{metadescription}
18– 24 ақпанға арналған жұлдыз-жорамал

18– 24 ақпанға арналған жұлдыз-жорамал

Бұл аптада мені не күтіп тұр? Қандай қуаныш, қандай жаңалықтар болмақ? Жоспарлаған дүниемді іске асыра аламын ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Басты назарда нені ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 18– 24  ақпанға арнап шығарған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.

Тоқтылар бұл аптада ішкі түйсігіне сеніп, келешегін болжай алады.  Қаржының құйылуы шабыттандырады. Болашақты қайта қарап,  болашаққа жоспар жасай аласыз. Сонымен қатар, бұрынғы мақсаттарыңыз алыс емес. Жақында өткен оқиғалар бұны дәлелдейді. Алайда бұрынғы міндеттемелердің шеңберінде көп жұмыс істеуге тура келеді. Бірақ бір жағдай кәсіби деңгейіңізді нығайтуға, жұмысыңызға назар аударуға мүмкіндік беріп, онымен бірге шаршатып жібереді.  Өткендегі адам өзін еске салады. Мүмкін бұрынғыдай кездесіп, қарым-қатынаста боларсыз. Достарыңыз бен таныстарыңыз сіздің тәуелсіздік пен белсенділігіңізге кедергі болады. Сіздің қызығушылығыңызды тудырмайтын адамдармен қарым-қатынас жасауға тура келеді. Жақын адаммен бірге жағымды сапар болуы мүмкін. Туысқаннан естелік сыйлық күтіледі. Отбасының ең жас мүшесіне қамқорлық жасайсыз.

Торпақтар өздерінің ескі өмір салтынан жаңа іс табады. Үйіңіз жаңартылады, сізді  шабыттандыратын және көңіл көтеретін кейбір өзгерістер бар. Қаржылық жағдай ақшаны ақылмен жұмсауға шақырады. Бірақ бас тарта алмайтын бірқатар зат сатып аласыз. Қонақ күтуге тура келеді. Көптеген адамдармен бірге үлкен іс-шараға қатысуыңыз мүмкін. Отбасы мүшелерінің біріне қатысты маңызды іс-шараға қатысасыз. Белгілі бір мақсатпен сапар күтілуде.  Бұл апта басқа адамдарға қатысты шешім қабылдаумен байланысты емес қарапайым адамдарға қолайлы кезең. Оқу мен біліктілікті арттыруға да қолайлы мезгіл туып тұр. Одан сәттілік келеді. Туысқандардың, достардың пікірлеріне өте сезімтал боласыз. Басқа адамдардың әзіл-қалжыңдарын да көңіліңізге алып, ренжіп қалуыңыз мүмкін. Соның ішінде сүйіктіңізбен де. Жаңа қарым-қатынас басталмай жатып, аяқталады.

Егіздер ресми қарым-қатынастардан алыстайсыз. Сізді жалған екіжүзді адамдармен байланысты үзесіз. Оны түсіну үшін сізде сезімталдық қасиеті жетіп жатыр. Бұрын болған жанжалдың кесірінен жақын туыстарыңыздың арасында дау туып қалуы ықтимал. Екі тараптың арасында араша түсіп, татуластыруға тырысасыз. Екі әйелдің дауына түсу өте қиын. Есесіне бұл аптада материалдық өтемақы алып, болмаса қарызыңыз қайтарылады. Қысқа айтқанда, ақшалар жоспарланбаған жерден түседі. Кейбіреулері емделіп, денсаулығын қалпына келтіруге кіріседі. Кейбірі өзінің сыртқы келбетін жөндеуге сыбана кіріспек. Ал жеке өмірін сырт көзден таса ұстап, қамқорға алып жүреді.

Шаяндар кездесулер мен отырыстардан мезі болады. Сізді қызықтыратын мәселе бойынша маңызды келіссөздер күтілуде. Бұл апта – біріктіру кезеңі, байланыс орнату және бұзылған қарым-қатынастарды қалпына келтіру. Әрбір осындай іс-шараның нәтижесі  қызықтырып, мақсатыңызға бір табан жақындатады. Жаңа жаңалықтар шабыт беріп, белсенді әрекет етуге түрткі болып, бастама көтересіз. Күнделікті жоспарларыңыздың бір бөлігі ретінде сапар жасайсыз. Досыңыздан жақсы кеңес ала алып, кездесулерде қажетсіз мәліметтен аулақ бола аласыз. Қаржылық аспект өсуде. Өзгелердің іс-әрекеттеріне деген сенімсіздік ешқайда кетпесе де, біреудің көмегімен  әмияныңызды толықтыра аласыз. Осы кезеңде әріптестеріңіз бен пікірталастарыңыздағы рөліңіз маңызды болмақ. Кепілдіктер, кепілдік берілген мәлімдемелердің дәрежесі бұл аптада сіз үшін биік болмақ.  Бірқатар құжат рәсімдеп, келісімшарттық міндеттемелерге қол қоюыңыз мүмкін. Туыстардың арасында бәрін бақылап отырасыз. Әділдік пен қатал шешім қатар жүрмек. Бірақ одан ешкім зардап шекпейді.  Ал жеке өміріңіздегі қарым-қатынасты «Сеніңіз, бірақ тексерірің!» принципімен құрасыз.

Арыстандар жеке өмірде бұрылысты кезеңін бастады. Бұрынғы қатынастар тартымсыз боп қалды. Сіз жаңа қатынасқа дайынсыз. Тек ресми некедегілердің өмірі тұрақты болады. Көптеген арыстандар үшін бұл аптада достық пен шығармашылық байланыстарының әлсіреп,  тартымдылығын жоғалады. Ескі қарым-қатынастар да ынтымақтастық шеңберінен шығады. Бірақ тағдыр қазірдің өзінде сізді жаңа ортаға әкеледі. Бірақ оның қандай болатыны тек өзіңізге мәлім. Бұл тәуекелге бел буатын кезең. Мүмкін, мансап жолын қуып, табысты дамытасыз. Бірақ сонымен қатар сіз жаман әдеттерді үйреніп, осы бағытта өте белсенді болуыңыз ықтимал. Әр сезіміңізді жұртқа паш етіп, көзқарасыңызды жариялайсыз.

Бикештер белгілі адамның назарын өзіне толық аударып алады.  Өзгелерге сенімсіздік біртіндеп төмендеп,  еркінсіп, өз еркіңізбен ашық сөйлесе бастайсыз. Пайдалы болуға тырысасыз. Мүдделі тараптардың қақ ортасында болғаннан керемет нәрсе жоқ. Бірақ өзгелердің назарын аудару үшін көп күш салу керек. Сіз өз достарыңызға ғана емес, таныстарыңызға да қызығып, қызғанасыз. Сізді дұрыс бағалай алмайды, тыңдай алмайды деген сезімде боласыз. Шын мәнісінде  расымен де өзіңіз білетін сұрақтарды көкейтесті мәселеде жақсы білесіз. Сіздің кәсіби шеберлігіңіз де мықты болмақ. Бірақ үрей мен тұрақсыз сезімнің салдарынан сіздің қасыңызда болу қиын. Ішіңіз толған диалог пен сұрақтар. Ішіңізден көп алаңдайсыз. Соның салдарынан әлсіз сезініп, күш-қуатыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін. Үйіңізге қонақ келеді.  Жеке өміріңізде күмән көп. Бірақ бұл апта қызықты танысу үшін жақсы кезең.

Таразылар кейбір фактілерді салыстыруға және бар қарым-қатынастың шын мәнін сезінуге қабілетті. Әрқашан айналасында кеңесшілер көп болады. Бірақ сізге жеке ойлану қажет. Өзіңіз ғана дұрыс шешім қабылдауға және дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік аласыз. Байқау және жағдайды талдау мүмкіндігі арқасында  басқалардың әрекеті мен ниетін біліп отырасыз. Осы кезеңде бұл үрдісті баяулаудың қажеті жоқ. Лайықты мінез-құлық сізге жақсы қызмет етеді. Білімді толықтыру, кез-келген ақпаратты оқу және алу үшін бұл жақсы кезең. Кәсіби өсуге, сенімді байланысты сақтауға мүдделісіз. Апта жасырын әрекетке толы болмақ. Табысқа жетуіңіз басқалардың шешім қабылдауына байланысты. Өзіңізге қызығушылық танытқан адамдарды қызықтыра аласыз. Жеке шеберлік дәрежесі артады. Қайда барсаңыз да, ел назары сізде болмақ. Және бұл тартымдылығыңызды арттырады. Сізге ұмтылатын болады. Өзгенің сеніміне кіріп, өзіңізді жайлы сезінесіз. Бұрынғы серіктесіңіздің арқасында, қолдауының арқасында қаржылық әл-ауқатқа қол жеткізе аласыз. Туыстардың арасында қуанышты кездесу күтілуде. Ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастар айтарлықтай жылынады. Жеке өмір - тұрақты. Дегенмен қазір сені өлердей жақсы көремін деген сөзге зәрусіз.  

Сарышаяндар өз мүддесін икөздеп, кәсіби дағдыларын жеке пайда табуға шығады. Барлығына қаржы түседі. Пайда әкелетін апта бұл. Жаңа одақтастар іздейсіз. Жаңа шығармашылық әрекет жасайсыз. Көптеген қызықты мүмкіндіктерге ие боласыз. Бұрынғы серіктестермен ынтымақтастықта боласыз. Осы кезеңде күтпеген сапар, алыстан байланыс болуы мүмкін. Алыстан қонақ келеді. Басқа адамдардың күн тәртібіне бейімделу, уақытты үнемдеу, шапшаң қимылдау, бір уақытта жоспарланған оқиғалар күтілуде. Апта кездесулер мен жұмысқа және өздігінен жүруге болатын демалыстарға толы болмақ. Ол маңызды оқиғаға қатысты, маңызды күндермен байланысты. Жеке өміріңізде бәрі өзгереді. Мұнда сақтық қажет. 

Мергендер жұмысы мен тұрғылықты жеріне байланысты маңызды шешім қабылдайды. Қателік жіберіп алам деген үрей жағдайды дұрыс бағалауға кедергі болады. Соған қарамастан шығынға батпайсыз. Тек бүгінгі тұрақтылықтың негізін тауып, сол арқылы болашаққа бағыт-бағдар аласыз. Жақындарыңыз қолдау көрсетеді. Осы кезеңде сіз жақындарыңыздың арасында жомарттық танытасыз.  Дәстүрлі отырыстар болуы мүмкін. Бұл оң қадам жасауға, сенімділік пен болашақтағы тұрақтылыққа уәде береді.  Денсаулыққа, дене шынықтыруға назар аудару керек. Алдын алу шаралары осыған байланысты қиындықтарды болдырмауға көмектеседі. Күтіп жүрген ақша қайтарылуы мүмкін. Құжаттармен жұмыс істемесеңіз, шыдамды болыңыз. Жағдай созылып жатыр. Достардан біреу туралы сізді таң қалдыратын жаңалық аласыз. Бір нәрсе құпия болады. Және бәрі бұл туралы әңгімелейді.

Тауешкілер ішкі түйсігіне ерік беріп, айналасындағыларды түсінуге тырысады. Сізді ешкім алдай алмайды. Ал алдағысы келетіндер өте көп. Айналаңызда сіздің еңбегіңізді жеп кеткісі келетіндер де көп. Жаңа достарыңыз сізден пайда көріп, Бұл жаңа достар зиян келтіруі мүмкін. Бірақ сенімді ескі достарыңыз сізге қолдау көрсетіп, тірек болады. Көңілді кездесулер, телефонмен сөйлесу және ресми мерекелік іс-шараның бөлігі ретінде жағымды әңгіме болуы мүмкін. Сыйлық аласыз. Ақша мәселесінде  сәттілік бар. Басқалар ғана жоғалтып жатқанда, сіз табысқа жетесіз. Жоспарлаған сапар күтілуде. Сізге сырттан келгендер, әсіресе қарсы жыныстағы адамдар, назар аударады. Ол таңқаларлық емес. Жеке тартымдылық деңгейіңіз айтарлықтай жақсарады. Жас отбасы мүшесіне немесе үй жануарына қамқорлық танытасыз. Қуаныш табасыз. Үйді бірдемені өзгертіп, бірдеме сатып аласыз.

Суқұйғыштар өз ықпалын басқа адамдарға сездіру үшін ішкі сеніміне сенім артады. Жүрегіңізге қымбат адамдармен кездесуге үміттеніп, бір кездері жақсы араласқан адамды аңсайсыз. Бүгінде өзгелердің назарында болсаңыз да, өмірдің логикасына көңіліңіз толмайды. Барлығы сіз үшін дұрыс емес,  солай емес! Өзара болмашы сезімдерге деген қажеттілікті сезінесіз. Жұмыста биліктің бастамасы бойынша жаңа лауазыммен немесе басқа біреумен уақытша ынтымақтастықпен байланысты күрт бұрылыстар болуы мүмкін. Бірақ материалдық аспект айқын түрде нығайып келеді. Сіз жеке пайдалануға маңызды сатып алулар жасайсыз. Осы кезеңде сіз тарихи оқиғаларға, ақпаратқа, ғылымға және тәжірибе жинақтауға тартыласыз. Өзгелермен үнемі байланыста болғаныңызға қарамастан, әңгімелесу, араласу жетіспейді сізге. Сізге шығармашылық адамдар қажет.

Балықтар ішіне көп құпия сақтағандықтан, ашық болуға дайын емес. Өз идеяңызды іске асыру үшін стандартты емес нәрсені табуды жоспарлап отырасыз. Және бұл әрдайым керемет болады, өйткені ешкім де жасырғыңыз келетін нәрсені түсінбейді. Бірақ сіздің әрбір қадамыңызға қызғанышпен қарап отырғандар көп.  Мұны түсінесіз және бұл кезеңде сақтық шара маңызды. Кәсіби сала да үлкен маңызға ие. Мұнда қаржылық кірістер мен шығыстарға мұқият бақылау қажет. Алдыңғы уәделер бұзылып, шарттық міндеттемелер орындалмайды. Бұған қатысты белгілі біреудің ттары жиі аталып отырады.  Кәсіби міндеттерді бөлісуде қарсы жынысты адаммен жанжалға апарады. Бірақ шындық сен жақта, сондықтан сенің мүддеңді үлкен қиындықпен қорғауға тура келеді. Күтілетін ұзақ сапар бар. Көшу  туралы ой мазалайды.

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: Шығыс күнтізбесі: Доңыз бізге нені болжайды? 

2019 жылға арналған жұлдыз жорамалы 

Кедейлікке жетелейтін жексұрын әдеттер 

Дұрыс тамақтану туралы 10 өтірік 

Суық тиіп ауырғанда жіберетін 10 қателік 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.