{metadescription}
14 – 20  қаңтарға арналған жұлдыз-жорамал

14 – 20 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамал

Бұл апта несімен ерекше? Ойлаған, жоспарлаған шаруамды тындыра аламын ба? Мәселем шешіле ме? Қандай қауіп-қатерден абай болу керек? Нені  басты назарда ұстау қажет? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 14 – 20 қаңтарға арнап шығарған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз. 

Тоқтылар өзгенің идеясына қызығушылық танытады. Өзін жеңіл сезінеді, жауапкершілігі мықты болмақ. Зиялы байланыс, пайдалы кездесулер күтілуде. Қазір өзін қызықтыратын жолмен ақпарат, жаңа білім алуға ұмтылады. Кейде айналасын белгілі бір күрделі мәселедегі керемет нақтылықпен таң қалдырады. Кәсіби мәселелерді шешуде өзіндік ерекшелік көрсетеді. Көбінесе күтпеген жағынан тапсырманы орындай алады. Адамдармен қарым-қатынаста, ең бастысы, шынайылық пен ашықтықты бағалайды. Осы кезеңде өзіне қажетсіз адамдармен қарым-қатынастан аулақ болады. Олар өзі туралы қалай дейтінінен қорықпайды. Белгілі бір адаммен қарым-қатынастан аулақ болуы керек. Және оның себептері болады. Танымайтын адамға қатысты құпия мәселені шешуге қатысады. Ол құзыреттілікті талап етеді. Жеке өмір құпиялы. Әр минут сайын сүйіспеншілік сезімі жаулайды. Болашаққа қатысты оптимизм бар.

Торпақтар басқа адамдарға қатысты өз артықшылығын мақтан тұтады. Шынайы жүзін, ниетін жасыруға негіз бар. Және де ақпарат алмасу қажеттілігі туады. Тыңдаушылар, достар және пікірлес адамдар қажет. Өзін қолдағысы келетін, сөзін тыңдайтын, қостайтын адамдармен бірге болуға тырысады. Шынайы қарым-қатынас сізге мүлдем маңызды емес. Ең бастысы – сізді қолдайтындар бар, оның кім екені де маңызды емес. Осы кезеңде тағдыр әдетте сізге бұрыннан таныс адамдармен кездестіреді. Өткен әрекеттерге қатысты мәселелерді шешуге тура келеді. «Бала» тақырыбы күн тәртібінде тұр. Баламен қарым-қатынаста аздап жүйкеге тиетін нәрселер болады. Ілім беруде, баланың әрекеттерінде проблемалар болуы мүмкін. Әйелдер үшін қолайлы кезең туады. Осы күндері серіктеспен бірге жаңа бизнес негізі қалануы мүмкін. Бұл сізге пайдалы болмақ. Бірақ жұмыс орны өзгермейді. Материалдық аспект өседі. Үйіңізде қонақтар болады. Адамнан немесе ерлі-зайыптылардан сыйлық күтіңіз.

Егіздер жақында ғана түсінбестік танытқан адамдармен байланысы жақсарады. Бұл аптада кез келген адамды тартымдылығымен баурап алады. Өйткені бұл аптада шынайылығы мен мейірімділігі шектен тыс ерекше. Сонымен бірге бұл кезеңде егіздер өте сақ, айлакер, тіпті опасыздыққа баруы да ықтимал. Көптеген идеясы өтірікке жақын. Айналасындағы адамдармен қатынаста өзгенің мүддесін қорғайтын болады. Әрекеттері өзіне пайда әкелуді көздейді. Және де бұл егіздер үшін қарапайым нәрсе. Бұл аптада бұрын танитын бір адам қызығушылық танытады. Араларында сенімділік орнайды. Сол адамның үйіне барып, өмірінің ұсақ-түйек мәселесіне қанығып, араласады. Бейтаныс адамдармен бірге демалыс күтілуде. материалдық мақсатта сапарға шығуы мүмкін. Мәдени жерге барып қалуы да мүмкін.  Жұмсалып кеткен ресурсқа қатысты мәселе толғандыратын болады. Ересек туысыңыз мазаңызды алады. Сонымен қатар туысыңыздан қуанышты хабар аласыз. Жеке өмірде жарқын сәттер бар.

Шаяндарды айналасында сенім артатын бірде-бір адамның жоқтығы қиналдырады. Бұл аптада тығырыққа тіреліп, жақын адамның жоқтығын сезінеді. Қатты қиналмаса да, ойландыратын мәселе. Жұмысқа ден қояды. Жаңа жұмыс пайда болады, оған көп уақыт бөледі. Ол ұйымдастырушылық қабілетіне тәуелді шаруа болмақ. Бұл аптада жаңа идеяларыңызды бұрынғы – тұрақты фундаментке негіздеңіз. Қандай қиындық болса да өзіңіз ғана шешуге тырысасыз. Өз жоспарыңызбен ешкіммен бөліспейсіз. Жұмсалатын шығындар да алдын ала жоспарланады. Ересек жастағы туысқа бір нәрсе сатып алынады. Бұл аптада бірігіп бизнес жасауға қолайлы сәт туып тұр. Техникалық құралды дамытуға көп уақыт жұмсайсыз. Қайтармай жүрген қарыз қайтарылады. Даулы мәселе шешімін табады. Сапарға шығу әлі де өзекті. Ал жеке өмірде бұрынғы қатынасыңыз жақсылық әкеледі. Жаңа сезім үшін жаңа адам іздемеңіз.

Арыстандар апатия мен шаршаңқы күйде болады. Жұмыстан кетіп, аралас-құраластан қашуға тырысады. Араласатын адамдардың арасында өзгерістер күтілуде. Оған сіздің сөзіңіз бен эмоцияңыз түрткі болады. Көздеген мүддеңіз бар адаммен араласудан бас тартасыз. Бәлкім мүлдем қатынаспай кетесіз. Бұл достарыңыздың арасында ғана емес, тіпті бизнесте де ұстанымыңыз өзгеретін қиын апта болайын деп тұр. Үйдегі жағдай да мәз емес. Жақындарыңыз сізді түсіне алмай әуреге түседі. Тіпті түсінгісі де келмейді. Сіз көбінесе біреуді көндіруге күш жұмсап, қиналасыз. Сондай рөлде боласыз. Дегенмен бұл кезеңде материалдық жағдай реттеледі. Өзіңіздің талпынысыңыздың арқасында қомақты сомаға қол жеткізесіз. Өз ұстанымыңызға берік болғаныңызбен, басшылық жетекші қабілетіңізге нұқсан келеді. Сырт көзге тәуелсіз боп көрінгеніңізбен, іштей күйзеліс бар. Айналаңыздағы адамдардың әрекеттеріне баға бересіз. Қаржылық жағынан абай болыңыз, алдап кетуі ықтимал. Денсаулығыңызды күтіңіз.  

Бикештер бірінші кезекте тұрған міндеттерін орындауға бар ықыласын салады. Тұрмыстық жағдай, отбасы, туыстар мәселесіне ден қояды.  Қарапайым міндеттерді орындап, жемісін көреді, қуанады. Өздігіңізбен бірқатар мәселені шешесіз. Жетістігімен мақтан тұтасыз. Бұл аптада әріптестеріңіздің алдында да мерейіңіз үстем болмақ. Жетекші рөл атқарғаныңыз кейбіреуге жақпасы анық. Бір адамды өзіңізге қарсы қоясыз. Жанжал тууы да ықтимал. Сондықтан бәрінен хабардар бір адам қажеттігі туады. Үйіңізде өзгерістер күтілуде. Дегенмен қолайлы да, берекелі сәттер әлі де туған жоқ. Жаңа адамдар қажет. Бірақ әзірге сіз оған дайын емессіз. Жеке өмірде сапар уақытша ажырасуға түрткі болмақ.

 

Таразылар өзі сыйлайтын адамның ақыл-кеңесінен бас тартады. Сізге ақыл айтып, кеңес беретін сәттерден қашасыз. Ақыл айтқанды тыңдауға құлықсыздық танытасыз. Ортақ мүддеңіз болмағандықтан жақын досыңызбен жанжалдасып қалуыңыз мүмкін. Кейбіреулер, керісінше, ортақ мүддесіне бола қақтығысқа түседі. Тамыр-таныстарыңыздың арқасында қолайлы жағдай жасайсыз. Жоспарыңызда бар әрекетте өзіңізге сенімді боласыз. Сіз өз тәуелділігіңізді жоғары бағалайсыз. Ол үшін тіпті материалдық ахуалыңызды тәрп етуге дайынсыз. Жақындарыңыздың әрекетсіздігі ренжітеді. Өзіңізді үлгі қылып көрсетесіз. Бұрынғы танысыңыздан жағымсыз хабар аласыз. Бұл аптада өзіңізді таң қалдыратын, жағымсыз әсер қалдыратын жаңалық көп болмақ. Ол көбінесе сатқындыққа қатысты. Жеке өмірде жанжал болуы ықтимал. Оның тереңдігі мен ұзақтығы тек өзіңізге байланысты. Жағымсыз эмоцияға берілмеңіз. Жақын адамыңызды ренжітпеңіз!

Сарышаяндар бұрын көңіл аудармаған жағдайға ден қояды. Сізде бірқатар қызықты әрекетке негізделген идея пайда болады. Ол жақын уақытта өміріңізге оң өзгерістер әкелуі мүмкін. Бірақ ол жоспарыңызбен айналаңыздағы адамдармен бөлісуге асықпаңыз. Өйткені кедергі пайда болуы мүмкін. Шешілмеген міндеттер көп болғанымен, қазіргі жағдай болашаққа сенім сыйлап тұр. Таныстарыңызға, достарыңызға тәуелділік маңызын жояды. Бұл рухани даму кезеңі. Ол нақты жағдайларда  көрініс табады. Әрдайым талпынып жүрген дүниеңіз енді қызықсыз болып көрінеді. Дегенмен жаңа әуес пайда болады. Кәсіби салада ұзақ мерзімдік жеңіс күтілуде. Жаңа жұмыс орны жақсылық әкеледі. Кәсіптік одақтастықта сіздің рөліңіз маңызды болмақ. Сіздің әр нәрсеге өзіндік пікіріңіз, көзқарасыңыз бар. Қаржы жағы ақырындап реттеледі. Ақша түседі. Ұзақ уақыт көрмеген досыңызбен кездесесіз. Үйіңізге қонақтар келеді. Мерекелік дастарқан жайылады.

Мергендер өзіне сенімді бақуатты өмір кешеді. Барлық жағдай уысында тұр, бәрі бақылауында. Кез келген адамның ықыласын, назарын өзіне аудара алады. Өз қабілетін біліп, соны пайдаға асырады. Жұмыста да, іскерлік кәсіпте де жүзеге асырады. Бұл аптада денсаулыққа көңіл бөлген жөн. Өйткені денсаулығыңыз сыр беруі мүмкін. Тауешкісі мен таразы белгісінен көмек аласыз. Олар сізді барынша түсініп, қолдау танытады. Дегенмен осы аптада сізден де көмек сұрайтындар жетіп артылады. Тіпті өз проблемаңызды ысырып тастап, өзгеге көмекке ұмтылатын сәттер көп болады. Біреуге назар қойып тыңдау, көңіл білдіру сіздің бойыңызда бар қасиет, соның арқасында қошаметке ие боласыз. Жаңа іске қызығушылық пайда болады. Бірақ ол ұзаққа созылмайды. Өміріңізде маңызды оқиға болады. Бір нәрсені заңдастырасыз, болмаса рәсімдейсіз. Бір құқыққа ие боласыз. Әйелдер жаңа таныстықтың арқасында таныс адамдарын реттеп, қайта қарастырады.  Еркектер қаржылық проблемасымен басын қатырады.

Тауешкілер бұл аптада өзіне көңіл бөліп, демалады. Эмоционалдық жағынан жоғары деңгейде. Өзіне қызықты адаммен тез тіл табысады. Бірақ кәсіби міндеттемелеріңізді естен шығармайсыз. Жоспарланбаған келіссөздер болуы мүмкін. Онда сізді әбден қажытып жіберген проблеманы шешесіз. Бәрінен хабардар болуға ұмтыласыз. Біреу сізден артық білсе, ол көңіл күйіңізге әсер етеді. Бұл аптада кездесулер, жаңа таысулар күтілуде. Жұрт алдында, ұжымда көп боласыз. Олардың бәрі сізге жағымды деу қиын. Жұлдыздар жаяу жүргенде абай болуды және тамақтануда сақ болуды ескертеді. Жарақат алып, уланып қалуыңыз әбден мүмкін. Сіздің көзқарасыңызды бөлісетін адаммен жақындасасыз. Ол адам сізді тыңдай біледі. Бірақ жеке өмірде көбінесе жалғыз сезінесіз. Басқа нәрсеге көңіліңізді аудармасаңыз, күйзеліске ұшырап кетуіңіз мүмкін.

Суқұйғыштар өзін қорғансыз сезінеді. Тіпті достық қарым-қатынастарда да  өзіңіздің айналаңыздағы адамдардың сөздеріне және әзілдерін көңіліне алады. Алайда биіктіктен көріну тыныштықты сақтауға мүмкіндік береді. Сіз барынша мінезіңіздің беріктігін сақтайсыз. Бірақ шудан тыс жерде жалғыз болуды қалайсыз. Сүйікті адаммен келіспеушілік орын алады. Үмітіңіз тағы да ақталмайды. Өзіңізде құдайдан сый күтпейсіз. Дегенмен сізге қамқорлық қажет. Сіз рухани артықшылықтарыңызды жаңартқыңыз келеді. Көбісі жаңа құштарлығын тапқысы келеді. Махаббат күтесіз. Тағдыр өзінше ұсыныстарын жасайды, сіз соны қанағат тұтасыз. Айналаңызда өсек көп. Сізді мазақ қылып, жеке басыңызды тілге тиек етеді. Біртүрлі жағдайға қаласыз. Жұмыс барысында өзіңіз үшін ештеңе үйренбейтін күнделікті жағдай болуы мүмкін. Көршілермен жағымсыз қақтығыс болуы мүмкін.

Балықтар Балықтар біртіндеп өзінің жалғыздығын сезіне бастайды. Өйткені қажетсіз қарым-қатынастарды тыяды. Мазасын алған адамдардан құтылады. Өздігімен қалып, пайымдап, жоспарын құрады. Жаңа белеске жету үшін күш-қуат жинайды. Келешегіңіз зор! Бұған дейін күшіңізді зая кетіріп жүрдіңіз. Жұмыста да осындай ұстанымды қолданасыз. Денсаулықты нығайтып, жаман әдеттен құтылыңыз. Сыртық келбетіңізге де өзгеріс қажет. Айналаңыздағы адамдар бұны байқайтын болады. Бұл аптада тартымды боласыз. Сізге еліктейді. Сізбен бірге болған қуаныш, қызықты, көңілді! Бірақ біреудің жетегінде кетіп қалмаңыз. Ешкімнің ықпалына түспеңіз. Материалдық тұрғыдан жақсылық нышаны байқалғанда, таңдаған жолдың дұрыс екеніне көз жеткізесіз. Тек алданып қалмаңыз, махаббатта да, ақшада да.  Жолға шығуға қорықпаңыз. Ол сәттілік әкеледі.  

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: Шығыс күнтізбесі: Доңыз бізге нені болжайды? 

2019 жылға арналған жұлдыз жорамалы 

Теледидарда арна жоғалып кетсе, не істеу керек? 

Теперіш көргендер жандардың мәселесі шешіле бермек 

Аптап: 2018 жылдың басты қарама-қайшылығы 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.