{metadescription}
Ұтқыр шешім. Табанды еңбек. Сындарлы саясат

Ұтқыр шешім. Табанды еңбек. Сындарлы саясат

Алмағайып заманда ел тізгінін қолына ұстаған Нұрсұлтан Әбішұлы 30 жылға жуық уақытта Қазақстанның әлемге танылуына өлшеусіз үлес қосты. Тұралап қалған экономиканы аяғынан тік тұрғызып, елдің еңесесін көтерді. Қазақстанның тұңғыш Президенті ретінде алғаш атқа қонған сәтінде алаштың абыздарынан бата алған Елбасының саяси өмір жолына қысқаша шолып шықсақ.

1991 жылдың желтоқсан айы. Қазақ халқы ашық сайлауда тұңғыш рет өз Президентін таңдады. 51 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев тарихи кезеңде атқа қонған болатын. Алайда сол жылы Кеңес үкіметі келмеске кетіп, одақтас мемлекеттер өз жолына түскенде тәй-тәй басқан Қазақстанның болашағына күмәнмен қараған сыртқы күштер жетіп артылатын. Бірақ қиын-қыстау кезеңде билікті қолына алған Назарбаевқа елі сенім білдіріп, батасын берді.

 

Өтпелі кезеңде елді өрге сүйреген Нұрсұлтан Назарбаевтың әрбір қадамы үнемі әлемнің назарында болатын. Тоқырау заманында экономикаға басты басымдық беріп, халықты қиыншылықтан алып шыққан сұңғыла саясаткер санаулы жылдарда әлемнің көшбасшы тұлғасына айналды.

Түбі бір халықтар «Түркі жұртының ақсақалы» деп бағалады.

Халықаралық қақтығыстарды шешу жолында жетекші орынға шыққан ол Біріккен Ұлттар Ұйымының мінберінде тұңғыш рет қазақша сөз сөйледі. 

- Мемлекеттердің өзара қарымқатынасына жаңа серпін беру үшін бұл тарихи мүмкіндікті пайдаланудың маңызы зор. Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерін Азияға көшіру мәселесін ойластыруды ұсынамын.

Нұрсұлтан Назарбаев алмағайып заманда ядролық қарудан бас тартып, әлемге бейбітшіліктің үлгісін көрсеткені есімізде.

Ұлтаралық татулық пен діни конфессиялардың ауызбіршілігіне баса мән беріп, тұрақтылық пен тыныштықты  ту етті.

Әлемге тарыдай шашылып кеткен қазақтың басын қосып, атамекенге ат басын бұруына мүмкіндік жасады.

- «Елім, жерім» деп еміренген әрбір қазаққа Қазақстанның есігі әрқашан айқара ашық. Ешкімге шектеу жоқ.

Ұтқыр шешім, табанды еңбек, сындарлы саясаттың арқасында халықтың сүйспеншілігіне бөленген Нұрсұлтан Әбішұлы 30 жылға жуық уақытта 5 рет сайлауға түсіп, айқын жеңіске жетіп отырды. Мұның барлығы қазақстандықтардың шексіз артқан сенімі арқылы келген жеңіс болатын.

- Осы жылдарда өткен барлық сайлауларда сіздер маған сенім артып, бастамаларыма қолдау білдірдіңіздер. Маған ұлы халқыма, туған жеріме қызмет ету бақыты бұйырды. Баршаңызға – халқыма зор ризашылығымды білдіріп, басымды иемін.

Тәуелсіздік алған жылдан бастап Қазақстан әлемдік аренадағы орнын нықтай білді.

Еліміздің тұңғыш Президенті халыққа Үндеуінде айтып өткендей, экономикамыз 15 есе артып, кедейшілік деңгейі 10 есеге жуық қысқарды.

Алайда әр ұрпақтың атқаратын өз міндеті барын еске салған Назарбаев Президенттік өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына сіңірген еңбегі зор.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде