{metadescription}
19 –  25 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал

19 – 25 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал

Жұлдыздарға құлақ түрсек. Осы аптада не күтіп тұр, жоспарыңыз іске аса ма, сіз ойлағандай бола ма? Қандай қауіп-қатерден абай болу керек, нені  басты назарда ұстау қажет? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің  19 –  25 қарашаға арналған жұлдыз-жорамалын ұсынамыз. 

Тоқтылар дау мен талқылауларда ерекше көзге түседі. Сіздің ұстанымыңыз ашық және биік! Жақындарыңыздың арасында сізге деген ниеті жаман адамнан аулақ болыңыз. Өзгенің пікірі өзекті болмақ. Серіктестеріңізбен бірге жасаған жобаңыз сәтті шығады. Жұмыста бірқатар өзгерістер күтілуде. Басшылықпен жақындасып жағдайыңызды жақсартасыз. Жабық  жиналыста дауыс беруге қатысасыз. Жеке өмірдегі байланыс үзіледі (ғашықтар үшін). Бірақ жаңа адам таба алмайсыз. Отбасылы тоқтылар дәстүрлі ұстанымын қызғыштай қоритын болады.  Айналасындағы адамдардың пікірін өзгерте алмайды. Бұл аптада келешегін ойлап, жоспар құруға талпынады. Батыл идеялар көп-ақ. Алыстан жаңалық аласыз. Ол ойлануға мүмкіндік тудырады. Материалдық жағдай ушығып тұр. Бірақ сіздің тапқырлығыңыз қажетті соманы үнемдеп қалуға септігін тигізеді. Бұрынғы досыңызбен кездесу күтілуде. Дастархан басында әңгімелесесіз. Қыз-келіншектер сыртқы келбетімен көбірек айналысады. Ал еркектер айналасындағы адамдарға ұнауға тырысады.  

Торпақтардың бұл аптада таң қалып, түсінбей қалатын сәттері жиі болады. Айналаңыздағы адамдар күтпеген нәрсе жасап, небір тосын жаңалық әкеледі. Тәрбиеге қатысты проблема туындауы мүмкін. Сіздің пікіріңіз досыңыз немесе туысыңыздың көңіліне кірбің ұялатуы мүмкін. Бұл апта өз ойы мен өзгенің сөзін қабылдайтын уақыт. Жұмыста және адамдармен қатынаста үйлесімділік табасыз. Жоспарды жедел өзгертіп, басқа нәрсемен шұғылдануға тура келеді. Бұрын жасап көрмеген іспен айналысасыз. Тек өзіңіз ғана айналысатын шаруалар көп, өйткені өзгенің қолынан бұл іс келмейді. Сондай-ақ бұрынғы ісіңіз жақсы нәтиже береді. Материалдық тұрғыда ахуал жақсарады. Сапарға шығу мүмкіндігі бар. Жоғалтқан нәрсені тауып алып, қатты қуанасыз. Бұл апта жоғалған құжаттарды қалпына келтіруге өте ыңғайлы. Сонымен бірге заңға қатысты мәселені де шешуге қолайлы. Жеке өмірде өзіңізге сенімді боласыз.

Егіздер бірге жұмыс істеу туралы ұсынысты қабылдағауға асықпаңыз, егер ол ер адамнан болса. Бұл аптада материалдық және қаржыға қатысты мәселеде біресе төмендеп, біресе өсіп, есіңіз шығады. Қарызға кіріп кетуіңіз де мүмкін. Барлық егіздерді өзгерістер күтіп тұр.Оқып, үйренудің нәтижесі бірден көріне қоймайды. Бірақ осы аптада алған біліміңізді бүкіл өміріңізге кәдеге асады. Дұрыс тамақтаныңыз. Өйткені осы аптадағы тағамның салдарымен ұзақ күресетін боласыз. Жаңа танысқан адамдармен достығыңыз жарасып, мәңгіге ұзарады. Керісінше, ұрсысып қалған адаммен қатынасты  біржолата үзесіз. Бастығыңыз бен отбасындағы ересек адаммен жақсы қарым-қатынас сақтауға тырысыңыз. Біреуге күлмеңіз, ол айналаңыздағы адамдардың сіз туралы жақсы пікіріне көлеңке түсіруі мүмкін. Бұл аптада материалдық жағдайыңызды түзетуге ат салысасыз.    

Шаяндар бұл аптада селқос, іс-әрекетке көше алмайтын адам туралы әсер береді. Өзгелер сізге ұсыныс айтуға да бата алмайды, тіпті сізді мазалауға батылы бармай, сескенеді. Өйткені сізге қарап, көмек көрсете алатын адам емес деп ойлайды. Алайда бұл тек сырт көзге беретін әсер. Бұл сіздің материалдық жағдайыңызды жақсартуға және жеке өмірде бақытты болуға апаратын жолдың бастамасы деп ұғыңыз. Дау-жанжалға араласпаңыз. Өз көзқарасыңызды дәлелдеуге де талпынбаңыз. Өзгелерді терең ойыңызбен таңқалдырасыз. Жеке өмірде сізге жетпей жүрген қажетті дүниені алатын апта бұл. Тек артық сөйлемеңіз. Белгісіз адамның көмегіне жүгінбеңіз. Ал жаңа серіктестік нәтиже береді. Сырт келбетіңізді өзгертуге асықпаңыз, өйткені өкініп қалуыңыз ықтимал. 

Арыстандар айналасындағы адамдармен қатынасының күрделілігіне қарай жіктеп бөле бастайды. Бір қызығы, әрең тіл табысып жүрген адамдар сіздің қызығушылығыңызды тудырады. Сіз өзіңізді жаңартуға, өзгертуге талпынасыз. Тұрақтылық жағынан қиындықтар бар. Спирттік ішімдіктен аулақ болғаныңыз жөн. Салдары қиын болмақ. Тіпті аузына алмайтындарды азғындайтындар баршылық. Қандай жақсы болса да. Жанталасу бұл аптада жақпайды. Жан етіңізді жұлып жеудің қажеті шамалы. Бастама көтермеңіз бұл аптада. Тек өтініш жасағанда ғана сыбанып кірісуге болады. Кез келген жерде өз пікіріңізді айтқан да бұл аптада жақпайды сізге. Артық қыламын деп, тыртық қылуыңыз мүмкін. Көңіліңізге келетін мәлімдемелер естуіңіз мүмкін. Өткенде жасаған жағымсыз істеріңізді есіңізге салатын адамдар пайда болады. Эмоцияңызға ие бола алмай қалуыңыз ықтимал. Енді сіз  қарсы жыныстағы адамның жеке ықыласының арқасында пікірлес адамдарыңызды таң қалдыра аласыз. Тартымдылығыңыз сіздің басты қасиетіңіз болады. Жұмыста өзгерту үрдісі бар. Жұмыс орныңыздың жағдайы жақсаруы мүмкін. Сыртқы нышаны жақсартуды қалайды. Бұл сіздің сыртқы келбетіңізден де байқалады. Бұл кезең қиын қарым-қатынастардан бас тартқысы келетіндер үшін, мүлікті бөлу туралы даулы мәселелер бойынша соңғы нүктесін қоюға өте қолайлы. Жұлдыздар жолға шыға алмай қалады дейді. Жоспарланған сапар белгілі себептермен кейінге шегеріледі. Жасы кіші туысыныздың әрекетіне ренжисіз.

Бикештер енді сіз  қарсы жыныстағы адамның жеке ықыласының арқасында пікірлес адамдарыңызды таң қалдыра аласыз. Тартымдылығыңыз сіздің басты қасиетіңіз болады. Жұмыста өзгерту үрдісі бар. Жұмыс орныңыздың жағдайы жақсатуы мүмкін. Сыртқы нышаны жақсартуды қалайды. Бұл сіздің сыртқы келбетіңізден де байқалады. Бұл кезең қиын қарым-қатынастардан бас тартқысы келетіндер үшін, мүлікті бөлу туралы даулы мәселелер бойынша соңғы нүктесін қоюға өте қолайлы. Жұлдыздар жолға шыға алмай қалады дейді. Жоспарланған сапар белгілі себептермен кейінге шегеріледі. Жасы кіші туысыныздың әрекетіне ренжисіз.

 

Таразылар өз пікірін білдіруде, өз наным-сенімдерін сақтай отырып, нақты дәлелдей алады. Күнделікті өміріңіз тым белсенді болмақ. Уақыттың жетіспеушілігіне налисыз. Бірақ достарыңыз бен көршілеріңізбен кездесуге, а тура келеді. Жұмыста елеулі оқиға күтілуде. Кәсіби қызмет жағдайында әріптестер шеңберінде елеулі өзгерістер болуы мүмкін. Сапар шеккеннен жаңа бағыт пен жарқын болашақ көресіз. Апа-сіңлілеріңізбен немесе бауырларыңызбен қарым-қатынасқа назар аударуыңыз керек. Қарапайым келіспеушіліктерден бақылауды жоғалтып алуыңыз ықтимал.  Келісімшарттарға қол қою, өтінімдерді және заңдық құжаттарды ресімдеу өте маңызды, бірақ өте жауапты болады. Қателіктер жіберіп алуыңыз да мүмкін. Тағдырыңызда маңызды сандар мен күндер болады. Материалдық және қаржы мәселелерімен айналысасыз. Жеке өмір сізді алаңдататын болады. Серігіңіздің мінез-құлқы жұмбақ болып, сізді алаңдатады.  

Сарышаяндар өз ойын басқалардан жасыра бастайды. Және ол ақталады. Өйткені олар әрдайым эмоцияларға негізделген. Біреуге деген теріс көзқарасыңыз шегіне жетіп, эмоцияңызға ие бола алмай қаласыз. Айтқан сөздеріңіздің көбісі сыни болмақ. Сезіміңізге ие бола алмайсыз.  Жұлдыздар сізді мұндай мінез-құлықтың қауіптілігі туралы ескертеді. Егер өмірдің белгілері мен шарттарына назар аударатын болсаңыз, онда бәрін түсінесіз. Жақтырмайтын адамдарыңыздың бірі жағымсыз ісімен қолайсыз жағдайға тап болып, аты шығады. Бұл апта кәсіби жоспарларды іске асырудың жақсы кезеңі. Жұмыста барлығы сіздің пайдаңызға шешіледі. Ақшалай қаражат тиімді болады. Барлық әрекеттеріңіз материалдық өсуге және мүлікті ұлғайтуға бағытталған, ол жақсы нәтижеге әкеледі. Кімнің көмектесіп, ал кімнің кедергі келтіріп жүргенін түсінесіз. Бірақ тек жақсы адамдардың арасында ғана жүру сіздің қолыңызда тұрған жоқ. Уақытыңыздың көп бөлігін өзіңізге ұнамайтын адамдармен өткізуге мәжбүр боласыз. Жеке өмірде қасыңыздағы адамның сезімін бөліспейсіз, бірақ өзіңізді жақсы көруге мүмкіндік бересіз.   

Мергендер өзінің оғаш әрекетімен жақындары мен достарының жағасын ұстатады. Сөзіңіз бен ісіңіздің қабыспайды. Өтірікті қардай боратасыз. Мақсатыңызға жету үшін қалыптасқан жағдайға қарап, соған үйлесімділік табуға тырысыңыз. Тым құрығанда әлдебір рөлге еніп, соны шынайы сомдауға тырысыңыз. Қолдау мен материалдық көмекке зәру боласыз. Беделді адамнан көмек сұрайсыз. Орындалатын жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарайсыз. Бірақ өздігіңізбен шешім қабылдауда осалдық танытасыз. Оған күшіңіз жетпейді. Бұл аптада бұрындары көмек көрсеткен адам сізге сыйлық жасайды. Туыстар немесе достарыңызбен отырыста мойныңызға бір іс жүктеледі. Сапарға шықсаңыз, пайда табасыз. Бірақ шаршайсыз. Араласатын адамдарыңызға күмәнмен қарайсыз. Бұл аптада қағазға қатысты жұмыстардың барлығы жемісін береді. Жаңа жұмысқа ауыспағаныңыз жөн.

Тауешкілер басталған жұмысын аяқтау кезінде маңызды бір сәтті жіберіп алады. Тұрақсыз, алабұртқан көңіл күйіңіздің кесірінен ойыңызды жинақтай алмай, ұмытшақтық пайда болады. Өз ортаңыздағы емес адамдармен байланысып, олар сізге қысым көрсетуі мүмкін. Көп шығындар күтілуде. Бірінші кезекке тұрмыс мәселесі шығады. Құрылыс, жөндеуге қатысты көп шығындар күтілуде. Жылжымайтын мүлікке қатысты мәселе туындайды. Енді оған басқаша көзбен қарайсыз. Көшу туралы ой пайда болады. Сенімді серіктестің жұмысына бола соған тәуелді боласыз. Материалдық жағдай алаңдатады. Осының бәрі сізді толғандырып, ақыры тынышталасыз. Соңғы кездері толғандырған мәселеден жалығып, назарыңызды басқа дүниеге аударасыз. Сізге таныс адаммен кездесуге асығасыз. Бастама көтерсеңіз, ол нәтижесін береді. Ұзақ күткен кездесу күтілуде. Сөзге келмей, дауласпай жүріңіз, әйтпесе ол жанжалға ұласып, сізге деген сенімсіздік тудыруы әбден мүмкін.  

Суқұйғыштар өзіне деген немқұрайлылық пен қатынастардың болмауынан айналасындағы адамдарға әсер етудің жолын табуға кіріседі. Жақын адамның жүйкесіне тиіп, оны шамдандырасыз. Сұрақтар көп, оның айласын тауып, шешуге тырысасыз. Өзгелердің сенімін іздейсіз, бірақ дұрыс түсіністік таба алмайсыз. Әл-ауқатыңызға да қатер төніп тұр. Біреу орынсыз қалжыңдап, көңіліңізді қалдыруы мүмкін. Қатты ренжисіз. Жоғары тұрған адамның қаһарынан сақ болыңыз. Сіздің тіпті титтей әрекетіңіз наразылық тудыруы мүмкін. Барлық айыпты сіздің басыңызға үйіп-төгуі мүмкін. Барлық ауыртпалық сізге түседі. Шыдаңыз. Мұның барлығы соншалықты шатасып, ешкім де шын мәнінде не болғанын біле алмай басы қатады. Әрдайым жұмыс туралы әңгімелесеңіз де, басты назарда жеке жеке өміріңіз тұрады. Көптеген суқұйғыштардың жоспарлары ұсынылған өмірлік жағдайлардан тым ерекшеленетінін атап өтеді. Сіз жақсы танымайтын, білмейтін адамдармен қарым-қатынас жасайсыз.

Балықтар басқа адамдардың сөзін елемейді, егер ол тек сізге бағытталған болса. Әрекет пен қарым-қатынасқа ынталандыру болады.  Қарсы жынысты адам сізге қызығушылық танытады. Мақсатқа жетуде еркіндіктің болмауы кедергі келтіреді. Достарыңыз бен одақтастарыңыздың жетістіктеріне қызыға қарайтын боласыз. Жұрттың келешегіне қарап, өз проблемаларыңыздың жаңа шешімін табуға мүмкіндігіңіз бар. Өзге біреудің жетістікке жетуіне жол бермеуге талпынасыз. Нақты бір мақсатпен жолға шығуыңыз мүмкін. Баяғыда басталған жұмысыңызды аяқтауға осы аптада жақсы мүмкіндік туып тұр. Сіз дұрыс жолда тұрсыз! Денсаулығыңызға көбірек көңіл бөліңіз. Бұрын мазалаған аурулар қайта өршу мүмкін. Үйреншікті еміңізді қолданып, денсаулығыңызды қалпына келтіруге болады. Техникалық заттар сатып аласыз. Әйел адамнан үй жануарына қатысты үрейлі ақпарат аласыз. Күрделі қаржылық іске қатысып, біраз ақшадан қағылып қалуыңыз ықтимал. Қызықтырып айтқан күмәнді адамдардың ұсынысына келіспеңіз, жоламаңыз.

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: 2018 жылға жұлдыз жорамал – Қиыр Шығыс астрологтарының академиясы

Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол

«Кел, келінім» бағдарламасы қоғамға қаншалықты қажет?

Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?

Намысы кеш оянған қыздардың «назарына» налимыз ба...

Діни экстремизм: Дін жолына бысын байлаған басшылар бар ма?

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.