{metadescription}
Білесіз бе? Өкпелеп, ренжігеннің де пайдасы бар

Білесіз бе? Өкпелеп, ренжігеннің де пайдасы бар

Өмір болған соң кейде біреуге ренжисің, өкпелейсің, көңілің қалады. Былай қарасаң, жақсы еш нәрсесі жоқ. Бірақ ренжіген адам қолын бір сілтегеннен гөрі, реніштің себебіне үңіліп барып өкпесін ұмытқаны дұрыс дейді. Ең ауыр өкпенің өзі қиындықты еңсеруге көмектеседі екен. Сенбесеңіз, өзіңізді тексеріп көріңіз.      

Өкпе-реніш жақын байланыстың көрсеткіші

Әдетте біз ең жақын адамдарға ренжиміз. Өйткені жақыныңның іс-әрекетін, сөзін жүрегіңе жақын қабылдайсың. Кейбір  «өмірімде ешкімге ешқашан ренжімеймін» дейтін адамдар болады. Өтірік айтады! Ендеше ол кісі асқан мейірімді, данышпан немесе... адамдармен сенімді қатынасты жауып тастаған деп ұғыңыз. Егер сіз  жақын адамыңызға бұрынғыдай өкпелеуді қойып кетсеңіз, яғни ренжуге себеп бола тұра, титтей де ренжімесеңіз, ол қуанарлық нәрсе емес. Сондықтан жақыныңа деген реніш – қарым-қатынастың шынайылығын көрсетеді.

 Ренжу – қарым-қатынастағы белгілі бір жетіспеушілік

Егер жақын адамыңызбен арада өкпе-реніш жиі болса, оның себебі тереңде жатыр. Әдетте болмашы ұсақ-түйекке (жуылмаған ыдыс, тамақ дер кезінде дайын болмады) қатты ашулансақ,  оның себебі – күткен нәрсеміздің қанағаттандырылмауынан.  Жерде шашылып жатқан шұлықтарға бола  кезекті рет ұрыс шығармай, мәселеге тереңірек үңілуге тура келеді.   

Реніш жағдайдың мән-жайын анықтауға септігін тигізеді

Жоғарыда жазылғанның жалғасы деп ұғыңыз. Жиі ренжисіз бе? Бірдеме жетіспейтін секілді. Мән-жайды зерттеңіз. Неге ашуландыңыз? Неге өкпеледіңіз? Бәлкім сізді ешкім ренжіткісі келмеген болар, бәлкім соған өзіңіз итермеледіңіз, тудырдыңыз. Қандай жағдай болмасын, мәселені егжей-тегжейлі пайымдаңыз. Сонда бойыңыз жеңілдейді. Тек өзіңізге шынайы тұрғыдан қараңыз.  

Реніш уыты бар қатынастан құтқарады

Өкпе-ренішті ұмытудың әдісі көп. Ал ондай әдісті қолданудың қажеті болмаса ше? Кейде қарым-қатынастағы өкпе-реніштің себебін анықтап, сараптап бас қатырғанша, бұндай қатынасты үзе салған дұрыс. Қиналып, ренжіп, налыдыңыз. Ендеше мәселенің түйткілін сол адаммен бірге шешкен дұрыс. Ал сізге құлақ аспаса, сізді керек қылмаса, онда сіз наразы күйден арыла алмай, қыстығып, ұзақ  ойланумен өміріңізді өткізесіз. Өзіңізге деген құрмет мүлдем құлдырап құрып кетпей тұрғанда, қарым-қатынасты доғарған дұрыс.

Біреуді ренжітіп алмас үшін өз тілегіңізді анық жеткізіп үйреніңіз

Дені дұрыс адам ашу-ыза, реніш-өкпе бар жерге жоламайды. Немесе ондай нашар байланысты болдырмау үшін мәселенің алдын алуға тырысады.  Мысалы, өз қажеттілігімізді алдын ала нақтылап, түсінбестік болмас үшін ойымызды ашық айтамыз. Сөйтіп артық уайымнан құтыламыз.

Қызметтегі өкпе-реніш әділетсіздіктің белгісі, ол адам құқығын қалпына келтіруге себін тигізеді

Қызметте кейде біреуге қарсы сөз айту қиын. Бірақ өкпе-реніш намысыңа тиген адамды өз орнына қоюға көмектеседі. Бастысы, пікіріңіз бен дәлеліңізді ашу үстінде емес, жүйкеңіз тынышталған кезде айтқан жөн. Егер біз айыптаудың әділетсіздігін біліп, өкпелеп, ашуға бой алдырсақ,  ол бізді жеке тұлға ретінде төмендеткеннің белгісі. Сондықтан  ренжіткен  адамды әдепті түрде орнына қойыңыз.

Өкпе-реніш бізді кешірімді болуға тәрбиелейді

Ең бастысы, реніш бізді кешірімді болуға бейімдейді. Ашу-ыза, реніш, өкпе, наз, ұрыс-керіс – өмірдегі қалыпты эмоциялар. Яғни, нашар эмоциялар. Сондықтан түсінуге тиіс жалғыз нәрсе – оның шығу себебін анықтап, кешірімді болу. Әрине, көңіліңді суытқан адамды бірден кешіре салу өте қиын. Дегенмен Нельсон Мандела айтқандай, «Ренжу мен ашулану — дұшпанымды өлтіреді деген үмітпен у ішіп алғанмен тең».

Есіңізде болсын, бізді ренжітпейді, ренжитін– біз. Ренжіткен адамды кешіру үшін өзіңізді соның орнына қойып ойланыңыз: ол неге сізді ренжітті?   Бәлкім, оны кешіре алатын себеп те табылар...

Оқи отырыңыз: Үйіңізде газ бар ма? Ендеше оқыңыз! 

Мұрат Бақтиярұлы: Мемлекет жалпы жалақы мәселесін көтеруі тиіс

Инфографика: Ана. Бала. Әлеуметтік қорғау

Биылғы өзгерістер: Ипотека, мұрагерлік, сүрілетін үйлер 

Апаттың алдын алмай, неге тек салдарымен күресеміз? 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде