телефонға жүктемеуге шақырады

Интернет алаяқтардың құрбаны болмау үшін не істеу керек?

Кейбір тұрғындар белгісіз жолмен ақша иемденгені туралы арыз түсіп жатад екен.

Мысалы, мобильді байланыспен түрлі интернет сайттарға кірген адам  белгісіз сілтемеге тап болады. Оны басқан кезде таблоға ҚР ІІМ киберқылмыс жөніндегі басқармасының атынан сайтқа кіргені үшін киви-әмиянға айыппұл төлеу керектігі туралы ескерту шығады. Сіз  ештеңеден күдіктенбестен киви-әмиянға ақша аударасыз.

Осы тектес алаяқтық дербес компьютерлерде де қолданылады. Вирус түскен компьютер интернет-ресурсты пайдаланып отырған адамға кері жіберіліп, оның браузерін блоктап тастайды. Мониторда ҚР ІІМ киберқылмыс жөніндегі басқармасының атынан мәтін шығады да, заңды бұзғаны туралы хабарлайды. Блокты ашу үшін терминал арқылы 6 мыңнан 15 мың теңгеге дейін айыппұл төлеуін талап етеді. Осыған байланысты тәртіп сақшылары қандай жағдай болмасын төлем жасамау керектігін ескертеді.  

Естеріңізде болсын!

Мемлекеттік органдар азаматтардың компьютерін (немесе смартфонын) блоктамайды. ІІМ-нің таратылып жатқан бұл  хабарламаға қатысы жоқ.

Егер төлем жасап қойған болсаңыз онда терминалдан алған чегіңізді сақтап қойып, полицияға арыз жазғанда қоса тапсырыңыз. Интернет-алаяқтарға құрбан болмас үшін полицейлер компьютерге немесе смартфонға күдікті бағдарламаларды жүктемеуді және түрлі ресурстарға кірмеуді, терезе бетіне шығып тұрған мазмұны күдікті жарнама баннерлерін ашпауды ескертеді. Егер сурет пайда болған жағдайда мобильді байланысты немесе компьютерді қайтадан жүктеуге жіберіп, вирустың бар-жоқтығын тексеру қажет. 

Ұялы телефон ұрлығын ашуда кездесетін кедергілер

Ұялы телефонды IMEI-код арқылы табу мүмкін болмай отыр. Бұдан бөлек, нарықта IMEI-коды бірдей ұялы телефондар да кездеседі. Бұл мәселені құрылғының IMEI-кодын иесінің ЖСН-ы мен абонент нөміріне байланыстыру арқылы ғана шешуге болады. Телефон осылай тіркелген кезде, ұялы телефонды ұрлау мүлдем тиімсіз болады.

Телефон ұрлығын ашудағы негізгі проблема - ол азаматтардың полицияға кеш жүгінуіне байланысты. Сонымен қатар азаматтардың ұсталған ұялы телефондарды сатып алуы, олардың мобильдік құрылғы IMEI-кодын білмеуі, мүлікке құқы бар құжаттардың болмауы секілді жағдайлар қылмыстың ашылуын кешіктіреді.

Сонымен қатар полицейлер телефон сатып алғаннан кейін оның қорабын сақтап қоюды немесе IMEI нөмірін жазба кітапшасына жазып қоюға кеңес берді. Себебі осы нөмірдің бар болуы қылмыстың ізін суытпай ашуға мүмкіндік береді.  Егер телефонның шотында көп ақша болса, онда ұялы байланыс операторына хабарласып, нөмірді бұғаттау қажет.

Ұялы телефондарды ұрлау бүгінгі таңда ең көп тараған қылмыс түрі. Ұрлық көбінесе адамдар көп жиналатын орындарда (саябақта, сауда үйлерінде, қоғамдық көліктерде, ойын-сауық мекемелерінде, спорт алаңдарында) жасалады.  Спорт алаңдарында қараусыз қалған рюкзактар мен сөмкелер қаскүнемдер үшін ең жеңіл олжа.

Көбінесе, алаяқтық пен тонау жасау кезінде  ұялы телефондарды жымқыру жиі орын алады. Адамдар кей кезде өз телефондарын бейтаныс адамдарға қоңырау шалуға береді,  ал олар болса ұялы телефонды алып, ізін суытады.

Емxанаға ұялы телефон арқылы тіркелу

Бүгінде «МСҚ: Халықтық бақылау» (ФМС: Народный контроль) мобильді қосымша бар. Соның негізінде емxанаға онлайн тіркелу қызметін іске асыруға болады.

Мобильді қосымшаның қазіргі міндеті - ауруxаналар мен емxаналардың жұмысын бағалау. Бүгінде мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс істейтін медициналық мекемелердің сапасын бағалауға болады. Қолданушылар өз пікірлерін де қалдыра алады. Енді сол пікірлердің негізінде емханалардың рейтингі жасалады. Пациенттер сапалы медициналық қызметті таңдай алады. Мобильді қосымша дамытылып,  жаңа қызмет қосылатын болады. Емxаналарға тіркелу қызметі де болады.

Емxанаға тіркелу қызметін ХҚКО-лар арқылы енгізіледі. Енді азаматтар xалыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы медициналық сақтандыру қорына аударған төлемдерін бақылай алады. Бұдан бөлек, емxанаға тіркелу қызметі де болады. Әзірше, емxанаға екі жолмен тіркелуге болады. Біріншісі, egov порталы арқылы, ол үшін цифрлық қолтаңба болуы қажет. Екіншісі, емxананың өзіне барып, бас дәрігердің атына өтініш жазу қажет.

Ұялы телефонмен қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға болды

Қазақтың ұлттық ойыны - тоғызқұмалақты телефонға жүктеп, ойнауға болады.  Қазір телефондарыңызға тоғызқұмалақты жүктеп, ойнауға мүмкіндік бар. Таяуда асық ату енеді. Одан кейін құсбегілік, қансонар ойын ретінде енгізіледі.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.