{metadescription}
Пәтер сатып аларда ақша үнемдеудің 10 түрі

Пәтер сатып аларда ақша үнемдеудің 10 түрі

Бастапқы және қайталама нарықтағы пәтерді сатып аларда ақшаны үнемдеудің 10 тәсілімен танысыңыз.

Бастапқы тұрғын үй

  • Пәтерді құрылыстың бастапқы сатысында сатып алыңыз

Бұл жаңа үй сатып алуда ақша үнемдеудің ең тиімді жолы. Әдетте нысан пайдалануға берілгенде 100 пәтерлі үйдің бірнеше пәтері ғана сатылмай қалады.  

Барлық үй салушылар сатудың басталуын ертерек жариялайды. Оны әлеуметтік желілер мен әлеуетті және тұрақты клиенттер үшін SMS-хабарлама арқылы қадағалауға болады. Осылайша сіз тұрғын үйді бастапқы баға бойынша сатып аласыз және үйдің қай қабатынан алу керектігі мен қайта жоспарлауды таңдай аласыз.  Құрылыс жұмысы аяқталуға жақындаған сайын, үйді пайдалануға беру уақыты таяған сайын пәтердің әр шаршы метрі қымбаттайды. Құрылыс басталу кезеңінен бастап, пәтердің өзіндік құнының орташа есеппен құрылыс кезеңінің соңына дейін айырмашылығы 15-20% құрайды, - дейді белгілі құрылыс компаниясының сату жөніндегі менеджері Бейбіт Ақпанов.

Үй салушылардың қолында үлескерлер қаражатын тартуға арналған рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеріңіз. Құрылысқа үлескерлікпен қатысудың қауіпсіз жолдары: 

1) кепілдік қордың жарғылық капиталына кепілдік беру,

2) ҚР банктерінің бірімен қаржыландыру туралы келісім болған жағдайда,

3) үйдің қаңқасын салғаннан кейін ғана үлескерлердің қаражатын тарту.

  •  100% төлеммен сатып алыңыз

Пәтердің толық құнын төлейтін болсаңыз, 4-тен 7% дейін жеңілдік аласыз.

Егер бағасы 1 шаршы метрі 300 000 теңге болса, онда ең аз  4 % жеңілдікпен әр шаршы метріне 12 000 теңге үнемдейсіз. Айтпақшы, әр кейінгі пәтер сатып алу кезінде жеңілдік мөлшері көбейеді, — дейді Ақпанов.

  • Жоғары сұранысы жоқ пәтерді таңдаңыз

Мысалы, бірінші және соңғы қабаттағы пәтерлер. Үй салушылар  атап өткендей: бұл пәтерлердің сапасы ортаңғы қабатта орналасқандардан айырмашылығы жоқ. Сонымен қатар, жоғарғы қабаттағы пәтердің терезесінен көркем көрініс тамашалап, шудан оқшауланасыз. Бірінші қабатта орналасқан пәтерлерге келсек, бұл қарттарға, кішкентай балалары бар отбасыларға немесе мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы.

 Тұрғын үйге қатысты жеке меншік иелерінен: риэлторлардың айтуынша,  бұл  5-10% арзанға түседі, жөндеудің болуы / болмауы бағасының 3-5% айырмашылығын береді.

  • Акциялар мен жеңілдіктерді жіті назарда ұстаңыз

Үй салушылар нарықты кеңейткенде бағаны төмендету, жеңілдіктер түні, белгілі бір тұрғын үй кешенінің бағасын тоқтату ацияларын жиі өткізеді. Көп жағдайда көлік тұрақтарының құнын  арзандатады. Мұндай ақпаратты компания сайтында қадағалаңыз.

  • Өңделген пәтерді сатып алыңыз

Қалай десеңіз де, әрленбеген пәтерден гөрі өңделген пәтер сізге арзанға түседі. Егер бірінші әрленбеген пәтер алсаңыз, онда өз ақшаңызға толық жөндеу жүргізесіз. Әрлеуге ақша қосу - құрылыс компаниясының басты табысы емес. Әдетте, әдемілеп әрлеуге бір жыл кепілдік беріледі.

Қайталама тұрғын үй

  • Дұрыс маусымды таңдаңыз

Жыл сайын желтоқсан-қаңтар және шілде-тамыз айларында жұрт  мерекелік қарбаласпен немесе жазғы демалысымен айналысады. Осы кезеңде сатып алу қабілеті төмендейді, ал үйді шұғыл  сатуға мәжбүр болған сатушылар нақты сатып алушыларға жақсы жеңілдік береді, - дейді жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры Марина Грушина.

  • Балама шешімдерді ұсыныңыз

Бұнда біз басқа тұрғын үй, жер немесе автокөлік алмасу туралы айтып отырмыз. Жеткілікті сомасы болмағандықтан, сатып алушы кез келген өтімді тауарды қосып береді. Соңғы кездері мұндай мәміле жиі жасалуда.  

  • «Тап қазір», «Шұғыл» немесе «Сауда жасау!» деп белгіленген хабарландыруларды қараңыз

Белгілі бір жағдайлармен басқа қалаға/елге көшкенде үйін тез сатуға мәжбүр болады. Мұнда бастысы — қауіпсіз мәміленің үш қағидасын ұмытпаңыз. (Бұл туралы келесі мақаламызда жазамыз).

Керісінше жағдайлар да болады. Мысалы, пәтер қожайыны үйін босатуға көп уақытты алады. Сатушыға ақша өте қажет болса, сонымен қатар ол екі-үш айға дейін пәтерде тұрғысы келсе, онда жақсылап саудаласыңыз.  

  • Қажетсізден бірден бас тартыңыз

Бәлендей қажет емес жиһаз, техника, автотұрақ және басқа заттардан бас тарту мүмкіндігі болса, оны сатып алмай, едәуір ақша үнемдеуге болады. Немесе әр зат үшін жеке-жеке саудаласыңыз, себебі сатушылар өз мүлкін асыра бағалауға құмар.

  • Аукциондар мен сатылымдарды бақылаңыз

Кепілдіктегі мүліктің сатылымы туралы хабарламаны мамандырылған сауда алаңдарынан іздеңіз. Мұнда тұрғын үй құнының кемінде 30 % үнемдеуге болады. Бірақ мынаны ескеріңіз: аукционға қатысу үшін кепілдік төлемін төлеу қажет (қайтарылатын). Ал мәміле жасағаннан кейін, мүмкін, бұрынғы қожайындарды үйден шығарып тастауға мәжбүр боласыз. 

Саудаласудан ұялмаңыз

Риэлторлар мәлімдегендей, жақсы саудаласудың екі жолы бар. Біріншісі — «мен қолма-қол ақша ұсынғалы тұрмын» деген сөз. Тіпті ақшаның бір бөлігін кепілдеме қойып, банктен алып тұрсаңыз да, бұл ипотекалық мәміле емес. Сондықтан сатушы жеңілдік жасауға көнеді. Екінші — сатып алушы үлкен кепілақы төлеуге дайын тұрады. Мысалы, $500 емес, $5 000–10 000. Әрине, бұны тек нотариуста рәсімдеу керек.

Ипотеканы сатып алған кезде әртүрлі банктерде несие алу түрін міндетті түрде қарап, есептеңіз. Төлемдердің таблицасын жасап беруді өтініңіз: негізгі борыш пен банк  сыйақының үлестері қандай екенін біліңіз.  Банктер ұсынатын түрлі несие бағдарламаларының төлемдерін салыстырып, сараптаңыз. Бұл, әсіресе, несиені мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі болғанда өте маңызды, дейді жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы Нина Лукьяненко.

Үнемдеймін деп, қырағылықты жоғалтып алмаңыз. Жылжымайтын мүлік — тұтынушылық тауар емес, оған ешқандай жеңілдік жасалмайды. Егер сізге сондай ұсыныс жасаса, алдыңызда алаяқ тұр деп есептеңіз. Алданып қалмау үшін ең кең таралған алаяқтық схемаларды біле жүріңіз.Сондай-ақ, сатып алатын пәтердің заңды тазалығын  міндетті түрде тексеріңіз.

Есіңізде болсын: үнемдеу — ол тек пәтердің арзан бағасы ғана емес, сонымен бірге оны болашақта төмен бағамен пайдалану. Ескі үйден арзан пәтер сатып алуға болады, бірақ артынан инженерлік коммуникацияға шығындалып немесе кепілдік алып, пәтерін босатқысы келмейтін жеке меншік иелерімен соттасып жүруіңіз мүмкін.

Материал Krisha.kz сайтынан алынды.

Оқи отырыңыз: Омархан Өксікбаев: Халықтың есебінен кім байып отыр? 

Қауіпті дертпен ауыратындарға қалай қарайсыз? 

Жемқорлыққа белшесінен батқан қай сала? 

Дина Төлепберген: Ақиқатты айтқызудың айла-тәсілін таптым 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.