{metadescription}
Қазақстан дамымай қалған ел деген пікірде едім...

Қазақстан дамымай қалған ел деген пікірде едім...

Қазақстандықтардың шетелге барғанда алған әсері бізді елең еткізбейтін болған. Әлеуметтік желілерге салған фотосуреттері үйреншікті үрдіске айналды. Ал Қазақстан еліне тұңғыш рет ат басын тіреген шетелдіктің біздің ел туралы қандай ой түйгені әрдайым қызықты. Солай емес пе? Ендеше қазақ еліне алғаш рет саяхаттап келген прагалық 22 жастағы студент Хонза Фрибаның Алматы туралы әңгімесіне құлақ түрсек.

Саяхатым айыппұл төлеуден басталды

«Прага қаласының университетінде менімен бірге қазақстандық  Әйгерім есімді қыз оқиды. Ол әрдайым өз елін үлкен мақтанышпен айтады. Әсіресе Алматы қаласын жердің жұмағындай суреттейді. Әйгерімнің әңгімесіне елітіп, қазақ елін көргім келді. Жазғы каникулға шыға салысымен Алматыға аттандым. Шынымды айтсам, Қазақстан дамымай қалған ел деп ойлаған болатынмын. Жабайы елге саяхат шегемін деп бекіндім. Ұшақ Алматыға қонған соң, әуежайдан шыға сала шылым шеккенім үшін айыппұл салды. Бұл менің ең алғаш алған  әсерім болды. Сосын айналамдағы жылы шырайлы адамдар менің шетелдік екенімді білгенде таксиді қай жерден ұстап, қайда қалай бару керектігін асықпай түсіндіріп берді. Сөйтіп саяхатым айыппұл төлеуден басталып кетті».

«Расында да, кәдімгідей соңғы үлгімен салынған биік ғимараттар, сәнді киінген алматылықтар, небір ұлттық мейрамханаларды көріп таң қалдым. Табиғаты қандай тамаша! Заманауи биік кеңселердің ар жағынан төбесін әппақ қар басқан биік шыңдар көркем суреттей. Тау, жасыл ағаштар!»

 Таңқалдырған дүниелер

«Қазақстанда Чехия мейрамханалары бар екені және онда чех сырасын дайындайтыны таң қалдырды. Дүкен сөрелерінен өз елімнің сырасын көріп мәз болдым».

«Көк базарды Түркияның базарына ұқсаттым, бірақ мұнда маған таңсық   кептірілген жемістердің дәмін татып көріп, фотоға түсіруге мүмкіндік алдым. Таң қалдырғаны – еттің молдығы және күні бойы ілініп тұрған ет қалай бұзылып кетпейді? Мал таңертең сойылып, кешке дейін сатылып кететіні тіпті таң қалдырды. Қазақтар ет жегеннен әлемде екінші орында деп айтты. «Ал бірінші орында кім?» деген сұрағыма: «Бірінші орында – қасқырлар» дегені ішегімді қатырды».

«Шарын шатқалында бір жеңіл көлік бұзылып тұрып қалды. Сондағы демалушылар әлгі көлікті итерісіп, жабылып жүріп жүргізіп берді. Мені осы жәйт тамсандырды. Қазақстандықтар жағымсыз оқиғаға тап болған адамға көмекке келуге даяр тұрады екен. Және тұра ұмтылып , еш ақы алмай, жабылып көмектесу бұл елдің адамдарына үйреншікті нәрсе екенін білдім».

 

«Саяхатшыны үйіне қонаққа шақырып, дастарқан жаю да Қазақстанның дәстүрі екен. Мен қазақ әжесін көргім келген. Әйгерім әжесінің үйіне қонаққа шақырып, лағман тағамын ұсынды. Өте дәмді! Чехияда мұндай күрделі асты әйелдер үйінде дайындамайды».   

 «Көшеде неліктен джип көлігі көп? Таулы жер болғандықтан шығар... Көлігі бар адамның бәрі такси қызметін атқара береді екен.  Бастапқыда қауіптеніп, такси ұстауға жүрексініп, сосын үйреніп кеттім».

 Тамсандырған дүниелер

«Қазақстанның шайы, шай ішу дәстүрі ұнады.  Бұндай дәмді шайды ешқандай елде ішпеппін. Қай жерде болмасын бәрі шай ішеді, ішкенде көп, жиі ішеді екен».

«Алматының барлық көзтартар көрікті жерлерін көрдім. Қаланы аралап қана қоймай, музейлерден қызықты ақпараттар алдым. Шаһардың тарихи мекендерін өз көзіммен көріп, танымдық әсер алып, бейтаныс жерлердің қыр-сырын білдім. Мешіттен эстетикалық ләззат алып, шіркеуге кіргенде қатты толқыдым... көзіме жас үйірілді...Синагога да қатты ұнады. Жалпы,  Қазақстан елі толерантты ел екен».

«Мен тоқтаған қонақ үйдің терезесінен Алматының табиғатын  Швейцариямен теңедім. Алматы қаласы сұлу қала дер едім. Бір ауыз сөзбен айтып жеткізу қиын, дегенмен Алматыны мен табиғаты жабайы да көрікті, жылы, берекелі дер едім».

«Алматының көпке танымал Медеу, Шымбұлақ сияқты көрікті жерлерімен шектеліп қалмау керек. Бұл қаланың бай дәстүрі мен тағылымды тарихы бар екеніне көзім жетті. Өзіме бұрын бейтаныс болған жаңа әлем аштым. Алматыда екі аптада талай жерді көріп тамашаладым. Бірақ бұл уақыт маған аз болды. Енді шаһардың қысын көргім келеді. Қазақ еліне тағы да келуге ниеттімін». 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ОЛҚЫЛЫҚТАР
ШЕР АҒАНЫҢ ШЕКСІЗ ШЕРІ...
ҚАЛАДА ӨСКЕН МИНИСТРЛІКТЕГІ ШЕНЕУНІК АУЫЛДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ БІЛМЕЙДІ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕРРОРИСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПОРТРЕТІ
СЕНДЕЛІП БОСҚА ЖҮРГЕН ҚҰЛЫҚСЫЗ ЖАСТАР
ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР: АЛЬЦГЕЙМЕР АУРУЫНА ТЕСТІЛЕУ
БЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН: МЕНІ БІРЕУЛЕР НЕ ӨТЕ ЖАҚСЫ КӨРЕДІ, НЕ ЖЕК КӨРЕДІ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.