{metadescription}
Шығыс күнтізбесі: Доңыз бізге нені болжайды?

Шығыс күнтізбесі: Доңыз бізге нені болжайды?

2019 – шығыс күнтізбесі бойынша Сары, Жер, Доңыз жылы. Жыл 2019 жылдың 5 ақпанында басталады және 2020 жылдың 24 қаңтарында аяқталады. Дәстүр бойынша, жыл тақ санымен аяқталса, ол әйелдер жылы. Жердің кураторы - Сатурн. Сонымен, шығыс күнтізбесі бойынша сіздерді биыл не күтіп тұр, соны алдын ала біліп алайық.

ТЫШҚАН (1936, 1948, 1960, 1972, 1984, 1996, 2008 ж.)

Тышқан өзі жұмсаған күш-жігерінің жемісін көреді. Бұл сізге сенім ұялататын, белсенді әрекет етуге талпындыратын алғысқа толы жыл. Бәрі сіз ойлағандай болады. Биыл сіз жұмсаған еңбегіңіздің жемісін жинайсыз. Тұрмыс жағдайыңыз жақсарады. Жөндеу жұмыстары болады, тіпті кішігірім  құрылыс та жүргізіліп қалуы мүмкін. Бұл әрдайым сіздің бастамаңызбен және басқаларды ұйымдастыру мүмкіндігімен байланысты болады. Жұмыс барысында көбісі өзін сенімді сезінеді. Биыл өзіңізді мақтан тұтатын, жасаған жетістіктеріңізге қуанатын сәттер көп. Анаңызбен немесе үлкен жастағы әйел туыс адаммен қатынасыңыз күшейеді. Бірақ  қаржылық жағдайдың негізінде кішігірім жанжал болады. Шығындар көп. Дегенмен биыл үмітіңізді үзген қарыз қайтарылады. Жақындарыңыз көп қиыншылықтар әкеледі, бірақ мерекелер ұмытылмастай болады. Қонақ қабылдап, шығарып салып жүресіз. Армандаған сапарыңыз жүзеге асады. Жеке өмірде жаңару сезімі құпия болуы мүмкін.

СИЫР (1937, 1949, 1961, 1973, 1985, 1997, 2009 ж.)

Сиыр өзгелер үшін жабық. Сезімін табу да, көңілінен шығу да қиын. Өзіне жақын жолатпайды.  Өзгені қабылдауға дайын емес. Кейде басқа адамдарға қамқорлық жасамайтын суық, бейжай адам сияқты әсер қалдырады. Дегенмен, ішінде эмоция көп, тәжірибеге толы, жоспарлар да, идеялар да көп-ақ. Сіздің мақсаттарыңыз романтикалық жүрегіңізді әлі де шабыттандырады. Биыл сіздің арманыңыздың бірі орындалады! Бірақ, бір қызығы оны сіз басқаша қабылдайсыз, көпшілігі орындалған арманын  жеңіс ретінде емес, ұзақ азап пен ойдың тоқталуы деп қабылдайды. Кәсіби салада да біраз күш-жігеріңіз кетеді. Жыл бойы көп жұмыс атқарылады. Тіпті хоббиіңіз шаршауға себеп болуы мүмкін. Демалуды жиі армандайсыз. Дегенмен қаржылық тұрғыдан алғанда, жыл сіз үшін өте қолайлы. Жақын адамдарыңызды керемет өзгерістер күтіп тұр. Ал жеке өміріңізде  қарым-қатынастағы береке мен тұрақтылық көңіліңізден шығады. Жеке басыңыздың тартымдылығы бұл жылы өседі, айналаңыздағы адамдар сізді ұнатумен болады.

БАРЫС (1938, 1950, 1962, 1974, 1986, 1998, 2010 ж.)

Барыс биыл айлалы, тілі удай, жарқыраған және болашаққа бағытталған. Өзгелер сізден жасырын қатерді көрсе де, қаскүнемдер қорқып кетсін, бірақ сіз әрқашан басқалар қол жеткізе алмайтын барынша еркіндік беретін  жолдарыңыз бар. Жұмыста жақсы жаңалық көп. Кәсіпкерлер мен біреудің қол астында істеп жүргендерге керемет мүмкіндіктер ашылады. Барлық салада жетістік күтіліп тұр. Материалдық мәртебесі күшейеді. Отбасында өзгеріс күтіп тұр, жаңа адам қосылады. Әдеттегі өмір салтына түзетулер енгізіліп, көп нәрсе өзгереді. Бұл жыл үзілген байланыстарды орнату жылы, кезінде қастерлеген адамдармен татуласасыз. Кез келген аралас-құраласта өзара тығыз байланыс маңызды болады. Сапарға көп шығасыз. Маңызды құжаттарды рәсімдейсіз. Құқықтық мәселелерге қатысты қауіпті іс-шаралар болуы мүмкін. Дегенмен үнемі жеңіп отырасыз. Медициналық мекемеге барасыз. Көбісі тамақтанудың жаңа әдісіне көшеді, өмір салтын өзгертіп, дене белсенділігіне мән береді. Бұған жеке өмір себін тигізіп, тіпті ықпал ететін болады.

ҚОЯН (1939, 1951, 1963, 1975, 1987, 1999, 2011 ж.)

Қоян биыл ең табысты орынға жайғасады. Және ешкім бұл мүмкіндіктерді пайдаланғысы келмегенін естен шығармасын. Сол мүмкіндікті тек сіз жүзеге асырдыңыз! Бірақ биыл ауыртпалық, жауапкершілік көп, тым көп күш қажет болды. Және сіз бәріне келіскенсіз. Ал енді ұтысқа дайындадыңыз. Тыныштық пен болжамдылық та болады. Достардың саны көбейеді, байланыс орнатып, өзара тиімді қарым-қатынас орнатасыз. Биылғы жыл берекелі жанұя құруға, одақтас болуға, жақсы қарым-қатынас орнатуға, тұрмыс жағдайын жақсартуға арналған. Түрлі де, қызықты ұсыныстар жасалынады. Ханымдарға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасалынады. Қайда болсаңыз да, артыңыздан махаббат күші қуып отырады. Махаббаттың жетегінде боласыз. Мамандығыңызға қатысты жаңа нәрсені үйренесіз. Шығармашылық шабыт оянады, оған басқаның бастамасы әсер етуі мүмкін. Тағдырыңызды өзгертетін шешім қабылдайсыз. Жол сапары көп болмақ. Өмір сүру салтыңызға бәрі қызығатын болады.

ҰЛУ  (1940, 1952, 1964, 1976, 1988, 2000, 2012 ж.)

Ұлулар биыл бәрін алдап түсіруге қабілетті. Тәжірибеңіз көп-ақ. Тіпті бәсекелестікте ешкімге жол бермейтіндерді шаң қаптырасыз. Қаржылық жағынан қауіпті шаралар, азғырулар көп болады. Көптеген жағдайларда керемет биіктерге, жеңіске жетесіз. Сіздің атыңызды сіздің біліктілігіңізден хабардар адамдар аузынан тастамайтын болады. Биыл сізге танымалдылық келеді, байланыстар жаңарады, ол шығармашылықтан көрініс табады. Биыл пайдалы мәмілелер мен келісімшарттар жасауға қолайлы жыл. Тіпті күдестеріңіз сіздің айтқаныңызбен әрекет етеді. Шығын көп болғанымен, ақшамен қиындық болмайды. Жолы болмай жүрген туыстарға көмек көрсетесіз. Отбасындағы адам санында өзгеріс болады. Жылқы белгісінің өкілдерімен қарым-қатынас қиындайды. Толық үзілуі де мүмкін. Көбісі көшу туралы көп ойланады. Жол сапары көп болмақ. Жаңа қызығушылық пайда болады. Ал жеке өмірде біраз тыраштанасыз.

ЖЫЛАН (1941, 1953, 1965, 1977, 1989, 2001, 2013 ж.)

Жыланның жаны тыныш таппай жүр, бақытсыз деп айтуға ауыз бармаса да, болып жатқан оқиғаларға мазасы кетіп жүр. Жылан өзгелер үшін жаңа ақпарат көзі болмақ. Кейде эмоциясына ие бола алмай қалады. Бірақ тек солай ғана оқиғалар мен адамдардың әрекетіне баға бере алады. Сонымен бірге сізбен әңгімелесуге құмар болады көбісі. Сіз пайымдай аласыз, қызықты дүние айта аласыз. Сыртқы келбетіңіз сіздің сынаптай құбылған мінезіңізді кешіруге мүмкіндік береді. Кешіріммен қарайтын болады. Жұмыста өзгерістер орын алады, кеңсеңіз ауысуы мүмкін. Жақсы жағдай орнайды деп айту қиын, дегенмен материалдық жағынан ұтылмайсыз. Биылғы жыл кәсіби қатынаста жомарттық танытады. Шешім қабылдауға асықпаңыз. Данышпан серіктесіңіздің айтқан ақылы сізді қателіктен құтқарып қалады. Ересек туыстарыңызбен байланыс нығаяды. Мүлікке қатысты мәселеде сіздің көмегіңіз қажет болады. Жеке өмірде құпиялық, жалғандық, өтірік айту бар. Махаббат сіз үшін қиямет болуы мүмкін.

