{metadescription}
24 - 30 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамал

24 - 30 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамал

Осы аптада не нәрсе басты назарда болуы тиіс? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 24 - 30 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз. 

24 - 30 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамал.

Тоқтылар осы аптада ұйымдастыру мәселесін жолға қояды. Кәсіби деңгейіңізді нығайтуға, алға қарай жылжуға жақсы мүмкіндік бар. Жеке белсенділік артады. Осы патада белсенділік пен шеберлік танытасыз. Туыстарымен қарым-қатынас, әсіресе, некедегі адамыңызбен байланыс нығайтылады. Бойдақ тоқтылар отбасын құру идеясы туралы, бала туралы ойланатын болады. Бұл күндері мадақ сөздер естисіз. Дегенмен жоспарланған оқиғалардың барысын ылғи болжап отыру қиын болмақ. Бірақ әрдайым қажетті тәжірибе алу үшін маңызды сәттер болады. Көп уақытты оқуға, өмірге жасырын тұстарды білуге ​​арнайсыз.  Адамдармен байланыс сіздің ішкі дамуыңыздың маңызды нүктесі болады. Интеллектуалды кездесулер тартады.  Үнемділік бірінші орында тұр. Айналаңыздағы адамдар сіздің күшіңізді сезіп, қабылдайды, шарттарыңызға келіседі. Осы кезеңде  тартымды боласыз. Сапар күтілуде. 

Торпақтар жұмыс орындарын өзгертуді, ал кейбіреулері тіпті мамандығын ауыстырығысы келеді. Достармен қарым-қатынасыңыз нашарлауы мүмкін. Өз мінезіңізді қайта қарауыңыз қажет, әйтпесе жалғыз қаласыз. Айналаңызда түсініксіз жәйттар орын алады. Жоспарланған кездесу болмауы мүмкін, келіссөздер сәтсіз өтеді. Ескі достардан сенімсіздік болады. Алайда, тұтастай алғанда, жағдай сіз үшін қауіпті емес, бірақ ойлануға және өте сақтықпен әрекет етуге мүмкіндік береді. Жұмыста материалдық мәселеге қатысты сіз күтпеген проблема тууы мүмкін. Қайтарылмаған ақшаны есіңізге салады. Мәдени және сауықтыру жобасымен айналысатындарда қиындықтар туындайды. Апта серіктестіктердің, отбасылық және іскерлік ықпалдың артуымен ерекше. Бұл апта белсенді байланыстарға толы. Ол қиын жағдайда жүрсе де, сіз үшін қолайлы болмақ. Өмірге деген шығармашылық көзқарас сізді бұрын болмағандай табысқа әкеледі. Үйіңізде, жұмыс орнында өнерпаздығыңыздың және еңбекқорлығыңыздың арқасында сапалы өзгерістер орын алады. Көпшілік сіздің бастамаңызды пайдаланғысы келеді. Жиі кеңес пен қолдау көрсету үшін, әсіресе қарсы жынысты адамдарға жүгінуге болады. 

Егіздер күрделі, оқиғалы кезеңге нндіңіз. Эмоциялар логикадан басым болады. Басқа адамдарға әсер ету дәрежесі бірдей емес. Ақыл-кеңестерге мән бермейсіз,  жағымпаздардың «ақылына» құлақ түресіз. Осы кезеңде қиындық көп, бірақ тағдыр сіздің құтқарып қалады. Табысты келіссөздер болып, беделді адамның қолдауы мүмкін. Оқиға ағыны  бизнестің жағдайын белгілейді. Жиі жауапкершілікті өз қолыңызға алуға тура келеді. Бұл жұмыс пен отбасылық қатынастарға да қатысты. Өткендегі көп нәрсені ұмытасыз.  Танымал адамдардың бизнес-ұсыныстары күтілуде. Амбиция деңгейі тым жоғары. Көрпені өзіңізге тартып, қиын жағдайға дайын боласыз. Жеке өмірде қарсы жынысты адамға тартымды боласыз. Бірақ айналаңызда көбінесе күмәнді дадамдар жүреді. Бұл аптада жол жүруден бас тартқан жөн.  

Шаяндар тұрғын үй, қызмет, билік және жеке жетістіктер мәселесін шешеді. Сіздің тынышсыз қасиетіңіз айналаңызға өзгеріс әкеледі. Жаңа спорттық іс-шаралар, белсенді демалыстарға шынайы қызығушылық танытып, білек сыбана кірісесіз.  Материалдық мәселемен айналысу қажеттігі туады. Көптеген шаяндар жинақтаумен айналысады. Байытуға, тиімді инвестицияларға және әртүрлі сатып алуға көптеген мүмкіндіктер болады. Тұрмыстық керек-жарақтарды сатып алып, шкафты жаңартып, өміріңізді әлдеқайда ыңғайлы әрі жағымды етесіз. Көңіл күйіңіз құбылмалы болады.  Жалпы, эмоциялар логикадан басым. Өзіңді ғана емес, жақын адамыңды да қуантқың келеді. Бұған өкінбейсің.  Бұл апта коллекция жинайтын шаяндар үшін сәтті. Коллекцияларыңыз құнды экспонаттармен және қымбат заттармен толтырылады. Бұл күндері  жұмыста, достар арасында, үйде басты назарда боласыз. Бұл түсінікті де. Бір жағынан, сіздің тағдырыңызға әсер ететін ай туды. Ал екінші жағынан, бүгінгі күні өзге адамдардың тағдырына ықпал ажасай аласыз.  

Арыстандар жақындары мен достарына тиісті қамқорлық көрсетуі керек. Жағдай сізге белгілі бір мінез-құлық тәртібін белгілейді және сіз оған қарсы болмайсыз.  Әсіресе басшыларда жеке жауапкершілік артады.  Аймақтық және тұрмыстық қиындықтармен байланысты басталған қиын жобаны аяқтау керек. Сізге тәжірибелі көмекші қажет. Жетістікке қол жеткізу шешімдерді әріптестер тарапынан қабылдаған жөн. Бюрократтар және айналасына сенбейтіндерде қиындық туып, зардап шегуі мүмкін. Таныс адамыңызбен қатынас орнатады. Сіз наразылықтар мен шағым айтасыз. Бірақ, қақтығыстың жағдайына қарамастан, бір-біріне деген қажеттілік туады. Егде жастағы адамдармен қарым-қатынаста түсінбеушілік пен салқын қабақ кезеңі келеді. Тап осы кезеңде тағдырыңызға әсер ететін адаммен уақытша ажырасасыз. Аптаның екінші жартысы қызықты таныстықтар мен деңгейіңізді жақсартуға мүмкіндік береді. Ақша жағы сәтсіздеу.

Бикештер маңызды сапарға шығуға дайындалып, оны жүзеге асырумен  айналысатын болады. Ең көп назар аударуды талап ететін әрекеттерге көңіл бөлесіз. Әрбір кішкене нәрсе назарға алынуы керек. Шын ниеттеріңді құпия сақтауға тура келеді. Және бұл толқынысқа әкеледі. Жақында тәжірибелі оқиғаларды түсіну үшін жалғыз отырып ойлануға бейімделесіз. Жылжымайтын мүліктің шарттық міндеттемелесі мазалайды. Қарыз өтеу немесе бірдеңе қайтару қажет. Жұлдыздар денсаулыққа көңіл аударуға кеңес береді. Созылмалы аурулар қайталануы мүмкін.  Қазір  кездейсоқ байланыс қауіпті. Отбасы барлар үшін қолайлы кезең. Эмоционалдық өсуді сезінесіз. Жақын туыстарымен сөйлесіп, үйіне бару сізге жақсы көңіл күй сыйлайды. Ауыр жұмыс істеп ақша табасыз. Жаңа таныс, қарыс-қатынас күтілуде.

Таразылар қаржы, мүлік, сәнді заттар мен көне заттарға қатысты мәселелерде табысқа жете алады. Банк қызметкерлері, мұражайлар, ломбардтар, қымбат дүкендер, зергерлік бұйымдар мен антиквариатта табыс күтіледі. Шығармашылық мамандықтардың өкілдерінде де барынша жақсы болады. Бірақ қайта сату, делдалдықпен айналысатындар материалдық шығын болуы мүмкін. Ұрлық пен сапасыз зат сатып алудан сақтаныңыз. Несие алу да қауіпті. Ұнатпайтын адам достар қатарына кіреді. Мүдделі емес адамдарға көңіл бөлуге тырыспаңыз. Мүмкін, сізбен бұрын таныс болған адам сеніміңізге кіргісі келеді. Араласпай, қажетсіз адамдармен байланысты үзуге ұмтыласыз. Қажетті ақпарат, білім алу жолдарын іздейсіз. Үйренуге деген ұмтылыс дәстүрлі түрде жүзеге асырылады. Өө дағдыларыңызбен алған тәжірибеңізді мақтан тұтасыз. Сіз білетін адамның материалдық жетістігі, сізді таң қалдырады және күмән тудырады. Табиғатта демалу энергияңызды арттырады.

Сарышаяндар бәсекелестікке бейім болады. Өз мүддесін қорғайтын болсаңыз,  батыл әрі қатал болуға тура келеді. Тағы бір адамның көзқарасы сізді тітіркендіріп, келіспеушілікті күшейтеді. Жанжалдан қашудың ең жақсы жолы - іс-әрекетте дипломатия мен даналық таныту. Әр шешім туралы ойлануға тырысыңыз. Ақша аз да болса, түседі. Жақын туыстардан сыйлық алу мүмкін емес. Дегенмен, сіз өзіңізге сыйлық жасайсыз. Өзіңіз де сыйлық жасайсыз. Қарым-қатынас шеңбері айтарлықтай өзгереді.  Болашақта рөлі үлкен адаммен танысасыз. Бұрын ойлаған өзгерістерді көресіз. Бұл сіздің тағдырыңызға сапалы түрде айналады. Жеке қасиеттеріңізді таныту үшін творчестволық бастамаларыңызды жүзеге асыру көздерін іздейсіз. Кәсіби жағынан бәсекелестерден қорықпаңыз, себебі сіздің қабілеттеріңіз бен әрекеттеріңіз әлдеқайда жоғары. Мүліктік проблемаларды шешу қиын болса да, жемісін береді. Әсіресе әйелдер мен балалардың жеке тартымдылығы, әсемдігі,  елеулі болады. Ұзақ сапар жасайсыз.

Мергендер қызғаншақ танысыңыздан сақ болыңыз. Беделіңіз соңғы кезде жасаған әрекеттеріңізден зардап шегуі мүмкін. Бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста қиындықтар туады. Бейтаныс адамнан күтпеген соққы ала аласыз. Жебеп жүрген адамыңыз күмән тудырады. Жоспарларыңызды тек ең сенімді серіктестерге тапсырыңыз.  Туыстармен, әсіресе ересек туыспен қарым-қатынас жақсарады. Тұрғын үй проблемаларын бірлесіп шешу, оның ішінде құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілуі мүмкін.  Осы аптадан бастап кәсіби өсуіңіз үшін қолайлы кезең басталады. Көпшілік өздерінің жұмыс орнын, тіпті қызмет түрін өзгерту мүмкіндігіне ие болады. Делдалдардың рөлі жоғары, оның ішінде сіздің ортаңызда.Дауыстап уақсыз айтылған сөзіңіз белгілі адамдар тобы тарапынан сіздің беделіңізге көлеңке түсіреді. Денсаулығыңызды ұмытпаңыз! Көп адаммен араласып, көп жүресіз. Кездейсоқ кездесу жақсылық әкелмейді. Елеулі зат сатып аласыз.

Тауешкілер бір жерде отыра алмайды. Тағы да маңызды мәселелер мен ұсақ-түйек тіршіліктен бас тарта алмайсыз. Барлық жағдайларда үнемі бақылауда ұстау керек, әйтпесе ұйқыңыз бұзылады. Тұрмыста істер жақсы жүреді, басқаларына қараағанда.  Бірінші орынға өсек-аяң мен қарыс-қатынастағы қиындықтар шығып тұр. Өзіңізді жұмбақ қып көрсетуге тырысасыз. Сіздің артыңызда таққа жайғасуға қатысты шиеленістер тұр. Шайқас күтілуде. Бірақ сіздің қолыңызда күш жоқ.  Тіпті жұмыстан шығып, қызмет орныңызды тастап кетуіңіз де мүмкін. Бұл погон тағатындар мен білім беру саласында істейдіндерге қатысты. Құжаттарға қол қойылады. Айналаңыздағы ұнамсыз бәсекелестік орнайды. Шетелдіктермен іскерлік байланыс өте табысты болады.

Суқұйғыштар бұрынғы жоспарын ақыры жүзеге асырады. Бірақ толығымен емес. Басшыңыз сіздің келісіміңізді алады. Сонымен қатар шығармашылық өзгерістер жасауға, әрекет етуге дайын боласыз. Айтқан сөздеріңіздің бәрі жағдайға сай келіп тұрады.  Жаңа әріптеспен ынтымақтастық орнайды. Серіктестеріңіздің шарттарын қабылдау қажеттілігі туады. Келіссөздер жүргізіп, сендіресіз. Міндеттемелер халықпен қарым-қатынаста үлкен рөл атқарады. Ақшалай инвестициялардан аулақ болыңыз. Бұл материалдық жоспарда, әсіресе ер адамдар үшін күрделі кезең. Әйелдер өз мүдделері мен әрекеттерін өзгерте алады. Егде жастағы туыспен байланыс жаңартылады. Сіздің жолыңызда заң өкілдерімен қарым-қатынас қажет. Қуанышты эхабар аласыз. Жеке өміріңізде бәлендей өзгеріс жоқ.

Балықтар қарым-қатынас дағдарысы орнайды. Бұрынғы сенім бұзылады. Ескі қарым-қатынастарды жаңаша көзқараспен қарап, пайымдайсыз. Басшылар қол астындағылармен жанжалға түседі. Наразылығыңызды туыс пен көршілер де естиді. Сізге жала жауып, сыртыңыздан небір өсек айтады. Ақшаңыз болса да, көп шашасыз, көп заттар сатып аласыз. Техника, электроникадан абай болыңыз. Жеке өміріңізде өз дегеніңізді істеуге тырысасыз, ешкімді тыңдамайсыз. Оқиға күрт өзгеруі мүмкін. Кейбіреуді келіспеушілік, қатынастың салқындауы күтіп тұр. Сонымен қатар, қызмет романы бастан өтеді, бірақ келешекте одан зардап шегіп қалуыңыз ықтимал. Сапар шегуіңіз мүмкін. Көп ақпарат аласыз. Өзіңіз де ақпарат көзі боласыз. Жоспарланбаған кездесулер күтілуде.   

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: 2018 жылға жұлдыз жорамал – Қиыр Шығыс астрологтарының академиясы

Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол

Кеше

15 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде