{metadescription}
Жұмысқа орналасудың 7 жолы

Жұмысқа орналасудың 7 жолы

Еңбекқорлығың мен талабың болса ғана жұмыс таба аласың дейді. Олай болса, неге миллиондаған адам жұмыссыз?

Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен күн көремін деген ойдан арыл. Өз мамандығың бойынша жұмыс таба алмай жүрсең, қапа болма! Дегенмен бос сенделіп жүре бермей, қол қусырып отырма! Ешкімді де сенің жұмыссыз күйің қызықтырмайды және ешкім де саған жұмыс тауып бермейді. Өз наныңды өзің тап! Егер өз мамандығың бойынша жұмыс таба алмасаң, қабілетіңе сай қосымша үйірмелерге, курстарға қатыс.

Әлеуметтік желілердің бір жақсысы - жұмыс іздеу мүмкіндігі. Қандай өнерге, жұмысқа, іске қабілетің бар? Уақытша болсын нәпақа табудың лайықты жолын ізде.  Егер менеджер ретінде жұмысқа орналасқың келсе, алдымен оның көмекшісі қызметін атқар.

Бұл қағида барлық салаларда іске асады. Әрекет етпесең, мақсатқа жетудің басқа жолы жоқ. Сондықтан, жоспар құрып, бүгіннен бастап қимылда.
Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ кез келген кәсіпті игеру үшін икемділік керек. Ол үшін бүлдіршін мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап-ақ қандай пәнге, не үйірмеге қызығушылығы барын ата-анасы ескерсе, бағыт-бағдар берсе. Ал жоғары сынып оқып жүргенде әр оқушы өзін қай сала қызықтыратынын, өзінің не нәрсеге қабілетті екенін біліп, соған ыңғайлап мамандық іздегені абзал. "Бәленпайдың баласы пәленпай жерде көп ақша тауып жүр, сен де соған бар", "бәленпай туысымыз бәленпайдың бастығы, соған айтып жұмысқа кіресің", "жалақысы мол қызметке орналастырайық" деген тамыр-таныстық заманы өткен. Жалақысына бола өзің ұнатпаған, жанына жақын емес мамандық иесі болуға асықпа. Ертең өкініп қалмайтындай, өз қабілетіңе сай мамандықты игеру үшін тағы да оқуға түсуге мәжбүр болып қалма. Адам тек сүйікті ісімен шұғылданданғанда ғана жетістікке жетеді. Істеген жұмысынан нәтиже шығарып, содан рахат алады.   
Мамандық дұрыс таңдалды. Оқу бітті, диплом қолыңда делік. Енді, сұқбаттасудан сүрінбей өтіп, жұмысқа тұрудың 7 тәсілі: 

1. Түйіндеме - сенің бет-әлпетің. Оны сауатты,  жүйелі толтыр.

2. Кездесу. Белгіленген уақыттан кешікпе! Жұмыс орның туралы толық ақпарат біл.

3. Сыртқы келбет. Жұмыс берушіге барардан бұрын алдын ала киіміңді әзірлеп қой. Танитын жерде бой сыйлы, танымайтын жерде тон сыйлы. Тым салтанатты немесе жұпыны киінген ерсі екенін ұмытпа.

4. Сұқбат. Жұмыс берушімен ашық, нақты сөйлес. Бірақ дөрекілік танытпа.  Сұрақты қысылмай қоя біл.

5. Жұмыс берушінің көзіне тура қараудан ысылма. Өзіңе сенімді екеніңді ол да көріп, көзі жетсін. Айтпақшы, статистика бойынша, ірі компаниялар жұмысқа қабылдағанда қызметкердің өз-өзіне деген сенімділігіне баса назар аударады екен.

6. Бағың жанып,  жұмысқа қабылдаса, келісімге қол қоймас бұрын келісім-шартты мұқият оқы. Ал қабылдамаған жағдайда салы суға кетпе. Еңсең түспесін. Бұл жай ғана сынақ. Лев Толстой «әрбір сүрінгеніңді бақытсыздық деп санама, мүмкін сенің ең бақытты сәтің сол жерден басталады» деген. Тәжірибе жинап, келесі кездесуге именбей бар.

7. Жоғарғы оқу орнын енді бітірген түлектің тәжірибесі, еңбек өтілі жоқ деп жұмысқа алмай жатады. Бұл заман талабы. Сондықтан оқу бітіріп, диплом алуды күтпей, ертерек әрекет еткен жөн.

Ең бастысы, бойыңда еңбек етуге деген құлшыныс, жігер, ынта, талап, табандылық болса, бағынбайтын белес жоқ! Тамшының өзі тас теседі.

Ал енді оқуды аяқтаған адамдарды толық жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуге бағытталған қандай жаңа тетіктер бар?

  • Оқу орталықтары мен оқу орындарына талап күшейтілді. Оқу орындарының тиісті материалдық-техникалық базасының болуы, дуальды оқыту элементтерін пайдалануы маңызды және оқуды бітірушілердің кемінде 60 пайызын жұмысқа орналастыруы керек.
  • Оқыту ұйымдарын сапалы құраммен қамтамасыз ету мақсатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы оқу орталықтары мен оқу орындарының реестрін қалыптастыратын болды.  
  • Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша оқытуды қамтамасыз ету мақсатында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылардың тізбесін кеңейту және бекіту көзделіп отыр.

  Статистика: 2018 жылдың тоғыз айында елімізде 327 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты. 

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы дайын тұр. Мақсаты - еңбек ресурстарының білімін арттыру, жаппай кәсіпкерлікті дамыту және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды нәтижелі жұмысқа орналастыру. Бұны іске асыру үшін 112,9 млрд теңге бөлінген. Жылдың соңына дейін 571 мың азаматты жұмыспен қамту көзделген.

Оқи отырыңыз: Азат Перуашев: Комсомолдың құрмет грамотасын мақтан тұтамын
Мембағдарламалардың іске аспауына кім кінәлі?

Енесі бар адамдар ешқашан шаршамайды 

Білім саласындағы олқылықтар

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.