{metadescription}
11 – 17 ақпанға арналған жұлдыз-жорамал

11 – 17 ақпанға арналған жұлдыз-жорамал

Бұл аптада мені не күтіп тұр? Қандай қуаныш, қандай жаңалықтар болмақ? Жоспарлаған дүниемді іске асыра аламын ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Басты назарда нені ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 11– 17 ақпанға арнап шығарған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.

Тоқтылар болашақта мақтан тұтуға болатын белгілі бір дүние сатып алады. Бірінші орынға кәсіби қызмет шығады. Жаңа бизнес-серіктестер пайда болуы мүмкін. Шығармашылық міндеттермен байланысты бірлескен іс-әрекет жасауы мүмкін. Жұмыста күш, білімі мен тәжірибесін жинақтау кезеңі басталады. Қарсыластарын шаң қаптырып, белгілі бір адамдардың арасында беделін нығайту мүмкіндігі пайда болады. Сіз қайтадан қаржы мәселесіне алаңдайсыз. Ақша тақырыбы жиі айтылады. Қолыңыздан көп ақша өтеді. Бірақ сіз ахуалды бақылауды күшейтуіңіз керек, себебі сіз ақшаны мақсатсыз шашып, жомарттыққа берілесіз. Көптеген тоқтылар жаңа достарымен бір жаққа шығуы мүмкін. Бір жағынан, өмір сүру жағдайында, ішкі жаңаруда өзгерістер болады. Көптеген адамдар үйде немесе жұмыс орнында жиһазды жөндеп, қайта жасайтын болады.Денсаулығына алаңдап жүргендерді жақсы жаңалық күтіп тұр. 

Торпақтар үлгі көрсететін адам іздейді. Сізге ұнайтын біреу болу керек. Сіз ішкі бағыт-бағдарыңызды белгілі бір адамдардың тәжірибесіне сүйеніп жасағыңыз келеді. Барлық тәуелсіз идеялар түкке тұрмайтындай, дұрыс емес сияқты болып көрінеді. Жұмыста  іс-шаралар артып, бұрынғы жағдай қайта туады. Қосымша тапсырмаларды орындауға мәжбүр боласыз. Уақытыңызды өзгенің міндетін орындауға жұмсайсыз. Бұл апта сізге үлкен табыс әкелмейді, бірақ сіздің кәсіби және іскерлік мәртебеңізді жақсартады, сіздің позицияңызды нығайтады. Ө өз әріптестеріңіз бен достарыңыздың құрметіне ие боласыз. Сізбен сенімді серіктес ретінде бірге жұмыс істегісі келеді.  Көбісі өздерінің тіршілік ету орындарын, саяхатын, іскерлік сапарларын өзгерте алады. Бейтаныс бағыттарды зерттеуге ниет еткендерге сәттілік келеді. Алыстан жаңалық аласыз, ол сізді  таң қалдырады және бұрын жұмбақ болып көрінетін қарым-қатынастар туралы түсінік береді.

Егіздер жұрт алдында құлаш сермеп мәлімдеме жасауға мұқият болуы тиіс. Біреу сіздің пікіріңізді қолдануға тырысады, сізді өтірік айтты деп, жұмысқа, адамдарға әділетсіз қарым-қатынаста қолдануға тырысады. Көбісі маңызды құжаттармен байланысты ресми мекемелерге барумен айналысады. Күту туралы мәселе бірінші орында тұр. Күтпеген жерден жоғары біліміңізді көрсетіп, шығармашылық талант, ғажайып қабілеттеріңізбен көзге түсесіз.  Сізді жақтырмаған адамдардың алдында абыройыңызды өсіріп, сеніміне кіресіз. Бұл таптаурын болғандардың құлдырау кезеңі, мылжыңнан шығасыз, өз мақсаттарыңызға түбегейлі шолу жасайсыз. Жаңа міндеттер, жарқын міндеттер тұр. Жақын адамдарыңызды іш пытыратын өмір салты, жалқаулығы мен ашкөзділігімен айыптауыңыз мүмкін. Ерлі-зайыптылар, туыстар арасындағы жанжал болуы мүмкін. Ол қаржы және ақшаға тәуелділікке қатысты болмақ. Егер сіз жолға шықсаңыз - бұл дұрыс шешім.

Шаяндар егер басқалар тарапынан құрмет сезінсе, олардың мүдделері мен қызығушылығын сезінсе, толық жұмыс істей алады. Сізге түсіністік қажет, айналада болып жатқан оқиғаларға қатысыңыз бар екенін түсіну қажеттігі туады. Осы уақыт ішінде сіз туыстарыңыз бен әріптестеріңіздің ахуалын білуге ұмтыласыз. Жақын адаммен бірге демалу идеясы туады. Бұрын қозғалмаған, көтерілмеген өмірдің тұстарын жаңартылуы мүмкін. Қаржылық жетістік әрдайым дұрыс бәсекелестікке ұмтылғандардың жағында болады. Көбісі жарыстар мен байқауларға қатысады. Сонымен бірге күйбең тіршілікке, болжамды өмір салтына және қарым-қатынастардың дәйектілігіне тартыласыз. Сізге барлық жағынан шығармашылық қажет. Ерекше, пысық, тәуекелге бел буа алатын адамдарды өзіңізге тартасыз. Бұл аптада көп адамдармен араласып, кездесіп, әңгімелесесіз.

Арыстандар өмірдің жарық пен қуанышқа толы екенін түсіну керек, әйтпесе күйзеліске түсіп кетуі мүмкін. Айналаңыздағылардың бәріне бірдей қарыз сияқты әрекет етесіз. Талаптарыңыз көбінесе эмоцияға толы, ашулы болмақ. Сонымен қатар, сізге шынайы сүю және тыңдау қабілеті қажет. Амбицияларыңыз кәсіби салада  оңтайлы болмақ. Сізді емес, бөтен біреуді мақтап жатса, ол сізге ауыр тиеді. Рухани салмақтылықты қалыптастыру үшін сізге кәсіпте, қызметте де теңдесіз адам екеніңізді түсіну керек. Алайда, бұл кезең сіз үшін өте қиын. Ең бастысы - ақшаға байланысты. Ұзақ уақыт бойы бір нәрсе күтсеңіз, ол жалғаса береді. Бұл апта техникалық құрылғыларды, автокөлікті сатып алуға сәтсіз. Техника, электр аспаптарымен айналысуда сақ болыңыз. Жолда ұзақ боласыз. Бірақ ол жұмысқа қатысты есмес, жеке мақсаттарымен байланысты болады.  

Бикештер ересек туысымен кездеседі. Кейбір бикештер өзіне міндетті кездесуді жүзеге асырады. Өмір сүру идеясына байланысты туысқандар арасында ауқымды әңгіме бар. Көшу тақырыбын, өмір сүру жағдайларын өзгертуді талқылайсыз. Сондай-ақ бұл күндері мерекелелік дастарханда отырасыз. Белгілі тұлғаға назар аудару үшін сыйлық беру керек болады. Ресми құжатты алуда алаңдаушылық бар. Ол мазаңызды алады. Ұзақ уақыт бойы шешілмеген мәселелерден туындайтын оқиғалар сіздің мақсаттарыңызға деген сеніміңізге нұқсан келтіреді. Сонымен қатар сіз өз  идеяларыңыз бен ұмтылыстарыңызбен бөлісуге дайын адамдармен бірге мүдделерді біріктіру арқылы шығармашылық қауымдастықтың жаңа мүмкіндіктерін таба аласыз. Белгілі бір адамға белгісіз сезіміңіз болады.  Бірақ сіз өзіңіздің көңіл-күйіңізді көрсетуге бейім емессіз, әрдайым жүзіңізді жасыруыңызға себеп тауып аласыз.

Таразылар қызығушылығын азғыруға және шындықты бұрмаламауға берілмейді. Сізге жағдайды нақтылау қажет, өз ұстанымыңызды  біржолата айқындайсыз. Бірақ бұл кезеңде айналаңызда әрдайым құпия келісім, шулы әшкерелеу болады. Біреу сіздің атыңызды беделге түсіруге, әрекеттеріңізді әділетсіздікпен байланыстыруға тырысады. Жжұмыс істеп, әріптестермен кездесіп, пікірлес адамдармен араласу үшін көп уақыт, күш жұмсайсыз. Қымбат кеңсе жабдықтарын сатып ала аласыз. Көбісі жеке пайдасына үлкен зат сатып алуы мүмкін.  Сонымен қоса күтілген ақшаны аласыз. Балаға қатысты мәселелерді шешу қажет болады. Оның мүдделерін, келіспеушілігін, қарсылығын  түсіну қиын болуы мүмкін. Қандай да бір рұқсаттар немесе қосылу құқықтарына қатысты ұзақ мерзімді мәселені шешуіңіз мүмкін. Бірақ бұл мәселе тегін шешілмейді.   

Сарышаяндар іскерлік белсенділікке бейім. Кәсіби салаға қатысу қажеттілігі бірте-бірте іске асырыла бастайды. Бұрынғы күш-жігер оң рөл атқарады. Тіпті таңдау мүмкіндігі де болады. Жұмыстар өз нәтижелерін материалдық табыс түрінде әкеле бастайды. Осы кезеңде бұрынғы келісімдер бойынша сапарға шығу мүмкіндігі бар. Шығармашылық немесе қоғамдық қызметпен байланысты пайдалы танысу өз рөлін ойнайды. Қоғамдық іс-шараларға қатысасыз. Кейбіреулер үшін қатаң талапқа негізделген бәсекелестік, кәсіби іріктеу жарысы болады. Келісімшарттық міндеттемелердің идеясы өседі. Нұсқаулар мен жазылмаған ережелер сіздің өміріңіздің негізін құрайды. Өнер мен ғылымға қызығушылықты артады. Бұл қызығушылықтың арқасында ерекше адаммен танысасыз. Жаңа қатынас туып, сезіміңіз оянуы мүмкін. Сіздің табиғи тартымдылығыңыз арта түседі. Өз өміріңізде бір нәрсені өзгерткіңіз келеді. Бұл қолыңыздан келеді. .

Мергендер айналасындағы бір адаммен уақытша қоштасады. Бұған уайымдап, мазасы кетіп, ойға беріледі. Бірақ сонымен бірге әріптестермен немесе көршілерімен байланыс артады. Бірлескен мәселені шешуге немесе өзара тиімді жобаны жүзеге асыруға жақсы мүмкіндік бар. Бұл қысқа мерзімді таныстықтар, жылдам әрекеттер және жылдам нәтижеге қол жеткізуге пайдалы кезең. Көптеген адамдар қажетті ақпарат пен құжаттарды алу үшін делдалдардың қатысуынсыз бизнес жүргізу және лауазымды тұлғалармен қарым-қатынас жасау үшін қажетті қосымша ақпаратты іздеумен айналысады. Бұл күндері қаржылық мәселе бекітіледі. Болашақ шығындар мен қандай күтпеген оқиға болатыны  сізді қорқытуы мүмкін. Бірақ жұлдыздар сіздің жоспарларыңызды жүзеге асыруға үлес қосады. Жақын туыстарға қатысты оқиғалар мен қарапайым жаңалықтарды сіз шынайы мереке ретінде қабылдайсыз. Тек қана жақындарыңыздың ортасында демалып, жұмыс туралы ойламауға мүмкіндік туады.  

Тауешкілер Тауешкілер бір адамға деген қызығушылығын жоғалтып, өзгелердің кеудемсоқтығынан көңілі қалады. Кітап, фильм, музыкадан қуаныш іздейді.  Осы кезеңде театрға келіп, концертке қатысып, соңында қызықты адамдармен танысқыңыз келеді. Жаныңызды қарым-қатынасты, ақпарат алмасуды, ішкі рухты жаңарту қажет ететін болады. Бірақ сонымен қатар сіз әрқашан жаңалықтардан хабардар болып, іскерлік ынтымақтастықтың пайдасын жіберіп алмайсыз. Өзіңіз бастама көтеруге дайынсыз. Қаржылық аспект кейбір алаңдаушылық тудыруы мүмкін, бірақ ақша сізге бірнеше жерден түседі. Туысқаныңыз қолдау көрсетеді.  Қосымша жауапкершілік болады, бірақ сіз үшін ол қиын емес. Көбісі мекендеу ортасын уақытша өзгертуі мүмкін. Өміріңізде жалпы ережелерді бұзуға, ортақ қағидаттарға қарсы белгілі бір құпиялар бар. Бірақ сіз оны тек мақтан тұтасыз.

Суқұйғыштар біреудің шеберлігіне, шығармашылығына қатты сүйсінеді. Бұл әсіресе, толық таныс емес адамға қатысты мүмкін. Сіз сүйсінуге және шаттануға дайынсыз. Бұл қажеттілік сізде мезгіл-мезгіл пайда болады. Және бұл өте жағымды, өйткені сізді дұрыс нәрсені және ізгі істерді жасауға талпындырады. Апта сіз үшін жаңа келешекке бағыт ашады. Сен өзіңе, жұмысыңа және тапсырмаларды жүзеге асыра алатынына сенесің. Сізге өте жағымды нәрселер әкелетін қызықты танысу күтілуде. Апта қаржылық деңгейіңізді жақсартуға және жаңа іскерлік ынтымақтастықты тиімді қасиеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ортаңыздан бөтен адамдармен кездесу күтілуде. Танымал шығармашылық адаммен байланыс болуы мүмкін. Бұл кезеңді байланыстыру сіздің өміріңізге көптеген жағымды нәрселер әкеледі және өзіңізді, өмір салтыңызды, мақсаттарыңызды жаңаша көзбен  қарауға мүмкіндік береді. Жоспарланған сапар күтілуде. Кейбірі дәрігерге қаралады, кейбірі ауруханаға жатуы мүмкін.  

Балықтар өзіне маңызды болған қарым-қатынасты қайтаруға тырысады. Ол қатынас өмірінде маңызды болған. Күш-қайрат жетіспейтін болады, ішкі дайындық, әркімнің жолында кездесетін қиындықты еңсеруге қажетті жігер жетіспейтін болады. Жалпы бұл аптада үзілген байланыстарды жалғап, бірлескен сапарлар, жақсы серіктес компанияда тақырыптық іс-шараларға барып, жағымды дос табасыз. Кейбір әрекеттеріңіз бен байланыстағы адамдарды жасырын ұстайсыз, бірақ бұл қайғы тудырмайды. Бұнымен толық келісесіз. Сіз өзіңіздің ішкі қажеттіліктеріңізді, әсіресе сезімге қатысты қажеттілікті жүзеге асыруға тырысасыз. Өз мүддеңізге сай адамға шынайы болып, жомарттық танытуға ұмтыласыз.

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: Шығыс күнтізбесі: Доңыз бізге нені болжайды? 

2019 жылға арналған жұлдыз жорамалы 

Кедейлікке жетелейтін жексұрын әдеттер 

Дұрыс тамақтану туралы 10 өтірік 

Суық тиіп ауырғанда жіберетін 10 қателік 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде