{metadescription}
Азаматхан Әміртай: Әлемдік ұйым Қазақстанға миллиардтаған айыппұл салуы мүмкін

Азаматхан Әміртай: Әлемдік ұйым Қазақстанға миллиардтаған айыппұл салуы мүмкін

Осы біздің экологиялық  ұйымдар не тындырып отыр? Қырылып қалған киіктер. Атыраудағы жаппай қырылған балықтар, Ақтау жағалауындағы итбалықтар. Өндірістік қалдықтардың нақты саны бар ма өзі? Экология шиеленесіп бара жатқан жоқ па?

ҚР Үкіметінің құрамында қоршаған ортаны қорғау бойынша бөлек мекеме болмағаннан кейін де біздің елдегі экологиялық проблемалар қордаланып барады. Үнемі айтылып жүрген жасыл экономика туралы идеяның да зорға жылжуына арнайы мүдделі мекеменің болмауы себеп дейді эколог мамандар. Расында солай ма? Киік пен балықтың қырылып, экологиялық аймақтардың апаттық жағдайға келуін қалай тоқтатуға болады? Елімізде экологпыз деп жүргендер осы уақытқа дейін не тындырды?  Мәселені КТК тілшісі Дәулетхан Қыдырбайұлы мен «Байтақ болашақ» экологиялық альянсының жетекшісі Азаматхан Әміртай тұздықтайды.

- Азаматхан  Сайлауұлы, соңғы жылдары қазақ даласында киіктер біраз қырылып қалды. Атырау жақта балық, Ақтаудың жағалауында итбалықтар қырылып жатады. Жалпы осының бәрі бізде экологиялық мәселенің шиеленесіп бара жатқанын көрсетпей ме?

- Бүгінгі күні біз экономикалық мәселелерге көп көңіл бөліп, экологияны ұмытып кеттік. Өйткені Қазақстан шикізат өнімдерін әлемдікке нарыққа ұсынып тұрған мемлекет қой. Сол шикізатты пайдаланған кезде экологиямыз қиын жағдайға ұшырап, зардап шегіп отыр.

 

 

 

 

- Мысалы, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс Қазақстанда осынша өндірістік қалдықтар жиналып қалды деген нақты мәлімет бар ма?

- Бүгінгі күні Қазақстанда 100 миллиард тонна өндірістік қалдық бар. 100 миллион тоннадай тұрмыстық қалдық. Ол үлкен қорқыныш әкелетін нәрсе. Егер тағы басқа мәселелерді алсақ. Елімізде   радиациялық жағдайдан радиациялық қиыншылыққа ие болған, зардаптанған жерлер, орындар жыл сайын өсіп келе жатыр. Уран өндірісі болған жақтардың бәрі үлкен радиациядан зардап шегіп отыр. Қазақстанда Менделеевтің кестесіндегі барлық элементтер бар деп мақтанамыз. Ал сол элементтерді өндіру үшін, сол элементтерді жерден қазып алу үшін экологияға қаншама зардап әкеліп отырмыз. Мысалы, Семей мәселесі, Балқаш, Атырау, Каспий, Арал. Нью-Йорктегі музейде Аралдың үлкен суреті ілініп тұр. Суреттің астына: «Адам қолымен жойылған теңіз» деп жазылып тұр. Аралдың жойылуы тек Қазақстанға зиянын тигізіп отырған жоқ. Оның тұзы әлем климатының өзгеруіне ықпалын тигізуде.

2016 жылы Парижде Қазақстан келісім жасап, ратификацияға қол қойды. Париждік келісім бойынша, климаттың өзгеруіне байланысты келісімде парниктік газды төмендету бар. 2020 жылы біз сол үлесті көрсетуіміз керек. Егер көрсете алмасақ, әлемдік ұйым Қазақстанға миллиардтаған айыппұл салады. Қол қоямыз, сонымен қатар экологияны бұзамыз, сосын әлемдік ұйымдарға бәленше миллиардтаған қаражат айыппұл төлейміз. Сонда не болғаны?!

Мысалы, жануарлар әлемін алайық. Солтүстік облыстарда қасқырдың өзі жоғалып кетті. Ақбөкен, сайғақ т.б. жоғалғанын бәріміз айтып отырмыз, білеміз. Бірақ, қасқыр құрып барады. Бүгінде аңшы болу ермекке айналды. Атып, қырып жатыр.Тіпті аңшылықты кәсіпке айналдырып отыр. Жануарлар әлемінен ажырап отырмыз. Еуропада, дамыған елдерде аңшылыққа жол жоқ, тыйым салынған. Ол жақта айыппұл түгілі, қамап тастайды. Сол себепті ол жақтағы аңшылардың бәрі Қазақстанға келеді. Бізде әр уақытта аңшылыққа жол ашық болып отыр.

- Неге? Бізде арнайы жұмыс істеп отырған министрлік бар, аңшылық қорықтар бар емес пе?

- Біздің аңшылар ермектің арқасында оны кәсіпке айналдырды. Кәсіп болғаннан кейін онда көп қаражат, айналым бар. Оны туризм деп қояды. Сол арқылы олар бүгінде үлкен бір қаражаты бар ұйымға айналды.  

- Заңды аңшылық ұйымдарды айтып отырсыз ба?

- Заңды дейміз, заңды емес дейміз. Олардың жануарлар әлемін құртуға құқығы жоқ. Бүгін олар ақша табу үшін, таптыру үшін заңдастырып қойған жерлері де бар. Ол да дұрыс емес.

 

- Жақсы. Экологиялық мәселелер, аңшылық, шаруашылық, табиғаттағы болсын бір сыпыра мәселелердің басын қайырдыңыз. Өздеріңіз экологиялық альянстасыз. Мынау экологиялық  ұйымдардың басын қосып, осындай проблемаларды жою жолында қандай қадам жасадыңыздар?

- Осыдан екі жарым жыл бұрын Олжас Омарұлы Сүлейменовтің бастамасымен  республикалық «Байтақ болашақ» деген экологиялық қоғамдық ұйымды құрдық. Не тындырдық? Біріншіден, жыл сайын күзде, көктемде әр қазақстандыққа бір тал отырғызу, жылына 18 миллион талды егу туралы акция өткізіп жатырмыз. Сонымен қатар студенттермен, мектеп оқушылармен бірге демалыс орындарда қоқыс жинау акциясын өткіземіз. Үлкен өндірістік орындардан шығатын газдың зияндылығын төмендету үшін қоршаған ортаға біз десульфуризация деген технологияны ойлап тауып, Алматы қаласына және Атырау облысына ұсындық.

- Қабыл алды ма? Орнатылды ма?

- Әкімшілік басында қолдаған, соңында жайына қалған сияқты.  

- Не себеп?

- Түсініксіз. Мысалы, ақша, инвесторлар, жұмыс, идея, жоба бар. Тек әкімшілікке мемлекет осының басын біріктіріп алып кетуге жағдай жасау керек қой. Соны жасамайды. Яғни, экологиялық мәселе соңғы орында тұр деген сөз.

- Қазақстанда қоршаған орта деген арнайы министрлік болған, есіңізде ме? Расында да экология мәселесі кейін шетін ысырылып қалған сияқты. Арнайы мемлекеттік мекеме қажет пе?  

- Әрине. Міне, біз экология министрлігі керек деп мәселені көтеріп жатқанымызға 2-3 жылдай болды. Бірақ, мемлекет тарапынан қолдау көріп отырған жоқпыз. Сонымен қатар бұрынғы экология министрлігі  бүгінгі күні комитетке айналған. Саяси мүмкіндігі жоқ мекеме біздің экологияны қалай қорғай алады? Қазақстанда шетелдік ірі ұлттық  компаниялар жұмыс істеп жатыр. Ал оларда экспертиза жасап, оларға қарсы тұру комитеттің қолынан келе ме?

- Партия құру деген қадамды алға бастырудың жалғыз жолы ма? Сіз жақында партия құрамыз, жасылдар партиясын құрамыз деген әңгіме айтып қалдыңыз ғой?

- «Байтақ болашақты» құрған кезде біз қоғамдық дәрежеде мемлекетпен жұмыс істейміз деп ойладық. Мемлекетпен көпір болып, көп мәселені шешеміз деп ойладық.

- Қоғамдық ұйым ретінде?

- Қоғамдық ұйым ретінде. Ал енді қараңыз, бүгін көзіміз жетті. Мемлекеттік шенеуліктерге ықпал ету үшін қоғамдық ұйымның ешқандай беделі жетпейді екен.

 

 

- Мұның бір жағынан мақсаты – билікке қол жеткізу ме? Парламентте депутат болып отыру мақсат па? Әлде басқа жол ма?

- Бүгінгі күні не үшін біз партияға айналып жатырмыз? Өйткені  түсіндік, біз шенеуліктермен өз дәрежесінде сөйлесуіміз керек. Олар саясаткер болса, біз де саясаткер болуымыз керек. Қазақстан бүгінгі күні экологияға қаражат бөліп жатыр. Оны бәріміз көріп отырмыз. Бірақ сол бөлінген қаражат қаншалықты тиімді? Экологияға қаншалықты пайда әкеліп жатыр? Міне, мәселе сонда. Осы мәселені қолдау үшін міндетті түрде Парламентте, депутатта экологиялық лоббиы болу керек. Сонымен қатар жергілікті Мәслихаттарға да өз адамымызды кіргізсек деген ойымыз бар. Бүгінгі күні экологияға қатысты комитет бар. Бірақ, экологиялық мәселелерге қатысты нақты іс-әрекеттерді көріп отырған жоқпыз.

 

Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден қараңыз. Аптаның әр жексенбісінде сағат 20:00-де КТК арнасынан "Аптап" талдау мен түйін жасайтын сараптамалық бағдарламасын қарауға асығыңыз.


Оқи отырыңыз: Мұрат Әбенов: Әкімдердің жылдық есебі жұлдыздардың гала-концерті сияқты 

Мұрат Бақтиярұлы: Мемлекет жалпы жалақы мәселесін көтеруі тиіс 

Апаттың алдын алмай, неге тек салдарымен күресеміз? 

Мұхтар Тайжан: Неге мемлекет жеке кәсіпкерге көмек көрсетуі тиіс? 

Кеше

07 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.