{metadescription}
26 қараша –  02 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамал

26 қараша – 02 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамал

Бұл сізге арналған жұлдызнама. Осы аптада қандай өзгеріс күтіп тұр? Жолыңыз бола ма? Жоспарлаған дүниеіске аса ма? Мәселе шешіле ме? Қандай қауіп-қатерден абай болу керек, нені  басты назарда ұстау қажет? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің  26 қараша –  02 желтоқсанға арнап шығарған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.

Тоқтылар эмоцияға беріліп, дұрыс пайымдауға мұршасы болмайды. Шыдамсызданып, жылдам әрекет етемін деп бір нәрсені былқтырып алуы мүмкін. Бұл аптада сізді іс-әрекет жасауға итермелейтін жағдайлар көп-ақ. Салдарынан көптеген тоқтылар өзгенің шаруасын тындырып береді. Біреудің қолшоқпары болып кету қаупі бар. Бұл аптада белгілі бір ұстаным ( мейірімділік, жауыздық, әділеттілік) мазаңызды алып, оны тіпті дауласқан кезде де қолдана алмайды. Ар-ұят бағыты өзгереді. Біреуге қол ұшын беріп жүгіремін деп өзінің маңызды шаруасын жайына қалдырады. Өз қалағанын екінші орынға қояды. Шаршайды, әлсіздік басым. Бұл апта күш-қуат қажет ететін апта. Шеберлік қажет болады. Бірақ сіңірген еңбегі ақталмайды. Дегенмен күтпеген жерден қуаныш болады. Сондықтан жағдай бірқалыпты болады деуге негіз бар. Сапарға шығады немесе соған дайындалады. Қаржы мәселесі тұрақты.

Торпақтар өз жетістігі мен тапқырлығына қуанады. Қорытынды шығарып, адамдардың қылығы мен жағдайларды терең сезінетін боласыз. Бұған дейінгі жасаған істердің нәтиесін көресіз. Үмітіңіз ақталады. Сіздің жоспарыңыз жүзеге асады. Бұл аптада бұған дейін бастаған іс-әрекеттеріңізді жалғастыра беріңіз. Сол үшін қолайлы жағдай туып тұр. Оқу, білімді жетілдіруге және ұзақ мерзімдік құжаттарды алуға ыңғайлы уақыт. Сонымен бірге серіктестеріңізбен келіспей қалуыңз мүмкін. Біріккен жобадан бас тартуыңыз ықтимал. Сапарға шықсаңыз ол жақсы нәтиже береді. Сезімге беріліп, ол ойыңызды басқа бағытқа бұрады. Дегенмен бұл аптада бар нәрсеге шынайы көзқараспен қарайсыз. Қарыз мәселесі туындайды. Ересек торпақтар ұзақ мерзімдік материалдық қатынасқа түседі. Шектеу қоятын шартқа отырасыз. Ол тәуелсіздікке әкеледі. Ал жеке өмірде еркіндік бар, ісіңізде, ойыңызда да еркіндік басымдықта болады, сонымен айналасындағы адамдарды таң қалдырады.

Егіздер өзгенің ісінің келіспеушілігінен және оның уәдесінен жапа шегіп қалуы мүмкін. Біреуге сенемін деп қиналып қаласыз. Екі адамнан көңіліңіз қалады. Достарыңыздың саны азаяды. Қатынасты үзу туралы көп ойланасыз. Болашақ жоспарларыңыз көбінесе жұмыс пен іскерлік қатынасқа қатысты болмақ. Алайда достарыңыз бен отбасыңызда елеулі өзгерістер орын алады. Жақындарыңыздың қалағанын орындау үшін өзіңізге шектеу қоясыз. Көп сынайды. Мақтаудан гөрі сын көбірек. Толқып, дегбіріңіз қашатын сәттер көп. Дауласқан кезде ақиқатқа жету үшін өз көзқарасыңызды дәлелдеуге бар күшіңізді саласыз. Жұмыстағылармен қатынасымды үземін деп қорықпайсыз. Бұл аптада айыптаушылардың, дәрігерлердің жұлдызы жанады. Шығармашылық құнсызданады. Материалдық жағдай рухани құндылықтан жоғары тұрады.      

Шаяндар қалыптасқан жағдайда алдыңғы рөл ойнауға бекінеді. Көптеген кездесулер, келіссөздер болуы мүмкін. Сізге қажетті адамдардың сенімінен айырылмас үшін артық күйбіңнен аулақ болуыңыз керек. Бұл аптада байқауларға, жарыстарға қатыспағаныңыз жөн. Бұл апта жихаз ауыстырып, үйді реттеп, жаңалауға арналған. Жеке қатынаста күтпеген өзгерістер болуы мүмкін. Белгілі адамға деген сеніміңіз шегіне жетеді. Ішкі тыныштығыңыз бен жеке ұстанымдарыңызға байланысты пайдалы ұсыныстан бас тартасыз. Іскерлік салада даулы мәселені шешуде ішкі түйсігіңіз көмекке келеді. Әлдебір оқиға несесе дәстүрді қалпына келтіруге қатысты құрылған жоспарды іске асыруға басрыңызды саласыз. Оның бәрі сіздің жұмысыңызға қатысты болмақ. Бәлендей араласқыңыз келмейтін адамдарға ықылас танытуға мәжбүр боласыз. Мінез-құлқыңызда ең басты шарт міндет пен парыз болады. Сонымен бірге бұл аптада құпия болып табылатын ақпарат аласыз.

Арыстандар әріптестері және жұмысы туралы мазалаған ойларын жасыра алмайды. Жоғары тұрған адамдардың қылығына қатысты мазаңыз кетеді. Кәсібіңізді ауыстырғыңыз келеді. Көптеген арыстандар айналысып жүрген ісін, орнын, қалыптасып қалған жағдайларын ауыстырады. Көбісі тұрған және жұмыс істейтін жерін ауыстыруға мәжбүр болады. Бұндай қиын жағдайда жалғыз қалмайды, жақын досы көп көмек береді. Бөтеннің бақылауы мен аңдығаны мазаңызды кетірсе де, өз қалағаныңызды орындауға қолайлы сәттер туып тұр. Айналаңыздағы адамдармен қатынас қиындайды. Адамдармен байланыс орнатқанда шынайы ниетіңізді жасыруға тура келеді. Әңгімеде жалған сөздер көп айтылады. Мазалап жүрген бір проблема жабық күйінде қалады. Материалдық қатынас маңызды орын алады.

Бикештер нақты бір жетістікке жету үшін өзгенің тәжірибесінен бас тартады. Өз біліміне ғана арқа сүйеп, қалыптасқан жағдайда бұдан артық ештеме жоқ деген ұстанымда болады. Айналасындағы адамдардың әрекеттері күдік тудырады. Тіпті титтей өтірік сөзді кешіре алмайтын халде болады. Әр өтірік сөз үлкен қылмыс болып көрінеді. Бұл аптада сізден кешірім күтуге болмайды. Рухани даму әрекет етуге жігер береді. Бұл дене қимылына қатысты, жерге қатысты жұмыс істеуге кедергі болмайды. Көптеген бикештер маңызды оқиға немесе басталған істің аяқталуын тағатсыздана күтеді. Бір нәрсенің қорытындысын шығаруға ұмтылады. Қалыптасқан жағдайдың сыртқы келбетіне көп көңіл аударады. Әр қимыл, сөз маңызды болмақ. Көп нәрсенің беті ашылады, көп нәрсені түсінеді. Бикештердің әр әрекетінің өз логикасы бар. Бұрын болған оқиға мақсатқа жетуге итермелейді. Жетістігін қанағат тұтады. Жарқын болашақ қылаң береді. Ал жеке өмірде тұрақтылық бар.

Таразылардың ұзақ уақыт бірге жұмыс жасаған адамға қызығушылығы сөнеді. Бұл аптада бұрын басталған ісін аяқтайды. Өз ұстанымын бекітеді. Жасы кіші адамдардан жақсы жаңалық алады. Бірге сапарға шығу, демалу туралы ұсыныс түседі. Материалдық ақшалай  және жылжымайтын мүлкке қатысты шешілмей келе жатқан мәселе шешімін табуы мүмкін. Оны шешуге беделді адамдардың көмегіне жүүгінеді. Еңбектенуде біраз қиындықтар күтіліп тұр. Ол қолмен жұмыс, жеке шеберлік және дене қимылымен тікелей байланыста. Барлық таразы осы аптада бөлектеніп, көп нәрседен көңілі суйды. Сонымен бірге жақындарының байланыстарын бақылап, оларға еркіндік береді. Олардың көңілін өзіне аударады. Ықыласқа бөленуге тырысады, назарда болғысы келеді. Үйге қонақтар келеді. Қонақтарға көңіл бөліп, ықылас танытуға мәжбүр болады. Жеке өмірде де жалғандық орын алады.

Сарышаяндар өзінің жоспарын, ниетін, тіпті істерін өзгелерден жасырады. Өйткені өзгелерге күдікпен қарайды. Өте белсенді өмір салтына көшіп, жоспарлары өзгереді. Бұл күндері алға қойған мақсаттарының орындалуы мүмкін. Ұзақ күткен дүниесі енді орындалатын сияқты. Тағдырыңыз сізге құшағын жайды! Ойланбаған іске бара алмайсыз, қателік жібермеуге тырысасыз. Бұл әсіресе жеке өмірге, жақындарымен қатынасына және жылжымайтын мүлік мәселесіне қатысты. Жеке мүлікті бөлу мәселесінде туыстарының бас тартуы секілді жағымсыз жәйттер орын алуы мүмкін. Бірге істеуге бағытталған жобалар жақсы нәтиже береді. Тамақтануда абай болып, диетаға көңіл бөлгені жөн. Демалыстар, дастархан басында отыру күтілуде. Тамаққа шектеу қойғаны абзал. Біліктілігі келешекте пайдалы бар бейтаныс адамдармен қатынас жасайды. Көп оқып, қажетті ақпарат іздейді. Қарбалас кезеңде жүргенде досы күтпеген жерден қоңырау шалады.  

Мергендер келісім және уәдеге қатысты мәселені шешеді. Көбінесе жабық, жасырын істерді жүзеге асырады. Бір топ адамдарға әсер етіп, олардан ақпарат алып, қолдау күтеді. Бұл аптада айналысқан істері қызықсыз, қиын да күрделі болып көрінеді. Көп уақытын өз келбетін жақсартуға бағытталған қалпына келтіру ісіне арнайды. Достары мазасын алады. Күдігі туып, сенімсіздік артады. Әйел мергендер уақытының басым бөлігін үй ішін безендіруге арнайды. Ересек туыстан жақсы хабар күтілуде. Телефон арқылы маңызды ақпарат алады. Жаңа бағыттағы шығармашылық жұмыстарды жүзеге асырудың сәті туды. Еркіндік шабыт береді. Осы аптада танысқан адамы өміріне жаңа леп әкеледі.

Тауешкілер үшін қысқа мерзімді сапар күтілуде. Трғын үй мәселесін шешуге ат салысады. Көптеген кездесулер күтіп тұр. Жиі және жоспарланбаған сатып алулар мазасын кетіреді. Сонымен бірге үмітін үзген жарқын болашақ қылаң береді. Уақытша болса да, жаңа таныстық күтілуде. Бұл аптада өз тәжірибесін іске асруға қолайлы уақыт. Жұмсаған күші мен шыдамдылығы бұл аптада ақталады. Жеке өмірде дегбірін қашыратын дүниелер орын алады, ажырасу, қатынастың суынуы, бейтарап көзқарас болуы мүмкін. Жұмысымен байланысты жұптардың арасында қырғиқабақ қатынас орнайды. Сенім арта алатын, рухани бай адаммен қатынаста болуға қажеттілік туады. Қолдау көрсету өте маңызды рөлге ие болады. Денсаулығына көңіл бөлуі тиіс. Сұйық және сүт тағамынан уланып қалу қаупі бар.  

Суқұйғыштар өз тілегені мен болып жатқан оқиғаға баға беруде шалыс басуы мүмкін. Асығыстық танытып, өз шаруасын өзгенің мойнына артуға ұмтылады. Қимыл-әрекетінде береке болмай, ұсыныстар да аз болады. Қате ұйғарым жасауға, қате баға беруге асықпағаны жөн. Бұл мамандығы ұсыныс жасайтын, жұрт алдында мәлімдеме жасайтын, үкім шығаратын адамдарға қатысты. Шығармашылық бұл аптада әлсіз. Кішігірім сыйлық алады. Күтпеген жерден ақша түседі. Ұзақ уақыт араласпай кеткен әйел адаммен кездесу күтілуде. Алыс жақтан хабар келеді. Бірге демалып, сапарға шығу туралы сыныс түседі. Тұрғын үй мәселесін шешуге қолайлы сәт туып тұр. Туысқандардың арасында міндеттемелерді тиянақтап, мүлікті бөлуге қатысты мәселе туындайды.

Балықтар әріптестері, достарымен қатынаста өзіне қажетті маңызды мәлімет алып, көңілін көтереді. Бұрынғы әріптесі немесе көршісінен қызықты ақпарат алады. Тағдыр күтпеген мүмкіндік береді. Сіз үлкен өзгеріс алдында тұрсыз. Таңдау мүмкіндігі туып тұр. Оны асықпай мұқият талқылап алған дұрыс. Сонда ғана дұрыс шешім қабылдайсыз. Қысқа сапарлар күтілуде. Бейтаныс адамдармен кездесу күтілуде. Сіз арқылы ақшалай ірі сомалармен ауыс-беріс болады. Жоспарыңыз өзгереді. Бірінші орынға жылжымайтын мүлік мәселесі шығады. Осы бағытта сәтті әрекеттерге бағытталған жаңа ұсыныс туады. Сізді өзгенің жетістігі мазалайды. Достарыңыздың игілігіне қызғанып қарайсыз. Өзгенің бақытына қызығып, соның мәніне жету үшін барыңызды саласыз. Бұл аптада дос болудан қалып, дұшпанға айналып кетуіңіз де мүмкін.Бұдан да тыныштық таппайсыз. Шын толғандыратын мәселемен айналысқаныңыз дұрыс. Сүйікті адамыңыз ғана сізді құтқарып қалады.

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: 2018 жылға жұлдыз жорамал – Қиыр Шығыс астрологтарының академиясы

Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол

«Кел, келінім» бағдарламасы қоғамға қаншалықты қажет?

Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?

Намысы кеш оянған қыздардың «назарына» налимыз ба...

Діни экстремизм: Дін жолына бысын байлаған басшылар бар ма?

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде