{metadescription}
Суық тиіп ауырғанда жіберетін 10 қателік

Суық тиіп ауырғанда жіберетін 10 қателік

Антибиотикпен қай кезде емделеді? Түшкіру суық тигеннің белгісі емес дейді. Салқын тиіп ауырғанда төсекте жата беруге болмайды екен. ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекция) тұмауға айнала ма? Тағы нені білмейміз? Ендеше суық тиіп ауырғанда жіберетін 10 қателікті білуге тиіспіз.   

Бірінші қателік: Суық тигенде ол тұмауға айналады

ЖРВИ және тұмау (грипп) әртүрлі вирустардан туындағандықтан, бір ауру басқа ауруға ауыспайды. Бірақ ауырып қалғанда алғашқы күні  көбісі осы екі аурудың белгілеріндегі  айырмашылықты білмейді. Тұмаумен емес, суық тиіп ауырғанды қалай білуге болады:

• Суық тигенде оның белгілері біртіндеп басталады: тамақ ауырады, мұрыннан су аға бастайды, қалтырай бастайсың. Шамамен 5 күнде адам науқастанғанын сезеді. Ал тұмау бірден сұлатып түсіреді: басың, бүкіл денең ауырып, әлсіз сезінесің.

• Салқын тигенде дене қызуы болмайды немесе қызу қатты көтерілмейді (38 ° дейін). Ал тұмауда дене қызуы күрт көтеріледі (39 ° және одан жоғары).

• Түшкіру – тұмаудың емес, суық тигеннің белгісі.  

Екінші қателік: Суық тисе, антибиотикпен емдеп алуға болады

Антибиотиктер вирусты құрта алмайды, өйткені оның құрамы бактериядан бөлек. Ал мұндай дәрінің пайдасынан көрі зияны көп.  Аурудың белгісі сақталып, ал вирустар ағзаңызда көбейе береді. Антибиотикті «кәдеге жарап қалар» деп қабылдауға мүлдем болмайды! Ол иммунитетіңізді әлсіретіп, вирусқа қолайлы жағдай жасайды.  Сөйтіп болашақта қажет кезде антибиотик сізге көмектесе алмайтын болады, себебі мұндай препараттан кейін тірі қалған бактериялар оларға сезімтал болмайды.

Үшінші қателік: Суық тигенде емделудің қажеті жоқ, өзі-ақ жазылып кетеді

Әдетте суық тигенде оның белгілері 3 күнге созылады, бірақ «жазылып кетермін» деп күтсеңіз, онда ауру бір айға созылып немесе асқынуы ықтимал. Есіңізде болсын: егер демігіп, ентіксеңіз, демалу қиындаса, дереу жедел жәрдем шақырыңыз!

Төртінші қателік: Суық тигенде жұмысқа бара беруге болады

Көптеген адамдар суық тиіп ауырып жүрсе де жұмысынан қалмай, «ерлік жасауға» құмар. Тіпті өзіңді босаңсуға мүмкіндік бермесең, онда ауру тез өтеді деген қате түсінік. Іс жүзінде жазылу процесі созыла береді. Сол үшін ең ыңғайлы шара: алғашқы 1-2 күнді міндетті түрде үйде өткізу керек. Үйде қалудың тағы бір себебі: аурудың алғашқы күндерінде адам вирустың тасымалдаушысы болып табылады, яғни айналасындағы адамдарға ауруын жұқтырады.

Бесінші қателік: Суық тигенде төсекте қозғалмай жату керек

Ұзақ уақыт төсек тартып жату бронхит пен пневмонияны тудыруы мүмкін. Сондай-ақ аяқтағы қанның тоқырауына әкеледі. Әрине,  спортзалға жүгірудің қажеті жоқ, бірақ қалыпты белсенділік тек пайда әкеледі.

Алтыншы қателік: Суық тигеннің бір себебі – салқын ауа

Суық тигеннің жалғыз себебі – вирус жұқтыру. Яғни, басыңызда бас киім болды ма, қалың киіндіңіз бе, бәрібір. Және де суық жел, өкпек жел, кондиционер де себеп емес. Егер ұшақта отырып суық тиіп немесе салқын желден ауырдым деп ойласаңыз, онда қателесесіз. Мәселе мында: құрғақ ауа мұрынның шырышты қабығын кептіріп, содан ағзаңыздың вируспен күресі қиындайды.

Жетінші қателік: Далаға терлеп шықсаң, міндетті түрде суық тиеді

Өкпек жел, жаңбыр немесе басыңды кептіріп үлгермей далаға шыққанда ол ауруға себеп болады деген қате түсінік. Вирусты ұстаудың 3 тәсілі бар: ауа тамшылары, ауа-шаң-тозаң және тұрмыстық. Сондай-ақ  вирустардың өте қабілетті екенін ұмытпаңыз:

  • Вирустар үйде су өткізбейтін жерлерде 7 күннен артық өмір сүреді.
  • Киімде, жиһаз қаптамасында немесе қағазда шамамен 12 сағат өмір сүреді.
  • Қолыңызда бірнеше минуттан 1 сағатқа дейін.
  • Есік тұтқаларында - 6 сағат.

Бірақ далаға терлеп, басыңды кептірмей шығуға болмайды. Өйткені ол иммунитетті әлсіретіп, вирус жұқтыруға себепкер болады.  

Сегізінші қателік: Қыста бір рет қана суық тиіп ауырасың

Жақсы жаңалық: адам өзін ауыртқан вирусқа иммунитет қалыптастырады. Демек екінші рет тап сондай вирусты жұқтырмауыңыз мүмкін. Жаман жаңалық: әлемде 200-ден аса вирустың түрі бар. Сондықтан бір маусымда бір рет қана суық тиіп ауырады деген бос сөз.

Тоғызыншы қателік: Бір күнде емдеп алуға болады

 Ауруға қатты соққы беру керек деп, дәріні бір мезетте көп мөлшерде ішіп алатын «ақылгөйлер» бар. Дәріні уыстап ішіп, бір күннің ішінде аяғымнан тік тұрам деу – қауіпті пікір. Вирус жұққан кез келген ағза қайта қалпына келу үшін уақыт керек. Егер аурудың белгісін жоятын дәрі-дәрмекті көп қабылдасаңыз, онда жүрекке салмақ түсіріп, оның салдары қиын болуы мүмкін. Сондай-ақ парацетомолы бар препараттармен абай болыңыз, оның мөлшері шамадан тыс болса, ол бауырдың қызметін тоқтатуы мүмкін.

Оныншы қате түсінік: Аяғына дейін емделу қажет

Жөтел мен жеңіл тұмау 4 аптаға дейін сақталуы мүмкін. Сондықтан аурудың барлық белгісі толық жойылғанша күтудің мағынасы жоқ.  Егер өзіңізді жақсы сезінсеңіз, әдеттегі тіршілігіңізге кірісе беруге болады.

Деніңіз сау болсын! 

Оқи отырыңыз: Балалардың қысқы кездегі қауіпсіздік 11 ережелері 

Өзіңді тексер: Альцгеймер ауруына тестілеу 

Жедел жәрдем туралы білуге тиіс мәлімет 

Көру қабілетіне кері әсер ететін 5 фактор 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде