{metadescription}
04 – 10 ақпанға арналған жұлдыз-жорамал

04 – 10 ақпанға арналған жұлдыз-жорамал

Бұл апта маған қалай болмақ? Жоспарлаған ісімді бітіре аламын ба? Не күтіп тұр? Қандай қауіп-қатерден абай болу керек? Нені  басты назарда ұстау қажет? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 28 қаңтар – 03 ақпанға арнап шығарған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.  

Тоқтылар тұрмыстық қажеттіліктерге қатысты бейтаныс адамдармен көп араласады. Шаруашылық істер, үйдегі мәселелер сіздің көп уақытыңызды алатын болады. Дегенмен бұл машақат деп қабылдамаңыз, өйткені шабыттанып, қуанатын сәттер көп болады. Қиын да оңай сұрақтарда көмекшілер де қалыс қалмайды. Бұл аптада достар табасыз, үзілген пайдалы қатынасты қалпына келтіресіз. Кәсіби салада бірге жұмыс жасауға өте қолайлы уақыт бұл. Алыс жолға шықсаңыз,  сапарыңыз сәтті болмақ. Ал қаржы мәселесінде бәлендей өзгеріс болмайды. Дегенмен қосымша табыс табу үшін біраз жүгіресіз. Адамдар мен жағдайлардан тәуелді болатын кездер жиі. Алайда сізге мұқтаж адамдар  да сізге тәуелді болады. Бұл сізге ауыртпалық әкелуі мүмкін. Туыстармен ерекше жарқын кездесу күтілуде. Мерекеге қатысып, дастарқан басында отырасыз. Жеке өміріңіздегі мәселе жиі толғандыратын болады. Шешім қабылдаңыз. Ал отбасы бар тоқтылардың жеке өмірі тұрақты, еш өзгеріссіз.  

Торпақтар өзгенің жетістігіне назарын аударады. Қызғанышпен қарап, олардың іс-әрекеттерін зерттейсіз. Бұл аптада сыни пікірлерге, көреалмаушылыққа ұшырайсыз. Жұрттың баласына бәрін беріп жатыр, маған неге құдай ештеме бермейді деген ой да келеді. Бұл айда өзіңізді тануда, ойлау қабілетінде, күнделікті өмір салтына өзгерістер енгізіледі. Шынайылық табалдырыққа келіп тұр, енді өзіңізді сыртыңыздан қарап ойланатын боласыз. Бұл аптада құдай сізге өздігімен әрекет ету мүмкіндігін ұсынады. Өз таңдауыңыздың ықпалымен біраө нәрсені өзгертесіз. Бұл барлық торпақтарға қатысты. Құлдырау мен даму – тек сіздің ерік-жігеріңізге байланысты. Шешім қабылдаған кезде ол бірден түріңізден бейнеленеді. Бәлкім ешқандай тосын нәрсе бола қоймас, бірақ айналаңыздағылар сіздің бет-әлпетіңіздегі өзгерісті бірден байқайды. Көптеген торпақтар жаңа жұмыс іздеуге құлқысы жоқ. Көбісі жеке өміріне алаңдайды. Кейбіреулердің көкейін жеке өмір теседі. Бұл әсіресе еркектерге қатысты. Әйелдердің өмірі тұрақты. Ақша мәселесі сізден тыраштануды талап етеді. Жаңа мүмкіндіктер іздеңіз. Бірақ бәлендей өзгеріс жоқ.   

Егіздер де көптеген адам аңсап жүрген еркіндікке қол жеткізеді. Өмір сүру салты өзгереді. Көбісі тұрмыс жағдайын жақсартып, пәтерін кеңейтуді жоспарлайды. Сондай-ақ жеке өмірін де. Бұрыннан көксеген жоспарды іске асыруға мүмкіндіктер туады. Басқа адамдардың рөлі азаяды. Ал сіздің айналаңыздарға ықпалыңыз күшейеді. Бірақ одан ләззат алмайсыз. Ұнжырғаңыз түсетін сәттер көп-ақ. Туындаған жағдайларға қарап бұл менің басымнан өтіп жатқан сәтсіздік деп ойлап қателесесіз. Нашар маманмын деген ой мазалайтын болады. Тіпті мазаңыз кетуі мүмкін. Жоспар құруға мұршаңыз болмайды. Жақын досыңызбен сапарға шықсаңыз, бұндай жаман ойдан арыласыз.  Ортаны ауыстыру кейде адамды сергітіп, жігер береді. Жаңа ой туады. Осы аптада жиған-терген тәжірибеңіз болашақта пайдалы болмақ. Оны қызметіңізге де пайдаланасыз. Яғни, кәдеге асырасыз. Бұл аптада білгеніңіз, түйгеніңіз қызықты болып, ол пайдалы, беделді адамдармен қатынас ортатуға себін тигізеді келешекте. Осы аптада досыңыз ақшасын қайтарады. Сыйлық алуыңыз да мүмкін. Жеке өмірде бәз-баяғыдай. Оны тіпті сөз қылып айтудың қажеті шамалы.

Шаяндар егжей-тегжейлі зерттеуді қажет ететін істерге мойнын бұрады. Айналаңызда қозғалыс, белсенділік көп болмақ. Көптеген адамдар сізбен бірге жұмыс істеуге ниет білдіреді. Белгілі бір беделді адам іскерлік сипатта сізге қызығушылық танытады. Бұл қызметте, тұратын жерде, жұмыста жаңа бетбұрыс жасау кезеңі. Көбісі мамандығына қатысты жарқын келешегін көреді. Үйге ірі зат сатып алуыңыз мүмкін. Жолға шыққандарды сәттілік күтіп тұр. Қаржы жағынан бәрі жақсы, дегенмен шығын да көп болмақ. Ол сәл де болса мазалайды. Келесі аптада көпшілік алдында болуыңыз мүмкін. Сыйлық алып, достарыңыз бен жақындарыңыздың мақтауына ие боласыз. Араласатын адамдарыңыздың ішінде қарсы жынысты жаңа адам пайда болады.  Ол туысыңыз болып шығуы да мүмкін. Ал іштей тұрмыс жағдайыңызды ойлайсыз, материалдық ресурсты нығайтуға күш саласыз. Мені жақсы көре ме, мені қажет ете ме деген сауалдар тұрады. Ал бойдақ шаяндар жаңа сезім мен жаңалықтарға дайын болсын.  

Арыстандар қиялындағы дүниесін армандамайды. Оның арманы – қарапайым ғана нақты нәрсе. Өмірге шынайы күнделікті тіршіліктен рахат алады. Арыстандар бұл аптада айналасындағы адамдарға жақсы әсер береді. Осы аптада өзін жеңіл сезініп, ұсақ-түйек айлаға баруға ынтасы бар. Жасы кіші арыстандар ақылымен көзге түспек. Бұл аптада талант пен парасаттың көрініс беретін кезеңі. Мамандық пен оқуға қатысты таңдау жасауға болады. Оқып, білім алған да жеңіл тиеді. Осы кезеңде алған ақпараттар пайдаға жарамақ. Жұмыста аздаған жетістік бар. Кейбіреуінде ол уақытша. Бұл кәсіби тәжірибені нығайтуға алғашқы қадам. Өз бастамаңызбен жолға шығып қалуыңыз да мүмкін.  Жеке өмір белсенділігімен ерекшеленеді. Көбісі оны құпия ұстайды. Құпия мен жасыру – ол сіздің әдетіңіз.  

Бикештер отбасындағы өзгерістерге қарап қатты алаңдайды. Жақындарыңыздың өтінішіне бола жүгіріп, бір мәселемен айналысатын боласыз. Өз проблемаңызды ысырып тастап, отбасыңыздағы жасы кіші адамның жағдайының ауыртпалығын мойныңызға жүктейсіз. Көптеген Бикештердің қарбаласы жылжымайтын мүлікке, тұирғылықты жерге, туысының баспанасына қатысты болмақ.  Бұрындары сізге материалдық көмек берген адамның іс-әрекеті таңырқататын болады. Дегенмен ол адаммен жақсы қатынаста болып, түсіністік пен қолдау табасыз. Басыңызға тап болған көп мәселенің ішінен ең дұрысын таңдау қиынырақ. Қателіктерге ұрынам ба деген қауіп те бар. Жеке өмір естелікке толы. Бірақ мұңайтатын жайттарды есіңізге аласыз. Бикештер қазір белгілі бір тоқыраушылық кезеңде тұр. Жұмысыңызда  сізді құрметтейді. Көбісі шыцғармашлық салада жетістікке ие болады.

Таразылар кезекті рет белсенділікке көшті.  Сіздің іс-әрекетіңіз, шешіміңіз бірден талқыға түсіп, жарқын бағаланады. Бұл кезеңде көп нәрсе сіздің білікті маман екеніңіздің дәлелі болады. Дегенмен жіберген қателіктеріңізді де ұмытпағайсыз. Ұсақ олқылықтарды да естен шығармаңыз. Келесі аптада кәсіпке негізделген қажетті серіктестермен кездесуіңіз мүмкін. Артық адамдар болмайды. Жеке өзіңіз сөйлесесіз. Салмақты қағидаңызды бағалау қиынырақ. Сізді алдау мүмкін емес. Бұл кезеңде сіздің көшбасшыға тән қасиетіңіз анық білінеді. Пайдалы келісімшарт жасауға ыңғайлы апта. Қызметте көтеріліуіңіз мүмкін. Өз мүддеңізді көздеген сапарлар болуы мүмкін. Қосымша табыс түседі. Бұған үміт артқансыз. Көбісі бұл аптада денсаулығын нығайтады. Бірқатары дәрігерге қаралып, емделеді. Жеке өмірде сырт адамға қатысты біраз наразылық болуы мүмкін. Бәлкім сезімнен басқа одан әріге жылжымас.   

Сарышаяндар тұрмыс жағдайын өзгерту туралы ойланады. Көбісінің жөндеу жұмыстарын бастап, үйінде өзгеріс жасамақ ниеті бар. Қалғаны көшу туралы ойды қарастырады. Сізде бұрынғыдай емес, қазір таңдау мүмкіндігі туды.  Әрекет етудің небір жолдары да бар. Бірақ тап осындай жағдайда сіз сақтық жасап, әр нәрсені бүге-шігесіне дейін қарайсыз. Белгілі бір адам, бұрынғы досыңыз сіздің шешім қабылдағаныңызды талап етіп, күтеді.  Егер  өзгерістер мен жаңа жағдайлар қорқытпаса да, асықпауға тырысасыз. Мүлікке қатысты шартқа мүдделілер бұны шешуді бастап кетеді. Жұлдызыңыз оңынан тууы мүмкін. Жылжымайтын мүлікке қатысты жоспарланған іс материалдық кіріс әкелуі мүмкін. Алыстан хабар аласыз. Творчестволық мүддеңіз көңіліңізден шығады. Бұрын күш салған дүниенің жемісін көресіз. Жарыстарға, байқауларға қатысасыз. Мерекелік шара болуы мүмкін. Онда көзге түсесіз. Жақын тусыңызға сыйлық сатып алып шығын шығарасыз. Бірнеше адаммен бас қосып отырасыз. Жеке өмір романтикаға толы. Оны айтудың да қажеті жоқ. Сондықтан құпия – құпия болып қалсын.

Мергендер өзінің жаңалығынан басқа ешнәрсеге таң қалмауға дағдыланып кеткен. Өзгені таңқалдыратыныңыз – рас. Ел күтпеген ерекше нәрсе жасайсыз. Бөлменің ішкі көрінісінен бастап, барлық жерді творчестволық шабытпен гүлдендіруге ұмтыласыз.  Ұйымдастырудан да құр алақан емессіз. Ұйымда, ұжымда, жеке тұлғалармен де. Күн сайын жауапкершілікті сезінесіз. Бірқатар міндеттемелерді орындап, одан тарту мүмкін болмайды. Ол серіктесіңіздің ісімен, оның мәртебесімен, қазіргі дәстүрмен байланысты болмақ. Қаржы мәселесі әрдайым мазалайды. Бірақ жаңа мүмкіндіктер шығады, оған бірден кірісе қоймайсыз. Қосымша ақша отбасыңыздағы бір адамның тапқанымен толығады. Отбасындағы  жасы кіші адамға көп көңіл бөлетін боласыз. Кейбір Мергендер үй шаруасымен айналысады.  Бүкіл апта сапарлармен, жүріс-тұрыспен, белсенді болмақ. Кебетіңізде өзгеріс болады. Жүрегіңізді махаббат оты жаулайды.  

Тауешкілер өзге адамға өзінің жеке көзқарасы мен ойын тықпалайды. Сіз бұлтартпайсыз. Тіпті өзгені өз ойынан айнытуға дайынсыз. Бұл жаңа жоспар құруға лайықты апта. Жаңа тұлғалармен танысасыз. Өмір сүру салтыңызда өзгеріс болады. Бұрын наразы болатын дүниеге енді басқаша қарайтын боласыз. Ішкі ресурсыңызды жинақтап, сақтап қою сізге жеңіл. Ұсақ-түйекке көңіл бөлмейсіз. Өйткені көп нәрсені бастан кешірдіңіз. Қазір творчество мен сенімге негізделген жасампаз кезең туды. Айналаңыздағы адамдар сіздің ең жақсы қасиеттеріңізді байқайды. Сізге жылы сөзді аямайды. Қызметте әр адамға қарым-қатынас басты рөл атқарады. Туыс пен достарға қатысты бірақ шығын шығады. Сенімді ортада қаржы мәселесін сөз қыласыз. Кейбір тауешкілер жеке мүддесін көздеп сапарға шығады. Ер адамның атынан айтылған сөз ауыр тиеді.  

Суқұйғыштар өз көздегеніне батыл қадам жасайды. Сізде тәжірибе молынан бар, бұл өмірде бағыт-бағдар беруге шамаңыз жетіп тұр. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білесіз. Ешбір қате жібермей, бәрін дұрыс жасауға бел буасыз. Бұл апта болашақты көздейтін, сол үшін әрекет жасайтын апта. Кейді бұның бәрі бұрын басымнан өткендей деп ойлайсыз, өйткені қазіргі жағдай қайталанып тұрғандай әсер береді сізге. Бұрынғы бір досыңыздан көңіліңіз қалады. Бұл аптада қажетсіз адамдардан құтыласыз. Алға жылжуға кедергі болатын адамдардан да құтыласыз. Ол – әдеттер, мүліктер. Батыл шешім қабылдаңыз! Жұлдыздар сізге сәттілік тілейді. Жеке өмірде серігіңізге деген қатынас материалдық жағдайға тіреліп тұр. Сізге деген қызығушылық артады.  

Балықтар басшылық, әріптестер, қарсыластар тарапынан наразылық болатынына дайын болуы тиіс. Іскерлік серіктесіңізбен ауыр әңгіме күтілуде. Жалпы жағдайыңыз жақсы болғанымен, сіз әрбір шартты қалағалаңыз. Жақын туысыңызбен арадағы жанжалдың кесірінен туыстарыңыздың арасында салқындық орнайды. Сонымен бірге, сіз мүдделі тұлғалардың жағдайын жақсарту үшін ақыл ұсыныстар мен маңызды бастамалардың көзі боласыз. Егер сіздің шеңберіңізде мүліктік мәселе болса, еркін әрекет етуге барсыз. Мұндай жоспарларды табысты жүзеге асырудың жақсы кезеңі осы. Шарттар өзгеруі мүмкін. Араласатын адамдар да өзгереді. Билік өкілдерімен, лауазымды тұлғалармен, заңгерлік өкілдермен  кездесуіңіз мүмкін. Өзіңіздің міндеттеріңізден, әсіресе, кіші туыстарыңызбен араласпай кетіпсіз. Сіз белгілі бір адамға ерекше қызығушылық танытасыз, ол туралы  үндемеуді жөн көресіз. Қаржылық жағдай жалпы алғанда, қолайлы.

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: Шығыс күнтізбесі: Доңыз бізге нені болжайды? 

2019 жылға арналған жұлдыз жорамалы 

Несие төлейтін уақыт келді, бірақ ақшаңыз жоқ. Пайдалы кеңес

Кедейлікке жетелейтін жексұрын әдеттер 

Кредит алғанда банк нені жасырады

Аятжан Ахметжанұлы: Ерлеріміз ез болып барады 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.