{metadescription}
15-21 қазанға арналған жұлдыз-жорамал

15-21 қазанға арналған жұлдыз-жорамал

Жұлдыздарға құлақ түрсек. Осы апта сізді не күтіп тұр? Қандай қауіп-қатерден абай болу керек, нені  басты назарда ұстау қажет? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 15-21  қазанға арналған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.

Тоқтылар бұл аптада өз күш-жігерін дұрыс жоспарлайды, яғни бекерге жұмсамайды. Жұмыстар бұрынғыдай көп болғанымен, барлық мағынада жақсы болжам тудырады, оптимистік көзқарас тудырады. Қаржылық жағдайыңыз жақсарады деп күтілуде. Осы аптада туысыңыздан жағымды хабар аласыз. Күткеніңіз ақталады. Танымдық деңгейіңізді арттырасыз. Кез келген оқу, білім өз нәтижесін береді, яғни жемісті болады. Бос уақыт текке өтпейді. Өзіңізге қызықты адамдармен кездесесіз. Жеке өмір айқындала түседі. Бәрі ойдағыдай. Бұл сізге сабырлық сыйлайды.

Торпақтар айналасындағы адамдардың пікіріне абайлап қарайтын болады. Өзгеге деген сенім азаяды. Бұған себептер де бар. Өткен аптада болған оқиғада әріптестер, жұмыс беруші, іскер серіктестеріңіз сізді жөн-жосықсыз айыптаған. Бұл жағдайларды асықпай әңгімелесіп отырып шешесіз. Өмірдің әр саласындағы жетістік сіздің көзқарасыңызды дұрыстап дәлелдеумен келеді. Ақшадан аздап қысыласыз. Бұл аптада қажетсіз заттарды сатып алуыңыз мүмкін. Ал тұрмыстағы ахуал жағымды әсер қалдырады. Бұл аптада үйіңізде, жұмыс орныңызда, қарым-қатынаста керексіз заттар мен адамнан құтылуға арналады. Өзіңізге көңіл аудартыңыз, жағымсыз әдеттен, артық салмақтан арылыңыз. Кіші жастағы туысыңызбен қарым-қатынасыңыз жақсарады. Бірге қыдырып, серуендегеннен жағымды әсер аласыз. 

Егіздер бұл аптада өзіне бейтаныс дүниемен айналысады. Өзгенің үлгілі ісі сізге шабыт береді. Бұл аптада сіздің мүмкіндігіңіз шегінен шығады.  Арманға бой аласыз, жоспар құрасыз, бірақ ол қазіргі ахуалға сай келмейді. Көптеген Егіздер құжат рәсімдеп, ресми қағаздар алады. Қол қою мен мөр маңызды рөл атқармақ. Белгілі мақсатпен қысқа жол сапары күтілуде. Беделді адаммен кездесуге асығасыз. Ол маңызды шара болмақ. Жақындарыңызбен араңызда түсінбестік тууы мүмкін. Ол балаға немесе өзіңізге тәуелді адамға қатысты. Күрделі келіссөз өтіп, онда шұғыл шешім қабылдауыңыз мүмкін. Жеке өмірде қасыңыздағы адамнан шаршап, жалығасыз, өзіңізге ерекше көңіл бөлгенін қалайтын боласыз. 

Шаяндар көтеріңкі көңіл күйінің және жақындарының қолдауының арқасында күйзелістен шығады.  Басыңыздан өтіп жатқан дүниеге бұрынғыдай қайғырмайсыз. Бәріне философилық тұрғыда қарап, ес жинап, өзіңізге келесіз. Айналаңыздағы жағдайлар ақырындап жақсылыққа бетін бұрады. Берекелік нышаны туады. Көптеген Шаяндар жұмысына ден қояды. Біліктілігін арттырады. Кейде күйбің тірліктен жалығатын кездер болады, білімім жеткіліксіз деген ой да туады.  Алайда өзгелер сіздің тәжірибеңізге арқа сүйейді. Бұрынғы одақтастардан жаңа жұмыс туралы пайдалы ұсыныс түседі. Жақсы лебіздер, алғыстар, марапат күтілуде. Күшіңізді дұрыс жұмсауға тырысасыз. Не істесеңіз де ол біреуге деген қолдау, көмекке арналады. Істеген істеріңіздің бәрі жұрт назарында болады. Жеке өмірде аздаған шаршаңқылық, зерігушілік бар.

Арыстандар мойнына ауыр жүк артады. Жанына жайлы жағдайдан уақытша ды. Көбісі бұны жоспарлаған жұмысымен, кедергілерді жоюмен, белгілі бір табиғат құбылысымен күресумен болады. Сапарға шығып қалуы ықтимал. Сонымен қатар қонаққа бару, маңызды шараға қатысу күтілуде.  Қаржылық жағдай күрделірек. Көптеген Арыстан туыстарына, серіктестеріне тәуелді. Бұл апта алдыңғы күндердің жоспарларын, міндеттерін орындаумен өткізеді.  Жұмыста белсенділік төмендейді. Тәжірибелі, мықты серіктестермен бірге жұмыс істеуге мүдделі болады. Әйел адамнан келген ақпарат жеке өмірде маңызды қадамға баруға итермелейді. Жасырын істер мен құпиялылықтан құтыла алмайды.  

Бикештер үшін бұл апта уайым мен күдіктерге толы. Таусылмайтын тұрақсыздық қынжылтады. Соны бақылай алмай, күйзеледі. Көптеген Бикештер өткен аптадағы оқиғаны тағы да басынан өткереді.  Денсаулығы сыр беруі мүмкін. Дәрігердің кеңесін бұлжытпай орындауға тура келеді.  Отбасындағы жасы кіші біреуге ерекше көңіл бөледі. Біреудің қалауымен қосымша міндеттемелер жүктеледі.  Бұл кезеңде жоспарынан бас тартып, біреудің мүддесі үшін жұмыс істейді. Танымал адаммен келіссөз маңызды болмақ. Маңызды нәрселер: алыс сапар, ажырасу, жалғыздық күй. Жұмыста да ахуал қиынырақ. Күн тәртібінде өзгерістер күтілуде. Кадрлық саясатпен айналысады. Белгілі бір әріптеспен қатынасы үзіледі. Ресми құжат дайындап, бір дүниені заңдастырады. Қаржы жағы ойдағыдай.

Таразылар маңызы бар бір адамға өзінің қызығушылығын көрсетуі керек. Кәсіби және біліктілік қарым-қатынастағы негізгі қағида – сабырлылық пен салқынқандылық. Жақын арадағы жоспарында аздаған өзгеріс бар. Бұрын аяғы баспаған жерге аттанады. Бір топ мүдделі адамдармен кездесіп, қиын да, күрделі келіссөз күтілуде. Келешектегі тірлігіне қатысты шарт қойылады. Сондай-ақ шетелдік адамнан тиімді ұсыныс түседі. Өз пайдасына жарамды қысқа сапарлар күтілуде. Айналасындағы адамдардан, тіпті туыстарынан көп нәрсені жасыратын болады. Ол қаржылық мәселеге қатысты болуы мүмкін. Жеке өмірде қасындағы адамға сенімі оның ақылына қатысты реттеледі. 

Сарышаяндар көздеген мақсатына жету үшін өзімен-өзі күресіп, соған көп уақытын жұмсайды. Көбінесе ол еш жаңалығы жоқ дүниемен байланысты болмақ: артық салмақ, диалог жүргізу. Әлдебіреулер денесіне тату салып немесе шашын өзгеше қиып, бояп, өзіне көңіл аударта алады. Бұл аптадағы жетістік  - өзгелерге көрсету үшін емес, өзінің ішкі тұтынысына қажет болмақ. Бағындырған шыңның үстінде тұрғандай сезіну өте маңызды. Өзгелер сізді ерігіп жүр деп ойлауы мүмкін...  Алайда бұл дүниеде өз орныңның артықшылығын түсіндіретін, көзге көрінбейтін үрдіс - сіз үшін құр дүние емес. Тек материалдық жағынан тұрақты болғанда ғана кәсіби сала құнды болмақ. Әйтпесе жаңа тиімді жағдай алыс емес. Сапарға шығу, тұрғылықты мекенді ауыстыру сияқты әңгіме шаттандырады. Тап осындай романтикалық  көңіл шығармашылық сезімге жетелейді.  Сіз  міндетті түрде ғашық боласыз. Бірақ ол ұзаққа созылар ма...

Мергендер өзінің ішкі ойын айналасындағыларға аша бермегені жөн.  Өйткені ол өзгенің қолымен өзіне қарсы қоюы мүмкін. Бұл аптада өз ұстанымыңызды, денсаулығыңызды және өз басыңыздың қарекетін алдыңғы қатарға қоясыз.  Өзіңізді ұнатсаңыз, онда сәттілік сіздің уысыңызда болады. Жұмыста жаңа жағдайға икемделесіз. Айналаңызда жаңа әріптестер пайда болады. Сенімді досыңыздың пікіріне жүгінесіз. Мүлік пен туысыңызға қатысты мәселеде шешім шығаруға мәжбүр боласыз. Құжат тексересіз, өткенде әңгіме тудырған оқиғаны зерттейсіз. Ақша мәселесі таң қалдырмайды. Серіктесіңіздің қаржылық істерін жақсы жүргізетініне сеніңіз. Сезіміңіз парасатқа жүгінеді. Сіз жағдайды уысыңыздан шығармай ұстайсыз. 

Тауешкілер өз жоспарынан қол тартуға асықпайды. Қазір ақиқатқа көз жеткізетін кезең емес, дегенмен өз дегеніңізді дәлелдеу үшін барыңызды саласыз. Материалдық жағдайды түзетуге бұл аптада біраз мүмкіншіліктер бар. Ірі мүлік пен ірі зат сату-сатып алу мәселесі шешілуі мүмкін. Ол үшін сіздің белседілігіңіз қажет. Осы апта жинақтау мен сақтауға арналған. Ол материалдық құндылық болғаны жөн. Бірақ жұлдыздар жинақтау минуспен болуы мүмкін деп болжайды.  Мысалы, артық салмақ,  қалжырау, керексіз заттар, жаман әдеттер. Өткенде зардап шектірген бір адам пайда болады. Өз мүддеңізді қорғауға асығыңыз. Сапарға шықсаңыз, ұсақ-түйек келеңсіз оқиғадан аулақ жүріңіз. Жұмыста бәрі орынша. Ешқандай өзгерістің қажеті жоқ.

Суқұйғыштар еш қиялға берілмейді, ешкімге сенбейді. Ішкі түйсігіңізбен бәрін сезіп-білуіңіз мүдделі адамдардың ықпалынан қорғап қалады. Тек өз күшіңізге сеніңіз, сонда мінез-құлқыңызды жеке пайдаға өзгертіп отырасыз.  Ақшаға мұқтаждық күтілуде. Бұл аптада шығын көп. Дегенмен күтпеген жағдайдан аман қаласыз. Одақтастарыңыздың іс-әрекетінің арқасында мүлік бағытындағы маңызды мәселе шешіледі. Ресми құжаттарды алу немесе рәсімдеуге көп уақыт кетеді. Сондай-ақ нақты мақсатпен сапарға шығу күтілуде. Бұрынғы досыңыз көмекке келеді. Бұл аптада қарым-қатынас, сезім, құндылықтар сынаққа түседі. Жалған дүниеден сақ болыңыз. Ол сізді алдап, адастыруы мүмкін. Жасы кіші адамнан абай болыңыз. 

Балықтар туыстары, өмір салты, отбасына қатысты маңызды мәселені аяқтауға жақын. Келіссөз жүргізгенде әуреге түсесіз. Ортақ мәмілеге келу де қиын болмақ. Сіздің қалағаныңызды жасамайды. Қатты ашуланып, бақылаудан айырылып қалуыңыз мүмкін. Бұл өз кезегінде сөзден жаңылып, артық кетуге түрткі болады. Айналаңыздағы адамдарға сіздің сөзіңіз қатты әсер етуі мүмкін. Жанжал, ұрыс-керіс те болуы мүмкін. Жақын досыңыздың әрекетіне қатысты құпия ашылады. Жалпы бұл аптада қараңғыдағылар жарыққа шығып, көп нәрсеге көзіңіз жетіп, құпиялар ашылады. Ерекше күй кешесіз. Жұмыста бәрі орынша. Бір әріптесіңіз көмек сұрайды. Туыстырыңыз немесе досыңыздың өтінішімен жолға шығасыз. Бір адамды шығарып саласыз.  

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: 2018 жылға жұлдыз жорамал – Қиыр Шығыс астрологтарының академиясы

Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол

«Кел, келінім» бағдарламасы қоғамға қаншалықты қажет?

Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде