{metadescription}
03  –  09  желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамал

03 – 09 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамал

Бұл сізге арналған жұлдызнама. Бұл аптада қандай өзгеріс күтіп тұр? Жолыңыз бола ма? Жоспарлаған дүниеіске аса ма? Мәселе шешіле ме? Қандай қауіп-қатерден абай болу керек, нені  басты назарда ұстау қажет? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің  03  –  09  желтоқсанға арнап шығарған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.  

Тоқтылар ұзақ мерзімге арналған жоспарын құрып, қазіргі жоспарын қайта қарастырады. Мұқият ойлана келе, жоспарын өзгертуі мүмкін.  Бұл күндері өзге адамның кеңесі қажет емес. Өздігімен пайымдап шешкен мәселесі дұрыс болып шығады. Жақын адамдарына қолғабыс көрсетіп, қолдау жасайды. Үйдегілерге әрдайым көмек көрсетуге мәжбүр боласыз. Өміріңізде жаңа дос пайда болып, ол бірқатар өзгеріс әкелуі мүмкін. Жас торпақтардың жеке өмірінде өзгеріс болса, ал ересек тоқтылар үй жануарын асырап қалуы мүмкін. Әр әрекеттен, құбылыстан ерекше мән іздейді. Айналасындағы адамдар тоқтылармен қатынаста қиындыққа тап болады, бірге жұмыс істеу бұл аптада оңай емес. Жұлдыздар сөз бен іс-әрекетте сабырлық сақтауға шақырады. Сәтті сапар болып қалуы да ықтимал. Бейбіт келіссөзде одақтас табады. Алайда даулы тақырып белгілі бір деңгейде қатынасты үзуі мүмкін. Жұлдыздар ашу-ызаға, көреалмаушылыққа жол бермеуге шақырады. Әйтпесе абыройлы адаммен сыйластығыңыз үзіліп, өз беделіңізге нұқсан келтіресіз.   

Торпақтар өмірдің қиын тұстарынаның арқасында күнделікті тұрмыстан тәжірибе жинайды. Өзіне зиян келтірмес үшін мейірімділік пен зұлымдық арасында теңселіп, теңгерімін табуға тырысып жүретін болады. Өйткені бұл аптада тағдыр күтпеген жағдайлар ұсынып тұр. Толғандыратын мәселелер қаржы мен материалдық дүние болмақ. Бұл мәселе сіз бен тағы белгілі екі адамның арасында болады. Ашуға берілмей, сөз бен әс-әрекетте асықпауға, абай болуға кеңес береміз. Тым белсенділік танытпаңыз. Сәттілік тек беделді достары бар торпақтарды күтіп тұр. Бұл аптада сізден белгілі бір міндеттерді, шартты орындауды талап етеді.сіз үшін қиын апта болмақ. Беделді адамдар тарапынан қысым көрсетілуі мүмкін. Жұмыста бұрынғы әріптестермен нәтиже бермейтін келіссөздер орын алады. Келіспеушілік те бар. Бір фактілерді шатастырып, бірдемені өзгертуге бағытталған істерде қауіп-қатер бар екенін ескертеміз. Күдікті көңіл көтерушілік пен ойланбай істеген істерде сатқындық орын алады. Серіктестермен араңыздағы қатынас қайта қалпына келтірілмейтіндей бұзылуы ықтимал.

Егіздер қалыптасқан ақиқат пен тәжірибені басшлыққа алып, өз эмоциясын шектеуі тиіс. Ашу мен күйгелектік көптеген проблема әкелуі мүмкін. Бұл апта жұмыс ауыстырып, көшуге, неке қиюға сәтсіз уақыт. Сонымен бірге ересек туысқандарыңыздан жақсы хабар аласыз. Өзгеге көмек көрсетіп жүріп, өз мүмкіндігіңізді байқап, бағалайсыз. Егер бөтенге қол ұшын созсаңыз, достарыңыз бен туысқандарыңыздан қысылмай көмек сұраңыз. Аздап шыдамдылық танытыңыз. Өйткені оның нәтижесін бірқатар уақыттан соң көресіз. Бұл аптада кез келген ақпарат сіз үшін маңызды болмақ. Қазір мәні қалмаған, бірақ кезінде мазалаған өткендегі бір оқиғаның шешімін енді табасыз. Сонымен бірге өткендегі ұрлықтың, сатқындықтың пердесі ашылады. Барлығы нақты келбет алады. Әр нәрсенің, әр белгісіздіктің аты ашылады. Жақындарыңызбен арада аздаған салқындық орнайды. Міндеттер өте көп. Одан қашып құтыла алмайсыз. Ерлі-зайыптылар арасында күйбің тіршіліктің кесірінен салқындық орнайды. Ересек егіздерді үй жануары мазаласа, жас кіші егіздердің таңдаған адамына сезімі артады.      

Шаяндарды бұл аптада материалдық мәселе мазалайды.  Қазіргі жағдайыңыз тұрақты деуге болады. Дегенмен ішкі түйсігіңіз даму керектігін, жаңа мүмкіндік алу керектігін айтып тұр. Бұның бәрі тек жоғары жақтағы адамдар мен жаңа таныстық жасауға итермелейді. Серіктес болуға дайынсыз. Біліктілігіңізді дамтып, жетілдіріп, жаңа мүмкіндік алуға ұмтылыңыз. Байқауға, жарысқа, жұрт алдында сөйлеуге мүмкіндік туады. Бұл апта атақ алып, марапатқа ие болуға аналған.  Әсіресе погон таққан шаяндар үшін бұл апта жемісін береді. Мансабын жоғарылату айқын көрініс алады. Кезесулер, жоспарланбаған келіссөздер күтілуде. Жақын адамыңызға көңіл білдіріп, ілтипат танытасыз. Үйіңізде туыстардан жақсы хабар алып, қуанышты жағдайлар, кездесулер болады. Заңға қатысты бекітілген құжаттар, келісім-шарттар маңызды болмақ және беделді адаммен жеке әңгіме күтілуде. Жылжымайтын мүлікке қатысты  мәселе шешімін табуы мүмкін. Жеке өмірде жылы қатынас жүрегін жібітеді.

Арыстандар өзге адамдарға мақсатына жетуге кедергі болатын қателіктерді түсінуге көмек береді. Басты назары іскерлік жұмыстарына ауады. Қалт жібермей бақылаумен болмақ. Жетістік пен жеңіске жетудің жаңа мүмкіндіктерін іздейді. Уақытша әріптестер мен бейтаныс адамдармен одақтас боласыз. Бір сөзбен айтқанда, кез келген адамды қай бағытта жұмыс істеу керек екенін айтып, оңай сендіре аласыз. Ресми қарым-қатынастағы кездесулер де жоқ емес. Есеп беру, қорытынды шығару, нақты бір цифрларды жариялау маңызды болмақ. Ескі танысымен сапарға шығып қалуы да мүмкін. Ол сәтті болмақ. Бұл аптада көп сөйлеп, тіпті өсек айтуға дейін барып қалуыңыз ықтимал. Дер кезінде тоқтамасаңыз, артық сөзбен өз беделіңізге нұқсан келтіріп алуыңыз мүмкін. Жалған дос, зымиян адаммен әңгімелесіп, зиян шегіп қалмаңыз. Жеке қатынас пен кәсіби қатынасты ажырата біліңіз. Қысқа уақытта көңіл көтерушіліктен жапа шегуіңіз мүмкін. Жұлдыздар тәртіп пен реттілікті қадағалауға кеңес береді. Бұрын жоғалтып алған затты табасыз. Жасы кіші туысынан жағымды жаңалық түседі.

Бикештер өзгелер күйбің әрекетімен жүргенде жайбарақат күй кешеді. Ниетіңіз дұрыс болғанымен, сіздің іс-әрекетіңізде ақиқат аз, пайдакүнемдік көп болмақ. Сіз пайда түсіруде көздейсіз. Жағдайдың күрделілігіне қарамастан, өзгелерден міндеттемелер орындауды талап ететін боласыз. Бұл аптада сот орындаушыларының, заң қызметкерлерінің, хирург дәрігерлердің жұлдызы жанып тұр. Бар жағдай осы мамандық иелерінің пайдасына шешіледі. Бикештер осы аптада белгілі бір ортада танымал болады. Жұрт алдына шығып сөйлеген сөздер де сәтті шықпақ. Жоспарлы апар күтілуде. Үй шаруасына көп көңіл бөлінеді. Үйде бірқатар өзгерістер орын алады. Туысыңыздан жылжымайтын мүллікке қатысты жақсы жаңалық аласыз. Күткен адамыңыз алыс жолдан келеді. Ақшаға жіті назар аударуыңыз қажет. Бірқатар сомадан қағылып қалуыңыз мүмкін.

Таразылар ұсақ-түйек пен өзгенің сөзіне мұқият көңіл бөледі. Өз іс-әрекеті мен шешімінде ескі идеяларды  басшылыққа алып, өз дегеніне жету үшін ешкімге құлақ салмай жанталасады.  Даудың қақ ортасында қалуыңыз мүмкін. Отбасында үлкен жанжал туғалы тұр. Тағдырыңызға әсер ететін оқиға көз алдыңызда өтеді. Өзгенің ісіне баға беруден, артық сөз айтудан аулақ болғаныңыз жөн. Бұл апта тұрақсыз. Өйткені қатты эмоция мен уайым әкеледі. Дегенмен жанұяда қуанышты оқиға болады. Салтанатты дастархан жайылады. Қонақ келеді. Сенім артатын адаммен ұзақ мерзімді келіссөз жүргізесіз. Ақымақ болып көрінбеу үшін көп сөз айтып даурықпаңыз. Бизнес серіктестеріңіз немесе әріптестеріңізбен жағымсыз кездесу, оқиға болуы ықтимал. Әлдебіреу бірдемені жасырып, айтқысы келмей мазаңызды кетіреді. Қысқасы, бұл апта шиеленіске толы. Бұндай үрдіс жеке өмірде де болуы мүмкін.

Сарышаяндар белгілі бір өмірлк маңызды мерзімді аяқтауға жақын.  Оның жетістігі мақтануға тұрарлық. Қорытындысын шығару ол сіздің ішкі жұмысыңыз болып табылады. Қарым-қатынасты және кәсіби өмірді тәртіпке бағындырасыз. Сырттай күтпеген, жоспарланған және жүйелі түрде қамтамасыз ететін әрекеттер схемасын қалайтын боласыз.  Сонымен бірге әріптестердің біреуінің немесе одақтастың қылығы мазаңызды алады. Бұрынғы жұмыс істеу тәртібі көңіліңізді көншітпейді.  Мықты мінезіңіз өзгенің қолдауында болудан алыстатады. Қарама-қайшылыққа толы небір ойлар келеді басыңызға, соның ішінде біреуі ғана дұрыс: өздігіңмен әрекет жасау идеясы. Алайда айналадағы адамдардың пікірі мен ұстанымы сізге қатты әсер етуі мүмкін. Кінәлі сезіну кәсіби және жеке дамуды тоқтатып тастауы мүмкін. Ал материалдық жағынан сіздің ұстанымыңыз – берік. Демалу мақсатында сапарға шығуыңыз мүмкін. Бұрынғы ғашығыңызды кездестіріп қалуыңыз ықтимал.

Мергендер үшін күрескер болуға мәжбүр. Сіздің мүддеңіз бүгінгі ұстанымнан мүлдем алшақ болуы мүмкін.  Дегенмен, жағдай сізді мінез-құлықтың ең жақсы әдісін талап етеді. Қастандық пен мейірімділік туралы нақты түсінікке негізделген туыстарыңның, достардың мүддесін қорғайсыз. Сіздің айтқаныңыз сіздің өмір салтыңызға мүлдем жанаспайды. Сонымен бірге дау-тартыста алдыңызға жан салмайсыз. Алыстан қуанышты хабар келеді. Туысыңызбен кездесуіңіз мүмкін. Бәлкім, қонақ келеді. Міндетті түрде қысқа сапарлар болмақ. Бір әйелден түскен ақпаратты жүзеге асырасыз. Ата-ана мен балалардың қатынас жылып, жақсарады. Сенімге негізделген қатынас жайлылық әкеліп, өзіңізге сенімділік артады. Сіз кәсіби салаға назар аударасыз. Қызметімді өсірсе екен деп үміттенесіз. Бірақ жағдай бірқалыпты, түсініксіз. Жеке өмірде назар аударарлық дүние бар. Түсінбестік жағдайға душар болып қалуыңыз ықтимал.

Тауешкілер жолында кездескен қиыншылықтармен күресіп есі шығады. Тәуекелге бел бумайтын және ұйымдастырушлық қасиетіңіздің арқасында барлық мәселені шешесіз. Тыныштық пен демалыстан құр алақан болсаңыз да, сіздің еңбегіңіз ақталады. Сәл күтіңіз – тыраштанған еңбегіңіз зая кетпейді. Нәтижесін жақын арада көресіз. Бірақ сіздің рөліңіз біреуді арандатушылыққа апаруы да мүмкін. Жанталасып, ұрыс-керісті болдырмайсыз. Жоғары тұрған бір адаммен қатынасыңыз қиындауы мүмкін. Есеп беру үшін ұзақ келіссөз жүргізесіз. Өз ұстанымыңызды қорғауға мәжбүр боласыз. Әріптестеріңіз немесе одақтастарыңыз сізді түсінбеуі мүмкін, қолдамауы мүмкін. Жалғыз қалып көп ойланатын уақыт болады. Соған қарамастан жеңіс сіз жақта болады. Қаржы мәселесі ойлантарлық. Әрдайым ақшаны ойлайсыз. Достарыңызбен кездесіп, сәл-пәл жаман ойдан арылып, серпілесіз. Телефон арқылы жағымсыз жаңалық келуі мүмкін. Ақылсыз адамдар көңіл күйіңізге әсер етеді. Ал жеке өмірде өзгерістер күтілуде. Жүрегіңіз лүпілдеп, ғашықтық күй кешесіз. Өзгенің ақылын тыңдамаңыз, ішкі түйсігіңізге сеніңіз. Ұзақ жолға шығасыз немсесе жол сапары күтілуде.  

Суқұйғыштар егер өз үмітін жүзеге асырса, жеңіп шығады. Сіздің қазіргі идеяларыңызды іске асыруға болады. Тек қана іске кірісу керек. Күйбің әрекет шошытады, дегенмен білек сыбанатын уақыт жетті. Жұмыста да күйбің тіршілік мезі қылады. Ол шабыт бермейді. Жұлдыздар көзіңізге көңіл аударуды талап етеді. Бәлкім, көзілдірік кию керек шығар? Бәлкім көзілдірігіңіз тым ашық түсті болар? Айналаңызға жарқын қарағаныңыз сізге қиындық тудыруы мүмкін. Қайда барсаң да Қорқыттың көрі дегендей, бұрынғы мәселе тағы айналып келеді. Алайда тағдыр сіз шешімін таба білетін мәселені шешу қажеттігін өзі ұсынып отыр. Туысыңыз немесе досыңыздың кеңесі қателік жібермеуден сақтап қалады. Материалдық проблеманы ойлап қиналасыз. Бұрынғы сыныптасыңыз, әріптесіңіз немесе ескі махаббатыңыз алдыңыздан шығады. Адамдардың бәрі сізбен араласқанда, бұл аптада, сізден пайда көру мақсатымен араласады. Осы аптада. Бір қызығы, сізді баяғыда ұмытып кеткен адамды сағынасыз да, ал тап жаныңызда сізге бақыт сыйлай алатын адамды байқамайсыз.

Балықтар тек өзіне ұнайтын адамдарға көңіл бөледі. Сізді үйдің проблемасы мен отбасы мүшелері мазалайтын болады. Сіздің іс-әрекетіңізді жұрт түсінбеуі мүмкін. Дегенмен қамқорлық танытуда себеп керек емес. Бойыңызда бар қасиет – мәрттіктің арқасында әрекет жасайсыз. Достарыңыздың арқасында толғандырған мәселенің шешімін табасыз. Соңғы нүкте қою үшін барыңызды саласыз, өйткені ол ұзақ уақыт сіздің мазаңызды кетірген. Оны сіз ұзақ бақылағансыз. Жұмыста тапқырлық қажет болады. Барлық деңгейде жаңару керек. Құрылысшы, жобашы, жөндеу жұмысымен айналысатын балықтарды сәттілік күтіп тұр. Таныстарыңыздың біреуі сізден кеңес сұрайды. Танымал адамға көңіл бөлесіз. Сыйлықтар, отырыстар күтілуде. Көп нәрсеге мүмкіндік беретін сапарға шығу мүмкіндігі туады. Жылжымайтын мүлікке қатысты алыстан хабар аласыз. Бұл аптада әлеуметтік статусыңыз өзгереді. Салтанатты шараға қатысасыз.

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: 2018 жылға жұлдыз жорамал – Қиыр Шығыс астрологтарының академиясы

Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол

«Кел, келінім» бағдарламасы қоғамға қаншалықты қажет?

Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?

Дина Төлепберген: Ақиқатты айтқызудың айла-тәсілін таптым

Діни экстремизм: Дін жолына бысын байлаған басшылар бар ма?

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде