{metadescription}
11– 17 наурызға арналған жұлдыз-жорамал

11– 17 наурызға арналған жұлдыз-жорамал

Жұлдыздарға құлақ түрсек. Осы аптада не күтіп тұр, жоспарыңыз іске аса ма, сіз ойлағандай бола ма? Қандай қауіп-қатерден абай болу керек, нені  басты назарда ұстау қажет? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің  11 –  17 наурызға арналған жұлдыз-жорамалын ұсынамыз. 

Тоқтылар көп жағдайда көптеген нәрсені жаңаша қабылдайтын болады. Өзгерістерді миына тоқиды. Сыртқы кедбеті өзгеріп, оны айналасындағылар да байқайды.  Тоқтылар осы аптада жаңарғысы келеді, жалпы өмірін, айналасындағыларға деген қарым-қатынасына, жұмысына жаңаша көзқарас қалыптастырады. Апта нәтижелі болады көбісіне. Әсіресе материалдық жағынан. Үйде жақсылық нышаны байқалады. Жаңа зат сатып алынады. Достарынан сыйлық күтілуде. Кім көрінгенмен араласпайтын болады. Белгілі бір адаммен байланыс үзіледі. Өзі жіне өзін бағалай білетін адамына қамқор болады.  Бойдақ тоқтылар серіктестік байланысқа көшеді. Жұмыста кідірістер бар. Міндеттер ауысуы мүмкін. Біреуі демалыс алса, екіншісі жаңа мәртебеге ие болады. Қаржы мәселесі ойдағыдай.

Торпақтар бар салада күш-дәрмені төмендейді. Бұл әсіресе жасы келген торпақтарға тән. Жұмыста бір адаммен жанжал тууы мүмкін (сатып алушы, клиент және т.б.) Бірақ сізде беделді қорғаушылар бар, достарыңыз сіздің ұстанымыңызды қорғайды. Үйде жақын адамыңызға арқа сүйейсіз. Бұл аптада біліміңізді толықтырып, денсаулығыңызды нығайтып, сыртқы келбетіңізді жақсартасыз. Қаржы мәселесі өткен аптаға қарағанда жақсарады. Дегенмен серіктесіңіздің жоспарына қатысты шығындар болуы ықтимал. Ересек туысыңызбен қарым-қатынасыңызды қайта қарайсыз. Сіздің қамқорлығыңыз, қолдауыңыз қажет болады. Материалдық та көмек қажет болады. Қысқа мерзімге болса да көшу, тұрғылықты жерді ауыстыру туралы идеяны талқылайтын боласыз. Жеке өмірде бәрін өзіңіз шешуіңіз тиіс. Серігіңіздің көңілін қалдырып, күйбің тіршілікке кіріп кетуіңіз мүмкін.  

Егіздер қолында бар тәжірибесін пайдаланып, ескі проблеманы жеңіп шығады. Бойыңызда құдай берген жеңімпаздық қасиетіңіздің арқасында сәттілікке жол саласыз. Егер жоспарыңызда болса, басқа жұмысқа ауыссаңыз жетістікке қол жеткізесіз. Өз бетіңізбен жұмыс істейтін боласыз. Бұл бәр қырынан көрінетін болады. Бастама көтеріп, жолға шығасыз. Белгілі адаммен бірге қызмет жасауыңыз мүмкін. Ескі байланыстарды кәдеге жаратасыз. Бұрын қолдан келген дүниені іске асырасыз. Әлеуметтік мәртебеңізді айқындайтын құжаттардың маңызы зор болады. Бәлкім, қолыңызға көптен күткен құжат түседі. Оны мақтан тұтатын боласыз. Материалдық жағдайдың салдарынан жеке өмірде біраз қиындықтар күтілуде. Өз бастамаңызбен сүйікті адамыңызбен қоштасып қалуыңыз да мүмкін.  

Шаяндар көз алдында болып жатқанның бәрін бақылап отырады.  Сіз басқаларға қарағанда ақпаратты толық білетіндіктен айналаңыздағы адамдардың тәртібін алдын ала болжайсыз. Тірліктегі ең бастысы – мансабыңыз өсіп, қызметіңіз көп болмақ. Бірақ көбісі  дұшпандарының жасырын әрекетіне зер салатын болады. Жаңа адамдар сенім тудырмайды. Сізбен тікелей байланысқа шығу қиын. Өзіңізге жолатпайсыз. Бұл жұмыста да, жеке өмірде де көрініс табады. Өміріңізде түрмыс тіршілігі мен туыстармен қатынаста көп оқиғалар орын алады.  Көбісі тұрмыс жағдайын жақсартуға ұмтылады. Үйін жинастырады. Үйге бірдеме сатып алу үшін жолға шығады.  Шығынға қарамастан қаржы жағы біршама жақсарады. Некелілердің жеке өмірі тұрақты. Бойдақ шаяндардың ғашықтық отына күйіп-жанып, тағдырында өзгерістер болуы мүмкін.    

Арыстандар өзінің сүйген ісінің құрбаны бола жаздайды. Жеке қарым-қатынаста қарама-қайшылықтар көп блмақ. Көбісі тағдырлы таңдау жасайды. Өзіне шын мәнінде не керек екенін білмейді. Досының көмегінен де пайда болмайды. Бұл аптада бәрін шешу тек өз қолыңызда ғана тұр. Сіздің сөзіңізді күтиеді. Соған байланысты болмақ. Өздіңізбен тығырықтан шығып, тек өзіңіз ғана әрекет еткеніңіз жөн. Жұмыс көп уақытыңызды алады. Кәсіби қызметкерлер мен әріптестермен күрделі қарым-қатынас орнауы мүмкін. Кад саясаты өткір мәселе болмақ.  Күрделі дау-жанжалға қатысуға тура келеді. Ол дау бұрынғы қаржы мәселесіне қатысты болмақ. Сізге көптеген жақсы адамның назарында боласыз. Алайда тап қазір сізге олардың ешқайсысы ұнамайды. Тіпті шамыңызға тиеді. Ересек туыссыңызбен байланысты нығайтасыз, жылылық орнап, бір-біріңізді түсінесіз.

Бикештер өзі мен айналасындағылардың міндеттерінің ара-жігін ашып, айқындайды. Оларға үлкен талап қояды. Бұл басшыларға қатысты. Осы апта өзіне көп шектеу қоюға арналған. Кейбіреуі қолайсыз жағдайда қалса, енбі біреуі жолға шығуына турак еледі. Үшінші біреуі өзі ұнатпайтын адаммен бірге тұруға мәжбүр болады. Ал қызметте бәрі жайлы. Жұмыстан тынығып, басқа нәрсемен шұғылданады. Таңдау  көп болмаса да барлығы негізгі жұмысынан тыс нәрсемен айналысады. Заң бағытындағы бірқатар мәселемен айналысуға тура келеді. Бірқатар құжат  рәсімдеп, толтырады. Жеке өмірге көңіл бөлуге мұршасы болмайды . Қаржы мәселесі алаңдатады. Көп оқып, ойланып, әңгімелеседі.

Таразылар бірге жұмыс істеуге ыңғайлы адамдарымен байланыс орнатады. Бұрынғыдай емес, бос уақыты көп болмақ. Қым-қуат тіршілік тыныш күйге ауысып, логика мен интеллектуалдық жұмысқа уақыт бөлінеді. Өзін жайлы сезінеді. Баяғыда орнатқан байланыстарын бағалайтын болады. Өзіне жәрдем берген адамдарға алғысын білдіреді. Таныс адаммен жолға шығуы мүмкін. Күнделікті күн тәртібінде өзгерістер орнайды. Болып жатқан оқиғаларға ықпал етеді. Дегенмен өзі жақсы білетін адамдарға сенім артады. Қаржы мәселесі құбылмалы. Шығын әдеттегіден көп. Көңілді отырыс болуы мүмкін. Бұл апта сезімдеріңізді жаңартады. Ол тіпті басқаны емес, өзіңізді де таң қалдырады. Сапарлар оң болмақ. Жеке өмірін көбісі жасыратын болады.  

Сарышаяндар ұжымдық шығармашылық идеясын шығару үшін басқаларға көмектесуге дайын. Сіздің жоспарыңыздың болашағы жарқын деуге болады. Бірақ оны жүзеге асыру үшін ұзақ және көп тер төгуге тура келеді.  Басқалары демалайын деп жатқанда, өзіңізді аямай, бар біліміңіз бен тәжірибеңізді жұмысқа саласыз. Сіздің арқаңызда күн көргісі келетін қызғаншақ әріптестеріңізді ренжітіп алмау үшін дипломатия қажет болады. Бұл аптада бәсекелестік рухта боласыз. Егер жарысқа қатыссаңыз, жеңіп шығасыз. Осы апта денсаулықты нығайтуға рналған, қажетсіз заттар мен бвйланыстардан құтылуға арналған. Жеке өмірде жаңа адамға көзіңіз түсуі мүмкін. Бірақ сіздің ескішіл көзқарасыңыз ештемені өзгертуге құлқыңыз болмайды. Бәлкім, оның қажеттілігі де жоқ шығар.  

Мергендер болып жатқанның бәрін үйімен, отанымен, тұрақтылығымен байланыстырады. Тұрмысын белсенді ету көкейін теседі. Жаңа жағдайда жаңаша өмір сүргісі келеді. Және де өзіне таныс ортада, өзін түсінетін, қолдайтын ортада. Ескі достарымен кездесуі мүмкін. Жаңа міндеттер пайда болады. Қазіргіге қарағанда тиімдірек жұмыс ұсынылады. Тұрып жатқан жеріңізде аздаған жөндеу жүргізілуі мүмкін. Тұрғылықты жеріңізді ауыстырып жіберуіңіз де мүмкін. Оны жақындарыңыздың арасында қызу талқылайсыз.  Кәсіби міндеттерге қатысты белгілі бір адам сізді іздейтін болады. Бәрінен қашып құтылу үшін жолға шығып кетуіңіз де ғажап емес. Ол қаржы тұрғысынан сәтті болмақ. Жеке өмірде өзгеріс жоқ.  

Тауешкілер өзгенің қыспағына, сынына, жатысқақтығына шыдамы таусылады. Шыдамның да шегі бар. Біреудің ықпалынан мезі болды. Айналасындағылармен жанжалға түспес үшін батылдық таныту керек. Бұл апта – сынақ. Бұл қиындықтан өту керек, өйткені ол денсаулығыңызға әсер етеді. Таңдау жасау қиын болмақ. Күнделікті өмір салтында бірдемені згерту керек екенін сезесіз. Сіз шапшаңсыз, әр нәрсені ілезде қағып алып, бірден кірісуге дайынсыз. Көп сөйлей бермеңіз, өйткені көре алмайтын адамдар көп. Сыртыңыздан өсек айтып, сөз қылатындар көп. Ақшаға абай болыңыз. Ұмытшақтықтың салдарынан ақшадан айырып қалуыңыз мүмкін. Жеке өмір толғандырады. Бірақ бұл сізді айналып өтеді. Жұлдыздар сізге білім алып, соған ден қоюға кеңес береді.  

Суқұйғыштар ішкі түйсігімен бұрын болған нәрсенің тағы қайталануына тойтарыс береді. Бұған ешкімге сезіле бермейтін дүниелер көмеккке келеді. Беделді адаммен бірге жұмыс істегіңіз келеді. Өзара ынтымақтастық біреумен бірге жұмыс істесеңіз, жолыңыз болады. Өздігімен жасалған жобалардың қазір сіз үшін пайдасы жоқ. Бұл аптада өзіңізге тиімді серіктестен ұсыныс алып қалуыңыз мүмкін. Тез ақша табу, баю сияқты қиялдар болады. Бірақ ол сіздің жолыңыз емес. Онда жеңілесіз. Сондықтан жаңа байланыстарға шығуыңыз керек. Жаңа достар табасыз. Мүдделі сала кеңейеді. Көбісі тәжірибесінің, білімінің  аздығынан мұңаяды.  Бірақ көмекке бұрынғы таныст арыңыз келеді. Бірнәрсе сізді таңқалдыратын болады. Бұл аптада өміріңізде өзгеріс болады. Әсіресе жеке өмірде.

Балықтар жақында ғана керемет болып көрінген жоспарынан өкінбей-ақ бас тартады. Өз ұстанымыңызды қорғаудан, қиындықтардан өтуден шаршайсыз, құлқыңыз да болмайды. Сонымен бірге кәсіби салада жақсы мүмкіндіктер пайда болады. Мықты мүмкіндігіңізді іске асыратын жаңа бағыт туады. Бір дүниені алғаш рет қолға алып, сонымен айналысатын боласыз. Қаржы мәселесі аз да болса жақсарады. Бәлкім, біреу шығынын азайтып, қарызын қайтарады. Бұрынғы досыңыз туралы хабар таң қалдырады. Армандап, қызығушылық танытасыз. Ашық түрде қызғанасыз. Бірақ жаман ниетке жол бермеңіз. Үйде бір жаңа қызығушылық пайда олады. Тұрмыста жөндеу, жихаз ауыстыру болуы мүмкін. Тұрмыс жағдайыңыз жақсарады. Бойдақтар ғашықтық сезіміне бөленеді. Үйленгендер серігінен ұрыс естіп мазасы кетеді.  

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: 2018 жылға жұлдыз жорамал – Қиыр Шығыс астрологтарының академиясы

Қазақ – қызды аса аялаған, күткен халық

Жазира Бегалы: Қуаныштан жылап жіберген сәттерім көп 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде