{metadescription}
Бекболат Тілеухан: Мені біреулер не өте жақсы көреді, не жек көреді

Бекболат Тілеухан: Мені біреулер не өте жақсы көреді, не жек көреді

КТК арнасының тілшісі Дәулетхан Жиенқұлов Парламент Мәжілісінің депутаты, Ұлттық спорт ойындары қауымдастығының президені Бекболат Тілеуханмен  ұлттық көкпар ойынына қатысты жүргізген сұхбатын ұсынамыз.   

- Биылғы Көшпенділер ойыны кезінде қазақтың құрамасы «көкпардан жеңілді», «жер болды» деп әлеуметтік желілерде жазып жатыр. Ал енді неге оған Бекболат Тілеухан жауапты?

 Мен деп таныса, осының қолынан келеді, салмақ салсақ, нәтиже шығады ма деген болар. Осындай ел мақсаты болған шығар деп ойлайық. Бұл үлкен жауапкершілік деп сезінемін.  Басқа да спорт саласында Қазақстаннның есесі кетіп қалып жатқан жағдайлар жоқ емес. Қанша жерден төрешілер тарапынан қысымшылық көрсе де, көшпенділер ойындарын  қазақ спортшылары өте жоғары деңгейде көрсетті. Спортта соңғы кездері Олимпиада да көзіңді бақырайтып қойып, нокаут болған адамды тоқтатып, жеңгізіп тастаған жағдайлар бола береді.  Адамның кейде  әділетсіздікке шарасы болмай қалады.  

Ал енді қырғыз ағайындарға да байланысты «ат бермеді» деп артық айтып жатыр. Атты да берді, басқасын да берді, қарсы алуы да жақсы болды. Жалпы, ол жақта көкпар - қырғыздың жаны.  Қоғамның көкпарға деген көзқарасы қырғыздарда өте жоғары деңгейде. Сондықтан кейде діттегені болмай жатқан шығар, басқа болған шығар...  немесе үлкен бір саяси тұлға айтқан нәрсе емес, жәй бір командалық есепте жүгіріп жүрген азаматтың айтқан сөзін алаулатып, желеулетіп әкеп жатқандар - менің «тілеулестерім». Мені біреулер не өте жақсы көреді, не өте жек көреді, ортасы жоқ.

Сол «тілеулестеріңіз»  Бекболат Тілеухан кетсін деп айтып жатыр. Сіз «Бекболат Тілеухан ұлттық спортқа керек пе,  ұлттық спорт Бекболат Тілеуханға керек пе?» депсіз. Сонда кім кімге керек?

Оны ел шешеді. Шынымды айтайын, ұлттық спортқа жабысып қалғам жоқ, басқа жұмыстарым  да жетіп жатыр. Мақтанғаным емес, мен келгенге дейін Азия чемпионатын өткізсе, Қытайға мойындатса,  Әлем чемпионатын өткізсе  қайда қалды?  Қоңыраятын нәрсе – өмірінде көкпардың алаңын көрмеген, көкпардың иісі мұрнына бармайтын, күйіс қайтарған мен айыл тартқанды айыра алмайтын адаммен осы мәселе жайында әңгіме айтып, сөз қозғау - үлкен әділетсіздік. Жасөспірім команда бар ма, қандай команда бар – осыдан да хабары жоқ. Сол айтып отырған адамнан құрама команданың бір көкпаршысының атын ата десең, білмейді.  Көкпарға да, ұлттық спортқа да жаны ашып отырған ештемесі жоқ.  

Айқай-шудың шығып кетуіне бірден-бір себепкер – қазақтар атсыз барыпты деген әңгіме.

Ол былай: қарсы алушы жақ атпен толығымен қамтамасыз етеді. Біз де сөйткенбіз. Бізге келдердің бәріне ат бердік. Әлем чемпионатында да бердік. Өзінің атын әкелем десе, әкеле қойсын. Әкелмеген жағдайда қарсы алушы жақтың атпен қамтамасыз етуі – міндет.

Жалпы, Азияда қырғыз ағайындардай ат баптайтын ел бар деп айта алмаймын. Көкпарға келгенде қырғыздардың ат баптауы өте жоғары. Бұл жерде тағы бір алып-қашпа сөз бар: «ойбай, жаман атын беріпті». Жоқ. Ол жерде келісесіз, таңдайсыз. Жасыратыны жоқ, жалға алғанымызды төлейміз. Екінші нәрсе, ауыр сөз - «өзбек ағайындардан жеңілдік» деген. Қазақша төтесімен айтайын, көкпар тартатын өзбектер сол қоңыраттың, қаңлының, шанышқылының, қыпшақтың жігіттері. Төлқұжатында өзбек дегенімен, руын сұрасаң бәрі қазақ руын атайды.  

Испанияның корридасын бүкіл әлем, былайша айтқанда,  жақтырмайды. Өйткені ол жерде қан шығады, мал өледі, тіпті адамдар да қатты зардап шегеді. Бірақ соған қарамастан, испандықтар оны үлкен бизнеске айналдырды.  Испанияның корридасын әлем біледі, оған тізіліп тұрып, жақтырмаса да, ақша салып алыстан барады. Ал енді біз көкпарымызды сондай әлемдік деңгейге көтеруіміз үшін не істеуіміз керек? «Біздің көкпар» деп айта аламыз ба? Әлде ол қырғыздың көкпары ма?

Менің нақты ұстанымым бар. Көкпар – тәжік, ауған, қазақ, өзбек, қырғыз, моңғол, басқанікі де емес! Көкпар - Азиядағы бірқатар халықтарға ортақ ойын! Осы мәселеге келгенде көрпені өзіңе тартудың қажеті жоқ. Бірақ қазіргі жағдайда көкпардан әлем чемпионаты өтті. Бұны мен көрпені өзіме тартып, эгоистікпен айтып отырған жоқпын. Қазір Халықаралық көкпар федерациясының штаб-пәтері Астана болған соң, көкпар деп аталып отыр.

Дегенмен «Кокборі» деп қырғыздар өзіне тіркеттірді. Енді Ұлттық ойындар федерациясының құрамына кіретін бірнеше -  жамбы ату, теңге ілу және т.б. ойындар бар. Біз де өзімізге қандай да бір ұлттық ойынды патенттеп алуға бола ма?

Патент деген неде? Мысалы кейбіреулер «ойбай, қымызды патенттеп алыпты» дейді. Қазақ қымыздан қағылып қалды ма? Әлде жаппай бүкіл Бавария мен Ганновер қымыз ішіп кетті ме? Бұл да бір құлдық санада қалыптасып қалған - ресми құжатқа түскен екен, біз айырылып қалдық деген нәрсе. Қазақты қымыздан ешкім айыра алмайды. Аударыспақты қырғыздар «аудорыш» дейді, бізде – аударыспақ. Олар «кокборі» десе, біз «көкпар» дейміз. Бұл принципі ортақ ойын. Ол  тек қазақтікі болсын, басқаларда болмасын дегенге мен қарсымын. Бәрібір көкпардағы әлемнің тізгінін ұстап отырған – Қазақстан.

Ал елдің бәрінің көкейіндегі тұрғаны – қаржы мәселесі. Әнеу күні "200 миллион доллар бөлінді" деп жазды.  Осы уақытқа жейін, міне,  200 миллион теңге бөлінді. Доллар емес – теңге! Ана жолы 25 спортшы әр елден келді. Мысалы, Румыниядан, Оңтүстік Африкадан. Ол жерден атқа мініп келген жоқ қой! Ұшақпен келіп, кетті. Соның бәрін мемлекет бөлген 200 миллионға өткізіп жатырмыз. 200 млн. доллар қайда, 200 млн. теңге қайда?! Адам жала жапқанда, өтірік айтқанда қисынына қарайды ғой. «Өтірікке сенбеймін, қисынына сенемін» деген бар. Сосын. Ұлттық спорт ақшаның күшімен емес, жігіттердің таза бастамасымен жүргізіліп жатыр. Ұлттық спортқа деген, атқа деген құмарлығымен, махаббатымен жүргізіліп жатыр.  

Көкпар неге кенже қалды? Бұл сұрақтың жауабын толығырақ Аптап бағдарламасының шығарылымынан тамашалаңыз. Ақпараттың таразысы «Аптап» сараптау бағдарламасын әр жексенбіде сағат 20:00-де КТК арнасынан қараңыз.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.