ЖЫЛҚЫ (1930, 1942, 1954, 1966, 1978, 1990, 2002, 2014 ж.)

Жылқы қауіпсіздігі мен сезімталдығының арқасында өзінің жақсы қасиеттерін көзден таса, жасырып ұстайтын болады. Сіз осы жылы басқаларға қарағанда дәулеттірек және жолы болғыш боласыз. Бұны жасыруға тырыспайсыз. Шешімді асықпай, ойланып-толғанып қабылдайтын боласыз. Биылғы жыл сізге жаңа мүмкіндік ұсынады, бұрыннан қол жеткізе алмай жүрген көксеген дүниеге қол жеткізесіз. Бірақ шығыныңыз көп, оның орнын толтыру да қиынырақ болады. Ресми көзден маңызды ақпарат аласыз, ол тек сіздің жеке басыңызға қатысты. Бұрын жоспарламаған жерге аттанасыз. Және бұл өте елеулі оқиға болмақ, тек сізге ғана емес. Өмір салтын өзгертуге қатысты жақындарыңыздың арасында бірқатар өзгерістер бар. Өмір сүру және тұрғылықты жердің сапасы өзгереді. Еркіндік пен тәуелсіздікке қол жеткізесіз. Жаңа әлеуметтік мәртебеге ие боласыз. Кәсіби салада біліктілігіңізді өсіресіз, ұстанымыңызды бекітесіз және мәнсабыңыз өседі. Бұл әсіресе погон таққан немесе заңгерлерге қатысты. Жолға шыққанда сәттілік серік болады.  Күтпеген кездесу күтіп тұр. Ол тағдырыңызға ықпал етіп, өміріңізді өзгертуі мүмкін. Махаббат әрдайым қасыңызда болады. Ал бастаманы қолыңызға сіз алмайсыз.

ҚОЙ (1931, 1943, 1955, 1967, 1979, 1991, 2003, 2015 ж.)

Қой жолы болмайтын адамдардан оқшау жүруі тиіс. Және өзінің жынына тиетін, ұнатпайтын, көңіліне қаяу түсіретін адамдарға жоламағаны жөн. Аралас-құралас адамдарды іріктеуде сіздің рөліңіз маңызды болмақ. Алдына нақты мақсат қойған, жеңімпаз адамдардарға ұмтылып, соған күш жұмсаңыз. Өзіңізге қызығушылықты арттырыңыз, ол үшін біліміңізді жетілдіріңіз, кез келген әңгімені іліп әкетуге қабілетті болыңыз. Егер сіздің жолдастарыңыз кәсіби ортада жетістікке жетсе, сіздің де жолыңыз ашылады. Сіз соның пайдасын көресіз. Тіпті ол абыройлы көрінеді. Тұрмыста жеке басыңыздың қауіпсіздігін назардан тыс қалдырмаңыз. Өйткені кездейсоқ жарақат алып, асығып жүріп сәтсіз әрекетке баруыңыз мүмкін. Әсіресе жолға шыққанда абай болыңыз. Биылғы жыл құрылыс бастауға, бөлмені жаңалауға, жөндеу жұмыстарына қолайлы. Егер ота жасату қажеттігі болса, қорықпаңыз. Ол сәтті өтеді. Бұрыннан жоспарлаған саяхатты биыл жүзеге асыруыңыз мүмкін. мОтбасында көшу туралы сөз қозғайсыз. Тұрмысыңызға өзгеріс енгізгіңіз келеді. Жеке өмірде күтпеген оқиға болады.

МАЙМЫЛ  (1932, 1944, 1956, 1968, 1980, 1992, 2004, 2016 ж.)

Маймыл бастамашыл істердің қақ ортасында жүреді. Айналаңызда қызу тірлік – от эмоциядан бастап, тәуекелге дейін барасыз. Қаржы мәселесінде сәттілік күтіп тұр. Әсіресе қауіпті бастігер істерде. Сізге ықпал ету өте қиын, шешіміңізді өзгертпейсіз. Мұндай ұстаным серіктестікте қиындықтар тудыруы мүмкін. Өз кәсібі бар немесе ұжым басқарып отырғандардың жұлдызы оңынан туып тұр. Былтыр көп қиналдыңыз, оның салдары әле де сезінетін боласыз. Ол жеке өмір мен денсаулықта да көрініс табады. Сіздің өмір салтыңызға әсер етпек болған жасырын әрекеттер мен өтірік сөздер биыл ашылады. Жақын адамдарыңыздың арасында үлкен дау-жанжал болады. Биылғы жыл сізге үлкен бақыт әкелгенімен, бірдемеден айырыласыз. Бәлкім, ол туысқандарыңыздың арасындағы қатынас болар. Бөліну, жарылу, мүлік бөлісу... Ғашық маймылдар өзін құрбандыққа шалады, үлкен жомарттық танытады. Ірі дүниені қолға түсіресіз. Суға түспеңіз, тілсіз жаудан сақ болыңыз.

ТАУЫҚ (1933, 1945, 1957, 1969, 1981, 1993, 2005, 2017 ж.)

Тауықтар биыл қыруар жұмыс атқарады. Ол сізге үйреншікті. Оған етіңіз үйреніп кеткен. Сондықтан бұл сізді қорқытпайды, тек күш-қуатыңызды дұрыс жұмсаңыз. Кәсіби бағдарламаңызды мықтылап құрасыз, оған тіпті сіздің бәсекелестеріңіз де таң қалады. Идеяңыз көп болады. Көбісі бұл жолда жетістікке жетеді. Мақсатыңыз қарапайым болғанымен, сіз рухани саладағы адамдарға үлкен әсер қалдырасыз.  Дегенмен ақша мен әлемді пәлсапалық қабылдайтын қасиетіңіз ойлау өрісіңізбен үйлесім табады. Қаржы биіктігіне қиналып шығасыз, соған қарамастан  – алға, жоғары өрлеңіз! Биыл тағдыр сізге бірқатар тосын сый жасайды, оған сіз лайықсыз. Мүлік мәселесі оңтайлы шешіледі. Егер жылжымайтын мүлікке қатысты қызығушылық болса, тап биыл іске кірісіңіз. Жақын туысыңыздың үлкен салтанатты шарасына қатысасыз. Отбасыңыздағы жасы кіші адамның жетістігін мақтан тұтатын боласыз. Серіктесіңізбен қарым-қатынас жақсарады. Жеке өмірде өзгерістер көп: ресми құжат рәсімдеу, маңызды келісімге қол қоясыз.  Спортқа көңіл бөлетін тауықтар нәтижесін көреді. Көбісі қаржылық табысқа кенеледі. Сапарлар белгілі бір мақсатта және жоспармен болады.

ИТ (1934, 1946, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006, 2018 ж.)

Ит өзгелерге сенім артпайды. Сіздің сабырлығыңыз өтірік болуы ықтимал. Биыл шамыңызға тиетін дүние көбірек болады, өзіңізге ыңғайлы тұрмыс іздейсіз. Өз дәулетіңізді, берекеңізді іздейсіз. Ішкі түйсігіңізге құлақ түріңіз. Егер көп нәрсені өзгерту керек болса, батыл қимылдаңыз, өзіңізге сеніңіз. Биыл сіз тек өзіңіз, жалғыз шешім қабылдауға тиіссіз. Мүлік мәселесі – өткір. Құжат рәсімдеуге мәжбүр боласыз, ол сіздің бастамаңызбен жүзеге асады. Отбасы туралы ойлайтын кез туды, өзіңізге қымбат адаммен қатынасты бекіту керек. Бұл жағдай сіз армағандай емес, біртүрлі көрінгенімен, бақытсыз болмайсыз. Көбісінің белгілі себептермен жасырып жүрген қарым-қатынасы болуы мүмкін. Сіз қосалқы мәселеге бола, маңызды дүниеден бас тартып, жоспарыңызды жиі өзгертесіз.  Бірақ бұның бәрі сіздің сезіміңізді немесе белгілі бір адамға деген ықпалыңызды күшейту үшін - ақтайды.  Жақын досыңызбен естен кетпес демалыс сапары күтіледі.

ДОҢЫЗ  (1935, 1947, 1959, 1971, 1983, 1995, 2007, 2019 ж.)

Доңыз биыл ештемеге таң қалмайды және көңілі де қалмайды. Биыл келешекке деген оптимизм басым. Ақыл-ойыңыз керемет толады, жасыңызға қарамастан. Көбісі бұрынғы өміріне қарағанда жақсы өмірге бет алады. Содан бақытты сезінеді. Қасыңызда өзіңіз жақсы көретін және бағалайтын адам болады. Оның жетістігі сізге шабыт беріп, мақтан тұтасыз. Бірқатар доңыз бірдемені ұтып алады, ірі сомаға қол жеткізеді, мұрагер болады. Бойыңызда бар дарынды қасиеттің арқасында тұрмысыңызды жақсартуыңыз мүмкін. Биыл көп жаңалық ашасыз. Отбасыңыздан молынан көмек беріледі. Айтпақшы, отбасыңыздағы адам саны өседі. Үйлену тойы, шілдехана болады. Ал кәсіби қатынаста биылғы жыл сізге жаңа рөл дайындап отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде