{metadescription}
Кел, келінім: Көрерменнің көсегесін көгерте ме?

Кел, келінім: Көрерменнің көсегесін көгерте ме?

КТК арнасының эфирін дүрілдетіп жатқан «Кел, келінім» бағдарламасы кенеттен екінші маусымын аяқтап, үшінші маусымын тосыннан ұсына қойды.  Мұнда қандай гәп бар? Жобадан болашақ енелер неге тыс қалды? Жалпы, бұл жобаның көздегені не, болашағы бар ма?

Екінші маусым неліктен жоспардан  бұрын аяқталды?

Оған себеп: көрерменнің талабы, тағамы. Жобаның негізгі мақсаты — отбасылық өмірді дәріптеу. Ене мен келіннің, ұл мен анасының арасындағы ара-қатынас. Ұлының тағдыры шешіліп, қандай келін керек дегенде ананың атқаратын рөлі. Жобада осыны көрсетпек болған. Бағдарламаның ішінде бір нәрсені өзгерту керек деген пікірлер жиі естілді. Өкінішке қарай, екінші маусым ұрыс-керістерге, қыз-жігіттер арасындағы түсініспеушілікке, қызғаншақтыққа, теріс қасиеттерге толып, қатысушылар бір-бірінен қатты шаршады. Сол себепті екінші маусымды жоспардан ертерек аяқтауға шешім қабылданды.

Үшінші маусымда қандай өзгерістер болмақ?

  • Көрерменді қызықты формат күтіп тұр!
  • Үшінші маусымда қыздар дауыс беру құқығына ие!
  • Жобаға жігіттердің анасы үнемі қатыспайды. Енді болашақ енелер қыздарды күнде бақылап, қадағалап отырмайды.  Жігіттің де, қыздың да отбасы қалаған кезде бағдарламаға келіп, айтарын айтып, ақыл-кеңесін,  бағасын беріп тұрады.
  • Аяулы алты қыз бен асықтай алты жігіт! Енді олар жобаға «мен сені ұнаттым» деп емес, «мен жақсы келін (отағасы) болғым келеді»  деген мақсатпен келеді.
  • Жаңа жүргізуші — Айсәуле Бақытбек! Екі сарапшы — әртіс Қарагөз Тлеубекова мен журналист Мұхит Сапарбаев! Сарапшылар келін мен ене арасындағы қатынасты үйлестіріп отырады. Сарапшы ененің рөлін атқарып, қыз-жігіттерді отбасылық өмірге дайындайды. Қалай? Түрлі әдіс-тәсіл, ойындар, сәйкестік тестілері арқылы. Тұрмыста туындайтын күрделі  жағдайларға дайындап, психологиялық және тәжірибелік қиын сынақтар ұйымдастырады. Сарапшы таңдауда олардың өмірлік тәжірибесі  ескерілді. Ауыл мен қала келінінің үй шаруасындағы ерекшеліктері де шет қалған жоқ. Сарапшылар бұл мәселені қос тараптан бажайлап, қайсысына бейімдірек екенін ажыратуға ат салысады. Ең құрығанда, қыздарды отбасылық өмірге дайын етіп шығаруға тырысады.
  • «Мына қыз осы жобаға келді, екі-үш айлап әлі отыр, жігіттің ешқайсысын ұнатпады, түк өзгерген жоқ»! Бұл пікір де ескерілді. Енді әр апта сайын бір қыз бен жігіт жобадан шығып отырады. Қайсысы шығады? Оны қатысушылар өздері таңдайды. Қызды — жігіттер, жігітті — қыздар. Екі жақ та тең құқыққа ие!
  • Апта сайын дүйсенбі күні төрт үміткер — екі жігіт пен екі қыз келеді. Аптаның бес күні қыздар жігіттер бөлмесінде, жігіттер қыздардың бөлмесінде бір-бірімен танысады. Ал жұма күні бір қатысушыны жобадан шығарған кезде төрт үміткердің қайсысы жобада қалады, оны жұма күні өздері қабылдайды. Әр апта сайын бір жігіт пен қыз жобадан шығарылып, орнына жаңа қатысушы қыз-жігіт кіріп отырады.

«Кел, келінім» жобасының ерекшеліктері:

  • Бұл реалити-шоу. Қазіргі көрерменді тек шынайылықпен қызықтыруға болады. Көрермен жасандылықтан шаршады.  Үш сағат тікелей эфир!  Сценарий құрып, «сен қазір былай айтасың, жылайсың, күлесің» деп нұсқау берілмейді. Жасыратыны жоқ, адамдар бөтеннің жеке өмірін білгісі келіп тұрады, соған құмар. Өзінің басынан өткеріп жатқанын экраннан көргісі келеді. Өзінің қиын мәселесін өзгенің де басында болғанын қалайды. Көрермен «Бұл мәселені ел қалай шешіп жатыр?» деген сұраққа жауабын алады.   
  • Тұрмысқа шығуға ниеті бар қызды да, жігітті де үй болудағы қиыншылықтармен алдын ала таныстырып, сынақтан өткізеді. Болашақта кездесуі мүмкін тосын жағдайларды ұйымдастырып, көз алдында шынайы көрсетеді. Алда-жалда отбасында кикілжің кездессе, кем дегенде не істеу керектігін біледі. Тек қатысушы ғана емес,  көрермен де! 
  • Қазақстан ажырасу көрсеткішінен әлем бойынша ондыққа кіріп отыр. Жобаның мақсаты – Қазақстандағы ажырасу көрсеткішін азайту. Ажырасуға себеп болатын қиындықтарды ескеріп, алдын ала көрсетеді, ой елегінен өткізеді, дайындайды. Ажырасқаннан кейін қайта шаңырақ құру әлдеқайда қиын. Сондықтан тұрмыс құрған бірінші күннен бастап қателік жасамайтындай етіп, жастарды лайықты отбасылық өмірге дайындайды.   
  •  "Кел, келінім" мектеп емес, дәріс оқып үйретпейді, тек көрсетеді. Нені? Жанұя құруға жеңіл-желпі қарамауды. Мүмкіндігінше қатысушылардың арасынан жақсы қатынас тудырып, болашақ ата-енесіне де ыңғайлы етуге икемдейді.
  • Әр апта сайын ойын ойнатылады. Ол көрерменге теріс келуі де мүмкін. Үйлену мен ойынның арасында қандай байланыс бар дейсіз ғой? Ол қыздарды ертеңгі келін рөліне, жігіттерді отағасы рөліне дайындайды. Қарауға тұрарлық шынайы ойындарды эфирден қараңыз.  
  •  Бұл дүние жаратылғанда әрқайсысын жұппен жаратқан. Әр адамның бір сыңары болуы керек. Егер өмір бойы жалғызбасты болып өтсе, демек өз сыңарын кездестірген кезде батылдығы жетпеді немесе екінші жартысын әлі кездестірген жоқ. Бұл тұрғыда жоба ешкімді материалдық, тұрмыстық жағынан електен өткізбейді. Қандай  ұнамсыз қылықты болса да, өз сыңарын табуға, бағын сынауға мүмкіндік бар. 

Кастингтегі талап:

Қазақ тілін білу. «Кел, келінім» қазақша сөйлеуге мұқтаждық тудырады. Негізгі шарт — ниет!  Үйленгенде мені не күтіп тұр? Соған дайын болғым келеді. Кастинг осы тұрғыдан өткізіледі. Өйткені көздегені —  көрерменге ой салу. Көңіл аударарлық нәрсе: мысалы, "жасым 26-да, материалдық тұрғыдан шаңырақ құруға дайынмын. Бірақ белгілі бір жағдайларға байланысты қызбен қатынас құра алмаймын, оның себебін өзім де білмеймін, осы мәселеге көмектессеңіздер". Міне, қатысушылардың басым көпшілігінің тілегі осындай. "Қатыса алмайсың, тәрбиең жетіспейді, кемістігің бар" деген шектеу қойылмайды. Әркімнің шаңырақ құруға қақысы бар.  

Дүйсенбі-жұма күндері сағат 15:00-де КТК арнасының эфирінен "Кел, келінім" реалити-шоуын қараңыз.

Оқи отырыңыз: Кел, келінім: Ұялтқан, ұқтырған, ұтымды сәттері

«Кел, келінім» бағдарламасы қоғамға қаншалықты қажет? 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.