{metadescription}
28 қаңтар – 03 ақпанға арналған жұлдыз-жорамал

28 қаңтар – 03 ақпанға арналған жұлдыз-жорамал

Бұл апта маған қалай болмақ? Жоспарлаған ісімді бітіре аламын ба? Не күтіп тұр? Қандай қауіп-қатерден абай болу керек? Нені  басты назарда ұстау қажет? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 28 қаңтар – 03 ақпанға арнап шығарған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.  

Тоқтылар ожанталасып жұмыс істейді. Өзіне маңызды деп шешкен міндеттерді біреуге тапсыру мүмкін емес. Бұл аптада жалғыз болмайды.  Онымен көптеген адам кездескісі келеді. Бұрынғы серіктестерінен ұсыныстар түседі. Жағымды компанияда уақыт өткізеді. Қысқа сапарлар күтіп түр. Көбісі жаңа аймақты, кабинетті, кеңсені игереді. Бұл апта бейтаныс жерлерді басып алу мақсатына арналады. Кейде ол жарқылдақ нәрсені елестетеді. Бірақ біраз уақыттан соң айналасындағы адамдар тоқтының көрегендігіне таң қалады.  Түсетін салмақ та аз емес. Спортпен де айналысады. Үйін тазалап, жөндеп, ретке келтіреді. Тоқты қай жерде болса, сол жерде жаңарту болмақ. Жинаған ақшасын аяусыз жұмсайды. Жаңа мақсат пайда болады. Ол отбасы құндылығымен байланысты. Тоқты серіктесінің кез келген бастамасын мақұлдауға  дайын.

Торпақтардың бұл аптада сезімталдығы артып, өте сақ жүреді. Өзгеге сенім артудың мәні жоқ екенін түсінеді. Көбісініне өзгеретін мезгіл жетті. Тым болмаса аз уақытта бірдемені өзгерту қажет. Осы аптада бірнеше оқиға болады, ол өзіне қажетті, маңызды, жаңа нәрсеге үйретеді. Айтқан сөзі ерекше мәнге ие болады. Бұрын шабыттандырмаған нәрсені бағалауды үйренеді. Көптеген торпақ туыстарының алдында жауапкершілік салмағын сезінеді. Бұл апта бәрін жақсартудың нәтижесін көрсететін апта. Дене бітімі, келбеті, үйін де жақсартады. Спортпен айналысатын уақыт келді. Түр-келбетіне де көңіл бөлетін кез келді. Ұзақ күткен ақша қолына түседі. Бірақ жұлдыздар ақшасын оңды-солды шашпай, ақылмен жұмсауға кеңес береді. Сапарлар күтілуде, сонымен бірге ажырасу мен кездесулер де болмақ. Бұның бәрі эмоцияға толы. Жарқын сәттер де көп. Бойдақ торпақтар салдарын ойламай, ғашық болады. Көбісі жасырын кездесуге барып, сезімін құпия ұстауға мәжбүр болады.  

Егіздерде біреуді мәпелеп, қамқорлық танытуға құштарлық пайда болады. Адами тұрғыда өзінің маңыздылығын сезінгісі келеді. Бұл бала жасауға қолайлы апта. Туыстармен жақсы қарым-қатынас орнатуға қолайлы апта. Бұрын қасыңызда болып, кетіп қалған адамды сағынады. Тағдырдың әділетсіздігіне көнбістік танытады.  Өзін мазалап жүрген қиын сұрақтарға жауап іздейді, бірақ таба алмайды. Дегенмен жақында бәрі өзгереді. Сіз қалай» әрекет ету керектігін түсінесіз. Сіз сезімталсыз. Қай жағдайда қалай және не істеу керектігін білесіз. Жақсылыққа сенетін өмірлік қағидаттың мәнін терең түсінесіз осы аптада. Жұмыста өзгерістер болуы мүмкін. Ол сіздің қалауыңызға байланысты. Бұл күндері басшылықпен қатынас нығаяды. Қаржылық салада сәттіліктер күтіп тұр. Бұрынғы сезіміңіз салқындайды. Бірақ жаңа махаббат шошытуы мүмкін.

Шаяндар демалу туралы керемет ойынан бас тартады. Маңызды жұмыстарына ден қояды. Таңдауының дұрыс екеніне шүбә келтірмейді, тап осы қасиет өзін мықты етіп көрсетеді. Жақын туыстарының алдында міндеттер көп-ақ. Оны өзі таңдап алған. Үйде ұсақ-түйек жұмыстарды бітіреді. Көптеген шаяндар маман шақырып, қайта құру жұмыстарын ұйымдастырады. Бұл аптада бұрын өзіне көмек көрсеткен адамдармен жұмыс істейді. Ашық, ақкөңіл, жақсы мінезі ұзақ серіктестес болып, бірге жұмыс істеуге түрткі болады. Бәлкім жаңа келісім-шарт жасап, іскерлік құжаттарды рәсімдеуі мүмкін. Жиындар күтілуде. Қысқа сапарлар болмақ.  Ұзақ көрмеген досымен кездеседі. Алыстан қонақ келеді. Жеке өмірі кәсіби мақсаттағы жаңартумен тікелей байланысты болмақ. Серігімен жаңа жоспар құрады.

Арыстандар ақпараттар мен жаңалықтарға бар назарын салады. Өзгенің құпиясы қызықтырады. Өзге адамдардың өзімен барынша ашық болуын қалайды. Сол үшін барын салады. Бірақ өзі тура сұрақтан сытылып шығып, ниетін жасырумен болады. Жолда кездесу күтіліп тұр. Көп уақытын жолда өткізеді. Қарбалас серуендер, белгілі мкақсатпен қысқа саяхаттар күтілуде. Жұмыста жаңа бетбұрыс идеясы пайда болады. Бастама көтеріп, шешім шығарып, пайдалы қатынасқа ұмтылады. Әріптестердің басын қосып, топ ұйымдастырып, ұжымды басқарады. Бұл аптада шығын көп. Ол мазасын кетіреді. Жақындарының арасында ақшаға бола жанжал тууы мүмкін. Жеке өмірде көп ойланады, өзіне жаңа нәрселер ашады. Жүрегі жаңа махаббатқа дайын.  

Бикештер көп ойланады. Тағдыры жайлы толғанады. Басқаларға өзі жайлы тіс жармаса да, бірлі-екілі туысы оны сөз қылады. Бикешке қолдау, қолпаштау қажет. Дегенмен жұлдыздар біраз уақыттан кейін жағдайының жақсаратынын болжап отыр. Қиын сәт артта қалады. Бастысы, өзіне сенімділік қажет. Өз әрекетінің дұрыс екеніне сенімді болғаны жөн. Кәсіби салада пайымдалған шешімдер жүзеге асады. Бұл апта энергетикалық потенциалды жақсартуға арналған. Күшін қалпына келтіреді. Демалысқа шыққаны дұрыс. Туыстарына деген өкпе-назы бар.Оны айтуға батылы бармайды. Қанша тыраштанған еңбегі зая кетті, өзіне ешкім назар аудармады, сол үшін наразы. Құжаттармен айналысады. Ақша алып, ақша салады. Оның бәрі мазасын алады. Үйіне зат сатып алып, бір адамнан сыйлық алып, содан көңіл күйі көтеріледі. Бикештерге қомақты қаражат қайтарылады.  

Таразылар бұрын біреудің айтқан ережесін сақтаудан бас тартады. Шыдамның да шегі бар. Өздігінен шешім шығарғанда ғана біреудің ықпалынан құтылады. Жеке басының рөлін анықтайтын кез келді. Денсаулығына абай болсын дейді жұлдыздар. Өзіне көңіл бөліп, өзі білетін жобаларды іске асыратын мезгіл жетті. Бұл аптада ешкіммен ашық сөйлесіп, құпияңызды ашпаңыз. Күдікті адамдардан қолдау сұрамаңыз. Кәсіби жұмыста аз да болса жетістік бар. Кәсіби салада тәуекелге бел буған жоба жүзеге асуы мүмкін. Сыншылар мен көреалмаушылар да табылады.  Күш салсаңыз, қаржы мәселесін шешесіз. Ал жеке өмірде тек махаббат қана сізге шабыт, жақсы көңіл күй, сенім сыйлайды.  

Сарышаяндар кезінде жоғалтып алғанын енді табады. Қалпына келу процесі аяқталды, оның көрінісі де жарқын. Қарым-қатынастар жаңаланып, ерекше  деңгейге шықты. Тұрмыс үлкен маңызға ие. Жақындарыңыздың арасында маңызды шешім қабылдайсыз. Ол шешім саяхатқа, тіпті көшуге байланысты болмақ. Өзіңізді бақытты сезінетін жерлерге барыңыз деп кеңес береді жұлдыздар. Бұл мерзім кездесулер, әңгімелерге, келісімдерге толы. Сізде шаруа да, міндеттемелер де көп. Және де бұл белсенділікке түрткі болады.  Жетістік әкелетін қандай да бір келешекке қатысты және бірге жұмыс істеуге қатысты ұсыныс болуы мүмкін. Өзіңіз сенетін білікті адамның кеңесі қажет. Ақша, сыйлық алып қалуыңыз ықтимал. Жеке тартымдылығыңыз артады. Бойдақ сарышаяндарды жарқын оқиға күтіп тұр. Таңдау жасау керек болады. Өткендегі тәжірибеңіз көмеккке келіп, дұрыс шешім қабылдайсыз.  

Мергендер материалдық пайдаға есеп құрады. Бұл күндері ақша кешігіп түседі. Серіктестеріңіз міндеттемелерін орындамайды немесе тіпті алдап кетуі мүмкін.  Сіз әрдайым заң бойынша ережеге сай жұмыс істеуге тиіссіз. Әйтпесе жәй сөз ретінде қабылданған шарт проблема әкеледі. Қысқа мерзімге құрылған жаңа серіктестік мазаңызды кетіреді. Апта бойы уақытты зая кетіріп алуыңыз мүмкін. Нетиже де болмайды. Одан сақтану үшін белгілі бір қағидатты сақтап, ешкімге тәуелді болмаңыз. Елдің айтқанынан көрі, ішкі түйсігіңізбен қабылдаңыз шешімді. Бұл аптада қонақ келуі мүмкін. Тьуыстарыңыздың арасында боласыз. Туғандарыңыздан бір ерекше ақпарат аласыз. Қысқа сапарлар күтілуде. Көбісі денсаулығына көңіл бөледі. Спортпен шұғылданып, денесіне салмақ салады. Отбасыңыздағы жасы кіші адамға қамқорлық көрсетесіз. Сіздің біліктілігіңіз бен тәжірибеңіз қажет болады. Мергендердің осы аптада жеке өмірінде өзгерістер бар. Ал үйленген мергендерде бәрі тұрақты.

Тауешкілер көзге қарағанда қарапайым болып көрінгенімен, шын мәнінде олай емес. Дегенмен тартымды тауешкілердің ішінде не жатқанын білу қиын. Ескі достарыңыз, жаңа таныстарыңыз сізге қызығушылық танытады. Іс-әрекетіңіздің мәні болады, қабылдаған шешімдеріңізді жүзеге асыруға ұмтыласыз. Бұл аптада материалдық жағдайыңыз оң шешімін табады. Жылжымайтын мүлікке қатысты мәселе шешіледі. Маңызды құжаттарға қол қойған соң жағдайыңыз жақсарады. Туыстарыңызбен жақын араласып, өз ниетіңізді ашық айтатын боласыз, сонымен бөлісесіз. Олардың қолдауы сізге күш-жігер береді. Сезім саласында да белсенділік бар. Ғашықтық, жақындастық бар. Жұлдызы оңынан жанғандар жұмыс күні демалып рахат алады. Бұрынғы одақтасыңыз құпиялы ұсыныс жасауы мүмкін. Бұрынғы таныстық пайда әкелуі мүмкін. Біреудің жайсыз сөздерінің кесірінен достық үзілуі мүмкін.

Суқұйғыштар өзгерістер арасында жүріп өзіне қатты ықпалды сезеді. Жоспардың әлсіз екені есіңізден кетпейді. Ниетіңізді өзгертуге, жағдайға икемделуге тура келеді. Бұның бәрі сіздің жолы болғыш адам емес екеніңізді білдірмейді.  Бұл аптада үлкен өзгерістер күтілуде. Нәтижесі де бар. Келісім жүргізгенде белгілі бір шекараны сақтаңыз. Соны бұзбаңыз. Әйтпесе арты дау-жанжалға ұласады. Бәсекелестік сезімі сізді жаңа ортада, жаңа адамдардың арасында құтқарып қалады. Ескі әдеттеріңізден құтылыңыз. Бұл апта не нәрсеге болсын тәуелділіктен біржолата құтылатын уақыт. Материалдық жағынан қиынырақ болғанымен, тұрақты. Үйреншікті әрекеттердің арқасында пайда табасыз. Жеке өмірде аздаған қысылтаяң шақ болады. Бойдақ суқұйғыштардың көңілі суыйды.  

Балықтар салауатты өмір салтына көшеді. Қазір өзіне өте өзекті болып тұрған салауатты бағдарлама бүкіл ойын жаулайды. Байланысын артттырып, өзгелерге ақыл айтып, кеңестерімен бөліседі. Ортақ мүдде өте маңызды болып тұр. Сын қабылдауға қауқарсызсыз. Жұлдыздар кәсіби салада материалдық пайда тауып, мен тұрақтылығын сақтап және  алыс жақта тұратын танысыңыздан хабар алады дейді. Бірақ жақындарыңыздың арасында досыңызбен қатынасты үзесіз. Бұл апта жаңа жағдайға қалыптасуға өте ыңғайлы. Көбісі тұрған жерін ауыстырады. Көшуі мүмкін. Қолыңыздан ірі сома өтеді. Келісім-шарттар тағдырлы болмақ. Бойдақ балықтар досының мазасыздығынан жапа шегуі мүмкін. Үйленген балықтар, керісінше, сезімге бай, жұлдыздары жанып тұр.

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: Шығыс күнтізбесі: Доңыз бізге нені болжайды? 

2019 жылға арналған жұлдыз жорамалы 

Дұрыс тамақтану туралы 10 өтірік

Несие төлейтін уақыт келді, бірақ ақшаңыз жоқ. Пайдалы кеңес

Суық тиіп ауырғанда жіберетін 10 қателік 

Шырын Нарчаева: Күйеуге пәк күйімде шығамын

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде