{metadescription}
10 – 16  желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамал

10 – 16 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамал

Бұл сізге арналған жұлдызнама. Бұл аптада қандай өзгеріс күтіп тұр? Жолыңыз бола ма? Жоспарлаған дүниеіске аса ма? Мәселе шешіле ме? Қандай қауіп-қатерден абай болу керек, нені  басты назарда ұстау қажет? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің  10  –  16  желтоқсанға арнап шығарған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.  

Тоқтылар жарқын да, ұмытпастай мерзімді басынан кешіреді бұл аптада. Қызықты адамдармен кездесу мен әріптестермен отырыс  күтілуде. Алыстан қонақтар келеді. Қарбалас апта болмақ. Тағдыр сізді өздігімен жұмыс істейтін уақыттан аластатып, күнделікті күйбің тіршілікке ендіреді. Әрдайым жауапкершілікті сезінетін боласыз. Әсіресе кәсіби істе және жұмыста. Бұрынғы жинаған тәжірибеңізді, іскерлігіңізді жаңа форматта пайдаға асырасыз. Бұрындары танитын іскер серіктесіңіздің тарапынан жағымды жаңалық болады. Көп уақыт шешілмей келе жатқан мәселе осы аптада шешімін табады, дамиды. Жұмыс көп-ақ. Кездесулер, өз мүддеңізге сай жасырын келіссөздер өтеді. Тұрмыстық мәселелермен де айналысасыз. Ол көңіліңізді жайдары етеді. Қаржы мәселесі тұрақты. Шектеу жасамасаңыз, осы аптда шығын көп болмақ.   

Торпақтар бар назарын материалдық мәселеге аударады. Кез келген қатынаста көздегені – ақша. Жоспар өзгереді. Жаңа істер пайда болып, жолға шығуыңыз мүмкін. Көптеген торпақтар туысының біреуіне қолдау көрсетіп, тұрмыстық мәселені шешеді, бірақ өз үйінде емес. Кәсіби салада таң қалдырып, қуантатын дүние күтілуде. Қызметіңіз жоғарылап, еңбек және жалақы жағдайы өзгеруі мүмкін. Белгілі серіктестермен бірлесіп табысты іске бет бұрасыз. Бар ойыңыз бір нәрседе тұр, бір нәрсені қатты күтіп жүрсіз. Жақын адамыңызбен ұзақ уақытқа қлштасуыңыз мүмкін. Бұл аптада бұрыннан таныс адамыңызбен жақындасасыз. Сенім артады. Бір нәрсе, жүк пе, бір дүниені жолдап немесе аласыз. Жеке мақсатта бір нәрсе сатып аласыз. Жақын досыңыздан сыйлық күтілуде.

Егіздер айналасындағылардың қолдауына ие болып, өзгенің пікіріне құлақ салады. Еш нәрсеге күдіктенбей, нақты бір тарапты қолдайсыз. Бұл аптада мамандығыңыз бойынша алға жылжуыңыз мүмкін. Көбісі тәжірибе жинап, табысын өсіреді. Кез келген жетілдіру оқуы сіздің қабілетіңізде көрініс табады. Бәсекелестікке қатысты ұзаққа созылған жанжал басталып кетуі мүмкін. Жұмыс аясында сапарға шығуды жоспарлайсыз. Айналаңызда өзгерістер көп болмақ. Оған белгілі бір компания, ұжым түрткі болуы мүмкін. Маңызды шараға қатысасыз. Аудитория алдына шығасыз. Құжат өткізіп, құжат тапсыруға қатысты өтініш жазылады. Жеке өмір сезімге толы. Ұстамды болыңыз.

 

Шаяндар пайдалы болуға ұмтылады. Жақын адамдарына қолдау көрсетеді. Сіз жүйелісіз. Тереңсіз. Пайымдауға қабілеттісіз. Сізді дұрыс жолдан тайдыру қиын. Сізді көздегенінен айнытып жіберу де қиын. Жұмыста бәрінен озық алда болуға тырысасыз. Материалдық баю идеясына көп күшіңізді жұмсайсыз. Көп шығын шығару күтілуде. Бірақ бәрін жоспарлап жасайсыз. Күткен адамнан хабар аласыз. Ол еркек болуы мүмкін. Тұрмыстық мәселеге басты назар аударыңыз. Өз қолыңызбен бір нәрсе жасап шығаруға мәжбүр боласыз. Сонымен бірге өзіңізді мықты ұйымдастырушы, шабыт беруші, жетекші ретінде көрсете аласыз. Біліміңіз мүдделі адамдарды оқытуға түрткі болады. Алыстан келген танысыңыз немесе әріптесіңізбен жоспарлы кездесу күтілуде. Бұл күндері сіз үшін жолға шығу өте маңызды. Оны жоспарлайсыз. Жеке өмірде сүйіктіңіз өміріңізді гүлдендіріп, көңіліңізді аулайды.

Арыстандар жұмсалған күшінің орнын шабытпен және жағымды жаңалықпен толтырады. Әділ мадақтау, қабілетіңізге деген шын жүректен шыққан таңданыс өз нәтижесін береді. Жұмыста құмарлық, қызу тартыс басым болмақ. Дегенмен асықпай шешім жасауға мүмкіндігіңіз болады. Өз мойныңызға көп нәрсені аласыз, жауапкершілікті де. Егер басшы болсаңыз, жұлдыздар сізге материалдық өсу мен іскер серіктестеріңізбен қатынаста сәттілік болжайды. Сонымен қатар ұйымдастыру мен техникалық мәселеде қиындық туындайды. Және де жаңа серіктестік қатынастың жаңа деңгейі күтілуде. Келіссөздер мен маңызды құжатқа қол қоюыңыз мүмкін. Көшу туралы мәселе тағы да өзекті болмақ. Жаңа таныстық күтілуде. Ол сізге аз уақытқа болса да, барынша әсер етеді. Өзгенің бастамасымен достарыңыздың біреуімен қош айтысасыз. Бұл аптада отбасыңыздағы кіші жастағы адаммен қатынасыңыз жұмсарады. Өзіңізді таптырмас ақылшы адам ретінде сезінесіз. Жеке өмір  - жарқын. Бірақ бұрынғыдай қызық емес.

Бикештер жаңа эмоция мен жаңа білімге байып мәз болады. Жаңа достар мен жағдайлардың ықпалында болады. Өмірдің өзі ұсынып отырған жаңа жағдайлар мен міндеттерге бейімделесіз. Тағдырыңыз өзгешелік әкеледі. Назарыңызды аударып, көңіліңізді бөлетін тағы бір адам пайда болмақ. Бұл болашақ өміріңіздің енді қалыптасып келе жатқан бастамасы болатын секілді, соған дағдылана беріңіз. Жұмыс белсенділікті қажет етеді. Айналаңыздағы адамдар сіздің сұранымыңызды қанағаттандыруға тырысады. Сіз өз міндетіңізден қашып құтыла алмайсыз. Әркім өз дегенін істеткізгісі келеді. Сіздікін тартып алмаса да, өзінікін ешкім сізге бере қоймас. Есесіне құр қиялдаудан арыласыз. Қарым-қатынастың, дәулеттің нағыз бағасын түсінесіз. Жақындар тарапынан көмектің арқасында қаржы мәселесі жақсарады.  Бірақ шығындар сізді мазалайды. Эмоциялық жағынан тұрақсыздық байқалады. Бірнәрседен қатты әсер аласыз.

Таразылар дұрыс ақпарат алатын болса, онда көңілі тұрақты болмақ. «Аз білсең – тыныш ұйықтайсың» девизі сізге арналмаған.  Аудитория алдында, мүдделі серіктестер арасында сөз сөйлейсіз. Көбінесе елге шабыт беріп, ортақ мүдделі адамдардың арасында ұйымдастырушы боласыз. Бұл аптада достарыңызға, жақындарыңыз мен туыстарыңызға көңіл бөлесіз. Сыйлықтар жасайсыз. Жабық есікте өткізілген келіссөз маңызды болмақ. Қажетті анықтамалар мен ресми құжат жинап, рәсімдеу де маңызды болады. Заңгерлік негізі бар үлкен шараға қатысуыңыз мүмкін. Батыл, белсенді, тартымды боласыз. Әйелдер жақсы лебізге мәз болып, оларға ұсыныс жасауы мүмкін. Еркектер жеңіске дайын. Небір қиын жағдайда да махаббат сізді тастап етпейді. Cіз туралы сыртыңыздан көп айтылады.

Сарышаяндар өзгенің ықпалы мен тәуелділігінен білдірмей құтылып кетеді. Сізге сыртқы факторлармен белгіленген ішкі тәуелсіздік қажет. Диалог пен кәсіпке негізделген қатынаста алдыңызға жан салмайсыз. Бірлескен іс-әрекетті құра отырып, айналаңыздағы адамдарды сендіруге қабілеттісіз. Өзге адамдардың қатысуы маңызды екеніне ерекше көңіл бөлесіз, олардың еңбегі мен ынтасын жоғары бағалайсыз, бірақ өзіңіздің басты рөл атқарғаныңызды елеусіз қалдырасыз. Қаржы мәселесі көңіл көншітпейді, бірақ келешегі жаман емес. Алыстан қонақ келеді. Бөтен біреудің бастамасымен қызықты кездесулер болады. Достарыңыз көбейеді. Бірақ аздап зерігесіз. Сәттілік пен шабытты танымал адаммен шыққан сапарда аласыз. Біліміңізді жетілдіресіз. Ал жеке өмірде асығыстық танытпаңыз. Асықпай жасаған таңдау сіз үшін осы айда маңызды болмақ.

Мергендер өз жоспары мен идеяларына өте берік. Бұл аптада қарапайым кедергілердің көзін жоясыз. Таныстарңызбен өзара түсіністік жақсы болса, әрекет ету оңай болмақ. Кейде өкпе мен өткендегі жағдайға қатысты дау-жанжал шығып қалуы ықтимал.  Түсініксіз кінәдан күшіңіз таусылады, ойыңыз бөлінеді. Сонымен бірге көп қимыл істер күтіп тұр. Жұмыста да, үйде де көп нәрсені жинап, жөндеп есіңіз шығады. Кейбіреуі спорзалда күшін шынықтырады. Жарысқа қатысады. Көптеген мергендер жол сапарын жоспарлайды. Туысыңыз сізден көмек сұрайды. Бұл отбасылық қатынасты нығайтады. Бұрын түсініксіз болған бір дүниенің шымылдығы ашылып, қажетті құжаттарды қолыңызғы түсіресіз. Қаржы мәселесі жақсарады. Ақшаңызды қайтаруы мүмкін. Бойдақ мергендер жаңа қатынастан тағы да көңілі қалады.

Тауешкілер достық қатынастан іскерлік қатынасқа жылдам жетеді. Бұл пайдалы деп ойлайды. Тамыр-таныстық арқылы маңызды бір мәселені шешуді жоспарлайсыз. Тартымды боласыз. Көптеген тауешкілер жылжымайтын мүлікке қатысты мәселені шешуге тырысады. Жолы болуы мүмкін, тек ептілік пен қулық қажет. Бұл апта жасырын мүмкіндіктерді ашуға арналған. Жалпы ережеге сай емес әрекет етсеңіз, сәттілік күтіп тұр. Жеке келіссөздер қол қойылған құжаттан да ықпалды болмақ. Жол сапар сәтті болады, егер ол құпия болса. Өз жоспарыңызды ешкіммен бөліспеңіз. Ниетіңізді ешкім білмесін. Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Ота жасауға келіспеңіз. Одан гөрі ем қабылдаған дұрыс. Үлкен бір нәрсе сатып аласыз.  

 

Суқұйғыштар айналасындағы адамдарға жабық. Бірақ өзін түсінгенді, қолдағанды қалайды. Сізге қатысты бастама жасаса, соған қатты риза боласыз. Пайдалы таныстарыңыз болса да, бұл аптада сізге шынайы қатынас жетіспейді. Соның қажеттілігін жүрегіңізбен сезесіз. Әріптестеріңізге, достарыңызға, туыстарыңызға ештемеге міндетті емеспін деген ой басыңыздан кетпейді. Тарихи құжаттар, кітаптарға ерекше назар аударасыз. Нақты бір мақсатпен жолға шығуыңыз мүмкін. Қазір қызыққан ісіңіз болашақта басты қызметіңізге айналуы мүмкін. Оқып, біліміңізді жетілдіріңіз. Осы аптада оқыған, алған ақпарат кәдеңізге жарайды. Қонақта боласыз, дастархан басында отырасыз. Сізге жақсы ілтипат танытады. Бұл аптада үлкен сезімді бастан кешіресіз.

Балықтар Балықтар біртіндеп өзінің жалғыздығын сезіне бастайды. Өйткені қажетсіз қарым-қатынастарды тыяды. Мазасын алған адамдардан құтылады. Өздігімен қалып, пайымдап, жоспарын құрады. Жаңа белеске жету үшін күш-қуат жинайды. Келешегіңіз зор! Бұған дейін күшіңізді зая кетіріп жүрдіңіз. Жұмыста да осындай ұстанымды қолданасыз. Денсаулықты нығайтып, жаман әдеттен құтылыңыз. Сыртық келбетіңізге де өзгеріс қажет. Айналаңыздағы адамдар бұны байқайтын болады. Бұл аптада тартымды боласыз. Сізге еліктейді. Сізбен бірге болған қуаныш, қызықты, көңілді! Бірақ біреудің жетегінде кетіп қалмаңыз. Ешкімнің ықпалына түспеңіз. Материалдық тұрғыдан жақсылық нышаны байқалғанда, таңдаған жолдың дұрыс екеніне көз жеткізесіз. Тек алданып қалмаңыз, махаббатта да, ақшада да.  Жолға шығуға қорықпаңыз. Ол сәттілік әкеледі.  

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: 2018 жылға жұлдыз жорамал – Қиыр Шығыс астрологтарының академиясы

Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол

«Кел, келінім» бағдарламасы қоғамға қаншалықты қажет?

Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?

Дина Төлепберген: Ақиқатты айтқызудың айла-тәсілін таптым

Діни экстремизм: Дін жолына бысын байлаған басшылар бар ма?

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде